Оқулық Алматы 014 Давильбекова Ж.Қ. Кəсіпорын экономикасы: Оқулық Алматы



жүктеу 4,91 Mb.
Pdf просмотр
бет68/85
Дата28.12.2019
өлшемі4,91 Mb.
#25351
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   85

194
өндірістік  персонал  күшімен  орындалатын  кəсіпорынның  жабдығы  мен  көлік
құралдарының  күрделі  жөндеуі) үшін  тағайындалған  өнеркəсіптік  сипаттағы
жұмыстың, сондай-ақ  меншікті  күрделі  құрылыс  жəне  кəсіпорын  балансында
жатқан  басқа  өнеркəсіптік  емес  шаруашылықтар  үшін  өнімді  өткізу  жəне
жұмысты  орындау  құны  деп  анықталады. Негізгі  құрал-жабдықтың,
материалдық  айналым  жəне  материалдық  активтердің  істен  шығуымен
байланысты  ақшалай  түсімдер, валюталық  құндылықтардың, бағалы
қағаздардың сатылым құны өнімді өткізуден түскен түсім құрамына енгізілмей,
табыстар немесе залалдар деп қарастырылады да, жалпы (баланстық) пайданы
анықтау кезінде есепке алынады.
Өткізілген  өнім  көлемі  қосымша  құн  салығы, акциздер, сауда  жəне  өткізу
жеңілдіктерін  есепке  алмай (экспортталатын  өнім  бойынша – экспорттық
тарифтерсіз), əрекет  етуіші  бағаларға  негізделе  отырып  есептелінеді.
Өнеркəсіптік  сипаттағы  жұмыстар  мен  қызметтер, меншікті  өндірістің  дүмбіл
өнімі  бойынша  өткізілген  өнім  зауыттық  келісілген  бағалар  мен  тарифтер
негізінде  анықталады. Жоспар  бойынша  өткізілген  өнім  көлемі (ӨӨ) мына
формула бойынша анықталады:
ӨӨ = О
б
+ ТӨ – О
с
,
мұндағы  ТӨ — жоспар  бойынша  тауарлы  өнім  көлемі; О
б
жəне О
с

жоспарлы мерзімнің басы мен соңындағы өткізілмеген өнім қалдықтары.
Жылдың басындағы өткізілмеген өнім қалдықтарының құрамына келесілер
кіреді:
• қоймадағы  дайын  өнім (оның  ішінде  құжаттары  банкке  жіберілмеген,
тиелмеген тауарлар);
• төлем мерзімі келмеген, тиелген тауарлар;
• сатып алушымен уақытында төленбеген, тиелген тауарлар;
• сатып алушының жауапты сақтауындағы тауарлар.
Жылдық  аяғында  өткізілмеген  өнім  қалдықтары  қоймадағы  дайын  өнім
жəне төлем мерзімі келмеген, тиелген тауарлар бойынша ғана есепке алынады.
Өткізілген  өнімнің  барлық  құрамдас  бөлектері  өткізу  бағаларымен
есептелінеді: жылдың басындағы  қалдықтар – жоспарлы мерзімнің алдындағы
мерзімнің  əрекет  етуші  бағаларымен; тауарлы  өнім  жəне  мерзім  соңындағы
өткізілмеген өнім қалдықтары – жоспарлы жылдың бағаларымен.
Бухгалтерлік  есепте тиелген  жəне  тапсырыс  берушіге  тапсырылған өнім
жəне  өткізілген  өнім  бөлек  көрсетіледі, бұл  ретте  өткізу  сəті  ақшалай
қаражаттың  жеткізушінің  есеп  айырысу  шотына  келіп  түсуі  болып  саналады.
Кəсіпорын есеп жүргізу саясатының бірнеше нұсқасының біреуін таңдай алады:
пайда  тиелген  өнімнің (яғни  ол  үшін  тапсырыс  берушінің  іс  жүзінде  төлем
жасағанына дейін) құны мен өзіндік құны арасындағы айырма бойынша, немесе
тапсырыс  берушінің  іс  жүзінде  физикалық  түрде  тиелген  өнім  үшін  төлем
жасағанынан  соң  ғана. Кəсіпорын  есеп  жүргізу  саясатын  бір  жыл  ішінде
ауыстыруға  құқығы  жоқ. Өткізілген  өнім  көлемі  көрсеткішінің  негізінде
өнімнің толық өзіндік бағасы жəне оны өткізуден түскен пайда есептелінеді.


195
Бірқатар  кəсіпорын  қызметін  жоспарлау  мен  бағалауды, тауарлы  өнімнен
материалдық шығындар мен негізгі қорлардың амортизациясы сомасын шегеру
жолымен  анықталатын таза  өнім бойынша  жүзеге  асырыалады  да, бұл  нарық
жағдайларында «жалпы табыс» ұғымына сəйкес келеді.
Күнтізбелік уақыт қоры (365 күн х 24=8760 сағ)
Тəртіптік уақыт қоры
Жұмыс
істемелмейтін
ауысымдар
Жұмыс істелмейтін
күндер
Жоспарлы (тиімді уақыт
қоры)
Жөндеу жəне тоқтап
тұруларға кететін
уақыт
Нақты уақыт қоры
Ысыраптар
Машиналық уақыт
Көмекші
Пайдалы машина
уақыты
Ақау
14.5.-Жабдық жұмысының уақыт қорлары
.


196
14.БӨЛІМ. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА БАҒА
ҚАЛЫПТАСТЫРУ
14.1 Баға саясаты
Кəсіпорын  қызметінің  құрамдас  бөліктерінің  бірі  нарыққа  өткізілетін
тауарлар мен қызметтерге қатысты баға саясатын қалыптастыру болып саналады. Ал
экономикасының қалыпты қызмет етуі, тетіктер жүйесін пайдалануды қарастырады.
олардың  ішінде  баға  негізгі  орынды  алады. Нарықтық  экономика  жағдайында
бағаның  маңызы  өте  зор. Баға    өндіріс  құрылымы  мен  көлемін, материалдық
ағымдардың  қозғалысын  белгілейдіү  Ол  сату  қарқынына, табысқа, өнім
рентабельділігіне, сондай-ақ жалпы кəсіпорынның рентабельділігіне əсерін тигізеді.
Баға – сатып алушының сатушыға  тауар  орнына төлейтін ақша сомасы. Ол
тұтынушылық тауарлық нарықтар мен өнеркəсіптік өнім нарықтарының қызмет ету
құралы болып есептеледі.
Кəсіпорынның баға саясаты – жан-жақты ұғым. Кəсіпорын бағаны белгілеп
қана қоймай, ол баға қалыптастырудың өзіндік жүйесін құрайды..  Аталған жүйе 
шығарылатын өнімнің түгелдей ассортиментін қамтиды. Сонымен қатар, өндіріс пен
өткізу  шығындарындағы  айырмашылықтарды, түрлі  географиялық  аймақтардағы
тұтынушылардың  категорияларын, сұраныс  деңгейінің  ерекшелігін, тауарды
тұтынудың  мерзімділігін, т.б. ескереді. Кəсіпорынның  баға  саясатын (БС)
төмендегідей көрсетуге болады.
19-сурет. Кəсіпорынның баға саясаты
Кəсіпорынның  баға  саясатын  белгілейтін  мақсаттары – нарықтағы
жағдайды  сақтау, өнімнің  бүкіл  номенклатурасы  бойынша  табысты  арттыру,
өнімнің өткізілуін барынша көбейту, нарықта көшбасшы атағына ие болу, т.б.
БС  қағидалары – салынған  капитал  бірлігіне  түсетін  белгіленген  табыс
көлеміне  қол  жеткізу, нарықта  тұрақты  жағдайды  қамтамасыз  ету, сатып
алушылық сұранысты жандандыру, мемлекеттік құқықтық актілерді орындау.
БС жүзеге асыру түрлері – баға тұрақтылығын сақтап қалу, бағаларды
өзгерту, бірдей баға белгілеу, ыңғайлы баға қолдану.
Кəсіпорынның баға саясаты
Мақсаттар
Қағидалары
Өткізу түрлері
БС белгілейтін факторлар
Өткізу əдістері


жүктеу 4,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   85




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау