Мектеп оқушыларын зерттеу жұмысына дайындау әдістемесі



жүктеу 0,93 Mb.
бет1/6
Дата05.03.2018
өлшемі0,93 Mb.
#11606
  1   2   3   4   5   6

ПОӘК 042-18-38.67/03-2014


№ 2 басылым

25.06.2014 ж.



беті беттің






ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СемЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-38.67/03-2014




ПОӘК

«Мектеп оқушыларын зерттеу жұмысына дайындау әдістемесі»

пәнінің оқу-әдістемелік материалдары

№ 2 басылым

_______2015 ж.




ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Мектеп оқушыларын зерттеу жұмысына дайындау әдістемесі»


«5В011000 – Физика» мамандығы үшін
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

Семей


2015

Мазмұны


1

Глоссарий

3

2

Дәрістер

5

3

Практикалық сабақтар

43

4

Студенттердің өздік жұмыстары

53


ГЛОССАРИЙ
Зерттеу – жаңа білімді өңдеу процесі және таным қызметінің бір түрі.

Проблема – грек сөзі «қиындық», «кедергі» деген мағынаны білдіреді.

Жобалау – ол бір практикалық міндеттің шешімі.

Ақпараттық жоба – кез-келген объект не құбылыс туралы ақпарат.

Жоба әдісі – оқушылардың зерттеу іс-әрекетінің элементтерінен тұратын технология

Өзектілігі – бұл білімді қоғамдық жағынан көтеруді жүргізудің бір құралы.

Шығармашылық жоба нақты құрылымы жоқ, соңғы нәтиженің түрі мен жанрының талабын негізделген жоба

Болжау және қорытынды – бұл әлі айқындалмаған, логикалық дәлелденбеген және тәжірибеден өтпеген білім

Іс-әрекет бағдарламасы – оқушылардың өздері жүргізген іс-шараларын сипаттау, алдағы уақытта жүргізілетін іс-шараларды жоспарлау.

Модельдеу әдісі – ғылыми танымның зерттеу объектілерін олардың модельдерін жасап, зерделеу арқылы танып-білу әдісі.

Бақылау – объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау.

Суреттеу – объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту.

Өлшеу – объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру;

Тәжірибе жасау – құбылысқайталанған кезде қажетті жағдайлар қайталанғанына байланысты өзгерістерді арнаулы дайындалған орындар арқылы бақылау.

Жетекші идея – зерттеудің нақты позициясы немесе концептуалды негізі.

Болжам – бірнеше факторлар негізінде объекті, құбылыстың байланысы немесе себептері туралы қорытынды жасалатын ұсыныс, бұл қорытындыны дәлелді деп айтуға болмайды.

Зерттеу көздері – ғылыми және арнайы әдебиет, мұрағаттық құжаттар мен қызмет өнімдері.

Конференция – тәжірибені жинақтау және зерттеу формасы. Конференция тақырыбына сәйкес мұғалімдер әдебиетпен танысады және өздері мен әріптестерінің тәжірибесін талқылайды.

Мәліметтерді статистикалық өңдеу әдісі – зерттелетін құбылыстар арасындағы сандық байланыстарды орнататын тәсіл.

Ғылыми жаңалық – бұрын ешкім зерттемеген алғаш рет алынған нәтижелер.

Зерттеу объектісі – бұл проблемелық жағдай тудыратын құбылыс немесе процесс.

Педагогикалық тәжірибе – белгілі бір әдістің, оның педагогикалық тиімділігін анықтауға арналған жұмыс тәсілінің арнайы дайындалған тексеруі.

Педагогикалық жағдай – адамның қасиеттері туралы, оның сипатталған педагогикалық жағдайдан жол табуын анықтауға мүмкіндік беретін зерттеу әдісі.

Жобалық әдістеме – жоба нәтижесін психологиялық интерпретация негізінде тұлғаны толығымен зерттеу әдістемесінің жинағы.

Проблема – арнайы тәжірибелік ғылыми зерттеу өткізусіз жауап табу мүмкін емес және шешім табуды талап ететін өмірлік маңызы бар актуалды мәселе.

Қайшылық – дамудың қозғаушы күші; зерттеудегі карама-карсы жақтардың болуы.

Зерттеу заты – бұл объектілер шекарасындағы объектінің нақты қасиеттері, олардың арақатынасы, объектілер мен қасиеттердің белгілі бір жағдайда тәуелділігі.

Библиография – басылымдарды оқырмандардың саяси,ғылыми тәрбиелік мақсатта тиімді пайдалануы үшін хабар беруді қамтамассыз ету жолдарын зерттейді Библиография әдебиеттердің басылып шығу мерзіміне, аймақтық белгісіне мемлекет, өлкелік жергілікті т.с.с. тақырыптық ауқымына қарай болінеді.

Болжам(гипотеза) – құбылыстардың өмір сүру себептерінің шындығын қасиеттерін түсіндіру мақсатында алға қойған негізделген жорамалды көрсететін ғылым түрі

Ғылыми абстрактілеу(научная абстракция) – заттардың белглі бір қасиеттерін немесе қатынастарын ойша бөлуді өз бетімен қарастыруды қамтитын танымның бір жағы, түрі.

Ғылыми тәжірибелік конференция – оқыту және тәжірибелеу жұмыстарының өзекті мәселелерінің тәжірибесін ұжым болып зерттеу және талқылау түрі.

Моделдеу – зерттеу объектісі өзімен ұқсастық қатынастағы басқа бір объектімен алмастырылатын зертеу әдісі.

Ғылыми фактілер – бұл санамен бейнеленген ақиқат фактілері, олар ғылым тілінде, эмпирикалық пайымдаулар түрінде тексерілген, яғни міндетті түрде тексреліген фактілер жиыны.

Эксперимент – белгісіз және анық емес нәтижелермен түсіндірілетін ғылыми-зерттеу жұмысы.

Индуктив әдіс – ойдың жеке пікірлерден жалпы ойға өтуі.

Дедуктив әдіс – жалпы пікірден жеке қорытынды жасау.

Реферат – жалпы тақырып бойынша бір не бірнеше ғылыми еңбектің қысқартылып берілген мазмұны.

Конспектілеу – жұмыстың маңызды идеялары мен тұжырымдарына байланысты жан – жақты материалдарды мұқият қамтыған жазбалар.

Аннотациялау – кітап пен мақаланың жалпы мазмұнын қысқаша ақпар жазу.

Сілтеме (цитата) беру - әдеби деректе келтірілген ой, пікір не санды өзгертпестен мәтінге ендіре жазу.
2 Дәрістер

1МИКРОМОДУЛЬ «ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ»


Тақырып: Кіріспе. Мектеп оқушыларының зерттеу жұмысын ұйымдастыру

Мақсаты: Студенттерге зерттеу жұмысы деген не, зерттеу жұмысын қалай ұйымдастыруға болатыны жөнінде мағұлымат беру.
Негізгі сұрақтар: Оқушылар іскерлігінің мотивациясы. Оқушыларды курстың мақсаты мен міндеттерімен таныстыру.

Мемлекетіміз елімізді ғылыми көркейтер деген үмітпен жас (дарындарға) ғалымдарға үлкен назар аударуда. Оларға түрлі конкурстар, білім сайыстарын ұйымдастыруда. Мектептегі оқушылардың ғылыми қоғамдарының негізгі міндетті сыныптан тыс және үйірмелік жұмыс жүйесін оқу-тәрбие процестерімен байланыстырып, ғылыми деңгейге көтеру. Оқушылардың өз бетінше ізденіп білім игеруі, мұнда мұғалім оқытпайды, ізденіс-іс-әрекетіне бағыттайды. Оқушылар шығармашылық қабілетіне, ғылыми ойлау дәрежесіне, зерттеу жұмысына икемділігі, шешендік шеберлігіне қарай іріктеп алады.

Оқушылардың жобаны зерттеу іс-әрекеті – білім көтерудің бір құралы.

Өзектілігі – бұл білімді қоғамдық жағынан көтеруді жүргізудің бір құралы.

Жоба әдісі – оқушылардың зерттеу іс-әрекетінің элементтерінен тұратын технология, мұнда:

-мұғалім оқытпайды, ізденіс іс-әрекетіне бағыттайды;

- білімді пайдалану және жаңа білімді игеру құралы;

-таным қызметі белсенділігінің оқыту құралы.



Жоба әдісінің мақсаттары:

  • шығармашылық ойлауын дамыту;

  • тәжірибе жинақтау үшін жағдай жасау;

  • жеке қасиеттерін қалыптастыру;

  • бірлесіп жұмыс жасау;

  • таңдау мен нәтижеге деген жауапкершілік;

  • талдай білу қабілеті;

  • тұлғаны бағыттау.

Жоба – техникалық термин, нысанды жаңарту.

Жоба жүргізудің алгоритмі (көрсеткіші):

Дайындық кезеңі.



  1. Жоспар жасағанда тақырыпты, бөлімді немесе бірнеше тақырыпты таңдап алу.

  2. Жеке немесе топтық тақырып анықталады.

  3. Нақты мақсат қою, болжаған нәтижені атау.

  4. Әдістемелік ұсыныстар.

  5. Мұғалімнің жобаның сапасына деген талабы қойылады.

  6. Нәтиже бағасының әдістері мен түрлері анықталады (рейтинг, баллдық, алдын-ала келісіліп, кесте құрастырылады).

  7. Жобаның көрсеткішін құру.

Мектеп жағдайында нысанның нақты тақырыбы болады немесе пәннен; интерактивтік (байланыс) (тарихи-әдебиет); факультатив тақырыбы.

Әр кезде оқушы мен мұғалімнің (орны) рөлі әртүрлі.



  1. Дайындық кезеңі.

  2. Жоспарлау (талдау, міндеттерін қою, хабарларды тексеру, идеяларды жинақтау, жоспарлар).

  3. Шешім қабылдау (альтернативаларды талқылау, қажет нұсқауды таңдау).

Жаңа ақпараттарды қабылдау. Қиындығы:

  • әр жолдың мақсаты мен міндеті белгілі;

  • шешу жолдарын іздеу;

  • қажеттісін таңдау.

  1. Жобаны орындаудағы алдағы жұмыстар: проблемалық семинарлар, консультациялар.

  2. Нәтижені тексеру және бағалау.

Бағалау нәтижесі бойыншаөзіне жазба қалдырады, оқушының жеке тұлғасын ескеруге тиіс.

Жобаның орындалу нәтижесін, мақсатқа жетуін талдау.



  1. Қорғау. Нәтижесі қорғау түрі, жұмыстың безендірілуі бағаланады.

Жеке қатысуы мен жобаның үлгеріміне қатысты бағаланады.

Жоба жұмысының бірізділігі

Жұмыс кезеңдері

Жұмыс кезеңдерінің мазмұны

Оқушылардың іс-әрекеті

Мұғалімнің іс-әрекеті

Дайындық

Тақырыбы мен мақсатын анықтау

Мұғаліммен кеңеседі және қосымша ақпарат алады, мақсат қояды

Жобаның мәнімен таныстырады, оқушыларға дәлелдеу. Мақсатын құруға көмектеседі.

Жоспарлау

а) ақпаратты іздестіру жолдарын анықтау

ә) ақпаратты талдау және жинақтау тәсілдерін анықтау

б) нәтижені көтеру тәсілдерін анықтау (есеп беру үлгісі)

г) топ мүшелерінің міндеттерін бөліп беру



Ісіне жоспар құрады

Өз ұсынысын айтады, идеялар ұсынады.

Зерттеу

Мәлімет жинау, кездескен міндеттерді шешу. Негізгі құралдар: интервью, бақылау, тәжіирбе, сауалнама

Кездескен міндеттерді шешу арқылы зерттеу жұмысын орындау

Бақылайды, кеңес береді, жұмысты сырттан басқарды.




Нәтижесі және қорытындысы

Мәліметтерді талдау (ақпарат)

Ақпаратты талдау

Бақылайды және кеңес береді

Жұмысты қорғау немесе есеп беру

Нәтижені көрсету түрлері: ауызша есеп беру, көрнекілікпен ауызша есеп беру, жазбаша есеп

Есеп береді, талқылайды

Көрермен ретінде тыңдайды, сұрақтар қояды.

Нәтижені және үрдісті бағалау




Өзін-өзі бағалау мен ұжымдық талқылау жолымен бағлауға қатысады.

Оқушылардың еңбегін, шығармашылық ойлауын, есеп берудің сапасын, ақпараттарды дұрыс пайдалану сапасын, жалғастыру сұранысын бағалайды.


Зерттеу жұмыстарын қорғау нұсқаулары.

І.Жұмысқа қойылатын талаптар:

1.Жұмыстың сыртқы бетін безендіру.

2.Жұмыс ауқымы 15-20 мин аспауы тиіс.

3.Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

4.Көрнекіліктері.

5.Зерттеу элементтерінің болуы.

6.Жұмыстың 1 данасын өткізу.

ІІ.Қорғауға қойылатын талаптар:

1.Шешендік шеберлігі.

2.Өзінің жұмысын жақсы білуі (тақырыбы бойынша комиссия сұрақтрына жауап бере алу).

3.Ғылыми ойлау дәрежесі.

4.Зерттеу жұмыстарына икемділігі.

5.Шығармашылық қасиеті.


Бақылау сұрақтары:

1.Ғылыми зертеу деген не?

2.Жоба әдісінің мақсаттары қандай?

3. Жоба жүргізудің алгоритмін атаңыз.

4. Зерттеу жұмысының негізгі кезеңдерін атаңыз.

Тақырып: Физика бойынша ғылыми-зерттеу жұмысының ерекшеліктері. Іргелі және қолданбалы зерттеулер.

Мақсаты: Студенттерді ғылыми зерттеу жұмысының ерекшеліктерімен таныстыру. Іргелі және қолданбалы ұғымдары жайында мағұлыматтар беру.



Негізгі сұрақтар: Ғылыми зерттеу жұмыстары, олардың ерекшеліктері.

Қазіргі кезде қоғамдық-әлеуметтік өмірдің барлық саласында түбірлі өзгерістердің болуына байланысты білім жүйесінде де, оның мазмұны мен оқыту әдістемесінде де біршама жаңарулар болып жатыр. Инновациялық процестер практик мұғалімдер арасында кең өріс алуда. Соның бірі – оқушыларды зерттеу әдістеріне баулу. Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық, тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез болып саналады. Баланың өзін қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар жайлы барлығын білгісі келетіні белгілі.

Ол әр нәрсенің жұмыс істеу принципін, неден жасалғанын қолмен ұстап көреді. Оған барлығы қызық. Ендеше, зерттеушілік, ізденушілік бал табиғатына тән құбылыс. Бұл белсенділік оның жеке басының дамуына ықпал етеді. Ал есейе келе ол өзінің қызығушылығын бір бағытқа бұрады, яғни өзін қызықтыратын бір нәрсені зерттейді.

«Зерттеу дегеніміз – жаңа білімді өңдеу процесі және таным қызметінің бір түрі болып есептеледі» -деп түсіндіріледі Үлкен энциклопедияда.

Зерттеу - әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдна отырып, белгілі бір объект жөнінде жаңа білім қалыптастырумен аяқталатын жүйелі және арнайы мақсатқа көзделген объектілермен танысу. Танымдық әрекет оқушы үшін еске түсіру мен өзгерту бағытында болуы мүмкін. Оқушының өзгертушілік танымдық әрекеті зерттеу деп аталатын тәсіл арқылы асырылады. Интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті жоғары балалардың өз бетімен білім алу мүмкіндігі болуы тиіс. Яғни, мұнда оқытуды бала өзі анықтайды, өзі басқарады, өзі жүзеге асырады. Балаларды оқытуда зерттеу әдісін қолдану қажеттілігі олардың табиғи қызығушылығының жоғарлылығымен, қоршаған ортасына деген құштарлығының басымдылығымен түсіндіріледі. Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талбын қанағаттандыруға ықпал етеді. Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып, өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі ашады.

Бұл пікірді Абайдың жетінші қара сөзіндегі: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біріншісі – «ішсем, жесем, ұйықтасам». Екіншісі: «көрсем, білсем» деп», ер жетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, «ол неге үйтеді», «бұл неге бүйтеді» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді» - деген ой тұжырымы растайды.

Жеке тұлғаны дамытып қалыптастыру үшін олардың өзгермелі әрекеттерін айналадағы нақты құбылыстар мен таныс объектілерді зерттеумен бйланыстырудың маңызы зор.

Педагогтар зерттеу іс-әрекетін тұлғаның дамуы мен өзін-өзі амытуында маңызды зор деп көрсетеді. Шынында да ізденушілік белсенділігі төмендеген сайын адам қолынан келмейтін сияқты үрей тудыратын жағдайға тап болуы мүмкін. Сонымен қатар ізденушілік талабы басылып қалған баланың мінез-құлқы өзгеріп, айналасындағы жағымсыз қылықтарға бой алдыруы мүмкін. Сөйьіп, білімге деген ынтасы басылып, нәтижесіне өзінің қабілетін, мүмкіндігін әлдеқайда төмендетіп алуы ғажап емес.

Адамдық қасиет күндегі көріп жүрген нәрсеге таңданудан басталады.



Зерттеуді бастамас бұрын, бір проблеманы тауып, оны шешу жолдарын іздестіру керек. Осыдн зерттеу тақырыбы шығады.

Проблеманы іздеу деген не?

«Проблема» - деген грек сөзі, аудармасы «қиындық», «кедергі». Ғалымдардың айтуынша проблеманы шешуден, оны табу қиын. Зерттеудің ең басты қабылеті – белгілі нәрсенің белгісіз жағын табу. Басқаларға жеңіл және түсінікті сияқты нәрсенің қиындығын және қарама-қайшылығын көре білу. Проблеманы көре білудің ең жеңіл тәсілі – бір затқа жан-жақты көзқараспен қарау.

Томас Эдисонның айтуы бойынша: адамның миы көзбен көрген нәрсенің мыңнан бірін ғана есте сақтап қалады екен. Мұндай қорытындыны ол өз тәжірибесінен алған.

Оның 27 лаборанты 6 ай бойы күнде бір жолмен лампы цехы арқылы заводқа келіп жүрген. Ал осы жолда шие ағашы өсіп тұрған. 6 айдан кейін Эдисон лаборанттарынан жолда қандай ағаш өсіп тұр деп сұраса, олардың бірде біреуі қандай ағаш өсіп тұрғанын айта алмаған.

Сондықтан да тақырыпты таңдағанда «мені не қызықтырады?» деген сұраққа жауап беру керек.

Зерттеу – жаңа білім жинақтау, бір нәрсені жан-жақты танып білу, ол адамның танымдық іс-әрекетінің бір түрі.

Жобалау – латын сөзі, «алға жылжу» - деген мағынаны білдіреді:


  • ол бір ғимаратты салудың сызбасы, құжаты болуы мүмкін;

  • бір құжаттың алдын-ала дайындалған мәтіні болуы мүмкін.

Екеуінің айырмашылығына тоқталатын болсақ:

Зерттеу – ол белгісізді іздеу, жаңа білім ашу.

Жобалау – ол бір практикалық міндеттің шешімі. Зерттеуші көбіне өз зерттегенінің нәтижесі не үшін керек және практика жүзінде не үшін қолданылатынын біле бермейді. Мысалы, Фарадей элеткромагниттік индукция заңын ашқанда, «оның жаңалығы не үшін пайдалы және қайда қолданылады?»-деген сұраққа жауап бере алмаған. Тек ХХ ғасырдың ортасында оның жаңалығы радиоэлектроника және электротехникада пайдаланылған.

Ал, жобалауда адам тек қана жаңалық іздейді, ол бір проблеманы қалпын көрсетеді. Олар күрделі техникалық жүйелерді, қымбат тұратын агрегаттарды сынақтан өткізгенде қолданылады. Модельмен эксперимент жасау арзанға түседі әрі ыңғайлы.

Логикалық немесе идеалдық модельдер материалдық түзіліммен байланысты емес. Олар зерттеушінің санасында құрылады. Қазір оларды жасауға компьютер қолданылады. Компьютерді пайдаланып ғалымдар күрделі ақпараттың модельдер жасайды.

Модельдеу әдісі – ғылыми танымның зерттеу объектілерін олардың модельдерін жасап, зерделеу арқылы танып-білу әдісі. Модельдеу әдісінің пайда болуы техникалық жүйелердің күрделілігіне, материалдық процестер мен құбылыстарды зерттеу қажеттілігіне орай туындайтын ой-түрткілерге, себептерге, тағы басқа байланысты. Модельдеу кез келген затты мақсатты, жылдам, неғұрлым тиімді тәсілмен зерттеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, модель зерттеліп жатқан объектінің субъект баса көңіл қойып отырған қасиеттерін жоғары дәлдікпен бейнелей алады. Ол объектіні құбылыстарға, заттар мен процестерге тән қосалқы белгілерден айырып, ондағы жалпы, негізгі, елеулі заңды белгілерді табуға мүмкіндік береді. Сондықтан модельдеу танымның формасы, әдісі, ірі категориясы болып саналады.

Модельдеу екі түрге бөлінеді. 1) пәндік модельдеу зерттеу объектісінің белгілі бір физикалық, геометриялық, динамикалық немесе функционалдық сипаттамаларын нақыштайтын модель жасау арқылы іске асады. 2) идеалды модельдеу кезінде модель ретінде сұлбалар, сызбалар, формулалар, табиғи және жасанды тілдердегі сөйлемдер, тағы басқа қолданылады. Мұндай модельдеу түріне математикалық (компьютерлік) модельдеу жатады. Әлдебір құбылысты оның моделі арқылы зерделеу модельдік эксперимент деп аталады. Күрделі жүйелерді зерттеу кезінде көбіне бірін-бірі толықтыратын бірнеше модельдер қолданылуы мүмкін. Кейде бір құбылысты зерттегенде бір-біріне қарама-қайшы келетін модельдер пайдаланып, бұл қайшылық таным дамуының аса жоғары деңгейінде шешімін табуы мүмкін. Модельдеу танымның басқа да формалары мен әдістерімен (эксперимент, абстрактілеу, гипотеза ұсыну, теория құру, түсініктемелеу, тағы басқа) бірлесе отырып, адам білімінің тереңдей түсінуіне зор ықпал етеді.
Бақылау сұрақтары:


  1. Аналогия әдісіне сипаттама беріңіздер.

  2. Модельдеу әдісіне сипаттама беріңіз.

  3. Моделдеу түрлеріне шолу жасаңыз.



Тақырып: Физикалық құбылыстардың теориялық моделдерін құру кезіндегі математикалық әдістердің ролі
Мақсаты: Физикалық құбылыстардың теориялық моделдерін құру кезіндегі математикалық әдістердің ролін көрсету

Негізгі сұрақтар: Физикалық құбылыстардың моделі, математикалық әдістер
Физиканы оқыту барысында оқушылардың таным белсенділігін, шығармашылық ойлау қабілетін, пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін, мұғалім әр сабағын жаңа технологиялық үлгідегі сабақ үлгілерін қолдана отырып, үнемі ізденіспен қызғылықты етіп өткізуі қажет. Біздің басты міндетіміз – оқушыны тұлға етіп шығару. Олай болса, оқушыны өз ойын жинақы, тұжырымды, әрі күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, жүйелі айтуға баулуымыз қажет.

Адамзат ертеден-ақ объектілерді, процестерді, әр түрлі саладағы құбылыстарды зерттеу барысында модельдеу (қасиеттері ұқсас шағын үлгісін, баламасын салу) тәсілін қолданып келеді. Осы зертеулердің нәтижелері, нақты объектілер мсн процестердің қасиеттерін анықтауда, құбылыстардың болу себептерін ашуда, жаңа объектілерді құрастыру мен талдауда маңызды орын алады. Модельдеу адамның өз іс-әрекетін алдын ала  жоспарлап,  дұрыс  шешім   қабылдауына  әсер етеді.

Адам қолымен  жасалған материалды объектілер модель бола алады. Модельді талдау нәтижесінде, нақты күрделі объектіні тереңірек білуге мүмкіндік туады. Мұндағы шын мәніндегі нағыз табиғи объект, яғни нақты объект прототип немесе түпнұсқа деп аталады.

Әрбір адамның күнделікті іс-әрекетінде белгілі бір мәселені шешу немесе кез келген жұмыс орындалмас бұрын, оның санасында алдын ала оның орындалу моделі жасалады.  Мысалы: жолдан өту немесе дүкенге бару, сабақ оқуы, т.б. әрекеттерді орындау алдында өз ойымызша жолдан қалай өту, қандай жолмен бару сияқты іс-әрекеттер тізбегінің моделі жасалады. Моделдің жасалуы зерттеу мақсатына және прототип немесе түпнұсқа жөнінде жинақталған мәліметтердің көлеміне тәуелді болады. Мысалы, жуық арада басқа қалаға қыдырып баратын болдық дейік. Ол қала туралы өзіміз білетін мәліметтерді жинақтап, ойымызды қорытып, қиялымызда сол қаланың моделін жасай бастаймыз. Мұндағы мақсатымыз – басқа қаламен танысу. Қаланы аралап келгеннен соң, толық мәлімет алғандықтан ойымыздағы модель өзгеруі мүмкін. Ал сол қаланың сәулетші жасаған моделі мүлде өзгеше болады. Өйткені, оның мақсаты – үйлер мен ғимараттардың үйлесімді орналасуы, құрылысы және оларды көркейтіп қайта жаңарту болып табылады.



жүктеу 0,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау