Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



жүктеу 11,51 Mb.
Pdf просмотр
бет100/141
Дата20.11.2018
өлшемі11,51 Mb.
#22575
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   141

329

9 - т а р а у. 

ТОПОГРАФИЯЛЫҚ КАРТАЛАРДЫҢ МАЗМҰНЫ

9.1. Топографиялық карталарда қолданылатын шарт-

ты белгілердің түрлері. Жер бедерінің жазықтықта 

кескінделу ерекшеліктері

Топографиялық карталарда қолданылатын шартты 

белгілердің түрлері. Топографиялық карталарды жергілікті 

 

жердің бедері мен онда орналасқан табиғи жəне əлеуметтік ны-



сандар толық кескінделеді. Топографиялық карта бай мазмұны 

арқылы жергілікті жер туралы алуан түрлі ақпараттар беретін де-

рек көзі қызметін атқарады.

Топографиялық карталарда жергілікті жер жобалаудың орто-



гональды əдісі арқылы кескінделеді. 

Карталардың географиялық мазмұны нысанның пішінін, 

сандық жəне сапалық сипаттарын көрсететін шартты белгілердің 

көмегімен беріледі. Бейнелерді кескіндеу жиынтығы болып 

табылатын шартты белгілердің пішіні мен мөлшері, түсі мен 

ішкі суретіндегі үйлесімділігі жер бетіндегі географиялық 

нысандардың орналасуын, өзара байланысы мен оларды бір-

біріне қатысты бағдарлауға мүмкіндік  беретін карта бізге 

қоршаған кеңістіктің шындығының картографиялық бейнесін 

құруға көмектеседі.

Географиялық шындықтың бейнесі болып табылатын картогра-

фиялық шартты белгілерді құру барысында географиялық білім 

қорына талдау жасау нысандар мен құбылыстардың орналасу 

заңдылықтарын танып-білуге, сол арқылы картада қамтылған 

жергілікті жер туралы бастапқы ақпараттардың қорын арттыруға 

мүмкіндік береді.

Топографиялық карталарда жергілікті жердегі барлық ны-

сандар шартты белгілермен кескінделеді. Олардың сыртқы 

көрінісі мен бояулары кескінделетін құбылыстардың сипаты мен 

ерекшеліктерін айқындайды. Біртекті нысандардың топтары бір-

біріне ұқсас шартты белгілермен көрсетіледі. Олардың сандық 



330

жəне сапалық айырмашылықтары негізгі шартты белгілерге 

аздаған өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы құрылады. 

Мысалы, жолдар еске түсіруге оңай сызық түрінде беріледі.

Ірі жəне орта масштабты топографиялық карталарда мас-

штаб 


тық, масштабтан тыс жəне түсіндірмелі шартты белгілер 

қол  да  ны  лады.

Картаның масштабына сай қажетті нысандар мен құбылыстар-

дың ауданын, созылған бағыты мен пішінін, ұзындығын, басқа 

нысандарға қатысты орнын анықтауға мүмкіндік беретін шарт-

ты белгілер масштабтық шартты белгілер деп аталады. Олар 

аудандық (кескіндік) жəне сызықтық деп екіге бөлінеді.

Аудандық немесе кескіндік шартты белгілер изосызықтармен 

немесе нүктелермен белгіленген сыртқы кескінінен жəне қабатты 

бояулармен немесе сапалық түс əдісімен боялған ішкі бөлігінен 

тұрады. Оларға топографиялық картаның масштабтына сүйеніп 

ауданын, созылған бағытын анықтауға мүмкіндік беретін  жер 

бедері, көл, орман алқаптары, батпақ сияқты көлемді нысандар 

жатады. Қажетті нысандардың ұзындығын анықтауға мүмкіндік 

беретін  масштабтық шартты белгілер сызықтық шартты 

белгілер деп аталады. Оларды пайдаланып, ірі масштабты карта-

лардан өзеннің, жолдардың, құбырлардың ұзындығын, созылған 

бағытын анықтауға болады [9.1-сурет].

9.1-суретМасштабтық шартты белгілердің негізгі түрлері

Картаның  масштабы  ескерілмейтін  шартты  белгілердің  

тобы  масштабтан тыс шартты белгілер деп аталады. Олар 

картада қарапайым шағын геометриялық пішіндер (үш бұрыш, 

төрт бұрыш, шеңбер, ромб, трапеция), көркем бейнелі кескіндер 

түрінде белгіленеді [9.2-сурет].




331

9.2-сурет. Топографиялық карталарда қолданылатын масштабтан тыс 

шартты белгілердің түрлері

Топографиялық жəне ұсақ масштабты карталарда географиялық 

нысандардың ерекшеліктері жөнін де ақпараттық деректер 

беретін шартты белгілер түсіндірмелі шартты белгілер деп ата-

лады. Олар топографиялық  карталарды қолданып, тəжірибелік 

есептер шығару мақсатында пайдаланылады. Түсіндірмелі шарт-

ты белгілер табиғи жəне əлеуметтік-экономикалық нысандардың 

сандық жəне сапалық сипаты жөнінде маңызды ақпараттар береді. 

Сол  ақпараттарға  негізде отырып  ірі  масштабты  карталарға  

талдау  жасап,  білім көзі ретінде қолдануға болады.

Мысалы:1:25000 масштабты картадағы қарағай 

25 4

0,30


 орман 

алқаптарында қылқан жапырақты ағаштар басым екенін, оның 

орташа биіктігі 25 м, диаметрі 30 см, əр ағаштың арақашықтығы 

4 м екенін көрсетеді.

Жоғарыда көрсетілген сандық деректерге негізделіп, орман ал-

қа бының ауданын, ондағы ағаштың саны мен көлемін анық тау ға 

болады. Ол үшін 

2

1



1 3,14 0,09 25 2,35

3

3



v

R h

π

=



⋅ = ⋅



=

м

3

 ірі мас



штабты карталардағы өзендерде көк санмен жазылған 

8

,



2

250


Қ 

жəне – 0,8-сандары төмендегі мағынаны білдіреді.

250 – өзеннің орташа ені, 2,8 орташа тереңдігі Қ– өзен 

арнасының табанына шөккен жыныстарының құм екенін, ал 

бағдар сызықтағы 0,8 саны өзеннің м/с есебімен алынған орта-

ша  жылдамдығы су нысандарының тереңдегі ені мен ағысының 

жылдамдығы жөніндегі деректердің негізінде төмендегі 

формуланың көмегімен өзен арнасының көлденең қимасының ау-

даны мен өзен суының  шығынын анықтауға болады.



жүктеу 11,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   141




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау