Оқулық Алматы 014 Давильбекова Ж.Қ. Кəсіпорын экономикасы: Оқулық Алматы



жүктеу 4,91 Mb.
Pdf просмотр
бет69/85
Дата28.12.2019
өлшемі4,91 Mb.
#25351
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   85

197
БС  жүзеге  асыру  əдістері – белгіленген  бағаны  тауарларды  жаппай
жеткізу  арқылы  қамтамасыз  ету, нарықты  ауқымды  түрде  басып  алу, жан-
жақты  сұраныс  толқынын  күту, өнімнің  жаңа  түрлерінің  бағасын  қысқа
мерзімге көтеру арқылы «сүттің қаймағын алу».
БС  белгілейтін  факторлар – сұраныс, ұсыныс, мемлекеттің  салық
саясаты, бəсекелестер, инфляция.
Нарықтық  жағдайларда  кəсіпорындардың  міндетті  түрде  баға  саясатын
мұқият  қалыптастыруын  жəне  өндірілетін  өнімге  баға  белгілеу  факторларын
ескерулері  қажет. Сонымен  қатар, өз  тауарларының  бастапқы  бағаларын
есептеу əдістемесін білген дұрыс, ол мына кезеңдерден тұррады:
 баға қалыптастыру міндеттерін белгілеу;
 сұранысты анықтау;
 шығындарды бағалау;
 бəсекелестер тауарының бағалары мен сапасын салыстыру;
 баға қалыптастыру əдісін таңдау;
 нақты бағаны белгілеу.
14.2. Баға функциялары
Бағаның  алғашқы  функциясы   өлшеу  болып  табылады. Бағаның
арқасында  тауарды  өлшеуге, құнын  анықтауға  болады. Яғни, сатып  алушы
тауар үшін қанша ақша төлейтінін, ал сатушы қанша алатынын білуге болады.
Баға  өнім  бірлігіне  санды  бағалау  жасауға, сондай-ақ  сатылған  өнім  мен
көрсетілген қызметтің көлемін анықтауға мүмкіндік береді.
Бағаның  өлшемдік  функциясы  түрлі  тауарлардың  құндылықтарын
салыстырудан  тұрады. Бағаны  салыстыру  барысында, қымбат  жəне  арзан
тауарларды  анықтау  мүмкіндігі  пайда  болады. Бағаларды  салыстыра  келе,
тауарлар  мен  қызмет  түрлерінің  пайдалылығы  туралы  пікір  қалыптастыруға
болады.
Есептеу функциясы бағаның тағы бір тұсын сипаттайды. Ақша түрінде
көрініс  тапқан  сапа  мен  мөлшер  көрсеткіштері, есеп  құралына  айналады.
Бағаның  есептеу  функциясы  кəсіпорын  мүлігінің  құнын  бағалауға, өнім
өндірісіне жұмсалатын шығындарды ескеруге мүмкіндік береді.
Баға өлшеуіш  ретінде  ақша  түріндегі  көрсеткіштер  қолданылатын
талдау, болжау жəне жоспарлау құралы болып саналады.
Баға   бөлу функциясын  да  орындай  алады. Бұл  жағдайда  баға  аймақ,
экономика  салалары, оның  секторлары, түрлі  жекекменшік  кəсіпорындары,
жинақтау мен  тұтыну қорлары, бұқараның түрлі əлеуметтік  топтары арасында
ақшалай  қаражаттарды  бөлу  мен  қайта  бөлудің  құралы  ретінде  қолданылады.
Бағаның  бұл  функциясы  кейбір  тауарларға  ендірілген  акциз, қосымша  құн
салығы, баж, сатуға  салынатын  салық  жəне  бюджетке  түсетін  басқа  да  салық
алымдары арқылы жүзеге асырылады.
Нарықтық  экономикада, əсіресе  бағаның ынталандырушы  функциясы
маңызды. Ол  өндірушілердің  сату  көлемдерін  ұлғайтуға  мүдделі  болуына


198
ықпал  етеді. Бұл  ықпал  өндірушінің  қымбат  немесе  тапшы  тауарлар  өндірісін
кеңейте  отырып, табыс  пен  пайданы  ұлғайтуға  деген  ұмтылысы  арқылы
байқалады. Олар  өнім, тауар  жəне  қызметтердің  бағаларымен  тікелей
байланысты.
Бағаның  маңызды  функцияларының  бірі   əлеуметтік. Бағаның
өзгеруіне  тауар  мен  қызметтерді  тұтынудың  құрылымы  мен  көлемдері,
шығындар, өмір  сүру  деңгейі, күнкөрістің  ең  төмен  деңгейі, əрбір  адамның
тұтынушылық  бюджеті  тығыз  байланысты. Тұтыну  тауарлары  мен
қызметтерінің  бөлшектеп  сатылатын  бағаларын  тұрмыстық  тұрғыдан
қарастыратын  болсақ, бағалардың  өсуі    өмір  сүру  деңгейін  төмендетеді  деп
саналады. Бұл  жерде  табыс, нарықта  тауарлардың  болуы, тұтыну  құрылымы
сияқты бағаға қатысы жоқ факторлар қарастырылмайды.
Ел  ішінде  жүзеге  асырылатын  ішкі  функциялармен  қатар, баға  сауда
мəмілелерінің, сыртқы  төлемдердің, елдер  арасындағы  өзара  есептеулердің
құралы рөлін атқару арқылы сыртқы экономикалық функцияны да орындайды.
Баға  функцияларының  көптігі  жəне  жеке  функцияларды  жүзеге  асыру
мақсаттарының  қарама-қайшылығы    барлық  функцияларды  бір  уақытта
пайдаланудың  мүмкіндгінің  болмауына  алып  келеді. Ұтымды  жəне  қолайлы
баға туралы айтқан кезде, оларды анықтаушы функциялар мен баға толығымен
жүзеге  асырылатындай  үйлесімі  меңзеледі. Нарықтық  экономикада  бағалар
өндірістің  реттеушілері, əрі  ынталандырушылары  болып  есептеледі.. Бағаның
көлемі, сұраныс  пен  ұсыныс  заңының  ықпалымен  шартталады. Дегенмен, бұл
жерде мемлекеттің бағаға, баға механизміне, баға саясатына реттеуші əсерінен
толық құтылуға болмайды.
14.3. Нарық жағдайда өнім бағасын қалыптастыру
Қандай да бір тауардың бағасы, оның құнының ақшалай көрінісі болып
табылады. Ол нарық механизмі мен нарық конъюнктурасының элементі болып
саналады жəне нарықтың қалыптасуына, ал нарық, өз кезегінде бағаға өз əсерін
тигізеді.
Шаруашылық
жүргізудің 
əлемдік 
тəжірибесінде, бағаны
қалыптастырудың  бірнеше  тəсілі  бар: сұраныс  пен  ұсыным  негізінде, өнім
шығару бойынша жоспарлы шығындар негізінде, келісім негізінде.
Нені жəне қанша өндіру керектігі, нені жəне қанша сатып алу қажеттігі
туралы шешім қабылдаудың  уəжі пайда көру болып табылады. Ол тауарларды
нарықта  сату  барысында  тауарға  белгіленетін  бағалар  жүйесі  арқылы  көрініс
табады. Кəсіпорын  шығаратын  өнімнің  табыстылығы  нарықпен, оны  өткізу
бағасымен анықталады. Егер баға өндіру мен өткізудің шығындарынан жоғары
болса, мұндай өнімді шығару тиімді болмақ.
Нарықтағы  баға  қалыптасқан  шығындарға  қарамастан, нақты  тауар
түріне  сұраныс  пен  ұсыным  негізінде  қалыптасады. Бұл  жағдайда  баға
кəсіпорын үшін белгіленген болып саналады.


199
Тауардың  нарықтық  бағасы  мен  оның  сұранысының  көлемі  арасында
мына  бір  тəуелділік  бар – тауар  бағасы  мен  сұраныс  көлемі  арасындағы
тəуелділік. Бұл тəуелділік, сұраныс шкаласы немесе сұраныс қисық сызығы деп
аталады.
Баға  жүйесі – бұл  ұлттық  жəне  əлемдік  нарықтардың  түрлі
қатысушылары арасындағы экономикалық қатынастарға қызмет көрсететін, əрі
реттейтін бағалардың алуан түрлерінің бірыңғай реттелген жиынтығы. Баға мен
тарифтердің мына түрлері:
 кəсіпорын бағасы;
 көтермелеп сатар баға;
 көтермелеп сатып алар баға;
 бөлшек сауда бағасы.
Өнеркəсіп  өнімінің  көтерме  бағасы – өнеркəсіптік  өнім, кəсіпорынның
меншік  нысанына  қарамастан, тұтынушылардың  барлық  категорияларына
(халықтан  басқа) сатылатын  баға. Өнім  көтерме  партиялармен  сатылады  жəне
сатып алынады.
Сатып  алар  баға – ұжымшар, кеңшар, ферма  жəне  халықтың (жеке
қосалқы  шаруашылықтардың  өнімі) өзінің  ауылшаруашылық  өнімін  өткізетін
бағасы.
Құрылыс  өнімдерінің  бағасы    нысанның  сметалық  құнын (əрбір
нысанның  құрылысына  бөлінген  шығындардың  шекті  көлемін) немесе  типтік
құрылыс нысанының ақырғы өнімі бірлігінің, орташаланған құнын көрсетеді.
Жүк  жəне  жолаушылар  көлігінің  тарифтері – көлік  ұйымдарының
жүктер  мен  адамдарды  тасымалдау  үшін  оларды  жөнелтушілерден  алатын
төлемі.
Тұтынушылық тауарлардың бағалары  кəсіпорындар мен ұйымдардың
тауарларды  бөлшек  сауда  желісі  арқылы  халыққа  сату  барысында
пайдаланылады. Олар  көбіне  айналыс  аясынан  шығып  қалған  жəне  үй
шаруашылығында  немесе  өндірісте  қолданылатын  тауарлар  айналымына
қызмет көрсетеді.
Қызмет 
көрсету 
тарифтері – қызмет 
көрсету 
аясындағы
кəсіпорындардың, оларды тұтынушыларға өткізетін мөлшерлемелерінің жүйесі.
Жоғарыда  аталған  бағалардың  барлығы    ұлттық  санатына
жатқызылады. Олар  ең  алдымен, өндіріске  жəне  тауарлар  мен  қызметтерге
өткізуге  бөлінетін  шығындардың  орнын  толтырып, ұлттық  өндірушілердің
табысын қамтамасыз етулері тиіс.
Сыртқы  сауда  бағалары – бұл  отандық  тауарлардың  экспорты  мен
шетел тауарлары мен қызметтерінің импорты жүзеге асырылатын бағалар. Осы
санаттағы  бағаларды  қалыптастыру, ұлттық  бағаларды  белгілеуден  түбегейлі
ерекшеленеді. Сыртқы  сауда  бағалары  есептеу  барысында, əлемдік  нарықта
ұқсас  немесе  техника-экономикалық  көрсеткіштер  бойынша  жақын  өнімді
өндіріп, өткізетін  фирмалардың  бағалары  туралы  ақпаратты  пайдалану  əдісі
неғұрлым нəтижелі болады.


жүктеу 4,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   85




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау