Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



жүктеу 11,51 Mb.
Pdf просмотр
бет104/141
Дата20.11.2018
өлшемі11,51 Mb.
#22575
түріОқулық
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   141

341

 Жан-жақты оқыпүйрену барысында жергілікті жердің 

қорғаныстық, бүркеніштік қасиеттері мен бағдарлау жағдайы 

бағаланады. Егер бақылап отырған А  нүктесі мен нысанаға 

алынған В нүктесінің аралығында биік нүкте болса, А нүктесінде 

тұрған адамға В нүктесі көрінбейді [9.8-сурет].

Мысалы, 1:25 000 оқу картасындағы 6910 шаршыдағы Дубро-

вина тауында тұрған бақылаушыға 7111 шаршыдағы биіктігі 193,6 

метрлік биіктік белгісі көрінбейді. Себебі, олардың аралығында 

биіктігі 209 метрге жететін төбе бар.    



9.8 сурет. Қысқартылған көлденең қима-сызба тұрғызу арқылы 

нүктелердің бір-біріне өзара көрінуін анықтау



9.2.Топографиялық табиғи жəне əлеуметтік-

экономикалық нысандардың  кескінделу ерекшеліктері

Топографиялық картада су нысандарынының кескінделу 

ерекшеліктері.  Топографиялық карталарда кескінделетін 

гидрографиялық (су) нысандарға теңіздердің жағалық бөліктері,  

көлдер мен өзендер, каналдар, құдықтар, тоғандар, батпақтар, 

тағы да басқалар жатады. Олардың жанына аттары мен сандық 

жəне сапалық қасиеттерін айқындайтын деректер берілді. 

  Топографиялық карталарда масштабқа сəйкес ауданы 1мм

2

 

асатын көлдер мен жасанды су қоймалары беріледі. Құрғақ жəне 



шөлді аудандарда бағдарлық маңызы бар мөлшері 1мм

2

 аспайтын 



шағын нысандар да кескінделеді.


342

1:25 000, 1:50 000 масштабты карталарға ені 5 метрден асатын, 

1:100 000 масштабты карталарда ені 10 метрден асатын барлық 

өзендер мен каналдар кескінделеді [9.10-сурет]. 

1:50 000 масштабты карталарда ені 5 метрден асатын өзендер 

мен каналдар екі көк түсті сызық пен ені 5 метрден аспайтындары 

бір көк түсті сызықпен кескінделеді. Ірі масштабты карталарда 

өзендердің ені мен тереңдігі бөлшек сан, ал ағысының бағыты 

мен жылдамдығы бағдар сызықпен жəне оның аралығында 

жазылған санмен беріледі .

Көлдердің жағалау сызығында суының деңгейі көтерілген 

жəне төмен түскен кезеңдердегі теңіз деңгейлерінен биіктіктері 

белгіленеді. Өзендер мен каналдардағы өткелдер, тас бөгеттер, 

шлюздер мен паромдар өздеріне сай келетін сандық сипаттары-

мен қоса түсіндірмелі шартты белгілермен көрсетіледі. 

Құдықтар көк түсті шеңбермен белгіленіп Қ əрпі қоса жазы-

лады. Далалар мен шөлді аудандарда сумен қамтамасыз ететін 

басты нысан болып табылатын құдықтарды картадан оңай тауып

таңдау үшін біршама ірі шартты белгілермен кескіндейді. Сол 

жағына абсолют биіктігі, оң жағына құдықтың тереңдігі, литр 

есебімен алынған толу жылдамдығы жазылады.

Өсімдіктер жамылғысының ірі масштабты карталар-

да кескінделу  ерекшеліктері. Өсімдіктер жамылғысы ірі 

масштабты карталарда негізінен аудандық масштабтық шарт-

ты белгілермен кескінделеді. Оларға орман алқаптарының, 

бұталардың, шалғындардың, батпақтардың, құм шағылдар мен 

сортаңдардың шартты белгілері жатады.

Топырақ-өсімдік жамылғыларын картада белгілеу бірнеше 

шартты белгілерді үйлестіру арқылы жүзеге асырылады. Мыса-

лы, бұталы шалғынды батпақтанған алқаптарды көрсету үшін 

оның алып жатқан аумағының сыртқы кескіні көбінесе пунктир-

мен көрсетіліп, ішіне бұта мен шалғынның, батпақтың  шартты 

белгілері түсіріледі.

Жергілікті жердегі орман алқаптарының іші жасыл бояумен 

боялады. Орманда өсетін ағаштардың түрлері кескіндік-бейнелі 

жұлдызшалармен көрсетіліп, олардың аты, биіктігі, диаметрі мен 

ара қашықтығы түсіндірмелі шартты белгілермен белгіленеді.

Мысалы, қар.

15 5

0,20


. Мұндағы қарағай, 15-орман ағаштарының 


343

орташа биіктігі;0,20–орман ағаштарының орташа диаметрі, 5– 

ағаштардың ара қашықтығы [9.10-сурет]. Жаяу өтуге болатын 

батпақтар үзік-үзік көлденең түзу көк сызықтармен, ал өте ал-

майтын батпақтар көлденең түзу көк сызықтармен кескінделеді. 

Түсіндірмелі шартты белгілермен тереңдіктері беріледі.



9.10-сурет.

 

Масштабы əртүрлі топографиялық карталарда өзендер мен 

өсімдіктер жамылғысының кескінделу ерекшеліктері

Тереңдігі 0,6 метрден аспайтын батпақтар өтуге бола-

тын, ал одан тереңдері өте алмайтын немесе өту өте қиынға 

соғатындардың қатарына жатады.

Ірі масштабты карталарда  өтуге болатын сортаңдар көк түсті 

үзік-үзік тік сызықтармен, өте алмайтындары мен өтуге қиындық 

тудыратындары көк түсті тік түзу сызықтармен кескінделеді.

Ірі масштабты карталарда əлеуметтік-экономикалық 

нысандарды кескіндеу тəсілдері. 1:25000-1:100000 мас-

штабты топографиялық карталарда қалалық жəне  ауылдық 

елдімекендердердің барлығы көрсетіледі. Елдімекендердің жа-

нына олардың аттары жазылады. Қалалық елдімекендердің аты 

түзу бас əріптермен ауылдың елді мекендердің аттарының бірінші 

əріпі бас əріппен қалғаны кіші əріппен жазылады. 

Елді мекендердің атының астына мың адам есебімен алынған 

тұрғындардың саны, қалалық əкімшіліктің, ауылдық округ-

тер болса қысқартылып жазылады. Қалалық жəне саяжайлық 

кенттердің аты көлбеу əріптермен жазылады.Елдімекендерді 

 

 

картаға   түсіргенде  олардың  сыртқы   кескіндері   мен жоба-



лау сипаты сақталып оларды кесіп өтетін басты көшелері, ірі 

кəсіпорындар мен бағдар қызметін атқаратын басқада маңызды 

əлеуметтік-экономикалық нысандар кескінделеді.

Елдімекендердің саны мен олардың түрлеріне, жиілігіне қарап 

қажетті аумақтың қоныстану ерекшеліктерін айқындайды. Мы-



жүктеу 11,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   141




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау