Оқулық Алматы, 012 ббк 74. 04 П 15



жүктеу 0,78 Mb.
Pdf просмотр
бет55/78
Дата01.01.2020
өлшемі0,78 Mb.
#25655
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   78

167
болады. Басқару байланыстарының қарқындылық дəрежесі сонымен 
қатар оқушылардың дайындалғандық деңгейіне байланысты, үлгерімі 
төмен оқушылармен жұмыс істеу кезінде, үлгерімі жақсы оқушыларға 
деген көзқараспен салыстырғанда, олар тым мықты, қарқынды бола-
тыны орынды.
Педагогтің педагогикалық үдерісті басқару бойынша қызметін 
жүргізуге дайындығы [15] тек білімнің болуында жəне ұсынылған 
ептіліктердің қалыптасуында ғана емес, сонымен қатар, педагогтің 
осы қызметі оқушыны педагогтың əсер ету объектісінің ұстанымынан 
өзінің оқыту субъектісінің ұстанымына ауыстыруына бағыттауына 
болатыны көрсетілген. В. П. Панасюк [70], білім беру қызметтері 
тұтынушыларының əртүрлі топтарын қарастыра отырып, оқушылар – 
білім беру қызметінің белсенді қатысушылары (мұғалімдермен қатар) 
екенін көрсетуде. Сондықтан, көбінесе, олардың белсенділігінен, 
ұстанымынан, уəждеуінен жəне жұмсайтын күштеріне соңғы 
нəтижелердің сапасы байланысты болады.
Білім алушының белсенділігі тəжірибеден тəуелсіз оқу-тəрбие 
үдерісінде жүргізілетін басқарудың маңызды құрауышы екені оқу 
қызметін жəне оны құрайтын оқу əрекеттерін талдау арқылы ашы-
лады. Белгілі кеңес психологы П. Я. Гальперин əрекет құрылымын 
аша отырып, оны атқаратын функциялары бойынша шамалы, 
атқарушы жəне бақылау деген үш бөлікке бөледі [110 бойынша 
дəйексөз]. Шамалы бөлік алдыңғы əрекеттің мəнін анықтаумен, 
осы əрекеттерді орындау үшін көмек ретінде қолданылатын опе-
рацияларды, оларды пайдалану ерекшеліктерін айқындаумен 
байланысты. Өз кезегінде, атқарушы бөлек əрекет жоспарының 
шамалы бөлігіндегі көзделген барлық операциялардың орында-
луын жорамалдайды. Бақылау бөлігі əрекетті орындау, кейбір 
операцияларының барысына бақылауды, олардың алға қойған 
міндеттерге сəйкес келуін жəне қажет болған жағдайда - əрекеттер 
мен операциялардың түзетуін енгізеді.
Осы жіктеуге сəйкес Л. М. Фридман [110] қандай да болсын бір 
тақырыптың зерделенуіне қатысты оқу қызметінің құрылымында үш 
негізгі кезеңді бөледі:
1. Кіріспе-уəждеу кезеңі. Осы кезеңде білім алушылар оларға 
осы тақырыпты не үшін зерделеу қажет екендігін, нақты нені түсіну 
керектігін, алда тұрған жұмыстың негізгі оқу міндеті қандай екендігін 
сезіну керек. Осының арқасында оларда танымдық уəждермен қатар, 
əртүрлі əлеуметтік жəне оқу қызығушылықтарын енгізетін алда тұрған 
оқу қызметінің уəждер жүйесі қалыптасады. Сондай-ақ, оқушылар 
қандай бұрында игерілген білімдер мен ептіліктер қажет екендігін


168
оларда білімдерде, ептіліктер мен дағдылардағы қандай олқылықтар 
бар екендігін реттеуге тиіс.
Осы кезең келесі оқу əрекеттерінің көмегімен жүргізіледі: оқу-
проблемалық жағдайды талдау; оқу міндетін қою (немесе міндеттер 
жүйесін); өзінің мүмкіндіктері, ептіліктері мен дағдыларының, бар 
білімдерінің рефлексиялау, алға қойылған міндетті шешу үшін олардың 
жеткіліктігін бағалау.
Осы кезеңде уəждеу аяқталмайтынын ескерткен жөн, өйткені білім 
алушылармен дұрыс ұйымдастырылған өз қызметін ынталандыру 
барлық үш кезеңнен өтуге тиіс.
2. Операциялық-танымдық кезең. Осы кезеңде оқушылар оқу 
тақырыбының мазмұнын зерделеп ұғынады, қарастырылған білімді, 
ептілік пен дағдыларды игереді. Мұндағы негізгі оқу міндеті - жеке 
оқу міндеттерінің реттілігіне бөлінеді, бұл кезеңдегі оқытудың бүкіл 
үдерісі қабылданған оқу-танымдық міндетті шешуден жəне жеке оқу 
міндеттерінің жүйесінен тұрады. Білім алушылар біраз уақыт бойы өз 
күштерін немесе (топтық жұмыс жағдайында) топ мүшелерінің əрекетін 
бөле отырып, өз қызметін осы міндеттерге сəйкес ұйымдастырады.
3. Бақылау-бағалау кезеңі. Осы кезеңде оқушылар зерделенген оқу 
материалын қорытындылайды, оны өзінің білімдері мен ептіліктерінің 
жалпы жүйесіне жинақтайды; атқарған оқу жұмысын талдайды; бірінші 
кезеңде қойылған мақсаттарды жəне қол жеткізілген қорытындыларды 
салыстырады. Білім алушылардың рефлексиясы қызмет кемшіліктерін 
жəне олардың себептерін анықтаумен байланысты. Осы талдаудың 
негізінде олар атқарылған жұмыстың қажетті түзетуін жүргізеді, 
анықталған олқылықтардың орнын толықтырады.
Автор оқушылардың дұрыс ұйымдастырылған оқу қызметінде 
аталған барлық үш кезеңнің болуын ескертеді. «Оқушылардың оқу 
қызметі кіріспе-уəждеу кезеңіңсіз тылсым, санаға өтпеген болады, ол 
олардың өз əрекеті емес, сондықтан да, ең бастысы, сыртқы уəждермен 
түрткі болады жəне бағытталады, ең маңызды қажеттіліктері мен 
қызығушылықтарына жауап бермейді. 
Сонымен, олардың балалар үшін дамыту əсері болмайды. Бақылау-
бағалау кезеңсіз, игерілген білімдерді қажетті қорытындылаусыз, 
атқарған жұмысты талдаусыз, пайдаланылған əдістер мен тəсілдерді 
бөлусіз, оқу материалын мазмұнынан ажыратусыз, оқу қызметінің 
қорытындыларын алға қойған оқу-проблемалық міндеттерді шешу 
ретінде де, тұлғалық даму жəне мінсіздікке жету жолындағы 
жетістіктерін лайықты бағалаусыз, анықталған... олқылықтар мен 
жетіспеушіліктердің қажетті түзетілуінсіз – бұның барлығынсыз əр 
оқушымен оқу қызметі мазмұнының, əрекеттің жалпы тəсілдерінің 


169
шынайы иемденуі болмайды... Операциялық-танымдық кезеңге 
қатысты айтар болсақ, оқушының оқу қызметі осы кезеңсіз болмайты-
ны анық»[110, 183-184 б.].
Осы барлық кезеңдерде білім алушы толыққанды ұйымдастырушы, 
өзінің танымдық үдерісінің жетекшісі ретінде бола алатынына тағы 
да назар аударамыз. Осы функциялардың жүзеге асуы оқушыларда 
белгілі ептіліктер мен дағдылардың қалыптасуын талап ететіні даусыз. 
Педагогиканың теориясы мен тəжірибесінде оқу қызметін жүзеге асы-
румен байланысты ептіліктер мен дағдылар жалпы оқу дағдылары деп 
аталған. Жалпы оқу ептіліктері мен дағдылардың жіктелулері, негізгі 
түрлерінің саны жəне құрамымен, олардың түрлері мен топтарға 
бөлінуі жүргізілетін негіздемелерімен өзгешеленсе де олардың ұқсас 
жақтары көп. Авторлар көбіне оқумен, өз сөзімімен айтумен, оқу ма-
териалын жүйелеумен байланысты ептіліктер мен дағдыларды бөледі; 
кітапханалық-библиографиялық ептіліктерді жəне каталогтармен, 
анықтамалық əдебиетпен жəне т.б. жұмыс істеу дағдыларын; зияткерлік 
ептіліктері мен дағдыларын (салыстыру, талдау, жинақтау жəне 
т.б.); ұйымдастырушылық-танымдық, яғни оқушының өз танымдық 
қызметін ұйымдастыра алу ептіліктері мен дағдыларын бөлген. 
Г. С. Селевко [88], оқу жұмысының тəсілдерін (ОЖТ) қарастырып, олар-
ды келесі ептіліктер мен дағдыларға бөлген: оқу қызметін жоспарлау; 
өз оқу қызметін ұйымдастыру; ақпаратты, ойлау қызметін қабылдау; 
өз əрекеттерінің нəтижелерін бағалау жəне ұғыну. Біз көргеніміздей, 
осы жіктелуде, кем дегенде, ОЖТ-нің 3 тобы оқушылармен дəл өз 
қызметімен басқарумен байланысты.
Өскемен қаласының көптеген мектептерінде оқушыларда жалпы 
оқу ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру бойынша мақсатты 
жұмыс жүргізілді. Сонымен, мысалы №23 орта мектебі мемлекеттік 
мекемесінде директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Л.Н. Ки-
ричкованың жетекшілігімен мектептің педагогикалық ұжымының 
бағытындағы жүйелі жұмысты көрсететін бағдарлама əзірленген бо-
латын. Осы бағдарлама осы ептіліктер мен дағдылардың дамуындағы 
жалғастырушылығын жəне жүйелігін тік (оқушылардың сыныптан 
сыныпқа ауысу кезеңділігінде) жəне көлденең (бір параллельдегі 
оқушыларды əртүрлі оқу пəндерінде оқыту барысында) бойын-
ша қамтамасыз етті. Педагогтармен білім берудің қажетті мазмұны, 
пəндер бойынша əртүрлі тапсырмалар, оқытудың тиімді əдістері мен 
тəсілдері ғана іріктелмей, сонымен қатар, жалпы оқу ептіліктері мен 
дағдылары олардың генезисінде оқушылардың жасына жəне оқу пəні-
нің ерекшелігіне байланысты жазылған болатын. Осының арқасында 
оқушылардың тікелей оқу үдерісіндегі дербестігімен қатар, олардың 


жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   78




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау