Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



жүктеу 11,51 Mb.
Pdf просмотр
бет51/141
Дата20.11.2018
өлшемі11,51 Mb.
#22575
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   141

165

бастап оқытылады. 6 сыныпқа арналған атластағы карталар 

шолу сипатында болатындықтан олардың саны шамалы. Атлас 

ежелгі ғалымдардың Жердің пішіні туралы түсініктерін алғашқы 

картографиялық бейнелер, Ұлы географиялық ашылуларды 

көрсететін бөлімнен басталады. 

Одан ары сұлбаны (планды) құру, топографиялық карталардың 

маз мұны, 

Жер мен Күн жүйесінің құрылысы тақырыптарын ашатын 

карталар қамтылған. Бұл бөлімде тақырыптың мазмұнын ашу-

ды көздейтін Жер бетінен  түсірілген фотосуроеттер, аэро- жəне 

ғарыштық түсірілімдер  қосымша берілген.

Келесі бөлім көп ақпарат бере алуымен ерекшеленетін жарты 

шарлар картасымен ашылады. Физикалық карталарда градус тор-

лары біршама жиі (10º кейін)  жүргізілген 1:90 000 000 масштабты 

картада мұхиттар мен теңіздердің жағалау сызықтары бей не ленеді. 

Құрлықтар мен мұхиттардың бедері гипсометриялық əдіс 

 

пен 



кескінделген. Мұхиттардың айдынындағы жылы жəне суық ағыстар 

қозғалыс белгілерімен беріледі. Мұхиттардың, теңіз   дердің, жылы 

жəне суық ағыстардың, өзендердің, көлдердің, ірі тау жүйелері 

мен жазықтардың аттары біршама ірі жазулармен жазы 

 

лады. 


Түсініктемелерінде биіктік жəне тереңдік шкала лары көр сетілген. 

Математикалық негізінің элементтерінен парал лель дердің ендіктері, 

меридиадардың бойлықтары, полюс тер, по ляр шеңберлері, экватор, 

тропик сызықтары сияқты карто гра фия лық тордың элементтері, со-

нымен қатар сандық жəне атау мас штаб та ры берілген. 

Кейбір атластардағы 1:90 000 00 жарты шарлардың саяси 

карта сында Еуропаның 1:30 000 000 масштабты қима картасы 

енгі з ілген.

Дүниетану пəндеріне арналған атластардан айырмашылығы В. 

В. Каврайскийдің қиып өтетін  тең аралық қалыпты конусты про-

екциямен құрылған  Қазақстанның физикалық картасы берілген. 

Ол алдыңғы атластағы  картаға қарағанда аз жинақталуымен, 

Жер бедерінің, су нысандарының біршама нақты əрі жан-жақты 

кескінделуімен ерекшеленеді. 

Ең соңғы бөлімінде климаттық, зоогеографиялық, табиғат 

қорғау тағы басқа тақырыптық карталар   берілген. Шарт-

ты белгілердің кестесі негізінен əрбір карталарда берілген. 6 



166

сыныптың атласында көптеген көрнекі материалдар берілген. Ат-

ласты əртүрлі мазмұндағы анықтама деректер қорытындылайды. 

7 сыныпқа арналған материктер мен мұхиттардың атла-

сы.  Жекелеген аймақтардың географиясын түсіну үшін оқушы 

құбылыстар мен үрдістердің Жер шарында орналасуы мен та-

ралу заңдылықтарын, пайда болу себептерін  оқыпүйренуі 

тиіс. Жоғарыда аталған мəселелерді шешу үшін  атластың 

бірінші бөлімінде дүниежүзінің физикалық, Жер қыртысының 

құрылысының карталары, табиғаттың тақырыптық  карталары, 

саяси жəне халықтар карталары берілген. 

Бұл бөлімдегі карталар негізінен 40º-тан кейін жүргізілген 

параллельдер мен меридиандар торынан тұратын ГАжКОҒИ 

көп конусты  проекциясымен құрылған.  Плюс нүктесі 

берілмегенімен поляр шеңберлері, тропик сызықтары мен экватор 

көрсетіліп, олардың атаулары жазумен жазылған. Дүниежүзінің 

карталарының масштабы 1:75 000 000 жəне 1:120 000 000.

Одан ары жеке аймақтардың  карталары бөлімі  бастала-

ды.  Оның құрамына жеке материктердің физикалық, жекелеген 

табиғат құбылыстарының, сонымен қатар, кешенді экономикалық 

карталар кіреді. Жоғарыда аталған карталардың картографиялық 

проекциялары алуан түрлі болуымен ерекшеленеді. Атап айтсақ, 

Африканың карталарын құруға Ламберттің тең ауданды көлденең 

азимутты, Солтүстік жəне Оңтүстік Американың, Аустралия мен 

Еуропаның карталарына Ламберттің тең ауданды көлбеу азимут-

ты проекциялары, Антрактида мен Арктиканыкіне Постельдің 

тең аралық қалыпты азимутты проекциясы, ал Еуразияныкіне 

 

ГАжКОҒИ шартты проекциясы қолданылады. 



Картографиялық тор 10º-тан кейін жүргізілген. Карталардың 

масштабтары материктердің пішіні мен ауданына байланысты 

өзгереді. Материктердің жеке бөліктерінің карталары біршама ірі 

масштабта беріледі. Əрбір картада сандық жəне сызықтық мас-

штабтар жазылады. 

Дүние жүзінің жəне жеке материктердің физикалық картала-

рында құрлықтың жер бедері гипсометиялық əдіспен кескінделеді. 

Биіктік жəне тереңдік шкалалары көрсетіліп, қабатты бояулармен 

беріледі. Біртекті құбылыстар бұрын қарастырылған атластағыдай 

əдістермен кескінделеді. 




167

Атласты жоғарыда қарастырылған проекциялармен құрылған 

мұхиттардың карталары қорытындылайды. 

Қазақстан географиясы физикалық география (8сынып) 

жəне экономикалық жəне əлеуметтік география (9 сынып) кур-

старынан тұрады. Бұл курстарды оқыту барысында негізгі на-

зар еліміз бен оның жеке өңірлері табиғатының ерекшеліктері 

мен экономикасының дамуын қарастырумен қатар табиғат пен 

шаруашылықтың өзара байланысын оқытуға аударады. Бір-

бірімен өзара байланысқан тақырыптар  8-9  кластарға арналған 

атластағы карталарды құру барысында ескерілген. Картаның 

атқаратын қызметінің бірдей болуы екі атласқа да біртекті 

математикалық негізді таңдауға мүмкіндік берді.

Қазақстанның карталары В. В. Каврайскийдің қиып өтетін 

 

тең аралық қалыпты конусты проекциямен құрылған. Орналасқан 



орнына байланысты полюс көрсетілмеген. Картадағы ендіктер 

мен бойлықтар бойынша картографиялық тордың жиілігі 5º. 

Картаның масштабы тақырыптық салмағына байланысты 1:10 

000 000 жəне 1:15 000 000 құрайды. 

Екі картаның да географиялық негіздері бірдей. Географиялық 

негіздің элементтерінің жинақталуы материктер мен мұхиттардың 

атласындағы карталарға қарағанда төмен.

8 сыныпқа арналған физикалық-географиялық атластың кар-

талары  «Қазақстан дүниежүзінің картасында» тақырыбымен 

ашылып, еліміз аумағының зерттелу тарихын айқындайтын та-

рихи карталар берілген. Содан кейін физикалық, жəне əкімшілік-

аумақтық карталар ұсынылған.  

Атластың тақырыптық карталарында ел аумағындағы же-

келеген табиғат құбылыстары кесінделген. Қазақстанның 

геологиялық құрылысы мен  тектоникалық құрылымдары жан-

жақты сипатталған. Атласқа климат, топырақ жəне өсімдіктер 

жамылғысының карталары енгізілген. Олардың тақырыптық 

мазмұны барлық кескіндеу əдістерін қамтыған. 

Географиялық негіздері мен пайдалы қазбалардың шартты 

белгілері атластың бірінші бетінде, əр картада тек тақырыптық 

мазмұнының шартты белгілері  берілген.

Ақпаратпен жақсы қамтамасыз етілуімен ерекшеленетін 



9 сыныпқа арналған географиялық атлас Қазақстанның 


жүктеу 11,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   141




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау