- МАҚЫЖАНОВА АСЫЛ ТЕМІРТАЙҚЫЗЫ
- Барлығы 3 кредит
- Курс 2
- Дәріс 30 сағат
- Лабораториялық сабақтар 15 сағат
- Емтихан Т
аға оқытушы - аға оқытушы
- жалпы еңбек ету жылы 14 жыл
- пәнді жүргізгеніне 8 жыл
- «Жерасты суларын іздеу және барлау» пәні бойынша
- мемлекеттік тілде оқу құралын, әдістемелік нұсқаулар
- құрастырған.
Жерасты суларын іздеу және барлау әртүрлі халық шаруашылығының мәселелерін шешу мақсатында гидрогеологиялық жағдайларды зерттеудің, жерасты суларының кенорындарын анықтаудың және олардың ресурстарын, қорларын, режимін, сапасын, жерасты суларының қозғалыс бағытын бағалаудың әдістері мен тәсілдері туралы ілім. Бұл гидрогеологияның суды Жердің өзіндік табиғи заты ретінде және бағалы табиғи қазындылардың бір ретінде зетттейтін негізгі бөлімдерінің бірі. - Жерасты суларын іздеу және барлау әртүрлі халық шаруашылығының мәселелерін шешу мақсатында гидрогеологиялық жағдайларды зерттеудің, жерасты суларының кенорындарын анықтаудың және олардың ресурстарын, қорларын, режимін, сапасын, жерасты суларының қозғалыс бағытын бағалаудың әдістері мен тәсілдері туралы ілім. Бұл гидрогеологияның суды Жердің өзіндік табиғи заты ретінде және бағалы табиғи қазындылардың бір ретінде зетттейтін негізгі бөлімдерінің бірі.
- „Жерасты суларын іздеу және барлау” пәнін оқытудың мақсаты – студенттерге жерасты суларының барлаудың, олардың қорларын анықтаудың, сонымен қатар кез-келген халықшаруашылықтық мәселелерді (сумен қамтамасыз ету, суару және құрғату, гидротехникалық, азаматтық, өнеркәсіптік және басқа құрылыстар және т.б. ) шешу үшін жерасты суларын сандық және сапалық бағалаудың тәсілдері мен әдістерін таныстыру.
- Берілген курстың пәні жерасты суларының кенорындарының ерекшеліктерін, оларды пайдаланулық қорларын іздеу, барлау және бағалау әдістемесін зерттеу болып табылады. Ғылыми пән ретінде курс әртүрлі мақсаттағы сулармен халықшаруашылығының талаптарын қанағаттандыру үшін, әртүрлі гидрогеологиялық жағдайдағы жерасты суларының кенорындарын іздеу мен барлаудың қазіргі тәсілдерін жасауды өзінің алдына міндет етіп қояды.
- Тақырыптар аттары және дәріс материалдарының мазмұны
- 1. Кіріспе. «Жерасты суларын іздеу және барлау» курсы, оның даму тарихы.
- 2. Гидрогеологиялық зерттеулердің негізгі түрлері, олардың сипаттамалары.
- 3. Тәжірибелік-сүзілулік жұмыстары, анықталатын параметрлер
- 4. Жерасты суларының қорлары және оларды анықтау тәсілдері. Жерасты суларының табиғи қорлары
- 5. Жерасты суларының серпімділік қорлары, сипаттамасы, анықтау тәсілдері. Жерасты суларының табиғи ресурстары және оларды анықтау тәсілдері.
- 6. Жерасты суларының табиғи ресурстарын режимдік бақылаулар нәтижелері және гидрометриялық тәсілдер бойынша анықтау.
- 7. Жерасты суларының қосымша қорларының қалыптасу жағдайлары. Жерасты суларының қосымша қорларының қалыптасуы.
- 8. Жерасты суларының пайдаланулық қорлары және оларды бағалау тәсілдері. Жерасты суларының пайдаланулық қорларын бағалаудың гидродинамикалық тәсілі, есептеу әдістемесі
- 9. Қабаттың шекаралық жағдайлары және есептік гидродинамикалық схемалары
- 10. Жерасты суларының пайдаланулық қорларын бағалаудың гидравликалық тәсілі
- 11. Жерасты суларының пайдаланулық қорларын бағалаудың баланстық тәсілі
- 12. Жерасты суларының пайдаланулық қорларының категориясы. Қатты пайдалы қазындылар қорлары бойынша мемлекеттік комиссия, оның функциясы.
- 13. Жерасты сулары кенорындарын іздеу-барлау жұмыстарының әдістемесі. Өзен аңғарларының, ысырынды конустардың жерасты суларының кенорындары.
- 14. Артезиан алаптары шектеріндегі кенорындарындағы іздеу-барлау жұмыстарының әдістемесі.
- 15. Жерасты суларының пайдаланулық қорларын қайтадан бағалау. Қорытынды
- Лабораториялық жұмыстардың мазмұны
- Лабораториялық жұмыс 1. Режимдік бақылаулар нәтижелері бойынша грунтты сулы горизонттың (табиғи ресурстардың) қоректенуін есептеу.
- Лабораториялық жұмыс 2. Арынды сулы горизонттың серпімділік қорларын есептеу.
- Лабораториялық жұмыс 3. Грунтты жерасты сулары кенорындарының пайдаланулық қорларын баланстық тәсілмен анықтау.
- Лабораториялық жұмыс 4. Жерасты суларының пайдаланулық қорларын гидравликалық тәсілмен анықтау
- Лабораториялық жұмыс 5. Жерасты суларының пайдаланулық қорларын гидродинамикалық тәсілмен анықтау
- Лабораториялық жұмыс 6. Жерасты суларының кенорындарын іздеу-барлау жұмыстарын жобалау
Достарыңызбен бөлісу: |