37
да алғаш рет еңбектік уəждемені зерттей бастады. В. А. Ядовтың
жетекшілігімен Ленинградта ғылыми ұжым жұмыс атқарып, «Адам
жəне оның жұмысы» зерттеу жобасын жүзеге асырды. 1960 жылдардың
соңында Нақты əлеуметтік зерттеулер институты (Ленинград қ.)
құрылды, оның қызметкерлері адамдардың еңбек əрекетін жəне оны
басқаруды зерттеп, өндірістік бригадалар құрамына жұмысшылар
ретінде енгізілген, бұл оларға сенімді жəне дұрыс ақпарат алуға
мүмкіндік берді.
Қызметкерлерді басқару тиімділігін арттыру қажеттілігінен КСРО-
ның көптеген кəсіпорындарының штаттарына ХХ ғасырдың 70-80 жыл-
дарында əлеуметтанушы лауазымдары енгізілген болатын, олардың
қызметтік міндеттеріне эксперименттік зерттеулер жүргізу ғана емес,
сонымен қатар, ұжымды басқару саласында тəжірибелік ұсыныстар
əзірлеу, еңбек шиеленістерін шешу жəне т.с.с. енген болатын. Осылай-
ша, басқарудың кеңестік мектебі шетелдіктен кем қалған жоқ деп айтуға
болады, бірақ оны тəжірибелік жəне ғылыми мойындауға мемлекеттің
басқарушы органдары тарапынан басқарудағы заманауи тəсілдемелерінің
маңызын жете бағаламау, сол кезеңде шетелдік əріптестермен дамыған
ғылыми байланыстың болмауы жəне т.б. тежеу болды.
КСРО-да 50-жылдардың ортасынан бастап өнім сапасын арт-
тыру саласындағы жүйелі жұмыс басқаруға жаңа көзқарастарды
енгізуді талап етті. Кеңес Одағында сапаны басқару жүйелерін дамыту
біршама кең, бірақ аймақтық жəне салалық сипатқа ие болды. Горький
қаласының кəсіпорындарында КАНАРСПИ басқару жүйесі құрылды,
осыған ұқсас жүйелер Днепропетровск, Краснодар, Львов, Саратов,
Ярославль жəне т.б. кəсіпорындарда жұмыс атқарды.
Басқарудың концептуалды негіздері дамуының логикалық жалғасы
ISO стандарттарында көрсетілген
ТQM (total quality management –
сапаны жалпыға бірдей басқару) қағидаттарын əзірлеу жəне енгізу
болды. Заманауи қоғамдағы бұл қағидаттардың айтарлықтай маңызы
– олардың тек басқарушылық қызметтің технологиялық тиімділігін
қамтамасыз ететін ережелер ретінде ғана болмауында. Бұл ұстанымдар
басқарудың жаңа философиясы айналып келе жатыр. Олардың маңы-
зын осы философияның негізін қалаушылардың бірі Э. Демингтің сөздері
айқындайды, ол келешекте кəсіпорындардың екі түрі болады деген: ТQM
енгізген кəсіпорындар жəне бизнестен тыс қалған кəсіпорындар.
Осылайша, ТQM – жаһандық экономиканың қарқынды өзгермелі
шарттарында тұтынушының қанағаттануына қол жеткізуге мүмкіндік
беретіндей кəсіпорынды басқару деңгейін қамтамасыз ететін
қағидаттар, аспаптар мен жұмыстарды ұйымдастыру əдістерінің жаңа
жүйесі.
38
ТQM қағидаттары жоғары басшылық ұйым қызметін жақсарту
мақсатымен оларды басшылыққа ала алатындай етіп анықталған бола-
тын. Олардың қатарына келесілер енеді [91]:
1. Тұтынушыға бағдарлану. Бұл қағидат бойынша ұйымдар өз
тұтынушыларына тəуелді, сондықтан олардың ағымдағы жəне келешек
қажеттіліктерін түсініп, олардың талаптарын орындап, үміттерінен
асып түсулері қажет.
2. Басшының жетекшілігі. Басшылар мақсат пен ұйым қызметі
бағытының бірыңғай болуын қамтамасыз етеді. Олар жұмысшыларды
ұйым міндеттерін шешуге толық еліктіретіндей ішкі ортаны құрып,
қолдап отырулары қажет.
3. Қызметкерлерді тарту, яғни барлық деңгейдегі қызметкерлер
ұйымның негізін қалайды, сондықтан міндеттерді шешуге олар-
ды толық тарту ұйымға олардың қабілеттерін тиімді пайдалануға
мүмкіндік береді.
4. Үдерістік көзқарас. Қызметті жəне сəйкес қорларды үдеріс
ретінде басқарған уақытта қалаулы нəтижеге тиімдірек жетуге бола-
ды.
5. Менеджментке деген жүйелі көзқарас. Жүйе ретінде өзара байла-
нысты үрдістерді анықтау, ұғыну жəне олардың менеджменті ұйымның
мақсаттарына қол жеткізу кезінде, нəтижелілігін жəне ұйымдастыру
тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
6. Ұйым қызметіне қатысты үнемі жақсартуды жалпы айнымас
мақсат ретінде қарастыру қажет.
7. Деректерге негізделген шешімдер қабылдау. Тиімді шешімдер
деректер мен ақпаратты талдауға негізделуі тиіс.
8. Жеткізушілермен өзара тиімді қатынастар. Ұйым мен оның
жеткізушілері өзара тəуелді, сондықтан өзара табыс қатынастары екі
тараптың да құндылықтар құру қабілетін арттырады.
Білім беру жүйесінде, жеке білім беру мекемелерінде жоғарыда
қарастырылған басқару идеялары жағымды көзқарас табуы сөзсіз. За-
манауи көзқарастар бүкіл білім беру мекемесін, педагогикалық ұжымды
басқаруда да, сондай-ақ, оқу-тəрбие үдерісін де басқаруда жүзеге
асырылған. Кез келген қызмет саласындағы басқару тəжірибесінде,
соның ішінде білім беру қызметінде тек жеке алынған тұжырымдама
ғана емес, сонымен қатар, түрлі басқарушылық парадигмалардың өнім-
ді ережелері, қағидаттарының, тəсілдерінің өзгеше кешені де жүзеге
асырылады. Өз тəжірибелік қызметінде басқарушылық тəсілдерді
таңдап, енгізе отырып, басшы бұл əрекеттерді сезіну деңгейінде жүзеге
асырады. Бұған қарамастан, түрлі мектептерді құру тарихын талдауы-
мыз оларды басқару жүйесінің концептуалды құрамдас бөліктерін
39
анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, А. С. Макаренко əзірлеген жəне
жүзеге асырған еңбек мектебін басқару жүйесі өз қағидалары бойын-
ша А. К. Гастевтің əлеуметтік инженеризм идеяларына ( ҚОСЫМША
МАТЕРИАЛДЫ қараңыз) жақын. В. А. Сухомлинский директоры
болған Павлыш орта мектебінің қызметін ұйымдастыру өзінің анық
көрінетін гуманистік сипатына қарай адами қатынастар мен тəртіптік
көзқарас тұжырымдамасымен үйлеседі. И. П. Иванов Фрунзе ком-
мунасында құрып, жүзеге асырған ұжымдық шығармашылық əрекет
тұжырымдамасында үдерістік көзқарас идеялары айқын көрінеді.
TQM ұстанымдары сапа менеджменті жүйелерін құруға негіз бол-
ды, бұл жүйелер бүгінгі таңда ҚР көптеген жоғары жəне орта кəсіптік
білім беру мекемелерінде енгізілген. Сапамен жалпы басқару идеялары,
жалпы орта жəне мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қызметін
ұйымдастыру үшін де нəтижелі болды.
М. А. Гончаров [27] менеджментті ресейлік жалпы білім беру
мектебінде басқарудағы менеджментті басқару мүмкін бе деген сұраққа
оң жауап қайтара отырып, келесі аргументтер келтіреді:
– бір жағынан оқытудағы, тəрбиелеудегі жəне басқарудағы, мектеп
өмірінің бүкіл болмысындағы біркелкілік, əкімшілік ету, өктемшілдік,
формализмді жеңу жəне көзін жоюға, екінші жақтан – мектепішілік
өмір мен басқаруды одан əрі демократизациялау жəне гуманизациялау,
оқушы мен мұғалімнің жеке басының үйлесімді дамуына, олардың ын-
тасы мен шығармашылығының дамуына, өзін-өзі жетілдіру жəне өз
қасиеттерін жүзеге асыруға ынталануына, өз табысы мен мектеп та-
бысына жету ынтасына, белсенді азаматтық ұстанымы мен патриотизм
сезімін тəрбиелеуге жағымды жағдай жасауға бағытталған мектептің
жаңаруы.
– К. Д. Ушинский, Н. И. Пирогов, Н. А. Корф (1834-1883), Л. Н. Толстой,
сондай-ақ Н. К. Крупская, П. П. Блонский, С. Т. Шацкий, А. С. Мака-
ренко, В. А. Сухомлинский жəне т.б. үздік педагогтар мен халықтық
білім беруді ұйымдастырушылардың есімімен байланысты төңкеріске
дейінгі жəне кеңес мектебінің демократиялық жəне гуманистік
дəстүрлерінің болуы.
– олар көптеген кедергілерге, көбінесе қуғындауларға да қарамастан,
бүкіл педагогикалық жəне ұйымдастырушылық дарындарын, жаны
мен тəнін балаларға, оларды оқытуға, тəрбиелеуге жəне дамытуға ар-
нады, оқушы мен мұғалімнің тұлғасына құрметпен қарауды талап етті;
«барлық тəрбиешілер мен тəлімгерлердің адамгершілік жəне ақыл-
ой күштерін бір мақсат үшін ынтымақтасып бірігуін» қамтамасыз
еткен (Н. И. Пирогов); мектеп істерін басқарудағы бюрократизм,
əкімшілік ету жəне формализмге қарсы, оның демократияланды-
Достарыңызбен бөлісу: |