156
өзгермей жағалаулар кескінделеді. Өзендерді кескіндеу кезінде
өзен жүйесімен оның басты өзенін иректілігінің сипатын ашып
көрсету мақсаттары қойылады.
Картаның масштабындағы 1,5 см ұзындығындағы барлық
өзендер қамтылады. Шөлді жəне таулы аудандарда 1,5 см қысқа
өзендер де түсіріледі. Өзен торлары жəне аудандарда картаның
масштабындағы ұзындығы 2-3 см асатын өзендерде түсірілмейді.
Масштабындағы ауданы 2 мм
2
асатын көлдер мен жасанды
су қоймалары кескінделеді. Одан шағын көлдер бір-біріне жақын
орналасып, шоғырланғанда, географиялық ландшафтының
ерекшеліктерін сипаттау үшін қамтылады. Өзендер мен
көлдерді іріктеуге олардың шаруашылықтық маңызы мен өзен
жүйелерінің барлық бөлігі жəне мазмұнының басқа элементтері
əсер етеді.
Өзеннің, көлдің, алатын бөлігі ерекше белгімен көрсетіледі.
Картаға кеме жүзетін барлық каналдар түсіріледі. Суару жəне
құрғату су жүйесінің бағытын көрсету үшін түсіріледі.
Құдықтар мен су көздері шөлдер мен халық аз қоныстанған
аудандарда ғана кескінделеді. Су нысандарының аттары жоғары
тығыздық пен беріледі. (өзендер үшін 3 см артық көлдер үшін
10 мм
2
артық).
Елдімекендердің кескінделу ерекшеліктері. Картада елді
мекендер қоныстану типтеріне, халқының санына жəне
кімшілік маңызына қарай бөлінеді. Ауданның қоныстану си-
патын дұрыс кесіндеу үшін картаның əртүрлі бөлігіндегі
елдімекендерді түсіру салмағын айқындайтын нұсқауларға
сəйкес халықтың жиі қоныстануын, елдімекендердің типтерін
ауданның қоныстану сипатын ескереді.
Елді мекендердің ең жоғары жиілігі 1 дм
2
160, ең төменгі
жиілігі 60 елдімекеннен аспауы керек. Елді мекендерді картаға
түсіру барысында қоныстану ерекшеліктері мен жалпы сипатын
ашып көрсету мақсаты қойылады.
Елді мекендерді іріктеу қосынның маңызын, халқының санын,
əкімшілік, экономикалық көліктік маңызын ескере отырып, ең
ірілерінің кескіні көрсетіледі. Елді мекендердің типтерін көрсету
əр түрлі пунсондар мен шрифтерді қолдану арқылы жүзеге
асырылады.
157
Картада кескінделген барлық елдімекеннің аты жазылады, тек
қала маңындағы жекелеген қала текті кенттердің ғана аттарын жаз-
бай қалдыруға болады. Жербедері горизонтальмен кескінделеді.
Негізгі басылым үшін таулы физикалық карталардағы таулы ау-
дандар мен, гипсометриялық карталардла биіктік сатыларына
қарай қабатты бояулармен бояу əдісі қолданылады. Құрлықтағы
жер бедерін кескіндеу үшін 100 ден – 400 м-ге дейінгі аралық
100 метрден; 1000 метрден биіктеген сайын - 200 метрден
жүргізілетін қима биіктіктердің шкаласы қолданылады.
Қабатты бояулар горизонтальдықтар арасындағы – 100метрлік
көрсткіш, 50, 100, 200, 400, 600, 800, 1000, 1400, 2000, 3000, 4000,
5000, 6000 метр аралықтарында жүргізіледі. Негізгі нүктелер мен
орфографиялық сызықтардың ойыс тальвега, етегі жарлардың
жер бедерін кескіндеу дəлдігі 0,5 қимадан төмен болуы тиіс.
Жер бедерінің басқа пішіндерінің кескіні аздап беріледі.
Кескіннің мөлшері мен пішініне, географиялық орнына
тікелей тəуелді. Қосымша талап ретінде картографиялық торлары
жəне басқа жағдайлары ескеріледі.
Карталар сериясы. Географиялық карталар жеке беттермен
жəне сериямен басылып шығуы мүмкін. Картографияда серияға
(латын тілінде қатар, топ) қандай да бір біріктіретін жалпы
белгілері бар немесе бір текті карталар тобын жатқызады. Оған
мазмұны бірдей болғанымен, қамтыған аумағы əртүрлі немесе
мазмұны əртүрлі болғанымен қамтыған аумағы бірдей карта-
лар жатады. Белгілеріне қарай географиялық карталар сериялары
төменде көрсетілген үш түрге бөлінеді:
1) əртүрлі аумақтардың мазмұны бір текті; 2) бір аумақтың
мазмұны əртүрлі; 3) бір аумақтың мазмұны біртекті.
Əртүрлі аумақтардың мазмұны бір текті географиялық
карталар сериялары. Мұндай карталар серияларын басып
шығарғанда бір-біріне тəуелсіз əр қайсысын жеке пайдалану шар-
ты қойылады. Оларды бірлесіп пайдалану қарастырылмағанымен
қолданылуы мүмкін. Өз кезегінде бірдей масштабта құрылатын-
дықтан мұндай карталар түрі жағынан біршама ірі аумақты
үздіксіз кескіндейтін (жаппай картографиялық кескіндеу) көп
бетті топографиялық шолу карталарымен үйлеседі. Олардың
географиялық негізгі қызметін гидрографиялық торлар атқарады.
158
Жаппай картографиялық кескіндеуі бар карталарға облыстардың
əкімшілік-аумақтық бөлінуі, елді мекендер мен қатынас жолдары
айқын бейнеленген саяси-əкімшілік анықтама карталар серия-
сы мысал болады. Бұл сериядағы басқа карталарда аумақты жап-
пай үйлесімді кескіндеу берілмейді. Олар бірдей масштабта жеке
беттерде басылғанымен бір-бірімен байланысы болмайды. Оған
елдімекендер, жолдар, өзен торлары мен орман алқаптары тағы
басқалар кескінделген облыстардың туристік карталары жатады.
Аталған карталарда туристер үшін аса маңызды тарихи-мəдени
жəне табиғи нысандар, туристік бағыттар мен базалар ерекше
бөліп көрсетіледі.
Бір аумақтың мазмұны əртүрлі географиялық карталар
сериялары. Оларға белгілі бір аумақтың мазмұны əртүрлі кар-
талары жатады. Бұл сериядағы карталарға белгілі бір аумақ ту-
ралы терең əрі жан-жақты ақпарат беру тəн. Белгілі бір аумақтың
табиғаты, шаруашылығы мен халқы туралы жан-жақты əрі мол
мағлұмат беретіндіктен оларды басқа карталармен беттестіре от-
ырып қажетті аумақтың ерекшеліктерін оқып-үйрену мақсатында
пайдаланудың маңызы зор.
Бір аумақтың мазмұны бір текті географиялық карта-
лар сериялары. Бұл түрге жататын карталар сериялары бірінші
жəне екінші түрдің белгілерін біріктіріп, бір аумақтың біртекті
мазмұнын түзеді. Мұндай карталарда мазмұнының салмағы,
картаға түсіру əдістері, нысандарды жинақтау тəсілдері мен шарт-
ты белгілері бірдей болады. Оларға материктердің оқу картала-
ры мысал болады. Серияның құрамына Ламберттің тең аудан-
ды проекциясымен құрылған материктердің саяси, физикалық,
климаттық, табиғат зоналарының, халықтар жəне экономикалық
карталары кіреді. Жоғарыда аталған сериялармен шығарылған
карталарда аумаққа тар немесе біршама кең ауқымда сипаттама
беруге болады.
Орта мектепке арналған өнеркəсіп салалары мен ауыл
шаруашылығының қабырға карталар сериялары тақырыбы
жағынан ауқымы біршама кеңейтілген. Елдің анықтама карта-
лар сериясы мазмұнының ауқымы одан да кең. Оның құрамына
физикалық, геологиялық, тектоникалық, топырақ, өсімдік, орман
жəне зоогеографиялық карталар енгізілген. Белгілі бір аумақтың
Достарыңызбен бөлісу: |