Оқулық Алматы, 012 ббк 74. 04 П 15



жүктеу 0,78 Mb.
Pdf просмотр
бет41/78
Дата01.01.2020
өлшемі0,78 Mb.
#25655
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   78

125
əдеттен тыс көрінгенмен, тек қана білім экономикасындағы өзгерістер, 
тек қана технологиялық өзгерістер жектіліксіз болады, тіпті белгілі 
бір шамада қауіпті де. Себебі қатып қалған жəне өзін баяғыда 
жойған білім мазмұны кезінде қандай да болсын технологиялық, 
ұйымдастырушылық, экономикалық жəне басқа да жетілдірулер зиян-
ды болмаса да көп жағдайда пайдасыз болады. 
Заманауи əлемдегі білім стандарттары
Мемлекеттік білім стандарттары 1992 жылы РФ-ның «Білім тура-
лы» Заңына енгізілген кезден бастап педагогикалық ортада шиеленіскен 
дау туғызатын мəселелердің бірі болып қалады. Даулар стандарттардың 
педагогикалық құралы ретінде идеясы мен қажеттілігінен бастап, оның 
теориялық-тұжырымдамалық жəне əдістемелік негіздеріне, құқықтық 
мəртебесіне жəне тағы басқаларына дейінгі əртүрлі аспектілерін 
қамтиды. Стандарттар аясындағы пікірталас, тек Ресейде ғана емес, 
сонымен бірге шетелдерде де жүріп жатыр. 
Ол білім беру стандартының мыналарға қатысты əртүрлі түсінік-
терін айқындайды:
– білім саясатында оның қандай да болсын жақтарының басымды 
болуы («үйлестіру», «норма» немесе «таңдау еркіндігі»);
– стандарттың өзінің түрі – оқытылатын материалдарды 
кіреберістегі» стандарттар), білім үдерісін («процессуалды» стан-
дарттар) немесе оқыту нəтижелерінің сапасын («шығаберістегі» стан-
дарттар) регламенттеу;
– стандарттың «мемлекеттік» немесе «жалпыұлттық» сипаты-
на ерекше назар аудару (өзінің президенттігінің кезеңінде Б. Клинтон 
АҚШ халқын «білім саласындағы жаңа стандарттарға – федералды 
үкіметтің емес, ал жалпыұлттық стандарттар үшін жалпыұлттық 
крест жорығына шығу» қажет деп шақырған еді);
– қоғамның оларды жəне т.б. қабылдауға деген дайындығы.
Дегенмен қазіргі таңда білім стандартын кез келген тұрғыдан 
талқылау кезінде келесі түбегейлі сəттерді есепке алмауға болмайды.
Бірінші. Стандарттарды құрудың тарихи бастамасы мұғалімдерден 
басталған... 
Екінші. Соңғы жылдары, осы мəселеге деген жалпы ерекше на-
зар аударылғандай, білім мазмұнын стандарттау үдерісі де қарқынды 
түрде ұлғаюда...
Үшінші. Əртүрлі мектеп дəстүрлерімен елдерде білім стан-
дарттарына  «қарсы жүру қозғалысы» белгіленген. Стандарттар 
«орталықтандыру» (Нидерланды, Франция) сияқты шектен шығудан 
«орталықсыздандыру» (АҚШ, Ұлыбритания) тəрізді шектен шығуға 
дейін жақындасу полюсі болды.


126
Төртінші. Білім стандартына деген əртүрлі көзқарастар, олардың 
құрылымы мен мазмұнында маңызды айырмашылықтар бар. Мыса-
лы, Ресейлік білім академиясы он жыл бойы – бұл стандарт ретінде 
оқыту мазмұнының минимумын, яғни пəндік тақырыптардың толық 
тізілімін (пəндік бағдарламалардың өзіндік жиынтығын) бекіту, ол 
өз тарапынан мектеп білімі мазмұнының қатаң шектелуіне апа-
рып соғады. Көптеген елдердің білім беру стандарттарында (АҚШ, 
Ұлыбритания, Канада, Австралия жəне т.б.) пəндік тақырыптар 
мүлдем ескерілмейді. Оларда тек білім берудің жалпы мақсаттарына, 
оқу пəндерінің бөлімдеріне, оқыту нəтижелерінің талаптарына ғана 
аса назар аударылады. Мұндайда балалардың «шығаберістегі» қажетті 
біліктілігін қамтамасыз ететін оқу үдерісінің сипаттамасы айқын 
көрінеді. 
<...> Стандартты қолдану мысалдары қатарында Франция-
ны көрсеткен жөн. Онда «стандарт» термині қолданылмайды (айта 
кету керек, термин дəл айтылмаған). Сонымен қатар, барлық негізгі 
қасиеттер бойынша француздық оқыту мазмұнына бірыңғай талап-
тар, өлшеуіштердің жетілдірілген жинағы мен тəуелсіз емтихандық 
рəсімдердің жиынтығы, айтарлықтай қатаң жəне тиімді білім стандар-
ты ретінде толық белгілену мүмкін.
80-жылдардың ортасында американдық «NCTM» Математи-
ка мұғалімдерінің ұлттық кеңесі бастамашы ретінде мектептік 
математикалық білім беру стандартын құрастыруға кірісті (сол кезде 
осы термин алғашқы рет пайда болды). Жұмыстың басты мақсаттары 
– оқыту сапасын арттыру, мұғалімдерді қорғау, біліксіз əкімшілік 
əсерлерге қарсы тұру. Кейіннен бұл жұмыс еленіп, үкіметтік деңгейде 
қолдауға ие болды – Кеңес «Америка ХХІ ғасыр жолында» атты 
ұлттық білім бағдарламасы аясында маңызды федералды грант-
тар алды. АҚШ-та математика бойынша алғашқы стандарттар 80-
жылдардың соңында пайда болды, ал 90-жылдары табиғи (science 
study) білім стандартының əзірленуі басталды (АҚШ-та ол дəстүр 
бойынша физиканы, химияны жəне жартылай биология мен гео-
графияны қамтиды). Сонымен бірге, бірқатар штаттар, графтықтар 
(оларда аудандар солай аталады) мен қалаларда жергілікті, аймақтық 
білім стандарттарын құра бастады...
Американдық тəжірибені жалпылай келе, жаңа білім стандартта-
рын енгізу міндетті түрде мемлекет құқығы ғана болмауы керек екенін 
атап өткен жөн. Көбінесе оларды жалпымен мойындалған ретінде 
кəсіби педагогикалық қауымдастықтар əзірлеп қабылдай алады.
Днепров Э. Д. Образовательный стандарт инструмент обновления 
/ ВНК «Образовательный стандарт» МО РФ. М., 2004. – 104 б.


127
СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
1. Өз мамандығыңыз бойынша МемСТБ-мен танысыңыз, өз 
дайындығыңыз деңгейіне сай талаптарды анықтап жəне талдаңыз. 
2. Жоғары кəсіби жəне жалпы орта білім МемСТБ құрылымы мен 
мазмұнын салыстырыңыз. 
3. Педагогикалық менеджменттің қалай жəне қандай қызметтері 
осы құжат негізінде жүзеге асырылатынын көрсетіңіз.
4. Сіздің білім беру қызметін тұтынушысы ретінде қандай 
сұраныстарыңыз МемСТБ көмегімен шешілетінін анықтаңыз.
5. Өз мамандығыңыз бойынша МемСТБ білім сапасының 
критерийлері мен индикаторларын анықтаңыз.
6. Өзара типтік жəне жұмыс оқу бағдарламасын салыстырыңыз. 
Олардың мазмұндары мен құрылымдарының ерекшеліктерін 
айқындаңыз. Жалпы жəне жеке, инвариантты жəне өзгермелі 
құраушыларын анықтаңыз. 
7. Б. И. Иманбекова жəне Б. С.Құдайбергеневаның мақаласын оқы-
ңыз (Иманбекова Б.И. Бiлiм мазмұнын модернизациялаудағы кұзыр-
лылык амалының ұстанымдары мен əдiс-мəсiлдерi / Б. И. Иманбекова, 
Б. С. Құдайбергенева // Бiлiм берудегi менеджмент. – 2010. – № 3. – Б. 
210-219). МемСТБ жəне мектепте сіз оқытатын оқулық пəні бойынша 
үлгілік оқу бағдарламасында білім мазмұнын жаңғырту мақсаттары 
жəне міндеттері қалай жүзеге асырылғанын көрсетіңіз.
1.7. Педагогикалық менеджментте білім сапасының 
мониторингісі
Бақылау функция ретінде өзара байланысты, бірақ білім беру 
мекемесімен басқарудың бөлек, жергілікті кезеңі болуда. Білім берудің 
заманауи жүйесінің алдында тұрған міндеттердің күрделілігі, онда 
заманауи менеджменттің идеяларын іске асыруын, сондай-ақ білім 
сапасының мониторинг жүйесін құруда жүзеге асырылатын білім са-
пасын қадағалауға деген инновациялық көзқарастар талап етеді.
ҚР-ның «Білім туралы» (2007 ж.) заңындағы 
«Білім беру са-
пасын басқару» 55-бабында «1. Білім беру сапасын басқару 
білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске 
асыруға бағытталған жəне білім сапасын бағалаудың бірыңғай 
ұлттық жүйесін құрайтын мемлекеттік жəне институционалдық 
құрылымдарын, білім беруді қаржыландыруға бөлінетін қаражатты 
пайдалану ұтымдылығын жəне білім беру жүйесі жұмыс істеуінің 
тұтастай тиімділігін қамтиды.


жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   78




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау