232
салу тəуекелін (бүкіл қор нарығының жүйелі тəуекелімен салыстырғанда)
талдау үшін пайдаланылады.
Құнды қағаздар тəуекелінің деңгейі мына мəндер негізінде анықталады:
егер р > 1 болса, тəуекел деңгейі жоғары, р = 1 болғанда, тəуекел деңгейі
орташа, ал р < 1 барысында – төмен болады. Демек, р-коэффициенті мəнінің
өсуімен, жүйелі тəуекел деңгейі артады.
Тəуекелдерді бағалаудың
сараптамалық əдісі инвесторда жоғарыда
аталған көрсеткіштерді есептеуге қажетті статистикалық немесе ақпараттық
мəліметтер болмағанда немесе жоспарланып отырған инвестициялық жобаға
парапар жобалар болмаған кезде жүзеге асырылады.
Жеке инвестициялық жобалар бойынша тəуекелдерді бағалаудың
нəтижелері, олардың деңгейлерін санды түрде бағалауға мүмкіндік береді. Бұл
мақсатта инвестициялардың мына сипаттамаларын пайдаланады:
1.
Тəуекелсіз инвестициялар. АҚШ үшін – бұл қысқа мерзімді
мемлекеттік облигацияларға қаражат салу.
2.
Тəуекел деңгейі рұқсат етілген инвестициялар – олар үшін
қарастырылып отырған жоба бойынша таза пайданың барлық есепті сомасынан
айырылып қалу мүмкіндігі бар.
3.
Тəуекел деңгейі жоғары инвестициялар – олар үшін тек
қарастырылып отырған жоба бойынша пайдадан ғана емес, есептік жалпы
табыстың бүкіл сомасынан айырылып қалу мүмкіндігі болады.
4.
Тəуекел деңгейі апаттық инвестициялар – банкроттыққа ұшырау
нəтижесінде, инвестордың барлық активтерінен айырылу мүмкіндігі орын
алады.
Мамандардың бағалауларына сəйкес, инвестициялау барысында
қаржылық шығын тəуекелінің ықтималдығының шекті мəндері төмендегідей
болып саналады:
тəуекел деңгейі рұқсат етілген инвестициялар үшін – 0,1;
тəуекел деңгейі жоғары инвестициялар үшін – 0,01;
тəуекел деңгейі апаттық инвестициялар үшін – 0,001.
Жоба бойынша тəуекел деңгейі мен күтілетін табыс деңгейінің есептік
мəндерін
салыстыру, инвестициялық
тəуекелдің
қаншалықты
орны
толатындығын анықтауға мүмкіндік береді. Инвестициялық нарықтың
сенімділігі, тəуекел деңгейіне байланысты сыйлық көлемін белгілейді.
Тəуекелді жобаларда тəуекелі үшін үлкен сыйлық қарастырылады.
Белгісіздікті ж не т уекелді есебке алу.
Белгісіздік деп ақпараттың жетпеуін немесе толық еместігін айтады.
Тəуекел кəсіпкердің өз қаржысын жоғалту ықтималдылығын көрсетеді.
Белгісіздік пен тəуекелдің келесі түрлерін ескеру қажет:
1. Экономикалық заңдылық, ағымдағы экономикалық жағдай, инвестиция
жасау жағдайлары.
2. Сыртқы экономикалық тəуекел.
3. Саяси
жағдай тұрақсыздығы, қолайсыз əлеуметтік-саяси өзгерістер.
234
Кағл = Ликвидті активте/қысқа мерзімді міндеттемелер >=2
2.
Автономия коэффициенті – кəсіпорынның қаржылы дербестігін
сипаттайды.
Ка = Өзіндік капитал/Баланс сомасы >=0.5
3.
Қарызды жəне өзіндік капиталдың ара-қатыс коэффициенті
К =Ұзақ жəне қысқа мерзімді қарыз/Өзіндік капитал <=1
4.
Капитал рентабельділігі:
Қаржының жаңа түрі ретінде лизингты айтуға болады – жалдың ерекше
түрі.
Лизинг – мүлік иесі мен жалға алушы арасында мүлікті белгілі бір
мерзімге
беру, ол үшін рентаны төлеу жəне, көбінесе, амортизация мерзімінің аяғында
мүлікті толығымен өзіне алу жөнінде келісім шарт.
Лизинг пен жал арасындағы айырмашылықтар:
1) Лизингте толық амортизация төленеді.
2) Лизинг өнімді өткізудің бір түрі ретінде қолданады.
3) Лизинг мерзімі келісімде тіркеледі жəне одан бас тартуға болмайды
(жалдан бас тартуға болады).
Лизинг формалары:
1.
Оперативты лизинг: келісім мерзімі амортизация мерзімінен əлдеқайда
кем (жалға ұқсас).
2.
Қаржы лизингы: Келісім мерзімі амортизация мерзіміне жақын немесе
тең болады. Оның түрлері:
а) тура (қарапайым
) лизинг
Жабдық лизингтік компания балансында болады.
б) қайтармалы
лизинг:
Артықшылықтар:
1. Лизинг 100% несие беруді көздейді жəне төлемдерді қолма-қол төлеуді
талап етпейді.
2. Жалға алушы жабдықты жаңартуға мүмкіндік алады.
Лизингтік компания
Жабдық өңдірушісі
Жалға алушы
Лизингтік компания
Жалға алушы