162
500 000; 1:10 0 00 00 жəне 1:15 000 000 масштабта құрылған 102
картаның картографиялық мəліметтерін қамтыған.
Тақырыптық мазмұны ерекше жинақталған. Ақпараттарды
беру əдістері көңілге қонымды əрі түсінікті. Табиғат картала-
рында еліміздің геологиялық құрылысын, климат түзуші фактор-
ларын, жауын-шашынның, ауа температурасы мен желдің жыл
мезгілдеріндегі таралу ерекшеліктерін жануарлар мен өсімдіктер
жамылғысы, пайдалы қазбалар масштабты жəне масштабтан тыс
белгілеу, картограмма, ареал, қозғалыс белгілері, изосызықтар
шартты белгілермен кескінделіп, таралған аумақтары ареал
тəсілімен берілген.
Физикалық картада таулар, үстірттер мен ойпаттар сияқты
жер бедерінің ірі пішіндері перспективті гипсометриялық қабатты
бояулармен кескінделген.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Атласының екінші
томы 2005 жылы əзірленген жəне 117 картадан тұрады.
Қазақстан Республикасындағы əлеуметтік-экономикалық жəне
демографиялық ахуал туралы ауқымды ақпарат қамтылған.
Атлас шаруашылық кешенді жəне Қазақстанның қазіргі
қоғамдық өмірін бейнелейтін тақырыптық мазмұны еліміздің
қазіргі демографиялық ахуалы; əлеуметтік саласы, өнеркəсібі, ауыл
шаруашылығы жеке облыстардың экономикасы жəне əлеуметтік
саласы, тарихы мен археологиясы, сыртқы экономикалық байла-
ныстар жəне əлемдік қоғамдастықтағы Қазақстанның орнын си-
паттайтын карталар қамтылған.
Өнеркəсіп орталықтары сала бойынша бірнеше бөліктерге
бөлінген белгілеу, картограмма, картодиаграмма, нүктелік
тəсілдермен бейнеленеді. Ауыл шаруашылық аудандарын ашып
көрсету үшін сапалық түс, жекелеген дақылдар өсірілетін
аумақтардың шекарасын көрсетуге ареал тəсілі қолданылған. Ат-
ласта көрнекі материалдардың саны азайтылып, олардың орнына
кесте түрінде статистикалық көрсеткіштер берілген.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Атласының үшінші томы
2006 жылы əзірленді жəне 127 картадан тұрады. Экологиялық
білімді, білім беру жəне тəрбиені, табиғатты қорғау қызметін
іс-жүзінде картографиялық негіздеуге арналған. Атластың III
томындағы мəліметтер экологиялық дағдарыс зардаптарының ал-
163
дын алу жəне жою бағдарламасының негізі ретінде, республиканың
табиғи ортасына антропогенді факторлар əсерінің нəтижелерін
бейнелейді.
Атластың үшінші томы қоршаған ортаға антропогендік
факторлардың əсерін, Қазақстан табиғатының қазіргі экология-
лық жағдайларын, экология жəне адам мəселесін еліміздің жеке
аймақтарының экологиялық жағдайын, сонымен қатар, табиғат-
ты қорғау мəселелерін қамтиды.
Атластың электрондық нұсқасы табиғи ортаның ахуалы туралы
білімді жетілдіру жəне табиғатты пайдалану жаңа міндеттерінің
қалыптасуына қарай үнемі жаңалануы мүмкін экологиялық мо-
ниторинг жүргізудің картографиялық базасы болады.
Қазіргі кезеңдегі мектептің географиялық атластары.
Оқушыларды картамен таныстыру бастауыш кластардан бас-
талады. Дүниетану сабақтарында глобустар, столүсті жəне
жарты шарлардың жəне Қазақстанның қабырға карталары
қолданылады. Сондықтан бастауыш кластардың өзінде Жер
жəне оны жазықтықта кескіндеу туралы түсініктер қалыптаса ба-
стайды. Сыныптан сыныпқа көшкен сайын оқушылардың жаңа
ақпаратты қабылдау деңгейлері мен көлемі біртіндеп артып,
олардың картада кескіндеу əдістері де өзгереді.
География сабақтарында оқушылардың өздік жұмыстарды
орын дау, жаңа білімді меңгеру барысында қажетті нысандар мен құ -
бы лыстардың кеңістіктегі орны мен таралу заңдылықтарын анық -
тауға мүмкіндік беретін маңызды құрал атлас болып табыла ды.
Мектеп жасындағы оқушылардың жасы мен мінез-құлықтық
ерекшеліктерін ескеріп, картографиялық бейнелеуді, шартты
белгілерді, масштаб пен жинақтауды біртіндеп меңгерту қажет.
Дүниетану пəнінің атластары. Бастауыш кластарға арналған
дүниетану пəнінің атластары негізінен суреттерден жəне
күрделі емес мəтіндерден тұрады. Онда оқушылар алғаш рет
түсбағдардың көмегімен бағдарлаудың жəне жергілікті жердегі
заттардың бағытын анықтаудың қарапайым əдістерімен, соны-
мен қатар, сұлбамен (планмен) шартты белгілермен танысады.
Жер бетінің пішіні, өзен торларының элементтері сурет түрінде
беріледі. Атластағы карталардың тақырыптары шектеулі болуы-
мен ерекшеленеді. Қазақстанның картасы Карсовскийдің қиып
164
өтетін қалыпты конусты проекциясымен құрылған. Параллельдері
концентрлі доға тəрізді, меридиандары бір нүктеден тарала-
тын сəуле тəрізді болуымен ерекшеленеді. Параллельдері мен
меридиандарының аралығы 5º-та жүргізілген. Ендіктері мен
бойлықтары жазылған.
1:10 000 000 масштабты Қазақстанның картасында сандық,
атау жəне сызықтық масштабтар берілген. Географиялық негізде
көлдердің жағалау сызықтары, ірі өзендер мен басты салалары,
ірі тау жүйелері жəне олардың аттары, кейбір ірі қалалар жазумен
берілген.
Тақырыптық мазмұны ерекше жинақталған. Ақпараттарды
беру əдістері қарапайым, əрі түсінікті. Табиғат карталарында
жануарлар мен өсімдіктер жамылғысы, пайдалы қазбалар, мас-
штабтан тыс көркем бейнелі жəне белгілеу шартты белгілермен
кескінделіп, таралған аумақтары ареал тəсілімен берілген.
Əлеммен танысу жарты шарлардың физикалық жəне саяси кар-
талардан басталады. Аталған картада картографиялық тор 20º
кейін жүргізілген, сонымен қатар, Солтүстік жəне Оңтүстік по-
люс, поляр шеңберлерінің сызықтары көрсетілген. Физикалық
картада таулар, үстірттер мен ойпаттар сияқты жер бедерінің
ірі пішіндері перспективті гипсометриялық қабатты бояулармен
кескінделген. Бірақ құрлықтың биіктік, теңіздердің тереңдік
шкалалары берілмеген.
Материктердің табиғаты, физикалық картаның негізінде
құрылған. Онда жануарлар мен өсімдіктердің жекелеген
түрлерінің таралған аумақтарын көрсету үшін ареал əдісін
қолданылған. Атласта жоғарғы кластарда астрономияны оқуға
негіз болатын жұлдызды аспан əлемінің картасы да берілген.
Тұтастай алғанда «Дүниетану» атласы мектеп карто-
графиясына жақсы кіріспе бола алады. Онда бастауыш сы-
нып оқушыларының түсінуіне жеңіл əрі қолжетімді болатын
картаға түсіру тəсілдері қолданылған. Атласқа таңдалып алынған
карталардың математикалық жəне географиялық негіздері,
тақырыптық мазмұны, рəсімделуі картографиялық шығармаларға
қойылатын барлық талаптарға сай келеді.
6 сыныптың географиялық атласы. Жалпыға бірдей білім
беретін орта мектептерде география пəн ретінде 6 сыныптан
Достарыңызбен бөлісу: |