Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



жүктеу 11,51 Mb.
Pdf просмотр
бет52/141
Дата20.11.2018
өлшемі11,51 Mb.
#22575
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   141

168

əкімшілік-аумақтық картасымен ашылады.    Елімізге əлеуметтік-

экономикалық сипаттама беру  халықтар картасы бөлімінен ба-

сталады. Оны отын-энергетика кешенінің, қара жəне түсті ме-

таллургия, машина жасау, химия, құрылыс материалдары, жеңіл 

жəне тамақ өнеркəсібінің, агро-өнеркəсіптік кешенінің, көлік 

жəне коммуникация кешенінің карталары жалғастырады. 

Екінші бөлімде жеке экономикалық аудандардың картала-

ры қамтылған. Өнеркəсіп орталықтары сала бойынша бірнеше 

бөлік 


терге бөлінген белгігілеу əдісімен кескінделеді. Ауыл 

шаруа  шылық аудандарын ашып көрсету үшін сапалық түс, же-

келеген дақылдар өсірілетін аумақтардың шекарасын көрсетуге 

ареал  тəсілі қолданылған. Атласта көрнекі материалдардың саны 

азай тылып, олардың орнына кесте түрінде статистикалық көрсет-

кіш тер берілген.

10 сыныпқа арналған дүние жүзінің экономикалық, 

əлеуметтік жəне саяси географиясының атласы ақпаратқа ең 

жақсы қаныққан. Ол айқын ажыратылатын екі бөлімнен тұрады. 

Дүние жүзінің картасы үшін картографиялық торы ендіктер 

мен бойлықтар бойынша 30º бөлінген ГАжКОҒИ көп конусты 

проекциясы қолданылған. Карталар бір бетте немесе бүктелетін 

екі бетте кескінделеді. 

Атластың бірінші бөлімі дүние жүзінің саяси картасынан ба-

сталып оны Жер шарының минералдық, жер, су, агроклиматтық 

ресурстардың карталары  қорының карталары жалғастырады. 

Тақырыптық карталардың географиялық негіздері  əртүрлі 

болуымен ерекшеленеді. Картаның тақырыптық мазмұнын ашу 

үшін сапалық түс (жер ресурстаны), ареал (минералдық ресур-

стар), картограмма (су корларымен қамтамасыз етілуі), картодиа-

грамма (су қоймасының көлемі), изосызықтар (агроклиматтық 

ресурстар) тəсілдері қолданылады.    

Ресурстар карталарынан соң халықтың қоныстануын, əртүрлі 

демографиялық сипаттамаларын жəне өнеркəсіп салаларын ашып 

көрсететін  дүние жүзінің əлеуметтік-экономикалық карталары 

орналасады. Бұл бөлімде əртүрлі аймақтардағы шаруашылық 

салаларының даму деңгейін ашып көрсету үшін картограм-

ма, өнеркəсіп өнімдерінің көлемін бейнелеуге картодиаграмма, 

өнеркəсіп өнімін тасмалдайтын негізгі ағынды сипаттау үшін 

қозғалыс белгілері тəсілдері қолданылады. 



169

Бірінші бөлімге жататын барлық карталар қима  карталар,  ди-

аграммалар, кестелер, статистикалық деректер сияқты қосымша 

мазмұнмен жабдықталған. 

Екінші аймақтық шолу бөлімінде біршама нақты əрі  кең 

көлемді ақпараттар берілген. Орналасқан географиялық орнына, 

ауданына  байланысты  олардың математикалық негіздері алуан 

түрлі болатындықтан бұрмаланудың таралу сипаты жағынан бір-

бірінен айырмашылығы бар азимутты, конусты проекциялардың 

əртүрлі нұсқалары қолданылады. Олар масштабтық қатары 

күрделі болуымен ерекшеленеді.  

Белгілі дəрежеде жоғары жинақталатын экономикалық карта-

ларда ақпараттың көлемі өте үлкен болады.  Ол, əсіресе, өнеркəсіп 

орталықтарын жан-жақты ашып көрсетуді көздейтін экономикасы 

жоғары дамыған елдерде айқын байқалады. Атласты экологиялық 

тақырыптағы қарталар қорытындылайды. 

Əсіресе, Ресейдің əртүрлі баспалары шығарған материк-

тер мен мұхиттардың жəне дүниежүзінің экономикалық, 

əлеуметтік жəне саяси географиясының атластары жалпыға 

бірдей орта білім беретін мектептердің стандарттары мен оқу 

бағдарламаларына сəйкес келетінін атап өтуге болады. Мысалы, 

физикалық-географиялық немесе өнеркəсіпті аудандардың кар-

талары қосылып, тақырыптардың саны артуда, экономикалық 

карталар ерекше жіктеу тобы инфроқұрылымдар элементтерімен 

толықтырылуда. 

Пайдаланылатын əдебиеттер тізімі:

1. Салищенв К. А. Картоведение.-3-е изд.-М.: Изд-воМГУ, 1990.–400 с. 

2. Комисарова Т.С. Картография с основами топографии.–М., 2001.–181 с. 

3. Чурилова Е. А., Колосова Н. Н. Картография с основами топографии. – 

М.: Дрофа, 2004–260 с.

4  Южанинов В. С. Картография с основами топографии –М.: Высшая 

школа. 2001г.– 300 с

5. Берлянт А. М. Картография.–М.:Аспект- Пресс, 2002.–362 с. 

6. Картография с основами топографии. / Г. Ю. Грюнберг, Н. А. Лапкина, 

Н. И. Малахов и др.; под ред. Г.Ю. Грюнберга –М.: Просвещение, 1991.–364 с. 

7.  Стурман В. И. Основы экологического картографирования: Учеб. 

пособие. –Ижевск: Изд-во Удм. ун-та, 1995. –221 с.

8. Смирнов Л. Е. Экология и картография: Учеб. пособие.–СПб.: Изд-во 

С.-Петербургского университета, 1997.–152с.



170

Білімді бекітуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар

1.

 Картографиялық жинақтаудың түрлері мен оларға қойылатын негізгі 

талаптар қандай?

3.

 Жалпы географиялық карталарда жер бедерін кескіндеу үшін  қандай   

картографиялық кескіндеу тəсілдері қолданылады?

4. Изосызықтар, картограмма, сапалық түс жəне ареал тəсілдерінің 

атқаратын негізгі  қызметтерін атаңыз. 

5. Тақырыптық  картада бейнеленген құбылыстардың сандық жəне 

сапалық сипаттарын ашып көрсету үшін  қандай картографиялық  кескіндеу  

тəсілдері  қолданылады?

6.

   Физикалық  географиялық  тақырыптық карталардың негізгі 

түрлерін, құбылыстарды кескіндеу ерекшеліктерін атаңыз.

7.

    Экономикалық географиялық карталардың негізгі түрлерін, 

атқаратын қызметтерін анықтаңыз.

8. Бір аумақтың мазмұны əртүрлі географиялық карталар серияларының 

жалпы географиялық негізі мен тақырыптық мазмұнының



 ерекшеліктерін 

атаңыз.


9. Географиялық атластардың негізгі түрлерін, атқаратын  қызметін 

анықтаңыз.  

10. Мектептің географиялық атластарындағы карталардың 

математикалық негіздеріне қойылатын негізгі талаптарды түсіндіріңіз. 



Студенттердің білімдерін тексеруге арналған тест 

тапсырмалары

1. Картаның барлық элементтерін...... дейміз.      

А) мазмұны; 

B) масштабы; 

C) математикалық негіздері;                                      

D) картографиялық торы;  

E) жалпы географиялық негізі.

2. Географиялық карталарда елдімекендер ....... кескінделеді.      

А) горизонтальдармен; 

B) пунсондармен; 

C) изосызықтармен;                              

D) картогаммамен;  

E) нүктелермен.

3. Географиялық карталарда су нысандарының тереңдігі..... кескінделеді.      

А) горизонтальдармен; 

B) пунсондармен; 

C) изосызықтармен;                              



жүктеу 11,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   141




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау