Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



жүктеу 11,51 Mb.
Pdf просмотр
бет49/141
Дата20.11.2018
өлшемі11,51 Mb.
#22575
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   141

159

карталар сериясының картографиялық проекциясы, масштабы, 

географиялық негіздері мен  бұрыштамалары  бірдей болады.

Карталарды талдау серияның құрамында немесе жеке пайда-

лану мүмкіндігін бағалаумен аяқталады. Картаны терең талдау 

үшін ірі масштабты карталарды, сипаттамаларды, анықтамаларды 

тағы басқа материалдарды қосымша қолданады. Карталар серия-

ларын, əсіресе, географиялық атласты біршама күрделендірілген 

талдау мен бағалау, карталар сериялары мен карталар топтарын  

ғана емес,  атластағы барлық карталар жүйесінің тақырыптық 

толықтығын,   бірлігі мен үйлесімділігін саралауды қамтиды. 

3.4. Географиялық атластар

Карталарды жинау үшін «Атлас» атауын алғаш рет 1595 жылы 

Меркатор аңыздағы Ливия каролі Атластың құрметіне аспан 

денелерінің глобусын құру барысында қолданды. Уақыт өте келе 

ол ғылымда кеңінен қолданыла бастады. 

Басты құрамдас бөлігі географиялық карталар жүйесі  бо-

лып табылатын жалпы атауы  мен шындықты бейнелеуде 

бір тұтас картографиялық құралды пайдалануы  біріктіретін 

бірыңғай бағдарлама бойынша құрылған картографиялық өнімді 

географиялық атлас дейміз.  Бұл жер беті мен ондағы құбылыстар, 

ғылым мен халық шаруашылығының соңғы жетістіктері  туралы 

ғылыми білімнің энциклопедиясы. 

Атластар орасан зор географиялық зерттеулерді жинақтап 

қана қоймай басқа географиялық карталармен салыстырғанда, 

аумақ туралы жан-жақты терең сипаттама беретіндей жинақы, 

əрі бір-бірімен беттестіре алатындай   нышанда кескінделуімен 

ерекшеленеді. Атластарда аумақ туралы, сонымен қатар, 

 

географиялық сипаттаулар мен оның ерекшеліктері жөніндегі 



деректер, əртүрлі кестелер мен нұсқаулар болады. Оларды 

құруға картографиялық кəсіпорындардың, ғылыми-зерттеу 

мекемелерінің, академиялар мен университеттердің көптеген 

жетекші мамандары қатысады. 

Табиғат корларын оқып-үйрену мен бағалау, өнеркəсіп, ауыл 

шаруашылығы мен көлік кəсіпорындарын тиімді орналастыру, оқу 

жəне емдеу мекемелері торларын құруды жоспарлау, табиғатты 



160

қайта түлету, сонымен қатар, халық шаруашылығының көптеген 

мəселелерін шешу барысында атластарды кеңінен қолданады. 

Жалпы географиялық карталар сияқты атластарда аумақты 

қамтуына, қызметіне, мазмұны мен рəсімделуіне тағы басқа 

белгілеріне қарай жіктеледі. Аумақты қамтуына қарай 

 

дүниежүзінің,  материктердің, жеке елдер мен облыстардың атла-



стары болып бөлінеді. 

Мазмұнына қарай: жалпы географиялық; салалық тақырып-

тық (геологиялық, климаттық, топырақ, ландшафттық, ауыл 

шаруашылығы, экономикалық); өзара байланысқан құбылыс-

тарды (климат пен мұхитты) қамтитын карталар кіретін кешенді, 

сонымен қатар, аумақтың табиғаттын, халқын, экономика-

сын, саяси-əкімшілік құрылымын  сипаттайтын көп мақсатты 

атластарға жіктеледі. 

Атқаратын қызметтеріне қарай ғылыми-анықтамалық, өлке-

танулық, оқу, туристік, жол тағы басқа атластар болады. 

Өлшеміне қарай бірнеше томнан тұратын столға қоятын, ірі 

жəне   шағын қалтаға салатын атластар болып бөлінеді. 

Кез-келген атластың сапасын оның тұтастығы, ақпараттың 

кеңдігі, ішкі бірлігі, құрылымы мен деңгейі айқындайды. КСРО 

кезеңінде құрылған атластардың ішіндегі ең маңыздыларының 

қатарына 1967 жылы геодезия мен картографияның бас бас-

қармасы  шығарған дүние жүзінің үлкен анықтама атласы, ҚазКСР 

ғылым академиясының география институтының ғалым 

дары 

шығарған Қазақстанның екі томдық физикалық жəне экономи-



калық географиялық атластарын жатқызуға болады. 

1980 жылы КСРО геодезия мен картографияның бас 

басқармасы  шығарған мұғалімдерге арналған дүние жүзінің 

үлкен атласы 191 беттен, 149 картадан тұрады. Аталған 

картографиялық өнімнің бірінші бөлімінде дүние жүзінің, 

екінші бөлімі  жеке материктердің, үшінші бөлімі  КСРО-ның 

табиғатының ерекшелігін, халқы мен шаруашылығын сипат-

тайтын жалпы географиялық,  физикалық-географиялық жəне 

экономикалық-географиялық тақырыптық  карталарынан тұрады.  

Карталарға берілетін түсініктемелерінде кескінделген 

құбылыстарды түсіру əдістері, қолданылған картографиялық 

проекциялардың негізгі түрлері туралы деректер келтірілген. 




161

Атласта жер бедерінің  түрлері мен оларды  кескіндеудің əртүрлі 

тəсілдері көркем  бейнеленген  карталардың үлгілері көрсетілген 

кестелер де бар. 



Қазақсатан Республикасының Ұлттық Атласы

Қазақстан картографиясындағы маңызды бағыттардың бірі  гео-

графия институтының директоры, география ғылымының док-

торы, профессор А. Р. Медеудің редакциялық басшылығымен 

құрылып, 2011 жылы Алматы қаласындағы картографиялық 

фабрикада басылып шыққан Қазақстан Республикасының 

ғылыми-анықтамалық Ұлттық Атласы болып табылады. Ол 

География институты мен Қоршаған ортаны қорғау министрлігі 

«Қазақстан Республикасының қоршаған ортасын қорғаудың 

2005-2007 жылдарға» арналған бағдарламасының шеңберінде 

əзірленді.

Кешенді ғылыми-анықтамалық Қазақстанның Ұлттық Атла-

сы жер асты байлықтарын тиімді пайдалануға, қоршаған ортаны 

қорғауға, өндіруші күштерді дамытуға сондай-ақ Республикадағы 

əлеуметтік-экономикалық мəдени дамуды шешуге бағытталған.

Аталған жобаны жүзегеасыруға  1982-83 жылдар аралығында 

Мəскеуде басылып шыққан  ҚазССР екі томдық атласын құру ба-

рысында жиналған тəжірибе ықпал етті. 

100-ден аса авторлар қатысқан Ұлттық Атлас ІІІ томға 

жинақталып, онда 300-ден астам карталар топтастырылған. 

Атластағы карталар қазіргі геоақпараттық технологияларды 

қолдана отырып ArcGis-9.1 карта құрастыру бағдарламасында 

жасалды

Атласты жинақтау кезінде заманауи геоақпараттық технология-



лар қолданғандығы оны қағаз жүзінде болсын, электрондық тасы-

мал  даушы жүзінде болсын шығаруға жəне көбейтуге мүмкін дік 

бе реді.

Атластың бірінші томында Қазақстан Республикасының қа-

зіргі  географиялық жағдайы, Жер бедері, геологиялық құрылы-

сы, минералдық корлары, гидрогеологиялық жағдайы, жер асты 

сулары гидрогеологиялық жағдайы,  ауа-райы, агроклиматикалық 

ресурстар ландшафтар, физикалық-географиялық аймақтандыру, 

жер  үсті су корлары, жер корлары, жануарлары мен өсімдіктер 

жамылғыларының ерекшеліктерін сипаттайтын 1:5 000 0000,  1:7 

11–1171



жүктеу 11,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   141




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау