224
– ғылым ретінде –
басқарудың тұжырымдамалары, теорияла-
ры, қағидаттары, тəсілдері мен түрлері ретіндегі реттелген білімдер
жүйесі.
– өнер ретінде – нақты жағдайда басқару ғылымының деректерін
тиімді қолдану қабілеті;
– функция ретінде – адамдар мен экономикалық объектілерге
олардың əрекеттерін бағыттау жəне күтілетін нəтижелерді алу
мақсатымен жүргізілетін мақсатты ақпараттық əсер ету;
– үдеріс ретінде – «кіреберістегі» ресурстарды «шығудағы» өнімге
түрлендіру жолымен алға қойған мақсаттарға жетуін қамтамасыз ететін
басқарушы əрекеттердің жиынтығы;
– аппарат ретінде – əлеуметтік жүйелердің
барлық ресурстарының
мақсаттарына жету үшін пайдалануын жəне үйлестіруін қамтамасыз
ететін адамдар мен құрылымдардың жиынтығы.
Басқару, мектепішілік – тұтас педагогикалық үдеріске
қатысушылардың оның объективтік заңдылықтарын тану негізінде,
оңтайлы нəтижеге жетуге бағытталған мақсатты, саналы өзара əрекет
етуі.
Басқарушы қызмет – басқару объектісінің берілген бағытта
өзгеруіне бағытталған басқару субъектісі (жетекшінің, басқару
аппаратының) əрекеттерінің жиынтығы;
– бұл оның өзгешелігі, негізгі жəне ерекше жалпы міндетімен
–жалпы мақсаттарға жету бағытында
басқа адамдардың қызметін
қоса ұйымдастыру қажеттілігімен, сондай-ақ, сол кезде иерархия
ұстанымына сүйенумен анықталатын кəсіби қызметтің типі;
– тарихи тəжірибемен, ғылыми таныммен жəне адамдар дарынымен
өңделген басқару аясындағы адамның дағдыларының, ептіліктерінің,
пайдалы амалдары мен əрекеттер құралдарының жиынтығы.
Білім берумен басқару, мемлекеттік-қоғамдық –
білім беру про-
блемаларын шешуде мемлекет пен қоғамның күштерін біріктіру,
мұғалімдерге, оқушыларға, ата-аналарға білім беру мекемелерінің
əртүрлі үлгілерінің таңдауында оқу үдерісінің мазмұнын, түрлері мен
əдістерін таңдауда көп құқықтар мен еркіндікті ұсыну.
Жоғары оқу орнының қоғамдық аккредиттеуі – тиісті қоғамдық
білім беру, кəсіби, ғылыми жəне өнеркəсіптік ұйымдардың белгілері
мен талаптарына жауап беретін жоғары оқу орнының қызмет деңгейін
мойындау. Қоғамдық аккредиттеу мемлекет тарапынан қаржы немесе
басқа міндеттемелерді қажет етпейді.
Жоспарлау – экономикалық жəне əлеуметтік даму жоспарларын,
сондай-ақ оларды орындау бойынша тəжірибелік
шаралар кешенін
əзірлеу.
225
Лицензиялау – лицензияларды берумен, лицензиялардың бо-
луын дəлелдейтін құжаттарды қайта рəсімдеуімен, лицензиялар-
ды тоқтатумен жəне жоюмен, лицензиаттармен тиісінше талаптар
мен шарттарды сақтауына қадағалау жүргізумен байланысты іс-
шаралар.
Мамандандырылған аккредиттеу – бұл кəсіби бағдарламалардың
сапасын бағалау.
Мемлекеттік аккредиттеу – бұл жоғары оқу орнының мемлекеттік
аккредиттеу мəртебесін (типін, түрін) бекіту (растау).
Менеджмент
– бұл ұйымдастырушы ресурстарын жоспарлау, ұйымдастыру,
басшылық ету жəне бақылау арқылы ұйымдастыру мақсаттарына
тиімді жəне ұтымды жету;
– кəсіпкерлік қызметінің тиімділігін арттыру жəне
пайдасын ұлғайту
мақсатымен басқару қағидаттарының, əдістері мен құралдарының
жиынтығы;
– шаруашылық қызметтің тиімділігін арттыру мақсатымен
жоспарлаудың, реттеудің жəне бақылаудың арнайы əдістері арқылы
өндіріспен басқару;
– қызмет ететін кəсіпорынның басшылығын көрсететін өзіндік ор-
ганы;
– менеджерлердің формалды немесе формалды емес сипаттағы
бірлестігі.
Педагогикалық менеджмент.
– білім беру үдерісінің тиімділігін арттыруға бағытталған
басқарудың қағидаттары, əдістері, ұйымдастырушылық нормалары
жəне технологиялық əдістерінің кешені;
– жаңа əлеуметтік-педагогикалық
жағдайлардағы өмірге дайын
бала тұлғасының даму мақсаттарына жетуге бағытталған сыныпта
жүргізілетін мұғалімнің басқарушы қызметі.
Мониторинг – əлеуметтік ақпаратты кезеңдік жинау, жалпылау
жəне талдау, стратегиялық жəне тактикалық шешімдерді қабылдау
үшін алынған деректерді ұсынудың ғылыми негізделген жүйесі.
Педагогикалық маркетинг – білім беру қызметтеріне сұраныс
нарығын зерделеу жəне өсіруге, сұранысқа сəйкес білім беру ортасын
құруға жəне құрылған білім беру ортасына сұранысты ынталандыруға
бағытталған қызмет.
Рəсім – қызметті немесе үдерісті жүргізудің бекітілген тəсілі.
Сапа – жиынтықтың талаптарға тəн сипаттамаларына сəйкес келу
дəрежесі.
Ұйымдастыру
15–7420
226
– ішкі реттілік, жалпының құрылымымен негізделген қандай да
бір сараланған жəне автономдық бөлшектерінің өзара əрекеттесуінің
келісімділігі;
– жалпының бөлшектері арасында өзара
байланыстардың пайда бо-
луына жəне жетілдірілуіне əкелетін үдерістердің немесе əрекеттердің
жиынтығы;
– қандай да бір бағдарламаны немесе мақсатты бірігіп жүзеге
асыратын жəне белгілі рəсімдер мен ережелердің, яғни қызмет ету
механизмдерінің негізінде əрекет ететін адамдардың бірігуі.
Матрицалық ұйымдастыру – жоба менеджері басымдылықтардың
тапсырмасы жəне жобаны атқаруға тағайындалған тұлғалардың
жұмысымен басқару жөнінде функционалды жауапкершілікті бөлетін
кез келген ұйымдастырушы құрылым.
Функционалдық ұйымдастыру – қызметкерлері мамандықтар бо-
йынша (мысалы, өндіріс, маркетинг,
инжиниринг, қаржы; əрі қарай ин-
жиниринг механикалық, электр жəне т.б. болып бөлінеді) иерархиялық
топтастырылатын ұйымдастарушы құрылым.
Уəждеу - əрекетке ниеттену; адам мінез-құлығымен басқаратын,
оның бағыттылығын, ұйымдастырушылығын, белсенділігі мен
тұрақтылығын анықтайтын физиологиялық жəне психологиялық
тұрғыдағы динамикалық үдеріс; адамның еңбек арқылы өз
қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілеті.
Үдеріс – кірулер мен шығуларды түрлендіретін
қызметтің өзара
байланысты немесе өзара əрекет етуші түрлерінің жиынтығы;
Ынталандыру – қызметкердің еңбек тəртібіне оны уəждеу арқылы
ықпал етуі. Ынталандыру кезінде еңбекке деген ниеттену тұлғаның
əртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы болады, бұл еңбек
күші үшін үстемақы ретінде көрінеді.