Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілген жұмыс есебі
2015-2016 оқу жылы.
Мақсаты: үлгерімі төмен оқушылармен түрлі жұмыстар жүргізу арқылы оқу үлгерімін арттыру. Балалардың артта қалуы мен нашар оқуын болдырмау және алдын алу. Үлгерімі төмен оқушылардың оқуға, формула жазу, формула бойынша орнына қою, көбейту өлшем бірліктерді түрлендіруоны ретімен жазуға қабілеттерін арттыру, оқу сапасын көтеру, пәнге деген қызығушылығын арттыру, зертханалық жұмысты орындау, әріптің дұрыс жазып, оқуын қалыптастыру. Үлгерімі төмен әр сыныпта кездеседі. 5 «А» сынып Маханов Шоң, Тәжібаева Айша. 7 «А» сынып Өтеген Адилхан. 8 «Б» сыныптан Омаров Нұрдәулет, Кутинов Айдар. 9 «Б» сыныптан Кенесалиев Алишер, оқушылардың физика, математика пәні бойынша үлгерімі төмен. Сабақ барысында есептің берілгенін жазу, жауапты қайталау, қосымша жұмыс жоспары құрылып, жұмыс мазмұны күнделікті сабақта оқушыларға жеке тапсырмалар беріліп отырады. Жұмыс басында атап кеткен оқушылар қосымша тапсырмаларға арналған дәптер бастады. Берілген тапсырмаларды оқушылар арнайы бастаған қосымша дәптеріне орындайды. Үлгерімі төмен оқушылармен сабақ үстінде және сабақтан тыс уақыттарында келесі тапсырмалар қолданылады: тест жұмысы, математикадан, физикадан ереже, формулаларды жаттау, стандарттан тыс тапсырма, деңгейлік есептерді шығару және тағыда басқа. Кейбір есептерді шығарғанда қиындық туғызады, соған байланысты атап кеткен оқушылар мен қосымша сабақ өткізілуде.
Өздігінен жұмыс істеу барысында қателерін түзетуге оқушылармен жыл бойы жұмыс жасалды. Өздігінен жұмыс істеуде қателерін түзетуге жеңіл тест, кесте түрінде тапсырмалар беру керек. Күш салып орындаған жұмыстарының дұрыс жерін айтып, мақтау сөздер айтылып отырады.
Пән бойынша үлгерімі төмен оқушылардың білімін дамыту сабақ үлгерімін жақсартуда өз бетінше жұмыс істеуге әдеттендірем. Үлгерімі төмен оқушыларда дұрыс көзқарас қалыптастыру үшін ең алдымен ең оңай қызықты материал дайындаймын уақыт өткен сайын қызықты материал дайындаймын. Мысалы Маханов Шоң психологиялы реттілігі төмен, өз әлемі бар және басқа дүниені оңайлықпен үйрене қоймайды, тұйық, баланың ашылуына тек ауызша сұрақ-жауап, мазмұндау, қайталау жұмысын беремін. Тәжібаева Айша өте тұйық ата-анасымен байланыса отырып, ауызша сұрақтар беріп, жауаптар бере отырып, ереже айтқызып, түсінігін қалыптастырамын. Пәнге қызығушылығы өте төмен сабақ орындамағаны үшін қиналмайды. Таблица түрінде, көп есептер беріп, соны оқыту арқылы түсінік қалыптастырып, жеңіл есептер беріп, шығартып, дауыстап оқытамын. 7 «А» сыныбындағы Өтеген Адилхан физика пәнінен үнемі қадағалауды қажет етеді. Өте тұйық, тұйықтығы сабақ сұрауға үлкен кедергі болып отыр. Бақылауды керек етеді. График салу және сол бойынша түсіндіру. Физикалық шамалардың белгіленуі өлшем бірліктері, жазу үлгілері туралы карточка беремін, сол бойынша бағалап отырамын. 7 «А» сынып оқушысы Абдрахманов Ерасыл сауаттылығы өте төмен. Ойын жеткізуіне сенімсіздік, кемшілік ерекше байқалады. Жеке жұмыс түрінде өзін-өзі тексеру сұрағына жауап теріп жазу, физикалық шамаларды табу, формуланы оқу туралы карточка беремін соның нәтижесінде формуланы физикалық тілде оқу шамаларды не үшін қолданатынын игерді. 8 «Б» сыныпта Омаров Нұрдәулет өте тұйық, ашушаң, өзінің білмейтініне намыстанады сондықтан өзін-өзі тексеру сұрақтары, кесте бойынша жұмыс, формула құру, ауызша тест сұрақтары беріліп, тексеріліп отырды. 9 «Б» сынып оқушылары Кенесалиев Алишер тест сұрақтары мен формула құру үшін, кесте құру, формуланы түрлендіру, өлшем бірліктерді түрлендіру және карточка беріліп, білімін нығайтады. Нютон заңдары, формулалары тағы сол сияқты нақты заңдылыққа берілген анықтама айтып қалыптастырамын соның. нәтижесінде жұмыс қорытындысын жыл аяғында оқушылардың ілгерушілігін байқадым.
Мұғалім үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс істеуде өзінің табандылығын көрсете білу көп нәтиже береді.
Достарыңызбен бөлісу: |