Оқу құралы Көкшетау 2009 Пікір жазғандар


Микроорганизмдер ферменттеріні



жүктеу 2,75 Mb.
бет12/14
Дата01.01.2018
өлшемі2,75 Mb.
#6442
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Микроорганизмдер ферменттерінің ерекшеліктері

Ферменттер - адамзат өмірінде, әр алуан салаларда биологиялық катализатор ретінде кеңінен қолданылады. Ферменттердің негізгі көздері жануарлар, өсімдіктер және микроорганизмдер болып табылады. Қазіргі кезде 2000-дай ферменттер анықталса, олардың бірнеше жүзі жеке зат ретінде бөлініп шығуда.

Микроорганизмдерде зат алмасу үдерісінде ферменттер жүйесінің жұмысының өте белсенді жүретін қасиеті, фермент өңдіруші ретінде пайдалануға қызығушылық тудырады.

- Микроорганизмдердің өте белсенді метаболизмі олар биомассасының өте жылдамдықта өсуімен байланыстығын айтуға болады.

- Микроорганизмдердің көбінің адамзат азық түлігіне ешбір пайдасыз арзан субстраттарды пайдаланып өсуі олардың негізгі қасиеті.

- Микроорганизмдер клеткасының өте көп бөлігін жеке ферменттер құрайды. Олардың бір мысалы - фототрофты бактериялардың рибулезобифосфаткарбоксилазалар кейде белок ерітіндісінің 40-60% құрайды.

- Көптеген микроорганизмдер ферменттерін клетка сыртында қоректік ортаға бөліп шығарады.

- Микроорганизмдер клеткасымен бөлінген ферменттерді алу, жануарлар мен өсімдіктер ұлпаларынан бөліп алумен салыстырғанда өте оңай.

- Кейбір ферменттер тек микроорганизмдерде табылған. Ондай фермент-терге: танназа, керотиноза т.б. жатады.

Әртүрлі организмдерден алынған бір реакцияларды катализдейтін ферменттер әртүрлі қасиетте болатыны белгілі болып отыр. Мысалы глутаминді Аzоtоbасtеr аgіlіs - клеткасынан рН=6.0-7.0, Сlоstrіdіum wеlсһіі -5.0, Мусоbасtеrіum tисеrсиlоsіs-8.3-те алуға болады.



Микроорганизмдер ферменттері.

Адамзат өзінің өмір практикасынан микроорганизмдердің ферментативтік белсенділігін өте ерте кезде пайдаланған. Саңыраукұлақ дақылдарын бірнеше

101

жылдар бұрын Қытай, Корея, Япония және т.б. елдерде крахмал өнімдерін сахарландыру және спирт алуда қолданып келген.



Барлық ферменттерді 6 класқа бөледі: Оксидоредуктазалар, 2. транс-феразалар, 3. гидролазалар, 4. лиазал изомеразалар, 6. лигазалар.

Гликозидазаларга крахмал гидролиздеуші амилолитикалық ферменттер кіреді: а және β-амилазалар мен гликозидазалар. Көптеген микрооргани α-амилазаны түзеді. α-амилазаның продуценттері: Bacillus licheniformis, Bac imyloliguefaciens, Aspergillus oryzeae және т.б. микроорганизмдер.

Декстраназан Penicillium purpurogenium және т.б. саңырауқұлақтар Пуллулаза ферментінің негізгі продуценті грам теріс бактерия Кlеbsiella pneumoniae болып табылады.

Ферменттер - күрделі органикалық қосылыс, олар тірі клеткада кездеседі түрлі биохимиялық реакцияларды катализдейді.

Ферменттер негізінен тірі клеткада түзілсе, көпшілігі клеткадан активтілігін жоғалтпай бөліне алады және іn vito жағдайында бөліне алады

Ферментті технология болашақта кептеген проблемаларды ішінде көмектеседі, мысалы, тамақпен қамтамасыз ету, энергия көздерімен қамта ету және де қоршаған ортаны жақсартуга көмектеседі. Бұл жаңа технология биохимия, микробиология, химия және инженерия саласы негізінде болды. Болашақта ферменттік технология генетикалық инженер байланысып, биотехнологияның көптеген салаларын дамытады.



Клетка ішілік ферменттердің өндірісі

Ферменттер пайдаланылған микроорганизмдер клеткалары ішінде өндіріледі, әрі қалып қояды. Оларды бөліп алу үшін ферментация фазасынан кейін, культуралық сұйықтықтан центрифугалау арқылы бөліп алады. Центрифугалаудан кейін микроорганмзмдер концентраты клетка қабықшасы бұзылуы арқылы келесі өндеуге дайын болады. Суспенз консистенциясына (сұйықтығына) қарап, ол клеткаларының бөліну ал сепараторда араласуы мүмкін.

Таза әрі залалсыздандырылған фермент, өзгермей араластырғышқа беріледі. Ауа көпіршіктері қоректік қоспада таралады. Олар көмірсу белокты заттарды, өсімді жоғарылатқыштан және қоректік заттардан Заласыздан-дырылғаннан кейін қоректік ортаға патогенсіз микроорганиз егіледі. Микроорганизмдер өзінің өсуі үшін қоректік заттарды, ферменттерді өндіре отырып пайдаланады, ал ферменттер қоспаға бөлініп шығып отырады Ферментациядан кейін микроорганизмдер центрифугалау арқылы сепараторда және декантерлерде шығарылып отырады. Келесі шаю және түссізде (жарықтандыру) ферменттердің одан әрі таза бөлінуін күшейтеді.

Ферменттердің негізгі көздері - жануарлардың, өсімдіктердің микроорганизмдер ұлпалары болып табылады.

Экономикалық және технологиялық тұрғыдан ең тиімдісі фермен микро-организмнің көмегімен алу. Микроб клеткалары 2 мыңға ферменттерді өндіреді. Ол биохимиялық реакцияларды катализдейді. Көптеген ферменттер клеткаға байланысты оңай ажыратылады.

102


Биохимиялық реактивтердің ішіндегі маңызды тобы - жоғары сапалы ферменттер. Оларсыз молекулалық биология мен гендік инженерияда ешбір ғылыми зерттеу мүмкін емес.

Қазіргі кезде фермент өндірушілер ішіндегі ең алып өндірушілер катарына АҚШ, Жапония, Франция жатады. АҚШ-та ферменттерді 20 фирма өндіреді. Олар жылына 32000т фермент препаратын шығарады.

Жапонияда 1997ж 56000т фермент препаратының 60 атауы шықты. Оның 26% - тамак өндірісіне, 23% - тоқыма-мата өндірісіне, 38 % - ауыл шаруашылығына, химия өндірісіне қолданылады.

Ферменттің өндірісі Ресейде де кеңейіп келеді, олар азықтық, ет, мата, тері, ауыл шаруашылығына пайдаланылады. Мысалы, ферментті пайдалану арқылы ет өндірісіндегі сапа 13-15тен 25-27%-ке ескен. Ал былғары өндірісінде тазарту үдерістері 5 есеге қысқарған. Ауыл шаруашылығында фермент препараттарының қоспаларын қолданғанда малдың салмағы 5-10% -ке, құс 10-20% -ке ескен. Ресей федерациясы техникалық ферменттердің

амилосубтилин және протосубтилин (Bacillus subtilis), пектофоетидин (Aspergillus foetidus), мальтаваморин (Aspergillus oryzae), глюконигрин (Aspergillus niger), протолихенин (Bacillus licheniformis) препараттарын шығарады.

Ферменттердің концентрациясы және олардың тартылу дәрежесі жөнін-дегі саны оның атауына, алдында тұрған индекс «х»ті көрсетеді. Мысалы, «2х» - ферментпрепараты концентрленген сироп түрінде ерімейтін заттардан босағанын білдіреді. Ал «2х» жэне «Зх» ферменттік препараттары техникалыққа жатады.

Ферменттің әр түрлі әдістерімен тазартылған түрін «10х», ал фракцион-дылары «15х», ал кристалды емес 25 % -ке дейін байланысты заты бар, ультракүлгін құрылғыларда, құрғатылған «20х» пен «ЗОх» деп көрсетеді. Мысалы, «протосубтилин Г20х» - бұл оның кұрамында протелитикалық фермент бар екендігін білдіреді.

Штаммдар - ферменттердің продуценті. Кез-келген өндірістік өнімді өндіру үшін екі жағдай болу керек:

1) Аталған өнімге сұраныс болу керек.

2) Енгізілген үдеріс экономикалық тиімді болу керек . Ферменттерді өндірістік көлемде өндірудің тиімді кезі болып

микроорганизмдер саналады.

Бұны келесі факторлар дәлелдейді:

А) Қазіргі микроб культурасына селекция жүргізу және культивациялау жағдайын оптимизациялау кез-келген микроб ферментінің биосинтезін практикалық жағынан үлкейтеді.

Б) Өндірістік жағдайда - штамм продуцент - микроорганизмдердің физиологиялық қажеттіліктерінен артып тұру керек.

Микроорганизм продуценттері ішінде микроскопиялық саңырауқұлақтар Aspergillus туысының Penicillium, Bacillus туыс бактериясы, ашытқылар т.б. ерекше назар аудартып отыр. Ферменттің биосинтезін күшейту немесе ферменттердің жаңа, қолайлы қасиеттерін шыгару сәйкес генді клондауға байланысты болып отыр. Осы мақсатта генетикалық жағынан жақсы

103


зерттелген организмдер: Esherichia coli, Bacillus subtilis, Saccharomyces cerevisiae Aspergillus oryzae, Pharerochaetu chrisosporium т.б қолданылады.

Микроорганизм - продуценттік ферменттердің келесі қасиетте керек :

1) Көп фермент жинау қасиеті, арзан қоректік ортада өсірілуі.

2) Культивацияның өндірістік жағдайында улы заттар патогенді қасиеті болмау керек.

3) Өндірген фермент тұрақты болу керек.

4) Негізгі фермент синтезінің механизмі болу керек.

5) Культивация уақытын тах кемітіп, метаболиттердің ингибит

әрекетін тіп жеткізу керек. Әрбір нақты штамның өзіне тән ерекшелік қасиеттері болады. Мезофильді культуралардың экстремальды жағдайда фермент оптимальды болуы қызықтырарлық жайт. Оларға термофильдер, ацидофильдер, алкалофилдер, галофильдер, барофилдер жатады. Осы топқа авторофты формалар да жатуы мүмкін. Мысалы, базофильді саңырау-құлақтар. Олар лигнин қышқылдандыратын фермент өндіреді.

Продуцент фермент өндірудегі бірінші этап оларды табиғи көздерден (топырақтан, судан әртүрлі биологиялық заттардан) бөліп алу.

Құрғақ жазғы уақытта экваторға жақын жерлерде термофильдер болады. Ал психрофильдер Солтүстікте кездеседі. Қышқыл көздер (топырақ, ацидофильді культураларға қолайлы.

Амилаза ферментінің белсенді түзілетін жерлері астық культуралары. Целлюлозаны орман жамылғыларындағы микроорганизмдер синтездейді Пероксидаза, лактаза, монооксигеназа, фенолоксидаза ферменттерін-көкөністерде, тіпті өсімдіктерде тіршілік ететін микроорганизмдер синтездейді.

Екінші кезеңінде микроорганизмдер жеткілікті деңгеймен биосинтезде микроорганизмдерді таңдайды. Таңдау әр түрлі әдістермен жүргізіледі.



Фермент прдуцентін культивациялау

Ферменттердің микробиологиялық әсерінің экономикалық факторларына микроорганизмдер культивациясы әдісін жатқызуға болады.

Фермент продуценттерінің қатты фазалық культивациясы, әсіресе Жапонияда қолданылады. Суға салынған бидайға немесе күрішке тұз қосып оны микроорганизмдердің таза культурасына салады және арнайы ыдыста бөлме температурасында культивациялайды. Осылайша амилаза, протеаза, пектиназа, целлюлаза және т.б. алады.

Сұйық фазада фермент биосинтезі өте тиімді әрі қолайлы әдіс екенін көрсетті. Қазіргі кезде тереңдік культивациялау әдісі кез-келген микроб метаболиттерін алуда, барлық әдістердің ішіндегі ең қолайлысы екендігінде ешбір күмән жоқ.

Микроорганизм продуцентінің биосинтезінің интенсивтілігі продуценттің генетикалық қасиеттеріне байланысты. Алайда биосинтетикалық жүйенің қызметі сыртқы орта факторларымен басқарылады.

Продуцент микроорганизмді культивациялау үдерісі үшін ферменттін индуцибельді немесе конститутивті екендігін білу қажет. Индуцибельді

104

ферменттер субстрат бар кезде немесе олардың қоректік ортада аналогы бар кезде ғана микробты клеткалар түзеді. Бұндай ферменттерді түзетін құрылымдық гендер индуктор жоқ кезде белсенді емес. Индуктор енгізсек құрылымдық ген қызметін атқарып және индукциялық ферментті синтездейді.



Биосинтез әрқашан аммоний ионы немесе сіңірілетін амин қышкылдары-мен репрессияланады. Көптеген бактериялар протейндерді бос амин қыш-қылы бар орталарда синтездейді. Клеткадан тыс фермент препараттарының қоректік орталары туралы қарастырылу керек. Қоректік орталарда органика-лық көмірсудың және азот орнына, әдетте крахмалдың әр түрлі сорттары (картоп, жүгері, күріш) жүгері сығындысы, соя ұны, ашытқы биомассасы, гидролизаты қолданылады. Нәтижесінде әр түрлі химиялық құрамды қоректік орта алынады.

Клеткадан тыс продуцент декстаназа Penicillium fіnісulusum жалғыз көз ретінде көмірсуды және декстранды және органикалық емес тұзды пайдаланса, негізінде декстраназаны түзеді. Ал, орта крахмалды болса амилазаны, ал крахмалды ксилонга ауыстырса, ксилоназа, ал көмірсу орнына өсімдік майын пайдаланса, культура ортасында липаза жиналады.

Пектолитикалық комплексті фермент биосинтез субстратына байланысты көптеген сутектер шығарылған. Қоректік ортаға пектин енгізу пектолитикалық ферменттердің биосинтезін жақсартады, ал биосинтез денгейі продуцент табиғатына және пектин құрамына да байланысты. Пектиннің ферментативтік өнімі ферменттің пектолитикалық комплексіне әсер етеді.

Қоректік ортаның көмірсулы құрамы басқа гидролазалар түзілуіне әсер етеді. Көмірсуға байланысты Rhodopseudiomanas pygmentus р-8 қышқыл және бейтарап протеазаны синтездеуге қабілетті. Керек ферментті, керек продуцентті көп мөлшерде куьтивациялау үшін ортаның көмірсулық құрамын біліп алған жөн.

Екінші маңызды компонент микроорганизмнің азотты қосылыстары. Микроорганизмдер өзінің өсуі үшін органикалық заттармен қатар азоттың минералды қосылысын пайдаланады. Азот соңында аммиакқа айналып кетеді. Ол амин қышқылдар, гетероциклді азот негіздер, нуклеаздар, нуклеотидтер, аминдер, белоктар мен нуклейн қышқылының синтезі үшін қажет. Бос амин қышқылдар белок, витаминдер биосинтезіне қатысады. Қоректік ортада белок болуы клеткадан тыс протеазаның түзілуін, ал белокты амин қышқылымен ауыстыру биосинтезін репрессиялайды.

Рестриктаза продуцентін өсіру үшін глюкозаны, ал оның органикалық көзі азот ретінде пептон, триптон, ашытқы экстракты, казеин гидролизаты пайдаланылады.

Жоғарғы сапалы фермент өндіру саласында барлық қажет компонент-терді, органикалық көмірсу мен азот жеткілікті ортаны қолдану продуцент биомассасын қарқындатады. Ол үшін жоғары сапалы ашытқы гидролизатын, пептон, триптон өндіру керек.

Біздің елімізде жоғары сапалы ферменттер өндіру жылына бірнеше килограмм ғана. Мұндай ферменттер алу үшін продуценттер биомассасы көлемін ұлғайту керек. Жоғары сапалық қоректік орталарды шығару үшін

105

моно және олигоқант және терең гидролизатты белок өндіру керек. Ол үшін орта компоненттері дефицит емес. Органикалық азоттың көзі ретінде майсыздандырылған сүт, гидролизденген протосубтилинмен пайдаланады. Ал көмірсудың потенциалды көзі ретінде ферментгі крахмал гидролизаты (глюкоамилазамен өңделген) болу керек.



Органикалық азот көзі болып ферментті ашытқы гидролизаты да болады. Қоректік ашытқы гидролизаты казеин гидролизатын, триптон және пептон-ның орнын ауыстыра алады.

Фермент биосинтезінде ортаның қышқылдығы, өсіру жағдайы, темпера-тура маңызды роль атқарады. Саңырауқұлақтарда орта рН-ы төмендегенде амилолитикалық комплекстің қышқылға төзімділік компонеті биосинтезі жоғарылайды. рН өзгерсе пектолитикалық комплекс құрамы да өзгереді.

Барлық іс жүзінде биореакторлар (ферменттерлер) рН деңгейін мөлшерде бақылап отырады. Анаэробтарға жататын фермент прдуценттері қатаң оттексіз жағдайда культивацияланады. Ортаның оттекпен қанығуы биомассаның өсуіне әсер етеді. Нәтижесінде синтезделген фермент өседі. Бұл Saccharomyces cerevisiae ашытқысын зерттегенде жақсы байқалған. Ол көп-теген ферменттер алуда қолданылады. Осылайша, культивация жағдайында қоректік ортаны оптимизациялау, жоғарғы сапалы әрі ферменттердің мол өнімін алу үшін маңызы зор.

3.3. Микроорганизмдер көмегімен витаминдер өндіру

Адамдарды және ауыл шаруашылық жануарларын қажетті мөлшердегі-витаминдермен қамтамасыз ету мәселесін тек қана витаминдік ресурстардың дәстүрімен шешу ғана мүмкін емес. Витаминдерге жататын заттар айналымы олардың табиғатына және қызметіндегі таралу информациясына байланысты шартты түрде өзге витаминдер санына әріптік классификациясымен енгіз-леді, яғни: А- тобы (ретинолдар және провитамин А-В-каротин), В тобы (В1-тиамин, В2-рибофлавин, В3-пантотен қышқылы, В5-никотин қышқылы, В6-пиридоксин, В9-фолий қышқылы, В12-кобаламиндер, Н-биотин), С - витамині (аскорбин қышқылы), D витамині (кальций феролат және провитаминдер – эргостерин, холестерин), Е - токоферолдар, К - нафтохинондар, олардың коферменттік түрлері және әртүрлі басқа туындылары.

Витаминдерді химиялық синтезбен, сонымен қатар микробиологиялық жолмен алады. Атап өтетін жағдай, яғни 30-40-шы жылдардың өткен ғасыр-ларында микроорганизмдерді (сыра және наубайхана ашытқысы) витамин бөліп алудың қайнар көзі ретінде пайдаланды. Әртүрлі бактериялар, микро-саңырауқұлақтар, ашытқылар рибофлавиннің, актиномицеттердің В12-витаминінің бактерияларын каротиноидтың жоғарғы көзі ретінде пайда-ланады, көбінесе В1-витаминін, эргостеринді, D2 -витаминін, витамнінің өндірістік цикліндегі сірке қышқылының бактериялары сорбитті синтезге қабілеттілігін арттырады. Бұрынғы СССР-де В2-витаминінің азық өндірісінің препараты (Еrеотоthесhіит аshbуіі), В12-витаминінің медициналық

106

және азықтық препараты (пропион қышқылы және метан бактериясы), β-каротиннің (Віаkеslеа trisроrа, каротин генді ашытқылар) эргостериннің (ашытқы) азықтық өндірісі құрылды. Микроорганизмдерді витаминдердің жеке этап синтезін жүзеге асыру үшін қолданады, мысалы аскорбин қышқылы жағдайында. Ол көбінесе никотин қышқылында, биотинде, НАД, НАДФ, ФАД кофермент қатарында, коэнзим А-да іске асады.



АТФ, НАДФ, кофермент А, В12 витамині сияқты аралық өнімдерді және витаминдерді алу үшін микроорганизмдердің иммобилизденген клеткаларын қолдану қазіргі уақытта тек лабораториялық жағдайда ғана тексеруден етті.

Дәрумендер(витаминдер)-аз концентрацияда жоғары физиологиялық активтілік көрсететін төменгі молекулалық заттар. Табиғатта дәрумендердің негізгі көзі- өсімдіктер мен микроорганизмдер болып табылады. Қазіргі кезде микробиологиялық жолмен дәрумен В2-ны, А және В дәруменінің алғы заты эргостерин және биотинді тауықтар мен торайлар үшін өндіреді.Дүние жүзінде дәрумендерді 40 фирма өндіреді, олардың 18-АҚШ-та, 8-Жапонияда, 14-Батыс Еуропада орналасқан. Дәрумендерді өндіру көлемі бойынша бірінші орында швейцарлық концерн Ноffman Lа Rосһе,ол барлық жалпы өндірілетін дәрумендердің 50-70 пайызын құрайдьг Биотехнологияның қарқынды дамып келе жатқан бағыты-медициналық биотехнология.

Биологиялық активті заттардың ішіндегі ең қажеттісі, жануар организмінің қалыпты өсіп- өнуі үшін, бірінші орындағы ол- витаминдер екені ерте кезден белгілі.Тағы бір маңыздылығын, оның биохимиялық реакцияларга қатысуымен, көптеген үдерістердің катализаторы бола алу қабілетінің барлығымен, организмнің зат алмасуы мен оның қоршаған ортамен байланысын қамтамасыз ететіндігінен көруге болады.

Микроорганизмдер көптеген түрлі витаминдерден тұрады, көбінесе ферменттердің компанеттері болып табылады. Құрамы мен саны витамин-дердің биомассадағы ол микроорганизм культурасының биологиялық кұрылымына және жағдайлары мен культивированиясына байланысты. Қоректік ашытқылар В витаминіне өте бай болып келеді және мына витаминдерден тұрады (мг/кг):

Тиамин(ВІ) - 15-18

Рибофлавин (В2) - 45-68

Биотин - 1,6-3,0

Инозит - 400-5000

Фолиева қышқылы - 3,4-21,5

Никотин қышқылы - 440-610

Микроорганизм метоболиттері - рибофлавин (1935 ж.) және В12 дәрумені (1948 ж.) алу технологиясы жасалынды. Витамин В2 көптеген ферменттердің структурасына кіреді. Оның жетіспеушілігі салдарынан, бой өсу жедел тежеледі, белоктық алмасу тез бұзылады. В2 витаминінің тәуліктік кажеттілігі құстар үшін 3-4 г (кристалды преппарат) 2 т қоректе, ал шошқа-лар үшін 10-15 мг 100 кг таза массасында. Табиғи жағдайда, рибофлавиннің источниктері болып табылады олар- жоғарғы сатыдағы өсімдіктер, ашытқылар, мицелиальды саңыраукұлақтар мен бактериялар.

107


XX ғасырдың 30 жылдары витаминнің субпродуценті- микроскопиялық саңыраукұлақ- Еrеmоtһесіun аsһbуіі табылған. Оның 1 гр құрғақ культуралық сұйықтықтың 6000 мкг рибофлавин жасайтыны анықталған В2 витаминін алу үшін ашытқылар культурасын, ацетобутилинді бактерияларды лизин продуценті Вrеvіbаktеrіum және т.б. пайдалануга болады.

Микробиологиялық жолмен қоректік препарат алу өндірісі өте қарапайым. Микроорганизм продуценті ретінде- Е. аsһbуіі кеңінен қолданылады. Витамин продуценттері ацетилбутилді бактериялар мүмкін. Мысалы, ацетон өндірісінде кормдық рибофлавин қалдық зат ретінде алынуы мүмкін (көбінесе мал шаруашылығына кажетті ). Витамиң В2, концентраты тұрады 0,3-0,5 пайыз басқа да витаминдерден (В тоб тұрады ( ВІ, В6, В12, никотинамид ), шамамен 20 пайыз белоктық заттардан сонымен қатар, полисахаридтерден, липидтнрден, минералды тұздардан тұрады.

ІҮ. АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ

4.1. Тағамдық қоспалар, олардың жіктелуі

Тағамдық қоспалар технологиялық функциялары бойынша мынадай топтарға бөлінеді:



1. Тамақ өнімдерінің дәмі мен хош иісін жақсартатын тағамдық қоспалар:

тағамдық хош иістендіргіштер, дәмі мен хош иісін күшейткіштер,

модификаторлар, тәтті дәм бергіштер (қантты алмастырғыштар және

интенсивті тәтті дәм бергіштер), тағамдық қышқылдар; қышқылдықты

реттегіштер, қанықтыру газдары.

2. Тамақ өнімдерінің сыртқы түрін жақсартатын тағамдық қоспалар:

тағамдық

қоспалар: бояғыштар, бояуды тұрақтандырғыштар (бекіткіштер)

ағартқыштар, жылтыратқыштар.



3. тамақ өнімдерінің консистенциясын реттейтін тағамдық қоспалар:

эмульгаторлар, тұрақтандырғыштар, қоюлағыштар, қопсытқыштар,

созылмалы ететін агенттер, темір түзуіштер (гель түзуіштер), еріткіш

тұздар (эмульгациялайтын тұздар), көбіктендіргіште, көбікті басушылар

(көбіктенуге қарсы агенттер), толтырғыштар, нығыздалуға қарсы

(түйірленуге қарсы) агенттер.



4. Тамақ өнімдерінің жарамдылық (сақтау) мерзімдерін ұзартуға ықпал ететін

тағамдық қоспалар: консерванттар, қышқылдануға қарсы ететін заттектер,

тығыздағыштар (өсімдік тіндерін тығыздағыштар ылғалды ұстаушы

агенттер, газды орталар.



5. Нан пісіруді жақсартқыштар (ұнды, қамырды, нанды жақсартқыштар).

6. Кешенді тағамдық қоспалар;

7. Тамақ өнімдерін өндіру үдерістерін жылдамдататын және жеңілдететін

технологиялық қосалқы заттар: пісіп жетілуін жылдамдатқыштар

көбіктендіргіштер, көбікті басушылар (көбікке қарсы агенттр)

108


флокулянттар, салқындатушы агенттер, таблеткілейтін кұралдар,

ферментті препараттар ферментер, пропелленттер, катализаторлар,

пайдалы микроорганизмдердің тіршілігіне ықпал ететін заттар, жемістің

қабығын аршуға арналған құрал, кептіргіштер, экстрагенттер,

қопсытқыштар, эмульгациялайтын тұздар, сүзгіден өткізуді

жеңілдететін заттар, тасығыштар, еріткіштер, сұйылтқыштар, капсулдауға

арналған құралдар.

Тағамдық қоспалардың анықтамалары мен түсініктемелері

1. ағартқыш - тамақ өнімдерінің керек емес бояуын кетіруге, сондай-ақ

кейбір өнімдердің ақ түсін күшейтуге арналған тағамдық қоспа;

2. бояуды тұрақтандырғыш (бекіткіш) - тамақ өнімдерінің бояуын сақтауға

арналған тағамдық қоспа;

3. газды орта - тамақ өнімдерін орау және сақтау кезінде пайдалануға

арналған азот және инертті газдар;

4. дәмін және (немесе) хош иісін күшейткіш (модификатор) - тамақ

өнімдерінің дәмін және (немесе) хош иісін күшейтуге арналған тағамдық

қоспа;


5. дәмін хош иістендіретін жасанды зат - химиялық синтездеу әдістерімен

алынған, алайда өсімдік немесе жануарлар тектес шикізатта

сәйкестендірілмеген дәмін хош иістендіретін зат;

6. дәмін хош иістендіретін зат - тағамдық дәмін хош иістендіргіштерді

өндіруге арналған өзіне тән иісі бар органикалық зат;

7. жасанды хош иістендіргіш - хош иістендіргіштің құрамы хош иістендіргіш

бір немесе бірнеше заттардан тұратын, сондай-ақ табиғи және дәмі

табиғиға ұқсас хош иісті заттардан тұруы мүмкін хош иістендіргіштер;

8. жылтыратқыш - тамақ өнімдерінің үстіне оны жылтырату және (немесе)

қорғаныш қабатын жасауға арналған тағамдық қоспа;

9. қантты алмастырғыш - тамақ өнімдеріне тәтті дәм беруге арналған, қант

тәттілігіне қарағанда екі бірліктен төмен коэффициенті бар тағамдық

қоспалар және тәттілендіргішке қарағанда өнімде тәтті заттың ғана емес,

сонымен қатар толтырғыштың да қызметін орындайды;

10.қанықтыру газы - өнімдердің жалпы көлемін ұлғайтуға, сондай-ақ

технологиялық үдерістерді жеделдетуге арналған технологиялық қосалқы

зат;

11.катализатор - химиялық реакцияларды жеделдетуге арналған



технологиялық қосалқы зат;

12.кешенді жақсартқыш (нан пісіру, макаронды) - қамырдың қасиеттерін

және дайын ұн өнімдерінің сапасын жақсарту мақсатында нан пісіру

өндірістерінде технологиялық үдерістерді реттеуге арналған

технологиялық қосалқы зат;

1З.кешенді тағамдық қоспа - құрамына азық-түлік шикізатының дәстүрлі

түрлері, тамақтың қарапайым компоненттері болып табылатын заттар,

сондай-ақ Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген заттар

енетін, тауарлық өнім ретінде жасалған қоспалар құрамы;

109


14.консервант - тамақ өнімдерінің жарамдылық (сақтау) мерзімдерін ұзартуға

және оларды микробиологиялық бұзылудан қорғауға арналған тағамдық

қоспа;

15.көбіктендіргіш - газ тузу фазасының тең диффузиясын қамтамасыз етуге



арналған тағамдық қоспа немесе көбікті ұлғайтуға, сондай-ақ өнімнің

өзіне тән құрылымын қалыптастыруға арналган техникалық қосалқы зат;

І6.көбік басушы - тамақ өнімдерін өндіру үдерістерінде көбік түзілуді

азайтуға арналған көп функциялы тағамдық қоспа;

17.көбікті тұрақтандырғыш - көбіктің тұрақтылығын арттыруға арналға көп

функциялы тағамдық қоспа;

18. қопсытқыш - газ түзу есебінен қамырдың көлемін ұлғайтуға арналған

тағамдық қоспа;

19.қоюландырғыш - тамақ өнімдерінің созылмалығын арттыруға арналған

тағамдық қоспа;

20.қышқылдануға қарсы заттек - тамақ өнімдерінің құрамындағы майдың

тотығу үдерістерін баяулатуға арналған тағамдық қоспа;

21.қышқылдықты реттегіштер - тамақ өнімдерінің рН өзгертуге немесе

реттеуге арналған және қышқылдар, негіздер және (немесе) тұздар

табылатын тағамдық қоспа;

22.нығыздағыштар (өсімдік тіндері) - тамақ өнімдерінің құрылымы мен

сыртқы түрін жақсартуға, сондай-ақ олардың тағамдық құндылығын

сақтауға арналған тағамдық қоспа;

23.нығыздалуға қарсы агент (түйірленуге қарсы агент) – ұнтақ тәрізді

өнімдердің нығыздалу (түйірлену) әсерін азайтуға арналған тағамдық

қоспа;

24.органикалық емес бояғыш - табиғи және (немесе) химиялық жолмен



алынған органикалық емес заттар немесе олардың қоспасы

табылатын тағамдық қоспа;

25.пісіп жетілуді жылдамдатқыш - тамақ өнімдерін өндірудің технологиялық

үдерістерін жылдамдатуға арналған тағамдық қоспа;

26.пропеллент - тамақ өнімін ыдыстан шығаруға арналған құрамында оттегі

жоқ технологиялық қосалқы құрал;

27.салқындық агент - өнімнің және (немесе) қоршаған ортаның

температурасын төмендетуге арналған технологиялық қосалқы кұрал; 28.синтетикалық бояғыш - жеке органикалық бояуыш заттар немесе

химиялық жолмен алынған олардың қоспасы болып табылатын тағамдық

қоспа;


29.табиғи бояғыш - физикалық және миркобиологиялық әдістердің

көмегімен, сондай-ақ сахарозаны термиялық карамелдеу тәсілімен, соның

ішінде тиісті химиялық реагенттерді пайдалана отырып, өсімдік немесе

жануарлар тектес шикізаттан алынған органикалық бояғыш пен оның

ілеспе

заттарының қоспасы болып табылатын тағамдық қоспа;



30.дәмін хош иістендіретін табиғи зат (компонент) - әртүрлі физикалық

және (немесе) биотехнологиялық әсер ету әдістерінің көмегімен өсімдік

немесе

110


жануарлар тектес шикізаттан бөлінген дәмін хош иістендіретін зат немесе

олардың қоспалары;

3І. дәмін хош иістендіретін табиғи тәрізді зат - өсімдік немесе жануарлар

тектес шикізатта сәйкестендірілген және өнімді физикалық-химиялық

әдістердің көмегімен алған дәмін хош иістендіретін зат;

З2.табиғи тәрізді хош иістендіргіш - дәмін хош иістендіретіннің кұрамында

бір немесе бірнеше табиғиға ұқсас дәмін хош иістендіретін заттар бар,

сондай-ақ табиғи дәмін хош иістендіретін заттар болуы мүмкін хош

иістендіргіш;

ЗЗ.табиғи хош иістендіргіш - кұрамында тек табиғи дәмін хош иістендіретін

заттар бар хош иістендіргіштер;

З4.таблеткілеуге арналған құрал - таблеткілеу үдерісін қарапайымдауға

арналған технологиялық қосалқы құрал;

З5.тағамдық бояғыш - тамақ өнімдеріне рең беруге, күшейтуге, оларды қайта

қалпына келтіруге арналған және жеке органикалық бояуыш

заттар немесе сондай заттардың қоспалары не боялмаған компоненттері

бар

не жоқ пигменттер немесе олардың қосындысы болып табылатын



тағамдық

қоспа;


З6.тағамдық ингредиент - рецептураға сәйкес тамақ өнімінің құрамдас бөлігі;

З7.тағамдық қоспалар - тамақ өнімдеріне олардың биологиялық және

энергетикалық құндылықтарына әсер етпейтін қасиеттер беру мақсатында

тамақ өнімдеріне арнайы қосылған және өздері жеке тамақ өнімдері

ретінде қолданылмайтын табиғи және жасанды заттар мен олардың

қосындылары;

З8.тағамдық қоспалардың қауіпсіздігі - адамның өмірі мен денсаулығына

зиян келтірумен және қауіпті факторларды және келешектегі оның ауыр

деңгейін іске асыру мүмкіндігі үйлесімін есептегенде, тұтынушылардың

заңды мүдделерін бұзумен байланысты тағамдық қоспаларды

әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және

жоюдың


барлық үдерістерінде (сатыларына) жіберілмейтін қатердің болмауы; З9.тағамдық хош иістендіргіш (бұдан әрі - хош иістендіргіш) - тамақ өнімінің

хош иісі мен дәмін жақсартуға арналған және өзіндік дәмін хош

иістендіретін заттар болып табылатын тағамдық қоспа немесе ерітінділер

немесе құрғақ заттектер (толтырғыштар) бар дәмін хош иістендіретін

заттар;

40.тәтті дәм бергіш (қантты алмастырғыштар мен интенсивті тәтті дәм



бергіштердің қоспасы) - тамақ өнімдеріне тәтті дәм беруге арналған

тағамдық қоспа;

111

41.технологиялық (реакциялық) хош иістендіргіш – шикізатты термиялық



және (немесе) ферменттік өңдеу әдісімен алынатын хош иістендіргіш;

42.технологиялық қосалқы заттар - қоспалар болмағанымен, белгілі бір

технологиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін тамақ өнімде кезінде

мақсатқа лайық қолданылатын және технологиялық үдірістің барысында

ішінара немесе толық алынып тасталатын заттар материалдар (жабдықтар

мен ыдыстардан басқа);

43.толықтырғыш (тасушы-толықтырғыш, еріткіш) - негізгі компонентін

азайтуға арналған технологиялық қосалқы зат (су мен ауаны қоспағанда)

44.тұрақтандырғыш (гель тузуші, нығыздағыш, ылғалды ұстайтың агент,

көбікті тұрақтандырғыш) - құрылымдық механикалық кедергінің

араласпайтын екі фазасының бөліну арасында қалыптасу есебінен

диспенсерлік жүйелердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге арналған жеке

химиялық немесе табиғи қоспа және (немесе) олардың қосындысы болып

табылатын тағамдық қоспа;

45.ферментті препарат (ферменттер) - жасушадағы метаболиялық

реакцияларды катализдеуге, тамақ өнімдерін ендірудің технологиялық

үдерістерін жылдамдатуға және (немесе) реттеуге арналған тағамдық

қоспа;


46.флокулянт (ағартқыш, адсорбент) - кейбір қоспаларды тұндыру

үдерістерінің тиімділігін арттыруға арналған технологиялық қосалқы зат;

47.ылғалды ұстаушы агент (гигроскопиялық зат) - тамақ өнімдері суының

белсенділігін реттеуге және оларды кебуден (қатудан) сақтауға тағамдық

қоспа;

48.ыстаушы хош иістендіргіш – дәстүрлі ыстау кезінде тазартылған алынған



дәмін хош иістендіретін заттар пайдаланылған хош иістендіргіш;

49.эмулыатор - тамақ өнімдерін өндіру кезінде екі немесе одан араласпайтын

біртекті қоспаны сақтауға арналған және араласпай фазаның бөліну

арасында дифильді табиғи және өздеріне тән, белсенді қасиеттері бар жеке

химиялық және табиғи заттар табылатын тағамдық қоспа.


жүктеу 2,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау