Оқулық Алматы 014 Давильбекова Ж.Қ. Кəсіпорын экономикасы: Оқулық Алматы



жүктеу 4,91 Mb.
Pdf просмотр
бет72/85
Дата28.12.2019
өлшемі4,91 Mb.
#25351
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   85

206
  тұтыну  барысында (мысалы, автокөлік  құралдарын  пайдаланушылар
салығы, т.б.);
  жыл  бойына  немесе  жарты  жылдағы  бірлескен  табыс  салығы
(декларациялар).
Салық мөлшерлемесі (21-сурет)  салық салынатын нысанның белгілі бір
бірлігіне (үлесіне) шаққанда белгіленетін салық көлемі болып саналады.
                          21-сурет. Салық мөлшерлемелерінің түрлері
Мемлекет  дамуының  қабылданған  экономикалық  стратегиясына
байланысты, салық салудың мына түрлері қолданылуы мүмкін:
1. Дегрессивтік – салық мөлшерлемесі табысқа қарағанда əлдеқайда кіші
пропорцияда  өсетін  жəне  норманың  əрбір  кейінгі  өсімі, алдыңғымен
салыстырғанда, аз болатын төлем түрі.
2. Прогрессивтік –табыс  көбейген  сайын, салық  салу  нормасы  ұлғаяды.
Табыс көп болған жағдайда, тек салықтың үлкен сомасы ғана емес, табыстың да
үлкен үлесі төленеді.
3. Пропорционалдық – салық  салынатын  негізгі  табысқа  қарамастан,
бірдей норма қолданылады.
4. Регрессивтік – салық нормасы табыстың өсуіне қарай азаяды.
Кейбір алдыңғы қатарлы елдердегі салық салудың дамуы мен өзгеруінің
негізгі үрдістері:
  салықтардың  фискальдық, бөлу, реттеу  жəне  ынталандыру
функцияларын  ұтымды  орындауға  қажет  салық  құралдарын  үнемі  жетілдіру
жəне жұмыс жасату;
САЛЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕСІ
салыну бірлігіне шаққандағы тікелей салық көлемі
(1 га жер, табыстың 1к., т.б.)
НАҚТЫ
–салыну бірлігіне, табыс көлеміне
қарамастан, абсолюттік сомаларда белгіленеді
(əдетте, шағын жер телімдеріне салық салған кезде)
ПРОПОРЦИОНАЛДЫҚ
– табыс көлеміне қарамастан,
одан бекітілген пайыз түрінде белгіленеді
РЕГРЕССИВТІК
– салық салынатын табыс көлемінің
өсуіне қарай кемімелі прогрессияда белгіленеді
ПРОГРЕССИВТІК -
салық салынатын табыс көлемінің
өсуіне қарай ұлғаймалы прогрессияда белгіленеді


207
  кəсіпорынның  экономикалық  жəне  өндірістік-шаруашылық  қызметіне
мемлекеттің араласуын шектеу;
  тура  жəне  жанама  салықтардың  қатынасын  біріншілердің  пайдасына
қарай өзгерту;
 табыс салығын ұлғайту;
  салық  салу  жеңілдіктерін  кеңейту  есебінен, табыс  салығының  үлестік
салмағын азайту;
 жергілікті салықтардың регрессивтілігін күшейту;
 салық салынатын базаны дұрыс анықтау.
Салық  жүйелерінің  негізі – заңды  жəне  заңсыз  тұлғалардан  алынатын
табыс салығы.
Негізгі салықтар арасында мыналерды бөліп көрсету қажет:
 кəсіпорын табысына немесе капитал əкелетін табысқа;
 еңбекақыға;
 мүлікке (жекекменшік пен негізгі қорларды қоса санағанда);
 сатуға (сату, айналым, қосымша құн, тұтынуға салынатын салықтарды
қоса санағанда).
Сонымен  қатар, заңды  жəне  заңсыз  тұлғалардың  белгілі  уақыт
аралығындағы  орташа  табыс  көлемінен  асатын  табыстарының  бір  бөлігінен,
үстеме  табыс  салығы  алнуы  мүмкін. Əлемдік  тəжірибе  көрсетіп  отырғандай,
бұл  салық, əдетте  мемлекеттер  күрделі  қаржылық  қиындықтарды  басынан
кешіргенде  немесе  монополиялар  табысы  тым  аса  өсіп  кеткен  жағдайда
қолданылады.
Қосымша  құн салығы   қайта құрылған құннан, еңбекақыдан, табыстан,
рентадан, пайыздардан алынады жəне ол жанама салық болып табылады.
Нарықтық  жағдайында  дамыған  елдерде  геологиялық  барлау  жəне  тау-
кен  өндіруші  кəсіпорындарға  салық  салудың  өзгешелігін  олардың
қызметтерінің мына ерекшеліктері анықтайды:
1) экономикалық  қызметтің  осы  саласына  бөлінетін  капитал  үшін  тым
жоғары тəуекел деңгейі;
2) кенорны  қорларының  таусылуы  салдарынан, кеніштерді  пайдалану
мерзімінің шектелгендігі;
3) нақты географиялық аймақта ұтымды өңдеуге болатын пайдалы қазба
кенорындары санының шектелгендігі;
4) кенорнының  қорлары  таусылғаннан  кейін, кеніштердің  тарату
құнының болмауы;
5) салынған  күрделі  қаражаттарды  меңгеру  кезеңінің  ұзақтылығы  жəне
бастапқы кезеңде ірі көлемді инвестициялар салу қажеттігі.
Дамыған капиталистік елдердің өздерінің минералды-шикізаттық базасын
меңгеруге  деген  қатынасы  ірі  көлемді  аймақтық  геологиялық  зерттеулерді,
іздестіру  жəне  іздестіру-бағалау  геологиялық  жұмыстарын  толық  немесе
олардың  ауқымды  бөлігін  тікелей  қаржыландыруда. Сонымен  қатар, бұл
елдердің үкіметтері соңғы жылдары іздестіру жəне барлау жұмыстарын жургізу
үшін  жеке  капиталды  тарту  мақсатымен, арнайы  шаралар  қолдана  бастады.


208
Мемлекеттің  барлау  жұмыстарына  салған  қаражаттарының  орны  кейін  кенді
жер  төлімін  жалдау  ақысы  түрінде  немесе  тұрмыстық  пайдалы  қазбалардың
құнынан төлем алу арқылы толтырылады.
Жер  қойнауын  өңдегені  үшін  төлемдерді  мемлекет  ақшалай  немесе
өнімнің  бір  бөлігі  түрінде  алады. Роялти  сомасы, əдетте  мемлекет  пен  жеке
компаниялар  арасындағы  ұзақ, əрі  күрделі  келіссөздер  немесе  ашық  сауда-
саттық нəтижесінде анықталады. Жер қойнауы телімін жалға алу, əдетте кейін
оны  созып  алу  мүмкіндігімен, 20 жылға  рəсімделеді. АҚШ-та  жалға  беруден
түсетін  табыстардың  бекітілген  бөлісі. қабылданған – 10% федералдық
қазынаға, 52,5 – жерлерді  арнайы  қайта  культивациялау  қорына  жəне 37,5 –
инфрақұрылымды дамытуға жəне сəйкес штаттың əлеуметтік бағдарламаларын
жүзеге асыруға бөлінеді.
Тау-кен геологиялық  кəсіпорындар, нарықтық  экономика  жағдайында  өз
қызметін  тікелей  мемлекеттік  қаржыландырусыз  жүзеге  асырады. Сонымен
қатар, мемлекет  бұл  кəсіпорындардың  қызметін  салық  жеңілдіктерін  қолдану
арқылы ынталандырып отырады (21-сурет). Олардың қатарында  ҒЗТКЖ, жер
қойнауының  таусылуына  жеңілдік, өндіруге  арналған  құрал-жабдықтардың
амортизациясына жеңілді , т.б. атауға болады.
ҒЗТКЖ бойынша жеңілдіктер инвестицияларға берілетін салық жеңілдігі
болып 
табылады. Олар 
компанияларға 
өз 
салық 
міндеттемелерін
салымдарының  орташажылдық  өсімінің 20-25%-на  азайтуға  мүмкіндік  береді.
Жер  қойнауының  таусылуына  берілетін  жеңілдіктер    тау-кен  өнеркəсібінде
салынған  күрделі  қаражаттардың  белгілі  бір  мерзімнен  кейін, толығымен
құнсызданатындығына  байланысты  енгізіледі. Жер  қойнауының  таусылуына
бөлінетін  қаражаттардың  пайызы, пайдалы  қазбалардың  салалары  бойынша
бөлінеді. Мəселен, АҚШ-та  ол  көмір  мен  кенсіз  шикізаттың  көптеген  түрлері
мен құрылыс материалдары үшін 5-10%-ды жəне метал кендері, күкірт, асбест,
уран, мұнай мен газ үшін 22%-ды құрайды. Мұнай жəне газ компаниялары бұл
жеңілдіктен  басқа, «бұрғылау  мен  барлаудың  білінбейтін  шығындарына»
берілетін жеңілдікті де пайдалана алады.


жүктеу 4,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   85




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау