1-тармағы: Қылмыстық ахуалы нашар аудандар тізбесін жасау



жүктеу 108 Kb.
Дата13.11.2018
өлшемі108 Kb.
#19100


«Шымкент – қауіпсіз қала» жобасы аясында орындалуын қамтамасыз ету және мүдделі органдардың өзара қарым-қатынасының тиімділігін жетілдіру мақсатында түзілген іс-шаралар жоспары бойынша төмендегідей жұмыстар атқарылды.

1-ші бағыт бойынша
1-тармағы: «Қылмыстық ахуалы нашар аудандар тізбесін жасау»
Шымкент ҚІІБ Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау полиция бөлімдері күнделікті орын алған қылмыстарға сараптама жүргізілуде. Осы сжүргізілген сарптамаға сәйкес ағымдағы жылдың 4 ай көлемінде Шымкент қаласы бойынша 22 криминогендік ахуалы нашар аймақтар анықталды.

Атап айтқанда: Абай ауданында – 8, Әл-Фараби ауданында – 8, Еңбекші ауданында – 4, Қаратау ауданында – 2.



Абай ауданы бойынша.

1) Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-нің № 1 УПП әкімшілік аумағының Шымкент қаласы, Республика даңғылы, Гагарина, Абай даңғылы, Қалдаяқова, Асқаров көшелері.



2) Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-нің № 2 УПП әкімшілік аумағының Шымкент қаласы, Гагарина, Республика даңғылы, Громова, Абай даңғылы, Қалдаяқова көшелері.

3) Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-нің № 13 УПП әкімшілік аумағының Шымкент қаласы, 8 мөлтек ауданы.

4) Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-нің № 4 УПП әкімшілік аумағының Шымкент қаласы, Гагарина, Республика даңғылы, Громова, Абай даңғылы, Қалдаяқова көшелері.

5) Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-нің № 9 УПП әкімшілік аумағының Шымкент қаласы, Тельман бөлімшесі, Алаш базары.

6) Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-нің № 12,16 УПП әкімшілік аумағының Шымкент қаласы, Солтүстік-Батыс, Самал-3 мөлтек ауданы мөлтек ауданы.

7) Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-нің № 5 УПП әкімшілік аумағының Шымкент қаласы, Қазғұрт мөлтек ауданы.

8) Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-нің № 15 УПП әкімшілік аумағының Шымкент қаласы, Құрсай мөлтек ауданы.
Әл-Фараби ауданы бойынша.

  1. Төле би – Ташенов көшелерінің қиылысында орналасқан «Жоғарғы базар» жанындағы аумақ. Онда 9 ұрлық, 1 тонау, 1 бұзақылық және 1 алаяқтық қылмыстары орын алған.

  2. Айбергенов, Джангельдин, Молдағұлова, Республика даңғылы аумағы. Онда 10 ұрлық, 3 алаяқтық, 2 бұзақылық, 2 денсаулыққа қасақана орта дәрежелі зиян келтәру, 2 тонау, 1 зорлау қылмыстары орын алған.

  3. Тәуке хан даңғылымен Байтұрсынов көшелерінің аумағыны. Онда 2 ұрлық, 1 алаяқтық, 1 денсаулыққа қасақана орта дәрежелі зиян келтіру қылмыстары орын алған.

  4. Тауке хан даңғылы Дилати көшелері қиылысы жанындағы аумақ. Онда 5 ұрлық, қылмыстары орын алған.

  5. Түркістан – Қазыбек би көшелері қиылысы жанындағы аумақ. Онда 4 ұрлық, 3 алаяқтық қылмыстары орын алған.

  6. Желтоқсан – Байтұрсынов көшелері қиылысы жанындағы аумақ. Онда 6 ұрлық, 2 алаяқтық, 1 бұзақылық қылмыстары орын алған.

  7. Байтұрсынов көшесі Спорт м.а жанындағы аумақ. Ондла 7 ұрлық, 4 алаяқтық, 1 есірткі затын пайданалу қылмыстары орын алған.

  8. Рысқұлов көшесі – Дулати көше қиылысы жанындағы аумақ. Онда 4 ұрлық, 2 алаяқтық қылмыстары орын алған.


Еңбекші ауданы бойынша.


  1. Тараз м/а, Сайрам м/а, Солтүстік-Шығыс мөлтек аудандары. Онда 101 қылмыс орын алған.

  2. Күншығыс мөлтек ауданы. Онда 110 қылмыс орын алған.

  3. Теріскей мөлтек ауданы. Онда 105 қылмыс орын алған.

  4. 11-ші мөлтек ауданы. Онда 84 қылмыс орын алған.


Қаратау ауданы бойынша.


  1. Шымкент қаласы Қайнар-Бұлақ саяжайы мен елді мекені криминогендік аумаққа жатады. Онда 39 - пәтер ұрлығы, 5 мал ұрлығы, 1-кісі өлімі, 37-денсаулықа қасақана зиян келтіру қылмыстары тіркелген.

  2. Шымкент қаласы Нұртас-3 мөлтек ауданы. Онда 29-пәтер ұрлығы орын алған, 15-ұрлық қылмыстары тіркелген.

2-тармағы: «Қылмыстық ахуалы нашар аудандарға жоба орындаушыларымен жауаптыларды белгілеу»;
Шымкент ҚІІБ қарасты Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау ПБ әкімшілік аумағында белгілінген қылмыстық ахуалы нашар аудандарға полиция бөлімдерінің бастықтарымен жауапты мен орындаушы қызметкерлер бекітілген.

Атап айтқанда,



Абай ауданы бойынша
Шымкент ҚІІБ Абай ПБ бастығымен 17.05.2017 жылы № 91 бұйрығымен төмендегі аумақтарға төмендегі қызметкерлер бекітілген.

1) Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-нің № 1 УПП әкімшілік аумағының Шымкент қаласы, Республика даңғылы, Гагарина, Абай даңғылы, Қалдаяқова, Асқаров көшелері бойынша: Жауапты: Шымкент ҚІІБ Абай ПБ ЖПҚ ЮПТ аға инспекторы полиция майоры О. Султанов. Орындаушы: Шымкент ҚІІБ Абай ПБ ЖПҚ УПИ полиция капитаны Н. Қошанов.



2) Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-нің № 2 УПП әкімшілік аумағының Шымкент қаласы, Гагарина, Республика даңғылы, Громова, Абай даңғылы, Қалдаяқова көшелері бойынша: Жауапты: Шымкент ҚІІБ Абай ПБ ЖПҚ ЮПТ аға инспекторы полиция майоры О. Султанов. Орындаушы: Шымкент ҚІІБ Абай ПБ ЖПҚ аға УПИ полиция майоры С. Сералиев.

3) Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-нің № 13 УПП әкімшілік аумағының Шымкент қаласы, 8 мөлтек ауданы бойынша: Жауапты: Шымкент ҚІІБ Абай ПБ ЖПҚ бастығының орынбасары полиция капитаны Н. Қонысов. Орындаушы: Шымкент ҚІІБ Абай ПБ ЖПҚ аға УПИ полиция майоры А.Меньшиков.

4) Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-нің № 4 УПП әкімшілік аумағының Шымкент қаласы, Гагарина, Республика даңғылы, Громова, Абай даңғылы, Қалдаяқова көшелері бойынша: Жауапты: Шымкент ҚІІБ Абай ПБ ЖПҚ бастығының орынбасары полиция капитаны Н. Қонысов. Орындаушы: Шымкент ҚІІБ Абай ПБ ЖПҚ аға УПИ полиция майоры Қ. Тоқсанбаев.

5) Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-нің № 9 УПП әкімшілік аумағының Шымкент қаласы, Тельман бөлімшесі, Алаш базары бойынша: Жауапты: Шымкент ҚІІБ Абай ПБ КПБ бастығының орынбасары полиция аға лейтенаты М. Утегенов. Орындаушы: Шымкент ҚІІБ Абай ПБ ЖПҚ аға УПИ полиция капитаны Ж. Каналбаев.

6) Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-нің № 12,16 УПП әкімшілік аумағының Шымкент қаласы, Солтүстік-Батыс, Самал-3 мөлтек ауданы мөлтек ауданы бойынша: Жауапты: Шымкент ҚІІБ Абай ПБ КПБ бастығының орынбасары полиция аға лейтенанты М. Утегенов. Орындаушы: Шымкент ҚІІБ Абай ПБ ЖПҚ УПИ полиция капитаны Н. Қалмұратов, полиция капитаны Н. Мырзаев.

7) Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-нің № 5 УПП әкімшілік аумағының Шымкент қаласы, Қазғұрт мөлтек ауданы бойынша: Жауапты: Шымкент ҚІІБ Абай ПБ КПБ бастығының орынбасары полиция майоры Б. Бектаев. Орындаушы: Шымкент ҚІІБ Абай ПБ ЖПҚ аға УПИ полиция майоры М. Алтынбаев

8) Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-нің № 15 УПП әкімшілік аумағының Шымкент қаласы, Құрсай мөлтек ауданы бойынша: Жауапты: Шымкент ҚІІБ Абай ПБ КПБ бастығының орынбасары полиция майоры Б. Бектаев . Орындаушы: Шымкент ҚІІБ Абай ПБ ЖПҚ аға УПИ полиция капитаны Б. Жумашев
Әл-Фараби ауданы бойынша.
Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ бастығымен 25.05.2017 жылы бекітілген №176 бұйрығымен төмендегі аймақтарға төмендегідей қызметкерлер бекітілген.


  1. Төле би – Ташенов көшелерінің қиылысында орналасқан «Жоғарғы базар» жанындағы аумақтарына:

Жауапты: Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Е.Бакировке. Орындаушы: Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ ЖПҚ № 30 УПП учаскелік полиция инспекторларына.
2. Айбергенов, Джангельдин, Молдағұлова, Республика даңғылы аумағы. Жауапты: Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ КҚҚ бастығы полиция майоры А.Ахмедовке. Орындаушы: Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ ЖПҚ № 25 УПП учаскелік полиция инспекторларына.
3. Тәуке хан даңғылымен Байтұрсынов көшелерінің аумағыны. Жауапты: Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ ТБ бастығы полиция подполковнигі Д.Сапарбайға. Орындаушы: Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ ЖПҚ № 17 УПП учаскелік полиция инспекторларына.
4. Тауке хан даңғылы Дилати көшелері қиылысы жанындағы аумақ. Жауапты: Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ КПБ бастығы полиция подполковнигіА.Фомичевке. Орындаушы: Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ ЖПҚ № 28 УПП учаскелік полиция инспекторларына.
5. Түркістан – Қазыбек би көшелері қиылысы жанындағы аумақ. Жауапты: Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ ТБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Е.Нұрмахановқа. Орындаушы: Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ ЖПҚ № 30 УПП учаскелік полиция инспекторларына.
6. Желтоқсан – Байтұрсынов көшелері қиылысы жанындағы аумақ. Жауапты: Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ ЖПҚБ бастығының орынбасары полиция капитаны Қ.Қалымбетовке. Орындаушы: Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ ЖПҚ № 21 УПП учаскелік полиция инспекторларына.
7. Байтұрсынов көшесі Спорт м.а жанындағы аумақ. Жауапты: Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ АБ бастығы полиция майоры С.Арапбаевқа. Орындаушы: Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ ЖПҚ № 23 УПП учаскелік полиция инспекторларына.
8. Рысқұлов көшесі – Дулати көше қиылысы жанындағы аумақ. Жауапты: Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ КПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі А.Бурхановқа. Орындаушы: Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ ЖПҚ № 22 УПП учаскелік полиция инспекторларына.

Еңбекші ауданы бойынша.
Шымкент ҚІІБ Еңбекші ПБ бастығымен 20.05.2017 жылы бекітілген № 204 бұйрығымен төмендегі аумақтарға төмендегі қызметкерлер бекітілген.

1) Тараз м/а, Сайрам м/а, Солтүстік-Шығыс мөлтек аудандарына: Жауапты: Шымкент ҚІІБ Еңбекші ПБ бастығының орынбасары полиция майоры Қ.Исаевқа. Орындаушы: Шымкент ҚІІБ Еңбекші ПБ ЖПҚ № 47 УПП учаскелік полиция инспекторларына.

2) Күншығыс мөлтек ауданында: Жауапты: Шымкент ҚІІБ Еңбекші ПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі А.Ибрайымов. Орындаушы: Шымкент ҚІІБ Еңбекші ПБ ЖПҚ № 42 УПП учаскелік полиция инспекторларына.

3) Теріскей мөлдек ауданына: Жауапты: Шымкент ҚІІБ Еңбекші ПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Б.Адилбеков. Орындаушы: Шымкент ҚІІБ Еңбекші ПБ ЖПҚ № 36 УПП учаскелік полиция инспекторларына.

4) 11 мөлтек ауданына Жауапты: Шымкент ҚІІБ Еңбекші ПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Қ.Жартыбаев. Орындаушы: Шымкент ҚІІБ Еңбекші ПБ ЖПҚ № 48 УПП учаскелік полиция инспекторларына
Қаратау ауданы бойынша.
Шымкент ҚІІБ Қаратау ПБ бастығымен 17.05.2017 жылы бекітілген №119 бұйрығымен төмендегі аумақтарға төмендегі қызметкерлер бекітілген.

1) Шымкент қаласы Қайнар-Бұлақ саяжайы. Жауапты: Шымкент ҚІІБ Қаратау ПБ КПТ аға жедел уәкілі полиция майоры А.Алдияров. Орындаушы № 54, 55 УПП УПИ-ры.

2) Нұрсат мөлтек ауданына Жауапты: Шымкент ҚІІБ Қаратау ПБ бастығының орынбасары полиция майоры А.Рахымбекұлы. Орындаушылар №61 УПП УПИ-ры.
3-тармағы бойынша: «Жергілікті атқарушы орган жергілікті полиция қызметімен бірге қылмыстық ахуалы нашар аудандарды сауықтыру жоспарын әзірлеу, жоспардың қаржыландыруын қарастыру»
Шымкент ҚІІБ Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау ПБ ЖПҚ(б)-нің әкімшілік аумақтарындағы криминогенді ахуалды түзеу, қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын-алу, орын алып жатқан бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарын болдырмау, көңіл көтеру орындарында құқық бұзушылықтың алдын алу мен тұрғындар тыныштығын сақтауда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, есірткіге қарсы күрес жүргізу мақсатында криминогенді ахуалы нашар аудандарды сауықтыру жоспары әзірленген. Сонымен қатар жоспарға полиция бөлімшесінің басшыларымен қадағалауға алынып әр аптаның жұма және сенбі күндері «Бір-нүктелік» іс-шарасы жүргізілуде. Жоспралар мен өкімдері полиция бөлімдерінің бастықтарымен бекітіліп, қадағалауда.
5-тармағы бойынша: «Қалада орналасқан 27 стационарлық бекеттердің жұмысын жандандыру, әр бекетке жақын аймақтағы камераларды қосып, бақылау жұмыстарын бекіту»

Техникалық қызмет басқармасының қызметкерлерімен барлық техникалық құрал жабдықтардың техникалық аухаулары тексеріліп, жұмыстар жүргізілді. Қалада орналасқан 17 стационарлық бекеттің 15-і үздіксіз жұмыс істеуде, «Бадам» стационарлық бекетінде байланыс арналырының модернизация жұмыстарын жүргізілуіне, яғни оптикалық желісіне ауыстыруына байланысты қазіргі таңда толығымен жұмыс істеп тұрған жоқ. Ал «Нұрсәт» стационарлық бекетіне компьютер, техникалық құрал жабдықтар және жұмыс орнымен қамтамассыз ету үшін бюджеттен қаражат бөліну қажет.

Шымкент қаласы бойынша жалпы 479 сыртқы бейнебақылау камералары орнатылған. 2017 жылға сыртқы бейнебақылау камераларының жұмысын қамтамасыз ету мақсатында, облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, «Сателит-А» ЖШС тендерді ұтып, жеңімпаз атанған болатын. Қазіргі таңда «Сателит-А» ЖШС мен ОҚО ІІД арасында келісім-шарт түзілуде, шарт түзілген соң жоғарыда аталған бейнекамераларды жөндеу және т.б. жұмыстар атқарылады.

6-тармағы бойынша: «Нұрсат м.а 63 бейне камераны бақылау жұмыстарын аудандағы полиция бекетін қажетті материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету арқылы, ұйымдастыру бойынша»

Шымкент ҚІІБ Жергілікті полиция қызметімен бірқатар іс-шаралар атқарылды. Қазіргі таңда, Шымкент қаласы аумағында жалпы 479 сыртқы бейнебақылау камералары орнатылып, жұмыс атқаруда және 21 көше қиылыстарында зияткерлік бейнекамералар жұмыс атқаруда. Сонымен қатар, Шымкент қаласы аумағында 17 полиция бекеттері бар. Департамент тарапынан облыс әкімдігіне жасалынған ұсыныстар нәтижесінде, 2017 жылы қала аумағына қосымша 10 полиция бекеті салынып, қазіргі таңда іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоғарыда көрсетілген бекеттер іске қосылған кезде оларға техникалық құрал-жабдықтарын орнату жұмыстары қарастырылатынын хабарлаймыз.


8-тармағы: «Аймақтағы қылмыстық ахуалды күзету шараларын күшейту туралы облыстағы күзет мекемелерімен бірлескен меморандум дайындау».

Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер істер департаментінің күзет қызметін бақылау бөлімімен Жергілікті полиция қызметі «Жеке күзет ұйымдарымен» Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында қылмыстық ахуалды күзету шараларын күшейту мақсатында, күзететін қару, оқ-дәрілер немесе жарылғыш затар сақталатын объектілерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәсклелері бойынша ынтымақтастық жасасуына ниет білдірген. Осы бойынша мемарандум жасалды.


Қазіргі таңда, ОҚО ІІД КҚБ-мен 11 «жеке күзет ұйымдарымен» қол қойылды. Олар:

1. «ОҚО Шымкент қаласы Қасымбек күзет агенттігі ЖШС» басшысы Н.Темірәлі.

2. «ОҚО Шымкент қаласы Бірлік Секурити ЖШС» басшысы А.Батырбеков.

3. «ОҚО Шымкент қаласы Ер-Нур ЖШС» басшысы Е.Абдуллаев.

4. «ОҚО Шымкент қаласы Юг Секурити ЖШС» басшысы А.Аширов.

5. «ОҚО Шымкент қаласы СОБР Юг Секурити ЖШС» басшысы О.Ирсимбетов.

6. «ОҚО Шымкент қаласы Служба ГРУ Секурити ЖШС» басшысы О.Ирсимбетов

7. «ОҚО Шымкент қаласы Ч.О.П. ЖШС» басшысы Н.Сичькарь.

8. «ОҚО Шымкент қаласы Жалын и К ЖШС» басшысы Н.Сичькарь.

9. «ОҚО Шымкент қаласы 7 GROUP ЖШС» басшысы К.Елубаев.

10. «ОҚО Шымкент қаласы Самай Қауіпсіздік қызметі ЖШС» басшысы С.Баймағанбетов.

11. «ОҚО Сайрам ауданы, Нур күзет агенттігі ЖШС» басшысы А.Аймырзаев.


9-тармағы: «Қаланың 4 ауданында жеке жедел басқару орталықтарын құру».
Шымкент қаласы аумағында қылмыстық құқық бұзушылықтарды, оның ішіндегі қоғамдық орындарды, көшелерде жасалған қылмыстарды азайту үшін, сонымен қатар жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 5 жерде кіші жеке жедел орталығын құру үшін керекті қаражатты анықтау үшін Шымкент қаласындағы СМЭУ Астана «Құрылыс Монтаждау пайдалану басқармасына» 06.04.2017 жылғы №30-2-127/3699 шығысымен Шымкент ҚІІБ ЖПҚ тарапынан хат жолданды. Олардың 18.04.2017 жылғы № 168 шығысымен жолданған жауап хатқа сәйкес 5-кіші жедел басқару орталықтарын құру үшін 227 млн. 269 мың 254 теңге қажет етеді. Кіші жедел басқару орталықтарын төмендегідей мекен-жайға орналастыру жоспарланды:

1) Шымкент қаласы, Абай ауданы, Ш.Калдаяков көшесінің бойында орналасқан Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-не.

2) Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Желтоқсан көшесінің бойында орналасқан Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-не.

3) Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Б.Елшебекова көшесінің бойында орналасқан Шымкент ҚІІБ Еңбекші ПБ-не.

4)Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Төлеметова көшесінің бойында орналасқан Шымкент ҚІІБ Қаратау ПБ-не.

5) Шымкент қаласы, Қожанова көшесінің бойында орналасқан Шымкент ҚІІБ Жергілікті полиция қызметінің ғимаратында.

Шымкент қаласында 5 жерде кіші жеке жедел орталығын құру үшін керекті қаражатты жергілікті бюджеттен құру үшін Шымкент қаласының әкімдігіне керекті іс-құжаттар жолданды.

2-ші бағыты бойынша

1-тармағы бойынша: «Жол-патрульдік полиция полкінің бақылау маршруттарының сызбасын қылмыстылық карта мәліметтеріне негіздеу»

28.01.2016 жылғы «ҚР ІІО қызметкерлерінің қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» №10 бұйрығы бойынша, ОҚО ІІД ЖПҚ Жол патрульдік полиция полкінің саптық бөліністерінің жеке құрамы Шымкент қаласында жол қозғалысын реттеуге, жол қозғалысының қауіпсіздігін және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында, бағыттар мен бекеттерге орналастыру дислокациясы бекітілген.

ОҚО ІІД ЖПҚ ЖППП-нің қызметкерлері қазіргі техникалық талапқа сай интернет жүйесіндегі «Қылмыстық құқық бұзушылық картасы» бойынша бақылау жүргізу арқылы, қала жолдарының қал-жағдайын бақылап отырады және қаланың әрбір көшелеріне жол патрульдік полиция тобы автоэкипаждарымен бектіліген. Әрбір аумаққа бір тәулікке екі ауысым топтан құрылып сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін және 20:00-ден таңғы 08:00-ге дейін қызметтерін атқарады.

Сонымен қатар, қылмыстың алдын алу мақсатында, №6506 Ұлттық ұлан гвардиясы бөлімімен бірлес іп кешенді күштерді пайдалану бойынша бірлескен жоспар бекітіліп, Шымкент қаласы бойынша 470 сарбаздар 193 бағыт бойынша сағат 17-00 ден, 23-00 дейін қызмет атқарады, оның ішінде жол-патрульді полкімен бірлескен 22 жаяу бағыт қарастырылған.



«Қылмыстық құқық бұзушылық картасы» арқылы қаланың жалпы криминогендік және жол жағдайларын күнделікті бақылап, сараптама жүргізіліп отырады.

2-тармағы : «Қаладағы ойын-сауық орталықтарында орын алатын құқвқ бұзушылықтардың себептерін саралау, алдын алуға шара көру ».

Абай ауданы бойынша
«Шымкент-қауіпсіз қала» жобасының қаладағы ойын сауық орталықтарында орын алатын құқық бұзушылықтардың себептерін саралау, алдын-алу мақсатында, біздің тарапымыздан саралау жұмыстары жүргізіліп, анықталғаны:

Құқық бұзушылықтардың басымы түнгі уақытта және мас халдегі тұлғалармен жасалуда. Алкоголь өнімдерін пайдалануға мүмкіндігі бар көңіл көтеру обьектілерінде, яғни түнгі клуб, бар, ресторандарда құқық бұзушылық қауіпі жоғары екендігі байқалады. Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторларымен осындай көңіл көтеру обьектілерінің тізімі әзірленіп, онда қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында әр аптаның жұма, сенбі күндері сағат 20-00 ден 02:00 ге дейін Шымкент ҚІІБ ЖПҚ-де өткізілетін «Бір нүктелік» іс-шарасында жеке құрам қызметкерлерін бөліп қоюдамыз.


Барлығы 15 бағыт, жұмылдырылған жеке-құрам саны 67 қызметкер.
1. Республика даңғылы бойында орналасқан «Гамбринус» кафесі

2. Шымкент қаласы Асқаров көшесі «Нулифар» кафесі

3. Шымкент қаласы Асқаров көшесі «Белое солнце пустыни» кафесі

4. Шымкент қаласы Асқаров көшесі «Москва» түнгі клубы

5. Шымкент қаласы Асқаров көшесі «Нью-Тайм» түнгі клубы

6. Шымкент қаласы Асқаров көшесі «Ямайка» кафесі.

7. Шымкент қаласы Гагарина көшесі «Метро» түнгі клубы

8. Шымкент қаласы Асқаров көшесі «Диско 80-90 х» түнгі клубы


ҚР ӘҚБтК-нің 437 бабы бойынша ғана шара көрілген болатын, алайда ҚР ҚПК 200 бабына талаптарына сәйкес және ҚР ӘҚБтК-нің 462 бабы бойынша аталған клубтын түнгі уақытта жұмыс істеуге сағат 23:00 мен таңғы 06:00 ге дейінгі музикалық аспаптар ойнатуға тиым салу туралы ескертпе қағазы таратылуда.

Әл-Фараби ауданы бойынша
«Шымкент-қауіпсіз қала» жобасының қаладағы ойын сауық орталықтарында орын алатын құқық бұзушылықтардың себептерін саралау, алдын-алу мақсатында, біздің тарапымыздан саралау жұмыстары жүргізіліп, анықталғаны:

Құқық бұзушылықтардың басымы түнгі уақытта және мас халдегі тұлғалармен жасалуда. Алкоголь өнімдерін пайдалануға мүмкіндігі бар көңіл көтеру обьектілерінде, яғни түнгі клуб, бар, ресторандарда құқық бұзушылық қауіпі жоғары екендігі байқалады. Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторларымен осындай көңіл көтеру обьектілерінің тізімі әзірленіп, онда қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында әр аптаның жұма, сенбі күндері Шымкент ҚІІБ ЖПҚ-де өткізілетін «Бір нүктелік» іс-шарасында жеке құрам қызметкерлерін бөліп қоюдамыз.

Барлығы 11 бағыт, жұмылдырылған жеке-құрам саны 40-45 қызметкер.

1. Б.Момышұлы көшесіндегі «Тай», «Зеленый рай», «Каллиста», «Нью-Йорк», «Грант ай», Түркістан көшесіндегі «Вацлав», «Джем», «Мерси», «Делайс», Тоқаев көшесіндегі «Нұрлан»

2. Қонаев даңғылындағы «Камшат», «Винегрет», «Торандот», «Мотор», «Махараджа», Иляев көшесіндегі «Луна бар», «Москва», Тыныбаев көшесінде «Мацарелла», «В облаках»

3. Тауке хан даңғылындағы «Энни», «Метелица», «Кентуки», «Камшат», «Сезам», «Караван», «Галианос»

4. Жангелдин көшесіндегі «Береке», «Мади», «Алаша», «Золотые руно», «Айман», «Напалеон», «Каскад», «Каскад», «Ален», «Рахат-ай», Рашидов көшесінде «Спартак».

5. Молдагулова көшесіндегі «Алия», «На седьмом», Республика даңғылындағы «Еламан», «Береке», «Макси бургер», «Сити».

6. Бәйдібек би даңғылындағы «Алты тамыр», «Луза», «Мади», «Береке», Қазиев көшесіндегі «Прага».

7. Дулати көшесіндегі «Войс», «Ықылас», «ВN», «Рахат», Төреқұл көшесіндегі «Атлас», «Френдли», «Тусовка», «Арбуз».

8. Қазыбек би көшесіндегі «Golden Gavali» , «Азия», «Айжарық», «Аморе-Мио», «Афрасиаб».

9. Байтұрсынов көшесіндегі «Спартак», «Жасмин», «Қарлығаш», «Москва», «Зелоп», «Бако».

10. Рысқұлов көшесіндегі «Наурыз», «Алтын қазына», «Американо», «Жұлдыз», «Сака гранд», «Гольфстрим», «Бәйшешек».

11. Қабанбай батыр көшесіндегі «Сказка», «Әль-Арас», «Аида», «Пив-Бар», «Жага», «Навигатор», Төле-би көшесіндегі «Шахризада», «Глобус», «Диско-80», Әйтеке-би көшесіндегі «Бәйтерек».


Еңбекші ауданы бойынша
Аудан аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Еңбекші ауданы Шымкент қаласының шығыс бөлігінде орналасқан . Жалпы аумағы 20660 га. халық саны 254 мың 239. Ауданда жалпы 510-көше, 630 көп қабатты үйлер, жеке үйлер саны 32306 болса, одан бөлек аудан аумағында 181 кәсіпорын мен мекемелер, 35 мектеп, 1 жоғары оқу орны, 6 колледж, 4 мәдениет мекемелері, 106 медициналық мекемелер, 293 қоғамдық тамақтану орындары мен 372 сауда орындары, 16 базар,сауда орталықтары орналасқан.

Аудан аумағында орналасқан 203 ойын-сауық орталықтарына орын алған қылмыстар бойынша сараптама жасалып, алдағы уақытта қылмыстың алдын-алу және болдырмау мақсатында аудан аумағында 2017 жылдың әр сенбі, жексенбі күндері сағат 20:00-ден 02:00-ге дейін «Қауіпсіз қала», «Бір нүкте», «Нөлдік төзімділік» іс-шарасы өткізіліп, аудан аумағындағы ойын-сауық орталықтарына жабылуы туралы түсіндірме жұмыстар жүргізілуде.



Қаратау ауданы бойынша
«Шымкент-қауіпсіз қала» жобасының қаладағы ойын сауық орталықтарында орын алатын құқық бұзушылықтардың себептерін саралау, алдын-алу мақсатында, біздің тарапымыздан саралау жұмыстары жүргізіліп, анықталғаны:

Құқық бұзушылықтардың басымы түнгі уақытта және мас халдегі тұлғалармен жасалуда. Алкоголь өнімдерін пайдалануға мүмкіндігі бар көңіл көтеру обьектілерінде, яғни түнгі клуб, бар, ресторандарда құқық бұзушылық қауіпі жоғары екендігі байқалады. Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторларымен осындай көңіл көтеру обьектілерінің тізімі әзірленіп, онда қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында әр аптаның жұма, сенбі күндері Шымкент ҚІІБ ЖПҚ-де өткізілетін «Бір нүктелік» іс-шарасында жеке құрам қызметкерлерін бөліп қоюдамыз.

Барлығы 8 бағыт, жұмылдырылған жеке құрам саны 25-30 қызметкер.

Шымкент ҚІІБ Қаратау ПБ ЖПҚ(б)-нің учаскелік полиция инспекторларымен Нұрсат, Нұртас, Астана даңғылы, Қайтпас-1, Қайтпас-2, Асар мөлтек аудандарында профилактикалық жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда Қаратау ауданында жоғарыда көрсетілген негіздері бойынша қылмыс орын алған жоқ.



Қоғамдық көмекшілер бойынша
2.1-тармағы бойынша: «Жергілікті полиция қызметіне қоғамдық полиция көмекшісі ретінде қабылдауға»

Жергілікті полиция қызметінің тарапынан интернет жүйесі арқылы қоғамдық полиция көмекшісі ретінде қабылдау жөнінде хабарламалар енгізілді. Олардың жалақысы бойынша Жұмыспен қамту орталығы жүргіледі.

Жұмыспен қамту орталығынан қоғамдық полиция көмекшісі ретінде 200 тұлғалар 6 ай мерзімге бөлінген.

2.2 – тармағы бойынша: «Қоғамдық полиция көмекшісі ретінде бөлінгендер»

2.2.1 – тармағы бойынша: «Азаматарды марапаттау жөнінде комиссия құру»

Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандарында жақсы дәрежеде жұмыстар атқарғандары бойынша марапаттауға азаматтарды марапаттауға комиссия құрылған.



2.2.2 – тармағы бойынша: «Учаскелік полиция пунктеріне азаматтардан группа құру.»

Шымкент ҚІІБ бастығының бұйрығымен қоғамдық полиция көмекшілерін полиция бөлімдеріне бекітіліп, учаскелік полиция инспекторларына бөлініп (тұрғылықты мекен-жайлары бойынша) учаскелік полиция инспекторларымен бірлесе жұмыстар атқаруда.



2.2.3 – тармағы бойынша: «Учаскелік полиция инспекторларының қатысуымен азаматтар қоғамдық қаупсіздікті қамтамасыз ету»

Азаматтар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және же әкімшілік аумақты учаскелік полиция инспекторымен бірге аралауда.

Алайда, кемшіліктер орын алуда. Қоғамдық полиция көмекшілері ретінде 85-ер және 116-әйелдер. Сондықтан кешкі және түнгі рейдтік іс-шараларға қатысуына қуындық туындауда.

201 қоғамдық полиция көмекшілердің 55 жұмыстан шығарылды. Оның ішінде: өз еркімен-16, жұмысқа шықпағаны үшін-37, зейнеткерлікке шыққан-1, соттылығы жойылмағаны үшін-1.

Қазіргі таңда киімдер мен қызметтік куәліктерді алуға қаржы бөліну жөнінде мәселе шешілмеді.

Алайда, 18 азаматтар ІІО-да жұмыс істеуге ниет білдірді.

Ағымдағы жылдың 4 ай көлемінде қоғамдық полиция көмекшілерінің көмегімен 13 қылмыс ашылған. Оның ішінде:



Абай ауданы бойынша 6 қылмыс.

Атай айтқанда: Абай ауданы бойынша азамат А.Даутбековтің мәліметі бойынша 5 қылмыс жайты, яғни (ҚР ҚК 188 бабы) мал ұрлығы ашылған.

Ж.Қалмырзаевтің мәліметі бойынша 1 қылмыс жайты, яғни (ҚР ҚК 188 бабы) ұрлығы боынша іздеуде жүрген азамат.



Еңбекші ауданы бойынша 7 қылмыс.

Атап айтқанда: Еңбекші ауданы бойынша азамат С.Булекбаев-1, М.Аренов-3, Е.Тотан-1, А.Мақұлбеков-1, Г.Нурсейтова-1, яғни барлығы ҚР ҚК 188 бабы бойынша қылмыс ашуға атсалысқан.

Қоғамдық полиция көмекшілерімен барлығы 288 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған. Олар:

ҚР ӘҚБтК-нің 204 бабы «ретсіз сауда» -46;

ҚР ӘҚБтК-нің 440 бабы «алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу» - 39;

ҚР ӘҚБтК-нің 441 бабы «жекелеген қоғамдық орындарда темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салуды бұзу» - 109;

ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабы «Ұсақ бұзақылық» - 16;

ҚР ӘҚБтК-нің 437 бабы «Тыныштықты бұзу» - 15;

ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабы «жасыл екпелерін жою және бүлдіру» - 15;

ҚР ӘҚБтК-нің 449 бабы «Қоғамдық орындарда тиісу» - 11.

ҚР ӘҚБтК-нің 492 бабы «Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру» - 27.



ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабы «Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер» - 4.

Абай ауданы бойынша – 36 қоғамдық полиция көмекшісі бар.

Абай ауданы бойынша - 51 әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтаған.

Әл-Фараби ауданы бойынша – 35 қоғамдық полиция көмекшісі бар.

Әл-Фараби ауданы бойынша-104 әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтаған.

Еңбекші ауданы бойынша – 32 қоғамдық полиция көмекшісі бар.

Еңбекші ауданы бойынша – 90 әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтаған.

Қаратау ауданы бойынша – 43 қоғамдық полиция көмекшісі бар.

Қаратау ауданы бойынша – 39 әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтаған.
Шымкент ҚІІБ ЖПҚ бастығының м.а

полиция подполковнигі Ғ.Жандарбеков
жүктеу 108 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау