22
Педагогика оқулығында мектепішілік басқаруда дұрыс ақпарат
негізінде қорытынды жасау, алға қойған мақсатқа сай шешімдер
қабылдау, басқару нысанын ұйымдастыру, бақылау жасау, реттеуге
бағытталған қызмет деп таниды. Осының нəтижесінде мектепішілік
басқаруды олар «оңтайлы нəтижеге қол жеткізу мақсатымен
педагогикалық үрдістердің объективті заңдылықтарын түсіну негізінде
бүтін педагогикалық үрдіске қатысушылардың мақсатты, саналы өзара
əрекет етуі» деп анықтайды. Оқулықта менеджмент теориясы «ең ал-
дымен, тұлғалық бағытымен баурайды, мұнда менеджер (басқарушы)
қызметі өз қызметкерлеріне шынайы құрмет, сенім арту, оларға табысқа
жету жағдайларын жасау негізінде құрылады. Менеджменттің дəл осы
жағы, мектепішілік басқару теориясын айтарлықтай толықтырады.
Менеджмент идеяларын ұғыну, оларды мектептану мəселелері сала-
сына ауыстыру дербес бағыт – мектепішілік менеджмент зерттемесіне
негіздеме береді» деп түсіндіреді.
Біздің ойымызша, педагогикалық басқарудың «адами» құрамдас
бөлігінің маңызы менеджмент саласындағы теориялық жəне
тəжірибелік зерттеулерге алдымен зерттеушілерді, содан кейін
тəжірибешіл-педагогтардың назарын аудартты, себебі басқару туралы
бұл ғылым ең басынан қойылған мақсатқа басқа адамдардың еңбегін,
уəждері мен қажеттіліктерін пайдалану арқылы жету үдерістеріне
бағытталған болатын. Менеджмент саласындағы зерттеу көзқарастары
мен басқарудың тəжірибелік əдістері өз кезегінде психологиялық жəне
педагогикалық ғылымдарды өз негізіне алды, оларда адамның дамуы-
на, оның қызметін ұйымдастыруға, оны уəждеу жəне ынталандыру
жəне т.б. байланысты мəселелер тереңінен қарастырылған. Осының
арқасында бұл теориялық пəндер, тəжірибелік қызметтің салалары
бір-бірін өзара байытады. Мысалы, сапа менеджменті саласындағы
белгілі ресейлік маман Ю. П. Адлер, менеджмент жүйесінде ең тиімді
статистикалық немесе сапаны басқару əдістеріне қарағанда, басты рөлді
адам оның пəнге жəне еңбек мақсатына деген көзқарасы атқарады деп
көрсеткен [8, 14-16 б.]. Осылайша, көптеген авторлар менеджментті
адам құндылығының негізін қалаушы концептуалды идеясы деп тануға
негізделген заманауи басқару философиясы ретінде де қарастыра бас-
тады.
Менеджмент пен педагогикалық басқарудың жақындасуына
коммерциялық, кəсіпкерлік құрамдас бөлік қазіргі уақытта, көп
мөлшерде бұрын кəсіпкерлік емес деп танылған əлеуметтік, соның
ішінде, білім беру мекемелерінің ажырамас бөлігі болып келе жатқаны
да себепкер болды. Бүгінгі таңда, нарықтық жетістіктер білім беру
мекемесінің қызметін атқарып анықтайтын тек сыртқы факторлар
23
ғана емес, сонымен қатар, осы қызмет етудің ішкі, табиғи бөлігін
құрастырушы болып табылады.
Біздің ойымызша, іс жүзінде басқа əдістемелік негіздеріне
қарамастан, педагогикалық менеджмент əкімшілік-басшылық кезеңде
қалыптасқан басқару жүйесін толық жоққа шығармайды, бірақ
нəтижелі тəсілдерді сақтап, оларды жаңа жағдайларға бейімдеп, сапа
тұрғысынан жаңа деңгейге көтереді.
Нақтылап айтқанда, «педагогикалық менеджмент» терминінің дəл
анықтамасы əлі жоқ, ол «білім беруді басқару», «мектепті басқару»,
«мектепішілік басқару», «мектепішілік менеджмент», «педагогикалық
басқару» жəне осы проблема бойынша жұмыс авторларымен пайдала-
нылатын басқа да көптеген түсініктермен дұрыс сараланған жоқ.
В. П. Симонов педагогикалық менеджментті оқу-тəрбиелеу жəне
оқу-тану үдерісін басқарудағы қағидаттар, əдістер, ұйымдастыру ны-
сандары мен технологиялық амалдар кешені ретінде анықтайды [90,
56 б.]. Педагогикалық менеджмент нақты мұғалімнің басқарушылық
қызметі жаңа əлеуметтік-педагогикалық жағдайларда өмір сүруге
дайын баланың жеке басын дамыту мақсаттарына бағытталады деп
біржақты таяз түсіну қалыптасқан, оның барысында педагог келесілерді
жүзеге асырады:
– басқаратын объектінің қалпын өзгерту бойынша шешім қабылдау
үшін ақпаратты түрлендіру;
– оқыту мен тəрбиелеу үдерісін қағидаттар, əдістер, құралдар мен
нысандардың өзара байланысты жүйесіндей басқару;
– оқушылардың еңбегін, зиятын, уəждері мен қажеттіліктерін пай-
далана отырып, қойған мақсаттарға жету;
– білім беру тұжырымдамалары негізінде қабылданатын, жүзеге
асырылатын жəне адам факторын есепке ала отырып, оқу-тəрбиелеу
мақсаттарының жүйесін оқушылардың жету үдерістерін ұйымдастыру
жəне т.б.
Байқағанымыздай, бұл педагогикалық менеджмент дефини-
цияларында педагогикалық қызметтің маңызды бағыттары, білім
беру үдерісінің сапасына тікелей əсер ететін білім беру мекемесінің
жұмыс атқару салаларына назар салмаған: ғылыми-зерттеу жəне
əдістемелік жұмыс, педагогтардың біліктілігін арттыру, оқушылардың
ата-аналарымен жұмыс жəне т.б. Педагогикалық менеджмент мəнін
бұлайша тарылту авторлардың көпшілігі басқаруды негізінен оқу
мекемесі басшысының ұйымдастыру-əкімшілік қызметі ретінде
қарастыруынан туындаған. Білім беру мекемесін басқарудың теориясы
мен тəжірибесінде оқушылардың қызметін тікелей басқаруды жүзеге
асыратын бірінші буын менеджерлері ретінде оқытушылардың кəсіби
24
қызметінің мəселелері лайықты дамуы мен негіздемесін алған жоқ
[114]. Осы саладағы олқылықтарды толықтыруға ұмтылу, зерттеуші-
лердің зейінін көбінесе, педагогтың басқару қызметіне негіздейді.
Бүгінгі күнде басқарудың маңызды субъектісі ретінде оқушының
өзін де қарастыру қажет. Педагог жүзеге асыратын менеджмент функ-
циялары тек олар оқушы тарапынан өзін-өзі басқарудың (өздігінен ме-
неджмент) барабар əрекеттерімен қолдау тапқан жағдайда ғана тиімді
болып, қойылған мақсаттарға жетуді қамтамасыз етеді. Оқушының
өзін-өзі басқару іскерліктерін меңгеруі қазіргі уақытта білімдер,
іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру, жан-жақты тұлғаны тəрбиелеу,
бейімділіктер мен қабілеттерді дамытумен қатар, білім беру үдерісінің
маңызды мақсаты болып табылады.
ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ
Ал егер жалпы менеджмент мəселелерін шешу туралы сөз
қозғасақ, оның түсінігі мен мəні адамзат қоғамының дамуына сəйкес
өзгеріп, жаңа сипат пен ерекшеліктерге ие болады. Менеджмент рөлі,
оған деген көзқарас уақыт өткен сайын айтарлықтай өзгеріп отыра-
ды. Сондықтан менеджмент міндеттері мен мəселелерін зерттеу,
бұл саладағы білімдерді үнемі жаңартып отыру кез келген, біршама
қысқа уақыт мерзімінде үнемі өзекті мəселе болады. Менеджмент
белгілі бір білімдердің ғана емес, сонымен қатар дағдылардың, ерек-
ше кəсіби сипаттамалардың жүйесі ретінде сыртқы жəне ішкі ортаның
факторларымен ерекше үйлесе отырып, нақты жағдайда белгілі бір
басқарушылық шешімді іздеу жəне оны қабылдауды мегзейді. Бұл сапа
менеджментіне де қатысты. …
Сонымен, біз менеджмент – бұл дербес білімдер саласы, ғылым
жəне адам қызметінің ең күрделі саласы деп анықтадық. Менеджмент
– бұл өнер, себебі адамдарды басқаруда тек зият, табиғаттың даму
заңдарын, технологияларды білу жəне техниканы басқару ғана емес,
сонымен қатар қоғамның əлеуметтік даму заңдарын білу, интуициялық
бастауды пайдалану, «əлеуметтік технологиялар» əдістерін білу жəне
пайдалану, адамдардың өзара қарым-қатынастарын басқара алу де-
ген сөз. Яғни, адамдарды басқару үдерісінде шынайы болмысты
көрсетудің сезім-бейне түрлері пайдаланылады. Ал өнер орасан зор
танымдық жəне қоғамдық-тəрбиелеу мүмкіндіктеріне ие бола отырып,
адамдардың ойына, сезімдері мен жігеріне белсенді əсер ете отырып,
адам қызметінің кез келген саласында, соның ішінде өндірістік өзара
қарым-қатынастарда да аса маңызды рөл атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |