Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев



жүктеу 29,04 Kb.
Дата07.12.2017
өлшемі29,04 Kb.
#3519
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Сегіз аяқ».
Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға Абай өлеңдерін терең меңгерту

  2. Шығармашылық жұмыс жасауға жұмылдыру арқылы таным түсініктерін,сөйлеу мәдениетін дамыту

  3. Ақын өлеңдерін оқи отырып, оқушы дүниетанымын қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерді бойға сіңіру

    Сабақтың барысы:


    І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу,сыныпты түгендеу

Шаттық шеңберін құра отырып,оқушылардың көңіл күйін көтеру


ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген тапсырма: Абайдың өмірі, шығармашылығы, қарасөздері, тақырып бойынша шығармашылық жұмыстары: «Мен таныған Абай» тақырыбында ойтолғау, өлең шығару, жұмыс дәптерінің толтырылуын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ/


Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусының қандырған кім?
Өзіне - өзі орнатып ескерткішті
Мұра қып, кейінгіге қалдырған кім?
Абай қазақ халқының рухани көсемдерінің бірі емес, бірегейі. Баршаның мақтан ететін ойшыл да сыршыл данышпанымыз. Ұлы ақын өзі өмір сүрген қоғам келеңсіздіктерін көріп өскендіктен, солардың бәріне де қарсы болып, ел бірлігін аңсады, мәдениетті елдердің қатарына жетуді, азат ел болуды арман етті.
Бүгінде ақын арманы орындалды. Еліміз
тәуелсіздігімізді алды, биыл біз «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылдығын» тойлап отырмыз, еліміз қабілетті 50 елдің қатарында.
Абай әлемі терең мұхит, сол мұхитты жүзіп өтіп, Абай әлемінен білім алайық.
Бүгін біз ұлы ақынның жазушылық еңбегінің орта тұсында туған үлкен әрі мол, әрі көркемдік жағынан келісті, зор шығармаларының бірі - «Сегіз аяқ» өлеңімен танысамыз. «Сегіз аяқ» Абайдың 1889 жылы жазған өлеңі.
1. Бір оқушы «Сегіз аяқ» өлеңінен үзінді оқып береді.
2. Өлеңді мәнерлеп оқу. /әр топтан 1 оқушыдан/.
3. Өлеңде не жайында айтылған? Не түсіндік?
а/ Ақын бұл өлеңде әлеуметтік мәселелерді сөз қылады. Қазақ өмірімен байланысты мәселелердің әрқайсысына ерекше тоқтап, үлгілі сөздер айтады.
б/ Ақын тек өмірдің шындығын ғана ашып қоймай, алға қойған мақсатты орындау үшін не керек екендігін де ашып көрсетеді.
г/ Ұлы ақын жастардың адам болу үшін ең алдымен еңбек ету керек, білімді болуы керек және халқына пайдалы еңбек ету керек деп қорытынды шығарады.
Дұрыс айтасыздар, «Сегіз аяқ» өлеңінде ақын өз кезіндегі өмір шындығын көрсетуден туған өлеңдерінің бірі, мұнда бір жағы – сын, сықақ болса, екінші жағы - өсиет, ғибрат беру.
Слайдтан «Сегіз аяқ» өлеңі 1 шумақ
«Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған.
Қиуадан шауып,
Қисынын тауып,
Тағына жетіп қайырған -
Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең, өзің біл
4. Балалар, бұл өлең біз бұрын өткен Абай өлеңдерден өзгеше екенін көріп отырсыңдар. Себебі «Сегіз аяқ» өлеңіне Абай тыңнан қосқан шумақ өрнегін көріп отырмыз. Өлеңнің әр шумағы сегіз жолдан тұрады. Өлеңнің ырғақтық құрылысы өзгеше өрнектелген.
Шумақ 5 - 8 буынды, тармақтары жүйелі түрде үйлесіп, араласып түзілген. Алдыңғы 6 тармақ тезис есебінде болса, соңғы 2 тармақ ақындық ой қорытылады. Бұл өлең қазақ поэзиясында жаңа туынды.
«Сегіз аяқ» өлеңінің өлшемін, шумақтың өрнегін Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов т. б. ақындар да қолданған.
«Сегіз аяқ» өлеңі - өз заманындағы өмір шындығы көрсетілген өлеңдерінің бірі.
Абай өзінен бұрын ешкім таппаған қиын ұйқасты шебер түрлендіріп, әдейі арнап ән де шығарған.

7. Ән тыңдау. Мәдениет Дидардың орындауында «Сегіз аяқ».


Бұл әннен өлеңнің мазмұны мен мақсатына ақынның ерекше зер салғанын көреміз.
8. Дәптермен жұмыс.
Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңіндегі қанатты сөздерді теріп жазу.

1. Өткірдің жүзі,


Кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас.
2. Білгенге маржан,
Білмеске арзан,
Надандар баһра ала алмас.
3. Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық,
Аздырар адам баласын.
4. Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
5. Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық
Аздырар адам баласын.

ІV. Сабақты пысықтау


1. “Кім жылдам “ топтық жұмыс/өлең құрылысына талдау/
І топ
Түбінде баянды еңбек - егін салған
Жасынан оқу оқып, білім алған.
Би болған, болыс болған – өнер емес,
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған., қара өлең ұйқасы
ІІ топ
Білімдіден шыққан сөз, а
Талаптыға болсын кез. а
Нұрын, сырын көруге, -
Көкірегінде болсын көз. а
Жүрегі – айна, көңілі ояу, б
Сөз тыңдамас ол баяу, б
Өз өнері тұр таяу, б
Ұқпасынба сөзді тез. А аралас ұйқас
ІІІ топ
11
Әннің де естісі бар, есері бар,
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы күйді,
Тыңдағанда көңілдің әсері бар. Қара өлең
2. Дәптермен жұмыс.
Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңіндегі қанатты сөздерді теріп жазу.
. Тест.шешу
5. Үй тапсырмасы: «Сегіз аяқ» өлеңін нақышына келтіріп орындау
жүктеу 29,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау