Оқулық Алматы, 012 ббк 74. 04 П 15



жүктеу 0,78 Mb.
Pdf просмотр
бет37/78
Дата01.01.2020
өлшемі0,78 Mb.
#25655
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   78

113
(Г. З. Байжасарова, В. К. Бішімбаев, Ш. М. Каланова, А. Н. Майо-
ров, Т. В. Паньшина, Ш. Таубаева).
Заманауи педагогикалық əдебиетте «білім сапасы» термині əртүрлі 
түсіндіріледі. Оның келесі дефинициялары беріледі:
1. Түлектер білімінің сапасы – білім беру мекемесінің түлектері 
оқу мен тəрбиенің жоспарланған мақсаттарына сəйкес қол жеткізген 
білімдер мен ептіліктердің, ақыл-ой, дене жəне адамгершілік дамуы-
ның белгілі деңгейі [77].
2. Білім сапасы – заманауи кезеңде экономика талаптарына сəйкес 
маманның кəсіби қызметін үздік жүргізу қажеттілігін анықтайтын 
кəсіби сана сипаттамаларының кешені [87].
3. Білім сапасы – мақсат пен нəтиженің арақатынасы, мақсаттар 
(нəтижелер) тек операциялық түрде берілгеніне жəне оқушының 
əлеуетті даму аймағында болжанғанына қарай мақсаттарға жету ша-
расы [105].
4. Білім сапасы – қоғамда білім үдерісінің жағдайын жəне 
нəтижелілігін, оның қоғам қажеттіліктері мен үміттеріне (тұлғаның 
азаматтық, тұрмыстық жəне кəсіби сапаларын) сəйкес келуін 
анықтайтын əлеуметтік санат [117].
П. И. Третьяков жəне Т. И. Шамова, білім сапасының бар 
анықтамаларына талдау жүргізіп, зерттеушілер білім сапасының 
түсінігін баян етуде келесі бағдарлаумен байланысты əртүрлі уəждеу 
бағыттарын ұстанған деген қорытындыға келді:
– тұлға мен қоғамның қажеттіліктеріне;
– БЕД-дың қалыптасқан деңгейіне жəне басқа əлеуметтік маңызды 
қасиеттерге;
– қасиеттер мен нəтижелердің жиынтығына;
– мақсаттар мен қорытындыларға;
– білім беру мекемесінің бекітілген жəне болжанатын қажеттілік-
терді қанағаттандыру қабілетіне.
Сапаның қоғамдағы рөлін, сапаны басқару мен бағалауға деген за-
манауи көзқарастарды зерттеу осы түсініктің мазмұны мен құрылымын 
толық елестетуге мүмкіндік береді (9-сурет қараңыз). Осы ұғым білім 
сапасы жəне білімдер (немесе жоғары мектепке қатысты - маманды 
дайындау сапасы) сапасы түсініктері мүлдем ұқсас еместігін көрсетеді. 
Білім сапасы – білім беру қызметтерін ұсыну мен тұтынудың бүкіл 
үдерісін қамтитын көпаспектлі термин, ал білім сапасы/маманды да-
йындау сапасы осы үдерістің соңғы, қорытынды құрауышына қатысты 
болады (6-кестені қараңыз).
8–7420


114
9-сурет. Білім сапасы жəне білім беру қажеттіліктері
Қазіргі таңда білімнің жоғары сапасы сапаның жаңа философиясы-
на сəйкес мынаны көздейді: 
– білім беру бағдарламалардың мазмұны тапсырыс берушілердің 
талаптарына жəне білім беру стандарттарына сəйкес келуі (мемлекет, 
бизнес, тұлға);
– мүдделі жақтардың (білім алушылардың, жұмыс берушілердің 
жəне басқалардың) білім беру қызметтерінің сапасымен жоғары 
қанағаттануы; 
– білім беру мекемесінің оқытушылары мен қызметкерлерінің өз 
жұмысымен қанағаттануы; 
– қоғамға оң ықпал ету, жалпы мəдениетін жəне оның мүшелерінің 
біліктілігін арттыруы [97].
6-кесте. Білім беру сапасының құрылымы
1
2
3
4
Мақсаттар мен 
нормаларының сапа-
сы, қоғам жəне білім 
беру қызметтері 
тұтынушыларының 
(білім алушылар-
дың, олардың 
ата-аналарының 
жəне басқалардың) 
сұраныстарына 
сəйкес келу
Жағдайлардың, 
материалдық-
техникалық 
базаның, білім беру 
бағдарламаларының, 
əдістемелік 
жəне ақпараттық 
қамтамасыз етудің 
жəне басқалардың 
сапасы
Оқу-тəрбие 
үдерісінің 
сапасы
Педагог 
тің кəсіби 
жетілу 
үдерісінің 
сапасы
Соңғы нəтиженің 
сапасы (білім беру 
үдерісінің барлық 
субъектілерінің: 
оқушылардың да, 
педагогтардың да)
БІЛІМ САПАСЫ
оқыту мен ағартушылық сала-
сында бекітілген жəне көзделген 
қажеттіліктерді қанағаттандыру 
қабілетін беретін қасиеттер мен 
сипаттамалардың жиынтығы
бекітілген қажеттіліктер –
нормативтік құжаттарда көрсетілген
көзделген қажеттіліктер –
білім беру мекемесімен 
тұтынушының мүдделерін
диагностикалау негізінде 
анықталады


115
4.1.
– Дене, 
психикалық 
жəне құ-
лықтылық 
саулығы;
– Тəрбие-
лілігі
– Өзінің 
Мен дегенін 
дамытуы
– Басқалары
4.2.
– БЕД 
сапасы;
– Кəсіп-
тілік дең-
гейі;
– Қыз-
меттің 
əртүрлі 
өнімдері;
Қазақстан Республикасының 12 жылдық орта білім беру 
тұжырымдамасында [3] білім сапасы білім берудің тұлға жəне қоғам-
ның қажеттіліктеріне барабар болу көрсеткішімен сипаталады 
делінген.
Мектеп білімінің сапасын арттыру, оның тиімділігі бірқатар 
проблемалардың шешілуіне байланысты екендігі анықталған. 
Тұжырымдама əзірлеушілері ең маңызды проблемалар қатарына 
келесілерді қосқан:
– басшылық, басқару, есептемелік жəне нəтижелер, жұмсалған 
ресурстар, үлгерушілік, дағдылар, проблемаларды шешу, командада 
жұмыс істеу, өзін-өзі оқыту жəне т.б. бойынша нақты ақпарат ұсынуға 
мүмкіндік беретін тиісті құралдарды əзірлеу жүйесін жетілдіру;
– əкімшілік жүргізудің, мектептерді басқарудың саналы 
орталықсыздандыруын, білім сапасының сараптамасы жəне мектеп-
терге мақсаттарға жетуіне көмек көрсету үшін əріптестерді мүдделі 
тараптарды жəне жергілікті қоғамдастықтың жұмылдыруын жүргізу;
– білім беру, мектеп қызметінің сапасының мониторинг жүйесін 
құру;
– мектеппен демократиялық басқару қағидаттарын енгізу бойынша 
білім беру мекемелерінің қызметін белсендіру механизмін құру;
– педагогикалық үдеріске тиісті өзгерістерді кіргізіп отыру үшін, 
белгілі сыныптардың (4, 6, 10, 12) соңында білім сапасын тəуелсіз диа-
гностикалау қызметін құру;
– педагогикалық кадрларды дайындау бағдарламаларын аккредит-
теу, мұғалімдердің біліктілігін арттыруын ұйымдастырудың сертифи-
каттау жүйесін жəне т.с.с. жетілдіру.
Байқағанымыздай, сапаның жаңа философиясы сапаны белсенді 
басқарумен, ұйымдарда заманауи менеджментті, оның ішінде сапа 
менеджменті қағидаларын енгізумен тығыз байланысты.
Педагогикалық менеджмент аясындағы білім сапасын басқару 
– бұл кез келген жəне кездейсоқ емес, жай ғана жақсылары емес, өз 


жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   78




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау