Оқулық Алматы, 012 ббк 74. 04 П 15



жүктеу 0,78 Mb.
Pdf просмотр
бет11/78
Дата01.01.2020
өлшемі0,78 Mb.
#25655
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   78

34
3. Сапаға қол жеткізудегі жаппай бақылауға тəуелділікті тоқтатыңыз; 
сапаны өнімнің ажырамас қасиеті етіп, сапаны өнім «ішіне құрып», 
жаппай бақылау жасау қажеттілігінен арылыңыз; 
4. Ең төмен бағамен сатып алу тəжірибесімен қоштасыңыз; оның 
орнына жалпы шығындарды азайтып, өндірісте қажет болатын əр өнім 
үшін белгілі бір жеткізушіні таңдауға ұмтылыңыз; 
5. Сапаны арттыру, өнімділікті арттыру жəне шығындарды азайту 
үшін əр үдерісті жақсартыңыз. 
6. Тəжірибеге кадрларды даярлау жəне қайта даярлауды енгізіңіз; 
7. «Көшбасшылық» жариялаңыз; қызметкерлерді басқару үдерісі 
оларға өз жұмысын жақсы істеуге көмектесуі қажет; қызметкерлерді 
басқару жүйесін мұқият қарастыру қажет;
8. Кəсіпорын үшін барлығы нəтижелі түрде жұмыс істеулері үшін 
қорқыныш, үрейлерді жойыңыз; 
9. Бөлімшелер арасындағы кедергілерді жойыңыз; өндіріс пен пай-
далану мəселелерінің алдын алу үшін зерттеулер, жобалау өндірісі 
жəне сату біріктірілуі қажет; 
10. Өндірістік қызметкерлерге, мысалы, «кемістіктер жоқ» сияқты 
бос ұрандардан немесе өнімділік бойынша жаңа тапсырмалардан бас 
тартыңыз. Бұндай ұрандардың мағынасы жоқ, себебі мəселелердің көбі 
жүйеде жəне жұмысшылардың мүмкіндіктерінен тыс пайда болады; 
11. Еркін белгіленген тапсырмалар мен сандық нормаларды 
жойыңыз; 
12. Жұмысшыларға өз еңбегін мақтан тұту мүмкіндігін беріңіз; 
жұмысшылар мен басшыларды өз еңбегін мақтан тұту мүмкіндігінен 
айыратын тосқауылдардан арылыңыз; 
13. Білім алу мен өзін-өзі жетілдіру деген ынтаны мадақтаңыз; 
14. Сапаны арттыру ісіне берілгендік пен жоғары басшылықтың 
əрекеттілігі қажет [31]. 
А. Файольдың басқарудың негізгі жəне қосымша функцияларын 
нақты анықтауы, басқару тəжірибесіне 
үдерістік көзқарасты енгізуге 
негіз болды. Бірақ оларды жеке-жеке, белгілі бір дəрежеде бір-біріне 
тəуелсіз қарастыру жəне жүзеге асыру тиімді менеджментке себепші 
болмайды. Басқару функцияларына бірыңғай үздіксіз үдерістің өзара 
байланысқан жəне өзара шарттасқан құрамдас бөліктері ретінде қарау 
осы оқшаулауды жеңіп шығып, олардың сапасын арттыруға мүмкіндік 
береді. 
Ұйымдағы кез келген үдеріс нақты құрылымдық бөлімше 
жауапкершілігінің шекарасымен сəйкес келе бермейді. Əдетте, 
оған əртүрлі бөлім қызметкерлері қатысады, одан кейін үдеріс 
функционалдық шекаралардан өтіп қана қоймай, ұйым шекарасынан да 


35
шығады. Үдеріс ұйымнан тыс басталады жəне ұйымнан тыс аяқталады. 
Бұл заманауи менеджменттің, соның ішінде сапа менеджментінің ең 
өнімді ережелерінің бірі. 
Үдерістік көзқарас, сондай-ақ, түрлі авторлардың негізгі 
функцияларының жинағын (бұдан əрі «Менеджменттің негізгі функ-
циялары» бөлімінде əртүрлі көзқарастар қарастырылады) анықтаудағы 
айтарлықтай сəйкессіздіктерді жоюға себепкер болды. Үдерістік 
көзқарас мəнін нақтырақ ашу үшін келесі негізгі (базалық) басқару 
функциялары бөліп көрсетілді: жоспарлау, ұйымдастыру, уəждеме, 
бақылау; олар өзара əрекеттестікте болады. Базалық функцияларды 
жүзеге асыру қосымша функцияларды жүзеге асыруды талап етеді – 
шешімдер қабылдау мен ақпарат беру (коммуникациялар). 
КСРО-да басқару теориясы мен практикасының тəжірибесіне 
қарай отырып, өндірістік үдерістерді социалистік ұйымдастырудың 
теориялық негіздерінің дамуына, əсіресе, О. И. Непорент көп үлес 
қосқанын айту қажет. Барлық операцияларды ол өндіріс үдерісіндегі 
олардың үйлесу белгісіне қарай жіктеді, сондай-ақ, олардың өндірістік 
циклдің ұзақтығына əсерін көрсетті. Осы параметрге сəйкес ол 
операциялардың үйлесуінің үш түрін анықтады: реттік, параллельдік 
жəне параллельдік-реттік. 
Жүйелік көзқарас. Жүйелі ғылыми көзқарас негізінде «жүйе» 
түсінігі жатыр, яғни өзара байланысқан элементтер (қосалқы жүйелер) 
өздерінің байланыстары жəне қатынастарымен бірлескен кешен, ол 
бүтіндік қасиеттерге ие жəне сыртқы ортамен ерекше бірлікте бола-
ды. 
Басқарудағы жүйелі көзқарасты пайдалану кəсіпорынды негізгі, 
жүйе құратын құрамдас бөлік – мақсат (мақсаттар) арқылы біріктіріліп, 
сыртқы орта əсерімен əрекет ететін өзара тəуелді элементтер (адам-
дар, құрылымдар, міндеттер, технологиялар) ретінде қарастыруды та-
лап етеді. Кəсіпорынға қатысты жүйе туралы айтқанда, осы көзқарас 
авторлары бұл, ең алдымен, əлеуметтік жүйе болып табылатынын 
атап айтқан, ұйымды белгілі бір нəтижеге қол жеткізу үшін екі жəне 
одан да көп тұлғалардың кооперациясына негізделген ерекше жүйелік 
қатынастағы физикалық, биологиялық, жеке жəне əлеуметтік құрамдас 
бөліктер кешені ретінде қарастырған. 
Жүйе ретіндегі ұйымның белгілі бір бірлестікте болатын, соның 
ішінде қарама-қайшылықта да болатын формалды жəне формалды емес 
жақтары (қосалқы жүйелері) бар. Формалды (ресми) қосалқы жүйе 
басшылық мақсаттарға, оған табыс табу да жатуы мүмкін, бағытталған 
түрде қол жеткізу үшін саналы түрде құрған. Формалды емес (рес-
ми емес) қосалқы жүйе – өндірістік ортада адамдарды біріктіру ба-


36
рысында бей-берекет түрде пайда болатын жеке тұлғааралық жəне 
əлеуметтік қатынастар жиынтығы. Формалды емес қосалқы жүйенің 
көбінесе нақты мақсатқа бағытталған бағдарлары жоқ, оның мақсаты – 
адамдардың (қызметкерлердің) тілдесу, қатыстылыққа ие болу сияқты 
базалық қажеттіліктерін қанағаттандыру. 
Кəсіпорындар мен ұйымдар жүйелер ретінде ашық неме-
се жабық болуы мүмкін Ашық жүйе, сыртқы қоршаған ортаның 
үздіксіз өзгеретін жағдайларына, бəсекелестікке қабілеттілігін сақтау 
мақсаттарына бейімделіп, ресурстармен, өніммен, ақпаратпен жəне 
тағы басқаларымен алмасу арқылы онымен белсенді əрекеттеседі. 
Жабық жүйелер – сыртқы ортадан салыстырмалы түрде тəуелсіз 
– біршама сирек болады. Менеджментке мысал ретінде əдебиетте 
ауылшаруашылық өндірісіндегі натуралды шаруашылық келтіріледі, 
ол өзін-өзі қажетті қорлармен қамтамасыз етеді жəне онда өндірілетін 
өнімнің басым бөлігі сол жерде тұтынылады. 
 Ұйымның тұрақты өзгермелілігін алдын ала анықтайтын əлеуметтік 
өзгерістердің қарқынды барысы, қызметтің барлық түрлеріндегі 
ұйымның жетілуі басқару үдерісінде нақты жағдайды есепке алу 
қажеттілігі идеясына əкеліп соқты. Менеджментте жағдай тəсілдемесі 
басқару əдістері мен тəсілдерінің шынайы жағдай ерекшеліктеріне 
бейімделуін талап етеді, бұл басқару тактикасын өзгертіп, стратегиялық 
бағдарларды сақтап қалуға да, сондай-ақ қажет болған жағдайда – 
стратегиялық мақсаттарды да өзгертуге мүмкіндік береді. 
КСРО-да басқарудың əдістемелік міндеттерімен, жоспарлау жəне 
өндірісті ұйымдастыру мəселелерімен Н. А. Вознесенский, А. В. Вене-
диктов, А. А. Аркелян айналысқан. А. И. Берг, В. М. Глушков, Н. М. Амо-
сов жəне т.б. белгілі ғалымдардың басқару теориясын, кибернетика-
ны күрделі жүйелерді басқару ғылымы ретінде дамытуда, басқарудың 
автоматтандырылған жүйелерінің қалыптасуы мен насихаттауында 
рөлдері ерекше. Мұндағы ұйымдастыру мен басқару мəселелерін 
Д. М. Гвишиани қарастырған. ХХ ғасырдың 60-жылдарының соңынан 
бастап КСРО ҒА «Жүйелі зерттеулер» жинақтарын шығара бастады. 
Кеңес одағынан кейінгі Ресейде менеджмент теориясы мен тəжірибесінің 
дамуында белгілі əдіскер Г. П. Щедровицкий жұмыстары маңызды рөл 
атқарды, ол сондай-ақ ұйымдастыру мен басқару мəселелерін зерттеді, 
соның ішінде ұйымдастыру-басқарушылық қызмет пен ұйымдастыру-
басқарушылық ойлау мəселелерін қарастырды. 
Басқару мəселелерін шешуде əлеуметтану, психология (əсіресе, 
əлеуметтік психология), педагогика сияқты ғылымдар маңызды рөл 
атқарғаны белгілі. Мысалы, 1950 жылдары А. Жданов ЛМУ жанын-
да əлеуметтік зерттеулер зертханасы ұйымдастырылды, онда КСРО-


жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   78




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау