Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен тығыз байланысты мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Бала- біздің болашағымыз



жүктеу 17,51 Kb.
Дата13.05.2022
өлшемі17,51 Kb.
#38502
Балаларды оқытуга


Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен тығыз байланысты мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Бала- біздің болашағымыз. Олай болса, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі. Ол- үздіксіз білім берудің алғашқы деңгейі. Сондықтан, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты- баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып отыр. Баланың мектепке дайындығының көрсеткіштерін өзара байланысты 3 бөлікке бөлуге болады: физиологиялық , интелектуалды және өзіндік дайындығы. Физиологиялық дайындығын дәрігер, интелектуалдық және өзіндік дайындығын психолог бағалайды.

Баланың белсенділігі, өздігімен жұмыс жасай білуі, өз қатарластарымен және ересектермен ойлау деңгейі жағынан тіл табыса білу. Оқушылық бағытының қалыптасқандығы туралы мәліметтерді мұғалімге психолог береді.

Мектепке бару – бала өміріндегі үлкен жаналық, шешуші кезең, өмір мен іс-әрекеттің жаңа күйіне, қоғамдағы жаңа орынғакөшу және қсіп-жетілуіне бір сатысы. Мектепке барғаннан бастап баланың қоғамдағы орны өзгереді, бұл кезеңде бала мектеп өмірімен танысады, жаңа әлеуметтік бастайды, мектепке дейінгі ойын баласы жаңа өмірге қадам басады. Бала мектеп табалдырығын аттағаннан кейін, оның әлеуметтік жағдайы өзгереді, бірақ ішкі әлем, психологиясы әлі мектепке дейінгі қалыпта болады. Баланың ең негізгі іс-әрекеті әлі де ойын, сурет салу, ойыншықтарды құрастыру болып қала береді, ойын арқылы құрдастарымен қарым-қатынас жасайды, алғашқы білімдағдыларына бой ұрады. Ал, мектепке барысымен ол ұқыптылық пен зейінділікті талап ететін жүйелі оқу, еңбектану іс-әрекетін меңгеретін болады.

Оқу іс-әрекетіндегі , тәртіп сақтаудағы қажетті іс-әрекетке еріктілік беру алғашқы кездерде ғана мұмкін болады, бұл кезде балаға жақын арада атқарылуы тиіс мақсаттар және оның күш салуын қажет ететін тапсырмалардың мөлшері аз болғаны дұрыс. Сонымен қатар ұқыптылық пен зейінділікті талап ететін жүйелі оқу; еңбектану іс-әрекетін меңгеретін болады. Осындай елеулі өзгерістерге қиналмай, еркін іс-әрекеттер жасай білу үшін баланың мектепке алғашқы психологиялық дайындығы болуы тиіс.

Психологиялық дайындықтың құрылымы мынадай бөліктерге бөлінеді:

Жеке дайындық- баланың жаңа қоғамдық ортаға дайындығының қалыптасуы бірнеше құқықтар мен міндеттері қамтитын мектеп ережелерінен тұрады. Мектепке оқуға дайын бала- мектепке қажетті құралдардың ( портфель, оқулық, дәптер, т.б) түгелдеп ғана қоймай, сондай ақ жаңа білім алу мүмкіндігі мен таным қабілетіжеткілікті дәрежеде дамыған бала болып табылады. Сондай ақ жеке дайындық баланың эмоциялық жай күйінің даму деңгейін де көрсетеді. Мектепке барар алдында баланың көңіл күйінің көтеріңкі болғаны жөн.

Зияткерлік дайындық- дайындықтың бұл түрі баланың нақты білімі мен ой-өрісінің ауқымын көрсетеді. Баланың танысып отырған материалына деген көзқарасы мен материалды жекелей әрі жоспарлай түрде қабылдау жүйесінің қалыптасуы маңызды. Сондай-ақ жалпылай ойлау формасы мен негізі логикалық операциялары атқарып , сақтай алуы да міндетті.

Саралап қабылдау

Аналитикалық ойлау

Логикалық есте сақтау

Білуге құштарлық

Сөйлеу тілін игеру

Қолдың қозғалысы мен көру-өозғалыс үйлесімділігі.

Әлеуметтік – психологиялық дайындық- дайындықтың бұл компоненті балада басқа балалармен, мұғалімдермен қарым- қатынасы жасай алатын сапаларды қалыптастыруды көздейді. Бала топ болып бірге жасап жатқан жұмыс үстінен түседі.Осы кезде балада өзін ортаға бейімдеу қабілеті өте қажет болады. Ол үшін балалармен араласып кетуге олармен бірге әрекет етуге, олардың қызығушылығына ортақтасуға түрлі жағдайларға икемделуіне ықпал керек.

Мектепке келу кезеңі:

Мінез құлықтың жаңа сапалық деңгейге көтерілуі.

Әрекетке іштей талдау

Нақтылыққа жаңатанымдық қатынасының дамуы

Қарым-қатынастың жаңа сапалық кезеңіне өту болып табылады.

Физиологиялық дайындық.

Бала ағзасының қызметі мен денсаулық жағдайының даму деігейімен анықталады. Баланың мектепке оқуға психологиялық және физиологиялық дайындығын анықтаукезінде денсаулық жағдайы юасты назарда болуы шарт. Өйткені білімді игеруге, оқуға деген қызуғушылығы басым болғаны мен денсаулығы сәйкес келмеуі мүмкін.

Әр баланың дамуы түрліше болатынын естен шығармау керек. Олардың жасы биологиялық дамуымен сәйкес келе бермейді. Бір бала 6 жаста өзінің дене дамуы жағынан жүйелі оқуға дайын екінші балаға 7 жас болса да, оған мектепбағдарламасы ауыр тиеді.

Дидактикалық жүйенің қорытындысын салыстыру негізінде баланың мектепке жетілілуінің деңгейі анықталды (жоғарғы, орташа, төмен, өте төмен). Баланың ақыл-ойының дамуының диагностикасын жүргізу және де қажетті оқу іс-әрекетінің дағдыларын оқып танысу келесі мақсаттарға жетудің жолы.

Біріншіден, сол жастағы баланың дамуына лайықты мөлшерден бірнеше деңгейін анықтау үшін қажет. Егер бала осы нормаларға сай болса, онда бәрі де дұрыс. Ал егер көмек қажет болатын болса, ол проблеманы сол мезетте қараусыз қалдырса, кейіннен оны шешу өте қиынға соғады.

Екіншіден диагностика баланың жеке даму қабілеттілігінің ерекшеліктерін білу үшін қажет. Олардың қабілеттілігінің дамуы кей тұста жақсы, ал кейде онша емес болуы мүмкін. Баланың жеке қабілеттілігінің дамуының жеткіліксіз болуының маңызды себебі мектептегі оқу процесінде қиналуында. Ертерек анықталған «әлсіз тұстарын» түзету қажет. Мысалы, арнайы маманның көмегімен қабілеттілікті дамытуға арналған қажетті ойындарды, жаттығуларды іріктеп алу қажет.

Үшіншіден, диагностика мектепке дейінгі мекемелердің баланың дамуын қадағалаған әдіс-тәсілдердің нәтижесін бағалау үшін және мектепке мұғалімдердің оны әрі қарай қолдануы үшін қажет. Мысалы, мектеп психологі баланы оқу жылының басында және аяғында тексеруі мүмкін. Алынған салыстырмалы қорытынды бойынша бірулерде өзгерістің болғанын және тіпті болмағанын көрсетеді.

Төртіншіден, оқудың әр түрлі кезеңдерінде кездесетін тексеруге дайындалу үшін балаларды тестердің әр түрлі формаларын міндетті түрде лдын-ала таныстыру қажет. Диагностика жүргізу кезінде балаға қолайлы жағдай жасау өте қажет. Диагностика жүргізу мекпепке дейінгі баланың жанұясы үшін өз баласының жетістіктеріне қол жеткізу, сәтсіздіктерді және оны түзетудің жолдарын білу үшін керек. Осы жағдайда диагностика мұғалімге баланы оқытуда бар қырынан білу үшін қажет.

Диагностиканың қорытындысына қалай қарайды? (Ата-аналармен кеңес)

Ең бастысы ата-аналарға бұл алынған қорытындыға тәуелді емес, оған жайбарақат қарайды. Ешқандай психологиялық тестер және ғылыми тапсырмалар біржақты баға бермейді, әсіресе ақыл-ойының дамуы жағдайында. Ал егер қандай дабір сұрақтар мен күмәнді жағдайлар болса, ең жақсысы маманға керінуі керек. Әсіресе, диагностикасының ең төменгі және ең жоғарғы көрсеткішіне назар аударңыз. Егер баланың көрсеткіші төмен болса, қам жемеңіз, дамытушылығын арттыратын ойындармен, жаттығулармен айналысыңыз. Мерзімі уақыттан кейін, мысалы, бір-екі айдан соң диагностиканы жүргізіңіз.Егер баланың дамуы жақсармаса , онда психолог маманына көрсеткен жоқ. Егер бала жоғарғы көрсеткіш көрсетсе, онда көңіліңіз жайбарақат бола берсін.Бала ақыл – ойының дарындылығымен көзге түсетін болса, онда сол дарындылыұты жоғалтып алмау үшін күресу керек. Ол үшін арнайы оқыту және дамыту бағдарламасы керек. Бұл кезде психолог пен педагогтың кеңесі көмектесуі мүмкін.Әсіресе, баланың дамуының орташа көрсеткіші аландатпайды. Бірақ, өзіңіз балаңыздың ақыл-ойының дамуын одан әрі жақсарту үшін талаптануыңызға болады.

Баланың мектепке дайындығының бірнеше негізгі аспектілерін бөліп көрсетеміз.

Мектепке баратын баланың денсаулығын, көктемге қарай баланың психологиялық және физиологиялық жағдайын тексеру керек. Денсаулығында анықталған кемшіліктерді нығайтуға психолог пен бала дәрігердің кеңесі көмектеседі. Баланың «Өзіме-өзім қамқорлық жасаймын» бағдарламасымен оқушының таныс екендігін және өзін-өзі қорғаудың элементтерін білетіндігін анықтау маңызы.

Адамгершілік, тәрбиелілік сапаларының деңгейі. Еңбексүйгіштік, қоршаған ортаға деген қарым-қатынасы.

Өзңн және өзінің қоршаған ортаға деген қарым-қатынасын бейнелеу өнерінде көрсете білуі (баланың «Менің отбасым» тақырыбындағы суреті)

Бірінші сынып оқушысының қажетті білімдері мен арнайы практикалық дағдылары: қарапайым есептеу дағдылары, сөйлеудің фонетикалық жағынан бағытталуы, баланың жазуға саусақтарының дайындығы.

Оқу іс-әрекетінің дағдылары. Баланың мектепке қызығушылығының дайындығы. Мектеп ұжымында жеке тұлғалар арасындағы қарым-қатынасты таба білуді бала меңгергендігі туралы ойлану қажет.Бұл жүйе бала үшін жағымды эмоциялық, ақуал және осылайша оның оқу іс-әрекетінің артуына, керісінше жағымсыз жағдай қалыптасуына әсер еттә ме? Оқу іс-әрекет дағдыларын өз уақытында қалыптастыру өте маңызды.

Мектеп арқылы баланы қорқытпау керек, бірақ оны ойын- сауық ретінде де көрсетуге болмайды. Бала мектепке келгенге дейін мынаны меңгеру керек:

Мектеп- бұл керек!

Мектеп бұл-қиын!



Мектеп бұл- қызық!

Баланың мектептегі оқуға дайындығы біртіндеп қалыптасатын аса күрделі үрдіс және бұл үрдісті жүзеге асырудың бірден бір жолы ата-ананың, мұғалімнің және психологтің бірігіп жұмыс істеуі. Бала балалық шаұтан өзіне белгісіз, таныс емес дүниенің есігін ашқаннан кейін, баланың өмір сүру тіршілігін түбегейлі өзгертеді. Яғни , баланың мектеп өміріне еніп және өзінің әлеуметтік ортада «МЕН» дегенін қалыптастыра алып, жоғарыдан көріне алуы, баланың білімді, табысты және нәтижелі игеріп кетуіне ықпал жасайды.Түйіндей келе, бұл баланың жеке тұлғасынын ұалыптасуы және ақыл-ойының, таным үрдістерінің дамуы болып табылады. Демек, баланы мектепке даярлау мәселесі өз өзектілігін жоғалтпайтын әлі де зерттеуді қажет ететін міндетті мәселелердің бірі болып қала бермек.
жүктеу 17,51 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау