Оқулық Алматы, 012 ббк 74. 04 П 15



жүктеу 0,78 Mb.
Pdf просмотр
бет42/78
Дата01.01.2020
өлшемі0,78 Mb.
#25655
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   78

128
2. Білім беру сапасын басқару білім беру мониторингінің нəтижелері 
негізінде барлық деңгейлерде басқарушылық шешімдерді қабылдау 
арқылы жүзеге асырылады.
3. Білім беру мониторингі білім сапасын сырттай жəне ішкі бағалау 
əдістері арқылы өткізіледі.
Білім беру сапасын сырттай бағалау білім беру ұйымдарын 
лицензиялаудың, мемлекеттік аттестаттаудың, білім беру ұйымдарын 
аккредиттеудің рəсімдерін, ұлттық бірыңғай тестілеудің, мемлекеттік 
аралық бақылаудың, сондай-ақ барлық үлгідегі жəне түрдегі білім 
беру ұйымдарын саралау мен техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен 
кейінгі ұйымдарда білім алушыларға біліктілік берудің рəсімдерін 
қамтиды.
Білім беру сапасын ішкі бағалау сапа менеджменті жүйесін, білім 
беру; ұйымдары қызметінің барлық түрлерінің өзін-өзі бағалауының 
əртүрлі рəсімдерін, үлгерімді ағымдағы бақылауды, білім алушылардың 
білім алу-жетістіктерін бағалауды қамтиды.
Жоғары оқу орындарының қызметін бағалау осы оқу орнындағы 
оқыту сапасы туралы студенттердің пікірін қамтиды» деп көрсетілген 
[1].
Сонымен, білім сапасының мониторингісі маңызды шарт жəне 
сол уақытта білім беру аясындағы менеджменттің құрауышы болады. 
Мониторингті өзінің мəні бойынша логикалық даму жəне осы оқулық 
басылымында жоғарыда айтылғандай, бақылау функциясын жетілдіру 
ретінде ғана емес, бірақ белгілі дəрежеде басқарудың сапалы басқа 
функциясы деп қарауға болады.
ΧΧΙ ғасыр үшін жоғары білім туралы Дүниежүзілік декларация-
да (Париж, 1998 жылғы 9 қазан) «жоғары білім аясындағы сапа оның 
барлық функцияларын жəне оқу мен академиялық бағдарламалары, 
ғылыми-зерттеулер мен шəкіртақылар, кадрлармен, оқушылармен 
жинақтау, ғимарат, материалдық-техникалық база, жабдық, қоғам 
игілігіне жұмыс, академиялық орта сияқты қызмет түрлерін қамтуға 
тиіс көп өлшемді тұжырымдама болуда» делінген [59, 93 б.]. Осының 
салдарынан, білім беру жүйесіне сапа мониторинг ұғымы енуде жəне 
тек жоғары мектепке ғана емес, білім берудің басқа да деңгейлеріне 
өтуде (мектепке дейінгі, жалпы орта, орта кəсіптілік жəне т.б.). 
Мониторинг ұғымы педагогика теориясы мен тəжірибесіне табиғи 
ғылымдардан келген, онда ол бақылау, болжау, қорғау мақсатымен 
қоршаған орта жағдайына (атмосфера, гидросфера, топырақты-
өсімдік жамылғысы, сондай-ақ техногендік жүйелер) деген бақылауды 
белгілеген. Қызметтің осы саласында мониторингтің келесі түрлерін 
айырады [17, 732 б.]:


129
– жаһандық (биосфера мониторингісі);
– өңірлік (геожүйелік мониторингісі);
– жергілікті (қоршаған орта кейбір құрауыштарының санитарлық-
гигиеналық мониторингісі).
Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға арналған 
білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында, жоғарыда 
айтылғандай, бағдарламалық мақсаттардың бірі ретінде білім бе-
румен басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесін қалыптастыру 
анықталған. Осы бағдарламалық мақсат сондай-ақ білім беруді да-
мыту мониторинг жүйесін жетілдіру, оның ішінде халықаралық та-
лаптарды есепке алумен ұлттық білім статистикасын құру арқылы 
іске асырылатын болады деп күтілуде [2, 3 б.]. Көп деңгейлі білімнің 
ұлттық жүйесін жаңғыртудың күтілетін нəтижелерінің арасын-
да сонымен қатар, халықаралық статистикалық стандарттарға сай 
білімнің статистикалық көрсеткіштерінің жүйесін, мониторинг 
жүйесін жəне білім беру жүйесінің дамуын болжау жүйесін құру 
аталған.
ISO 9001:2008 «Сапа менеджмент жүйелері – Талаптар» стандар-
тында «ұйым мониторингтің тиісінше əдістерін қолдануға тиіс. Осы 
əдістер үдерістердің жоспарланған нəтижелеріне жетуін көрсетуге 
тиіс. Жоспарланған нəтижелерге қол жеткізілмегенде, өнім бекітілген 
талаптарға сəйкес келеді деген сенімділікті қамтамасыз ету үшін тиісті 
түзетулерді жəне түзету əрекеттерін жасауға тиіс» делінген [92, 21 б.]. 
Танысу үшін педагогикалық əдебиетте келтірілген мониторинг 
мəнінің кейбір анықтауларын келтіреміз. 
Мониторинг  — білім беру мақсаттарының, міндеттерінің 
жəне оларды шешудің құралдарын оңтайлы таңдау мақсаттарында 
педагогикалық үдерістердің жағдайына, дамуына үздіксіз ғылыми-
негізделген, диагностикалық-болжанған қадағалау үдерісі [18].
Мониторинг — оқу мен тəрбие жағдайына үздіксіз, ұзақ бақылау 
жəне осы үдеріспен қатысушыларды қолайсыз сыни немесе жол 
берілмейтін жағдайлардың мүмкін болуы жөнінде уақытында хабар-
дар ету жолымен басқару [77]. 
Мониторинг  — басқарудың дербес функциясы. Мониторинг 
аясында тексерілген педагогикалық əрекеттерді анықтау жəне 
бағалау жүргізіледі, сонда педагогикалық жүйе қызметінің нақты 
қорытындыларының оның соңғы мақсаттарына сəйкес келуін хабардар 
ететін кері байланыспен қамтамасыз етіледі [117].
Мониторинг анықтамаларының əрқайсысы автор үшін қандай да 
болсын маңыздыларды, қойылған міндеттер үшін мəнділерді, бірақ 
оның бөлек тараптарын анықтайды
9–7420


130
Көптеген авторлар мониторинг сөзі тар мағынасында басқарудағы 
үш маңызды құрауыштарды біріктіреді деп санайды:
– білім беру мекемесі қызметінің əртүрлі тараптарын бақылау; 
– олармен басқарудың ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі;
– ЖОО, мектеп қызметінің əртүрлі тараптарының сараптамасы.
Мониторинг осы құрауыштарда негізделеді, бірақ оның ешқайсы-
сын алмастырмайды, ол өз бетінше не бақылау жүйесі, не сараптама, 
не басқарудың ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі бола алмайды.
Əртүрлі дефинициялардың талдауы оның құрауыштарымен, оған 
деген талаптармен байланысты мониторингтің негізгі сипаттамаларын 
орнатуға мүмкіндік береді:
– сапаның жаңа түсінігіне, оны құрылымдық элементтердің 
жиынтығы ретінде ұсынуына сəйкес мақсаттар мен нормаларды 
анықтау;
– қойылған мақсаттар мен нормаларға қол жеткізу туралы айтуға 
мүмкін болатын межелердің орнатуын жəне межелердің əрқайсысы 
бойынша индикаторларды (өлшенетін өлшемдерді) көздейтін 
операциялылық;
– жүйелілік/реттілік, оған сəйкес мониторинг эпизодтық түрде 
емес, үдерістерге үнемі бақылауды көздейтіндей жүзеге асырылады;
– жинақталған ақпараттың логикалық салдары ретінде қызметтің, 
білім беру мекемесінің дамуын болжау.
Білім беру сапасының мониторингісінде осы жүйенің жай-
күйі туралы, мекеме басшыларының негізгі қызметіне жататын, 
саланы басқару тетігін жетілдіруге жағдай жасайтын, білім беру 
жүйесінің қызметінде кең таралған бағалауы мен бақылауынан қандай 
айырмашылығы бар?
Мониторингті енгізу, əсіресе, ол білім беру ұйымында сапа ме-
неджмент жүйесінің (СМЖ) қосалқы жүйесі ретінде қарастырылса, 
қандай жаңалықты көздейді? Білім берудегі мониторинг – бұл, сондай-
ақ, уақыттың кез келген мезетінде объектінің жағдайы жөнінде 
айтуға мүмкіндік беретін басқарудың ақпараттық қамтамасыз етуіне 
бағдарланған білім беру немесе оның кейбір элементтері жөніндегі 
ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау жəне тарату жүйесі.
Білім беру мониторингісінде келесі түрлері анықталады:
– білім беру мақсаттарының ауқымы бойынша – стратегиялық, 
тактикалық, жедел;
– оқыту кезеңдері бойынша – кіріс (іріктеу), оқу (аралық), шығу 
(қорытынды);
– уақыттылық тəуелділігі бойынша – ретроспективтік, ескерту 
(озушы), жүйелі;
– бақылау объектілерін қамту бойынша – жергілікті, таңдаулы, тұтас;


жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   78




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау