Сабақтың тақырыбы: Қазақстандық халықтық қолданбалы-
қолөнері .
1.Этограф- суретші Ғ. Иляеваның
шығармашылығындағы ою-өрнек
Машықтық жұмыс : 1. Ғ.Иляеваның шығармашылығы жөнінде
жазбаша мағлұмат.
Сабақтың мақсаты
1.Білімділігі: Оқушылардың өнер тарихы пәнінен
білімдерін жетілдіру, өз ойларын
жеткізе білуге үйрету.
2.Тәрбиелігі: Оқушылардың тазалыққа,
инабаттылыққа тәрбиелеу
3.Дамытушылығы: Оқушылардың өнер тарихы сабағынан
ойлау қабілеттерін, ой – өрістерін
дамыту, арттыру.
Сабақтың түрі: топтық
Сабақ әдісі: а)теориялық
б)машықтық
Сабаққа қажетті құралдар
мен көрнекіліктер: дәптер, қалам, күнделік.
Сабақтың жоспары: I Ұйымдастыру
II Үй тапсырмасын тексеру
III Жаңа сабақ
а)теориялық
б)машықтық
IV Қорытындылау
V Үйге тапсырма
VI Бағалау
VII Сыныпты жинақтау
Сабақтың барысы.
1.Ұйымдастыру
Сыныпты жабдықтау, оқушыларды түгендеу,жоқ оқушыны журналға белгілеу.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
III.Жаңа сабақ. Қазақстандық халықтық қолданбалы- қолөнері .
1.Этограф- суретші Ғ. Иляеваның шығармашылығындағы ою-өрнек
а)теориялық
Қолөнер қашанда заман, өмір ағымымен бірге туындап, дамып отырады, қазақ қолөнерінің өсу жолы өзіне тән даму тарихы бар. ол тарих сонау көне замандардан басталады. Қазақ халқы кең байтақ республика жеріндегі ертеден қалыптасқан көне мәдинеттінің тікелей мұрагері ғана емес, сол дәстүрлерді дамытушы, жаңғырып байытушы.
Қазақ қолөнерін жіктеуде ағаш өңдеу, тері өңдеу темір өңдеу мәселелерінің технология-қ ерекшелігіне баса назар аударған жөн-киіз-көп қолданылатын материалдардың бірі жүнен жасалған бұйымдардың ішінен кілем, текемет, сырмақ алаша тұскиіз, қоржын т.б. түрлерін атауға болады.
Қазақ халқының өмір жолы көшпелі және отырқыш көшпелі өтті. Осыған орай олардың күнделікті тұрмыста пайдаланған ағаштан жасалатын үй іші жиһаздары мен ыдыстары да көшіп-қонуға бейімделіп жасалған .
Қазақ зергерлік өнерін дамытушы суретшілердің бірі Ғарип Жалмұқановтың көркем туындысы «Әйел әшекейлерінің топтамасы» деп аталады. Білезік, жүзік сияқты бұйымдардан тұратын бұл біртұтас композицияда автордың ұлттың нақыштарды шебер қолдана білгендігі анық.
Ал Ғани Иляевтің топтамасында өрнектер киізбен матаға арналып, зергерлік және ағаш бұйымдарға негізделіп композ-ы бар ою-өрнектердің дәстүрлі формулаларын жасауға да көп көңіл бөлген. Бұл еңбектер өрнектерінің эмоциялық әсеріне шартты түрде көктемдік жаздық қуаныш деп аталған.
Суретшінің шығармашылығына назар аударсаң, оның төл туындыларынан шарттылықтан композициялық нақтылыққа ауыса бастаған өсу процесін байқауға болады. Ою-өрнек арқылы киіз үйді ағашты, бұлтты елестетін жиынтық композиция түйеші атты суретті құрап көз тартады. Орындалаған жұмыстары “Қыз қуу” “Алғашқы қар”, “Көктем, күз” т.б
б) машықтық. 1. Ғ.Иляеваның шығармашылығы жөнінде
жазбаша мағлұмат.
Оқушылар тақырыпты дәптерлеріне жазып алады.
IV.Қорытындылау.Бүгінгі тақырып түсінікті болды ма?
1.Қазақтың қандай қолданбалы қолөнерлерін білесің?
2.Зергерлік қолөнерді дамытушыларды ата?
3.Ғ.Иляеваның еңбектерін ата?
V.Үйге тапсырма. Ғ.Иляева шығармашылығын мазмұндап келу.
VI.Бағалау
VII.Сыныпты жинақтау
Достарыңызбен бөлісу: |