131
– ұйымдастырушы түрлері бойынша – жеке, топты, жаппай;
– объект-субъектік қатынастар нысандары бойынша – сыртқы
(əлеуметтік), өзара бақылау, өзін-өзі талдау;
– қолданылатын құралдар бойынша – стандартталған, стандарт-
талмаған, матрицалық жəне басқалары [87, 36 б.].
Мониторинг құрамына ақпараттық-сараптау, операциялық-
əрекеттік, бағалау-межелік, уақытша сияқты өзара байланысты жəне
өзара негізделген құрауыштар енеді.
Педагогикалық мониторингісін білім беру ортасының жағдайы
туралы деректерді дəлелдендіру үдерісі ретінде қарастыра отырып,
А. С. Белкин [18] мониторингтік зерттеулер барысында жүзеге асыры-
латын негізгі функцияларды анықтады:
1) тұспалдаушы;
2) конструктивтік;
3) ұйымдастырушы-əрекеттік;
4) түзету;
5) бағалау-болжамдық.
Мониторинг білім беру мекемелер жүйесінде, бірінші кезек-
те, ақпаратты жинақтау, өңдеу, сақтау мен талдауды реттеу жəне
стандарттау арқылы ақпараттық ағыстарды ұйымдастыруға ерекше
көзқарастарды көздейді. Осының салдарынан мониторинг межелерінің/
индикаторларының тізімі білім берудің қадағаланатын сапасына
қатысты валидтік талаптарына жауап беруге тиіс; ақпаратты ұсыну
түрі уақыттың белгілі кезеңі бойында жеткілікте түрде нақты жəне
тұрақты болуға тиіс. Бірақ бұл мониторингтік зерттеулерді өткізуде
қаталдықты, догмалықты білдірмейді, өйткені бірқатар жағдайда
таңдалған межелердің жəне оларға барабар ақпаратты сараптау-
синтетикалық əдістерді түзету қажетті болу мүмкін.
Сонымен, мониторинг барысында алынған ақпарат келесі сапалық
сипаттамаларға ие, тиіс шарттар сақталыну керек [54]:
– шынайлылық – алынған нəтижелер істердің нақты жағдайын
көрсетуге, ал тұлғалық фактор төмендетілуі тиіс;
– дəлдік – өлшемдердің дəлсіздіктері жарамды нақтылықпен дəл
көрсеткіштердің мəндеріне кепілдік беретіндей болуға тиіс;
– толықтығы – ақпарат дереккөздері нəтижелерді алудың ықтимал
өрісін жабуға тиіс немесе түзетіп қайта тұсауын кесу керек;
– жеткіліктілік – ақпарат көлемі басшының қажеттіліктеріне сəйкес
келуге жəне қандай да болсын шешімді қабылдау үшін жеткілікті
болуға тиіс;
– жүйелілік (құрылымдылық) – бір объектіге қатысты əртүрлі
дереккөздерден алынған басқарушы ақпарат көздерінің сапасын жəне
132
басшылардың ақпараттық сұраныстарын есепке алумен құрылымда-
луға жəне жүйеленуге тиіс;
– жалпылау оңтайлығы – ақпарат басқару органы шешетін міндеттер
деңгейіне сəйкес келуге тиіс;
– жеделдік (уақыттылығы) – ақпараттың сапасы ретінде. Ақпарат
көп мөлшерде тарихи құндылық емес, басқарушы құндылыққа ие
болуға тиіс, яғни даму қарқындарына сəйкес келу керек;
– қолжетімділік – осы көрсеткішті екі мағынада түсінуге болады. Бір
жақтан, ақпаратты алу мүмкіндігі жəне нақтылығының мазмұнындағы
қолжетімдік (басшы қандай да болсын бір ақпарат бар екендігін біле
тұра əртүрлі себептердің арқасында оларды ала алмайтын нұсқа болу
мүмкін). Қолжетімділіктің екінші түсінігі басшыға басқару шешімдерін
жылдам жəне тиімді қабылдауға мүмкін болатын ақпарат ұсынудың
осындай түрімен байланысты. Кейде жеткілікті жəне сапалы ақпарат
менеджерге шешім қабылдау үшін жарамсыз түрде келіп түседі (мы-
салы, əлсіз құрылымдалған мазмұны, екінші дəрежелі деректердің көп
болуы, шешімді қажет ететін қорытындылардың жəне/немесе ұйымның
қызметіндегі маңызды проблемаларға сілтемелердің жоқтығы, тым
көлемді, көп бетті есеп беру түрінде, жəне т.с.с).
Көптеген авторлар мониторинг білім беру мекемесінің қызметінде
аясы тар мақсат болуы мүмкін еместігіне сенімді. Оның енгізілуі
«жоғарыдан» да, «төменнен» де басталуы тиіс. Алғашқысы ол басшы-
ның осы мекеменің өзгеруіндегі, өз жетілуінің жолдарын анықтаудағы
қажеттілігін негіздейтін өзгерген білім жағдайына жауабы ретінде
пайда болады. Екіншісі – ең бастысы, осы қажеттіліктер рефлекстел-
ген, тек басшылықпен ғана емес, сондай-ақ қызметкерлер ұжымымен
ұғынған, сонымен бірге, ұжымның кəсіптілік дəрежесі мониторинг
үдерістері мен операцияларын қажетті деңгейде жүргізуге мүмкіндік
береді. Білім беру мекемесінде сапалы жəне сандық ақпаратты жинау
жəне талдау əдістерін игеруінсіз, қажетті ақпараттық-технологиялық
қолдауынсыз мониторингтің жеке алынған қызметін құру - мағынасыз.
Сонымен, сапаны арттыру үшін ішкі өзін-өзі бағалау үлкен мəнге ие
болады, онда мүдделі қызметкерлер осы үдерістің қатысушылары бола
алады жəне міндетті түрде қатысушылары болуға тиіс.
Білім мекемелері қызметінің мақсаттары мен қадағалау мəні туралы
түсінігін өзгерткен білім беру сапасының жаңа түсінігі, бақылау жəне
бағалаудың жеке əдісін ғана емес, сондай-ақ, проблеманы көпаспектілі
өзгеріс түрінде, оның əртүрлі бағыттағы көзқарасын бірлікте
қарастыруға мүмкіндік беретін мекеменің мақсаттарына сəйкес,
таңдалған алуан əдістер мен технологиялар жүйесін пайдалануға себеп
болады. Осының салдарынан мониторинг барысында педагогикалық
133
жəне психологиялық диагностиканың, əлеуметтік мониторингтің əдіс-
тері қолданылады (ең бастысы, əртүрлі сауалнамалық əдістер). Білім
беру мониторингісі пайдалануы ұйымның ішіндегі жəне сыртындағы
үдерістердің өтуіндегі өзгерушілікті анықтауға жəне түсінуге
мүмкіндік беретін математикалық статистика əдістерінің көмегімен
алынған деректерге міндетті түрде негізделеді. «Статистикалық əдістер
деректердің салыстырмалы шектеулі саны болсада, өзгерушілікті
өлшегенде, сипаттағанда, талдағанда, түсіндіргенде жəне үлгілегенде
көмектесу мүмкін» [91, 6 б.]. Соңғы кезде жоғары білім сапасын
бағалауда сапа саласындағы шетел авторларымен ұсынылған сапа ин-
жиниринг əдістері кеңінен таралды (К. Исикавамен, Р. Кэмппен, В. Па-
ретомен, Г. Тагутимен, У. Шухартпен жəне басқалармен).
Білім беру сапасын бағалау жəне оны жетілдіру бойынша шаралар-
ды болжау кезінде пікірлерін ескеру қажет респонденттер аясының ке-
ңеюі мониторингтің ерекшелігі болады. Білім беру мекемесінің қыз-
метіне қызығушылық танытқан тұлғалар аясының кеңеюі, бірінші кезек-
те, қоғамдық, оның ішінде, өндірістік өмірдің барлық аясында ойнайтын
рөлімен, сондай-ақ, сапаның заманауи менеджментінде тұтынушыға
деген бейімделу – негіз болатын ұстанымдардың бірі болуымен байла-
нысты. Сонда тұтынушылар аясына сыртқы тұтынушылармен қатар,
ішкі тұтынушыларда жатады. Сыртқы тұтынушылар қатарына білім
алушылар жəне олардың ата-аналары: қоғам, оның ішінде, жергілікті
қауымдастық, кəсіптілік қауымдастықтары, мемлекет енеді; білім
беру мекемесінің жəне басқалардың қызметкерлері – сапаның ішкі
тұтынушылары.
«Сапа менеджмент жүйелері. Негізгі қағидалар мен сөздік» ИСО
9000:2008 стандартында сапа менеджмент жүйесінің қажеттілігін
негіздеуде «тұтынушыларға олардың қажеттіліктері мен күтулерін
қанағаттандыратын өнім қажет» деп көрсетілген. Осы қажеттіліктері
мен күтулер... өнімге деген техникалық жағдайларда көрсетіледі
жəне əншейінде тұтынушылардың талаптары деп саналады. Талаптар
келісімшартта көрсетілу немесе ұйымның өзімен анықталу мүмкін.
Қайткенде өнімнің тиімділігін, соңында тұтынушы орнатады... Сапа
менеджментіне жүйелі көзқарас ұйымдарды тұтынушылардың талап-
тарын талдауға, тұтынушылар үшін тиімді өнімді алуға ықпал ететін
үдерістерді анықтауға, сондай-ақ осы үдерістерді тиімді қалыпта ұстап
тұруға түрткі болуда. Сапа менеджмент жүйесі тұтынушылармен
қатар, басқа мүдделі тараптардың да қанағаттанарлығын жоғарылату
мүмкіндігін арттыру мақсатымен тұрақты жақсарту негізі болуы
мүмкін [91, 1 б.]. Соңғы кезде көптеген білім беру мекемелері, сапа
менеджмент жүйесін əзірлей отырып, өз құрылымында тікелей білім
Достарыңызбен бөлісу: |