137
оқытылатын пәндер үшін 34 сабақ жоспарланады, егер аптасына
екі сағат оқытылатын пән болса 68 сағат жоспарланады т.т.с.
7.2. Мұғалімнің сабаққа әзірлігі
Мұғалімнің кәсіби қызметіндегі басты және жауапты кезең-
нің бірі – оның әр сабаққа әзірлігі. Сабақтың көздейтін мақсатына
жетіп, орындалуы мұғалімнің оған әзірлігіне байланысты.
Сабақ құрылымы дидактикалық, логико-психологиялық,
әдістемелік деңгейлерде қарасытрылады.
Әр типті әр түрлі сабақтардың құрылымы да әр түрлі болады.
Типті бір түрдегі, бір дидактикалық мақсатты көздейтін сабақтың
құрылымы әр түрлі болуы мүмкін Оқушылардың әзірлік деңгейі,
сыныптың психологиялық күйі, оқу кестесіндегі сабақтың орны
(оқушылардың ақыл-ойына, қызметінің деңгейіне, жұмыс істеу
қабілетіне т.б.) әсер етеді.
І. Мұғалімнің сабаққа әзірленудегі есте ұстайтын ережелер:
1) сабақ мақсатын анықтау: білімділік (жаңа физикалық
білімдерді қалыптасытыру, практикалық біліктер мен дағды-
ларды қалыптастыру), тәрбиелік (дүниетанымдық көзқарасын
қалыптастыру, политехникалық, эстетикалық және адамгершілік
тәрбие беру т.б.), дамытушылық (проблеманы өз беттерімен
шешуді үйрету, ақыл-ой қызметін ұйымдастыру т.б.)
2) оқу материалының мазмұнын дайындау, яғни көлемін
анықтау, оқушылардың мүмкіндіктеріне байланысты оның
қиындығын анықтау, өткен материалмен байланысын анықтау,
оқушыларға берілетін тапсырмалар жүйесін анықтау.
3) көрнекілік
әзірлеу
4) оқушылардың әзірлік деңгейлері мен оқу материалының
мазмұнына байланысты сабақ мақсатына сәйкес оны өткізудің
әдістері мен оларды жүзеге асырудың жолдарын таңдап алу.
5) сабақтың мақсатына, мазмұнына, оқыту әдістеріне
байланысты сабақтың құрылымын анықтау.
Сабаққа әзірлікті мұғалім әуелі сабақтың мақсатын анық-
таудан бастайды. Әр сабақта бір ғана мақсат емес бірнеше мақсат
шешімін жүзеге асуы мүмкін. Мысалға, оқушыларға білікті
қалыптастыру оларда білімді тереңірек меңгертіп оны бекітуге
әсер етеді, ал білімді қалыптастыру оқушының ойлау қабілетін
дамытуға байланысты. Дегенмен мұғалім әр сабақтың алдында
139
Оқушылардың жеке бастарының ерекшеліктерін ескеріп, ба-
қылау жұмысын немесе жеке жұмыстық тапсырмаларды дайын-
дайды. Үй тапсырмасын да алдын-ала ойлауға тиісті, яғни барлық
оқушыларға, жеке оқушыларға беретін тапсырмалар болады.
(Мысалы, жоғары деңгейде есепті шығару, үй тәжірибелерін
жасау немесе әр түрлі ақпарат әзірлеу, т.б.).
Осындай әзірлік жұмыстарынан кейін мұғалім сабақ
жоспарын құрайды.
Сабақты жоспарлау мақсаты – сабақ алдына қойған мақ-
саттарды шешу үшін сыныпта қарастыратын оқу материалының
ерекшеліктерін ескеріп қана қоймай, сонымен қатар сол сынып
оқушыларының қабілеттерін, қызығушылығын, әзірлік деңгей-
лерін, мектептің материалының базасы ескеріп, оқыту үрдісін
ұйымдастырып, бүкіл әзірлікті бір жүйеге келтіру.
Сабақ жоспары келесі элементтерден тұруы керек
- сабақтың тақырыбы мен міндеттері;
- әрқайсысының уақыты көрсетілген
сабақ кезеңдері;
- білімді тексерудің
әдістері мен мазмұны;
- жаңа материалды оқытудың жүйелілігі мен әдістері;
- қажетті мәліметтері бар көрсетілім тізбесі.
Әрбір сабаққа жоспар бөлек құрылады, кейде бір тақырыпты
екі топқа немесе қатар сыныптарға оқытқанда, әр сыныптың
ерекшеліктеріне сәйкесті ескертпелер қатерге алынады. Мұндай
жағдайда ескертпелер сабақ жоспарының соңына, яғни, сабақтың
барысынан кейін жазылады.
Сабақ жоспары көрсетілетін конспектіде көрсетілуге тиісті :
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты:
білімділік,
дамытушылық,
тәрбиелік
Сабақтың түрі
Сабақтың типі
Сабақта қолданылатын әдіс, тәсілдер
Сабақтың көрнекілігі
Пәнаралық
байланысы
Пайдаланған әдебиеттер(қосымша)
Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру бөлімі