Оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен ұсынылған, №5 хаттама, 12 қаңтар 2012 ж



жүктеу 1,4 Mb.
Pdf просмотр
бет56/61
Дата29.12.2019
өлшемі1,4 Mb.
#25395
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61

 
172 
2) "Берілген сұйықтың тығыздығын ареометрдің жәрдемімен 
анықтаңыз". 
3) "Физика кабинетіндегі электр қоңыраудың істейтін моделі 
гальваникалық  элемент,  кілт,  сымдар  берілген,  Электрқоңырау 
бір  ақ  рет  шылдырауы  үшін  электр  тізбекті  қалай  қосу  керек? 
Оның сұлбасын сызып көрсетіңіз" 
Қызықты  физикалық  есептер  көп  кездеспейді.  Оған 
мынадай есеп мысал бола алады: 
"Болат  стерженнің  екі  ұшын  да  бірдей  магниттік  полюске 
магниттеуге болады ма? Егер болса, калай? Егер болмаса, неге?" 
Шығармашылық  есептердің  ерекшелігі  зерттеуішлік 
("Неге?"  деген  сұраққа  жауап  беретін)  және  конструкторлық 
("Қалай  істеу  керек?"  деген  сұраққа  жауап  іздейтін)  есептер 
болыл екі түрге бөлінеді. 
Өндірістік-техникалық  (политехникалық)  мазмұнды  есеп-
тер физика сабақтарында көп шығарылады. Бір мысал: 
"Шахтаға  массасы  280  кг  лифт  бірқалыпты  үдемелі  қозға-
лыспен  түсірілді.  Ол  10  с  ішінде  35  м  тереңдікке  түседі.  Лифт 
канатының керілуін табыңыз." 
Бұл  есептердің  2-3  түрі  бір  есепте  бірігіп  келсе,  оны  аралас 
(біріктірілген) кешенді есеп деп атайды, олар көп кездеседі. 
Барлық  физикалық  есептер  берілу  шарты  бойынша  текстік, 
эксперименттік, графиктік, сурет-есеп сияқты салаларға бөлінеді. 
Дидактикалық,  мақсатта  олар  қарапайым,  жаттығу,  күрделі  (бі-
ріктірілген) есептер болып саналады.  Карапайым(оңай) есептер 
2  формула  мен  заңдылықтарды,  жеңіл  экспериментті  пайдалану 
арқылы  шығарылады.  Жаттығу  есептері  көбінесе  жаңа 
материалды  бекітуде  сұрақ  ретінде  шамасы  10  Н  күш  әсер 
еткенде дене 0,2 м/с
2
 үдеу алады. Дененің массасын анықтаңыз."). 
Ал  "қиын"  (күрделі)  есептерді  шығаруда  бірнеше  бөлімдердің 
заңдары мен  формулалары, қорытындылары мен эксперименттік 
дағдылары пайдаланылады. 
Есепті  шығаруға  қажетті  мәліметтерді  гра-
фикті  талдаудан  алатын  болсақ,  ондай  есептерді 
графиктік  есептер  деп  атаймыз.  Мысалы: 
"Графиктеріне  қарап  қозғалыс  түрлерін  анықта"  
(2-сурет). 
 
      2-сурет  


 
173 
 
 
11.2. Физика есептерін шығарудың тәсілдері  
мен әдістемесі 
Физикалық  есептерді  шығару  тәсілдерінің  мынадай  түрлері 
кездеседі: 
1.  Арифметикалық  тәсілде  есептер  математикалық  теңдеу-
лер құрылмай, арифметикалық амалдардың жәрдемімен, сұрақтар 
қою  арқылы  шығарылады.  Бұл  тәсіл,  мысалы  жылу  мөлшерін 
анықтауда көп қолдапылады. 
2.  Алгебралық  тәсіл  физикалық  формулалардың  негізінде 
математикалық  теңдеулер  құру  арқылы  есептер  шығарғанда 
қолданылады.  Мұндай  есептер  физиканың  әр  тарауында  көп. 
Күрделі, қиын есептердің көбісі осы тәсілмен шығарылады. 
3.  Геометриалық тәсіл физикалық есептерді шығаруда фигу-
ралардың  геометриялық  және  тригонометриялық  қасиеттерін 
қолдану  қажет  болған  жағдайда  пайдаланылады.  Мұндай  тәсіл 
кинематика,  статика,  электростатика,  фотометрия,  геометриялық 
оптика тарауларына есептер шығаруда көп қолданылады. 
1.  Графитік  тәсіл  арқылы  есептер  шығарылғанда,  олардың 
жауаптары, түрлі графиктерді талдау негізінде алынады. 
Негізінен  физикалық  шамалардың  арасындағы  тәуелділікті 
сипаттайтын  графиктерді  зерттеуді  талап  ететін  есептер 
графиктік  есептер  болып  табылады.  Кейбір  есептерде  график 
есептің  шартында  берілсе,  кейбір  есептерде  оларды  салуды 
көздейді.  Есептің  шарты  график  арқылы  берілсе,  оқушылардың 
оқу  танымдық  әрекеті  графикті  «оқудан»тұрады.  Яғни  есептің 
талабын орындау үшін қажетті физикалық шамалардың мәндерін 
графиктен алады.  
Егер  график  есептерді  шығарудың  әдісі  болса,  онда  оқушы 
оны салады. 
Оқушыларда  графиктік  есептерді  шығару  қалыптасса,  онда 
мектептегі  физика  курсының  басқа  тарауларында  (динамика, 
термодинамика,  электр  тогы)  графиктік  әдісті  қолданып  есеп 
шығару  оқушыларға  қиындық  туғызбайды.  Себебі  мұндай 
есептерді шығарудың ортақ жалпы әдістері бірдей. 
Кинематика  тарауында  қозғалыстағы  дененің  орташа 
жылдамдығын анықтауды қажет ететін есептердің түрлері бар. 


 
174 
υ,м/с                
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
                Орташа  жылдамдықты  табу 
үшін  дененің  жүрген  жолы  қажет.  Оны 
жылдамдықтың 
уақытқа 
тәуелділігін 
сипаттайтын графиктен  
табады. 
t, с  Графиктен дененің жүрген жолы тәуелділік-  
t
1
          t
2              
ті сипаттайтын сызық пен уақыт осімен  шектел- 
         3-сурет        ген фигураның ауданына тең болады.   
 Мысалы:  есептің  шартында  3-суретте  жылдамдықтың  t  уақытқа 
тәуелділігін көрсетілгін график берілген.  
Орташа  жылдамдықты  табу  үшін  дененің  жүрген  жолын 
табамыз.  Оны  анықтаудың  екі  тәсілі  бар:  аналитикалық  және 
графиктік. 
Аналитикалық  тәсіл  бойынша:  1)  0  мен    t
1
  аралығында  қоз-
ғалыс  бірқалыпты  үдемелі  болғандықтан,  үдемелі  қозғалыстың 
формуласы  арқылы  S
1
-ді  анықтап  алады.  2)  t
1
мен  t
2
  аралығынад 
қозғалыс бірқалыпты S
2
-ні анықтайды. 3) S
=
 S
1
+S
2
табады. 
Графиктік  тәсіл  бойынша:  дененің  жүрген  жолы  тәуел-
ділікті  сипаттайтын  сызық  пен  уақыт  осімен  шектелген 
фигураның (трапеция) ауданы арқылы анықтайды. 
Бұл есептен оқушы гафиктік тәсіл тиімді екенін көреді.   
2.  Эксперименттік  тәсіл  бойынша  есептер  эксперимент 
жүргізудің негізінде шешіледі. 
3.  Аналитикалық  тәсілде  есептің  мазмұны  жеке  қарапайым 
элементтерге  жіктеліп,  жан-жақты  талданып,  соның  негізінде 
табуға  қажетті  шаманы  бірден  анықтаудың  зандылықтары 
қарастырылады (жалпыдан жекеге көшу). Яғни есептің жауабына 
қатысты  формуланы  бірден  тауып  аламыз  да,  оған  берілген 
мәндерді  қойып  есептейміз.  Мұндай  тәсілді  сыныптағы 
оқушылардың  білім  дәрежесі  (логикалық  ойлауы  мен 
математикалық  ебдейлігі)  жоғары  болған  жағдайда  қолдану 
тиімді, әйтпесе, күрделі физикалық құбылыстарды дұрыс талдап, 
оған  қатысты  формулаларды  түрлендіріп,  керекті  ең  соңғы 
теңдеуді шығарып алу балаларға қиынға соғады. 
4. Синтетикалық 
тәсілмен  (жекеден  жалпыға  көшу) 
шығарғанда,  есептің  берілгендері  бойынша  қандай  шамаларды 
алдымен  табуға  болса,  соны  ретімен  анықтап,  ең  ақырында  ғана 


жүктеу 1,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау