Оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен ұсынылған, №5 хаттама, 12 қаңтар 2012 ж



жүктеу 1,4 Mb.
Pdf просмотр
бет48/61
Дата29.12.2019
өлшемі1,4 Mb.
#25395
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   61

 
146 
4. Сабақта техника қауіпсіздігінің сақталуы. 
VІІІ. Сабақтағы психологиялық ортаға талдау. 
 
Білімді пысықтау мен бақылауға арналған сұрақтар: 
1. 
Физика сабағын талдаудың қажеттілігі неде? 
2. 
Сабақты талдаудың әдістерін сипаттаңыз. 
3. 
Мұғалімнің сабақты өзіндік талдауының жоспары 
қандай? 
4. 
Инновациялық 
сабақты 
талдаудың 
бағыттарын 
көрсетіңіз? 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ІХ тарау 
ОҚ ЫТУ НӘТИЖЕСІН БАҒ АЛАУ  
МЕН ТЕКСЕРУДІ Ұ ЙЫМДАСТЫРУ 
 
9.1. Оқушылардың білімдерін, іскерліктерімен  
мен дағдыларын тексерудің мақсаты мен маңызы 
1.  Оқушылардың  білімдерін,  іскерліктерін,  дағдыларын 
тексерудің маңызы мен мақсаты          
 2.  Оқушылардың  білімдерін,  іскерліктерін,  дағдыларын 
тексерудің түрлері 
 Оқыту  процесінде  мұғалім  жағынан  оқушылардың  таным-
дық  іс-әрекетін  мақсатты  басқару  жүзеге  асырылады. Осы  про-
цестің  маңызды  звеноларының  бірі  оқушылардың  жетістіктерін 
тексеру  болып  табылады.  Ол  оқушыларда  қалыптасқан  білімдер 


 
147 
мен  шеберліктердің   деңгейін,  олардың  Мемлекеттік  білім 
стандарттар талаптарына сәйкестігін анықтауға мүмкіндік береді. 
Оқу  материалын  оқушылардың  меңгеру  сапасын  тексергеннен 
кейін  объективті  бейнесін  алғаннан  соң,  мұғалім  одан  арғы 
оқытуды  жоспарлағанда,  оқушылардың  білімдеріндегі  кемістікті 
уақытылы түзетуге тиісті.  
Білімдер  мен  іскерліктерді  тексеру   оқушыларда  танымдық 
қабілеттердің:  қабылдаудың,  назардың,  есте  сақтаудың,  ойлау-
дың, сөйлеудің дамуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, білім-
дер мен іскерліктерді тексеру белгілі бір тәрбиелік функцияны да 
орындайды.  Ол  оқушыларды  тәртіпті  сақтауға,  оларды  жүйелі 
түрде  жұмыс  істеуге  үйретеді,  өз  жұмысы  үшін  жауапкершілік 
сезімін  дамытады.  Білімді  тексеру  жеке  адамның  қиындақтарды 
жеңудегі  табандылықты,  ерік  пен  жігерліктің  қалыптасуына 
ықпал етеді. 
Оқушылардың  білімдерін,  іскерліктерін,  дағдыларын  тексе-
рудің атқаратын функцияларын 3-кестеден көруге болады:   
 
 
 
 
 
 
Кесте 16. 
Дидактикалық 
функциялар 
Әдістік функциялар 
Тексеру 
Оқушыда бар білімнің деңгейін анықтау  
Білімді практикада қолдану іскерлігін анықтау 
Оқу  және  іскерлік  дағдыларының  бар  екендігін  және 
оның қалыптасу деңгейін анықтау 
Білімділік 
дамытушылық 
Оқушылардың  логикалық  ойлау,  есте  сақтау  қабілет-
терін, тілін дамыту 
Ақыл-ойды дамыту 
Білімнің тереңдігін, саналы түрде меңгерілуін, беріктігін 
тексеру  
Білімді  практикада  қолдану,  қолдана  білудің  деңгейін 
анықтау 
Оқушылардың  жіберген  қателіктерін  анықтап,  талдап 
оны түзету 
Білімді бекіту 


 
148 
Бағдар беру 
Тексеру  функциясында  анықталынған  оқытудың  мақ-
саттарына жету 
Оқыту  мен  тексеру  функцияларында  көрсетілген  мақ-
саттарға  әр  оқушының  және  бүкіл  сынып  оқушылары-
ның жетуі 
Тәрбие беру 
Оқушыларды еңбек сүйгіштікке, алдына қойған мақсат-
тарға  жету,  адамгершілікке,  шыншылдыққа  т.б.  тәр-
биелеу 
Әр  оқу  пәнінің  ерекшелігіне  сәйкес  еңбек  мәдениетіне 
тәрбиелеу  
Ұйымдарда  және  жалпы  қоғамда  өздерін  мәдениетті 
ұстауға үйрету  
Еңбекке баулу   
Кәсіби бағдар беру. 
 
Сабақ  мақсатына  орай  тексеруді  жүргізудің  әртүрлі  фор-
малары мен құралдары қолданылуы мүмкін.  
Оқушылардың  білімдерін,  іскерліктерін,  дағдыларын  тексе-
рудің түрлері: 
 
 
 
 
 
 
Сұлба 18. 
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
   
  
  
Жазбаша 
тексеру 
 
Оқушылардың физикадан 
жетістіктерін тексеру әдістері 
 
Ауызша 
тексеру 
 
Практикалық  
іскерліктерін тексеру 
 
Фронтальды 
 
жеке 
 
Бақылау 
жұмысы 
Физикалық 
диктант 
 
Шығарма және 
рефераттар 
 
Жеке 
лабораториялық 
жұмыс 
 
Фронтальды 
лаборатория- 
лық жұмыс 
 
Физикалық 
практикум 
 
тест 


 
149 
Қазіргі уақытта тексерудің дәстүрлі әдістерінен басқа тестілік 
тапсырмалар бойынша тексерулер кең таралуда. 
Тестілер  оқушылардың  білім  деңгейлерін  сапалы  өлшеуге 
мүмкіндік  береді,  өйткені  мұндай  жағдайда  тексерудің  қажетті 
дәлдігі  мен  объективтілігі  қамтамасыз  етіледі.  Құрылымы  жағы-
нан тесттерді еркін жауап беру мен жауап беруді таңдауы бойын-
ша  айырып  біледі.  Бірінші  типтегі  тест  тапсырмалары  оқушылар-
дан  өзбетімен  сұраққа  қысқа  жауап  тұжырымдауды  талап  етеді. 
Екінші  типтегі  тест  жауап  жиынтығы  бар  сұрақтардан  тұрады, 
жауаптардың  ішінен  оқушылар  дұрыс  әрі  толық  жауапты  таңдай-
ды.  Қазіргі  уақытта  арнайы  бақылау  бағдарламалар  жасалған,  ол 
компьютердің  көмегімен  тест  түріндегі  тапсырмаларды  қолдану 
арқылы оқушылардың білімін біршама жылдам тексеріп, сол арада 
оқушылар мен мұғалімге тестілеу нәтижесі туралы ақпарат береді. 
 
 
9.2. Оқушылардың оқу жетістіктерін  
тексерудің әдістері  
 Оқушылардың  білімі  мен  іскерліктерін  тексеру  барлық  оқу 
процесімен байланысты болса және нақты бір жүйеде жүргізілсе 
ғана  өз  функцияларын  толық  орындайды.  Сондықтан  оқушы-
ардың  білімдері  мен  шеберліктерін  тексеру  жоспарлануы  қажет 
және ол нақты бір жүйені құрайды. 
Күнтізбелік-тақырыптық  жоспарды  құра  отырып,  мұғалім 
онда  тексерудің  орны  мен  әдісін  қарастырады,  қандай  білімдер 
мен  іскерліктері  тексерілуі  керек  екендігін  анықтайды.  Ол  үшін 
тақырыпқа  құрылымдық  және  мазмұнды  талдау  жүргізіліп  және 
белгілі  бір  оқыту  кезеңінде  оқушылармен  игерілуі  керек  білім 
элементтері және қалыптасуға тиіс іскерліктері ерекшеленеді. 
Оқушылардың  білімдері  мен  ебдейліктерін  тексеру  мен 
бағалау  оқу  процесінің  әртүрлі  кезеңдерінде  жүргізіледі.  Дидак-
тикада  тексерулер  алдын-ала,  ағымдағы,  мерзімдік  және 
қортынды тексерулер болып бөлінеді. 
Алдын-ала  тексеру  жаңа  материалды  түсіндіру  алдында 
оқушылар  білімдерінің  бастапқы  деңгейін  анықтау  мақсатында 
жүргізіледі. Ағымдағы тексеру оқу материалын игерудің  барлық 
кезеңдерінде  жүзеге  асырылады.  Мерзімдік  тексеру  тақырыпты, 
физика  курсының  тарауын  өтіп  болғаннан  соң  немесе  оқу 
тоқсанының  аяғында  жүргізіледі.  Қортынды  тексеру  курсты 


жүктеу 1,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау