Оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен ұсынылған, №5 хаттама, 12 қаңтар 2012 ж



жүктеу 1,4 Mb.
Pdf просмотр
бет50/61
Дата29.12.2019
өлшемі1,4 Mb.
#25395
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   61

 
153 
- сынып оқушыларының жалпы дайындығы; 
- білім мен іскрлікті шығаратын әртүрлі әдіс-тәсілдер; 
- тексерулерді өткізудің жилігі; 
- бағаға сәйкес келетін тапсырмаларды өздігінен орындау; 
- негізгі оқу материалының толық қамтылуын тексеру; 
- бағаның мөлшері мен критерийлерін жасақтау; 
-  оқушылардың  нақты  жұмысын  бағалау  бойынша,  баға 
мөлшерін сауатты қолдану. 
Үйде  және  сабақта  бағалауға  оқу  қызметінің  негізгі  түрлері 
жатады:  ауызша  жауаптар,  жазбаша  жұмыстар,  схема  мен 
графиктерді  салу  мен  оқу,  зертханалық  жұмыстарды  орындау, 
физикалық  машық  жұмыстары,  оқулықпен  жұмыс,  қосымша 
әдебиет  пен  басқа  да  білім  көздерімен  жұмыс,  баяндамаларды 
дайындау мен қорғау, физикалық құралдарды жасау т. б. 
Жазбаша  және  ауызша  жауаптарды  жауаптың  дұрысты-
лығын ескеру қажет, оның толықтығы (негізінен барлығын қоса), 
түсіндірудің  логикасы,  тұжырымдаманы  дәлелделуі,  өз  сөзімен 
жеткізе  білуі,  оқу  материалынан  негізгіні  таңдауы,  жауапты 
техника,  табиғат  және  тұрмыстағы  мысалдармен  дәлелдеуі, 
тапсырмаларды  өзі  орындауы,  дұрыс  қорытынды  шығара  білуі, 
жинақтап  қорыта  білуі,  салыстыру  мен  талдау  жасай  білуі, 
сондай-ақ сөйлеу мәдениеті.  
Зертханалық жұмыстарды бағалау кезінде жұмысты орындау 
жоспарын  құруды  білу  ескеріледі,  эксперимент  өткізуге 
зертханалық  орнатуды  дайындау,  зертханалық  құралдарды, 
өлшеу приборларын және эксперимент үшін қажетті құралдарды 
қолдана  білу,  теориялық  білімдерді  машықта  қолдану, 
зертханалық жұмыстарды орындаудағы тиімді әдісті таңдай білу. 
Тоқсанға  және  жарты  жылдыққа  баға  шығару  кезінде, 
тоқсанның  (жарты  жылдық)  «орта  арифметикалық  бағасынан» 
емес,  қорытынды  баға  шығару  кезіндегі  оқушының  нақты  сол 
кездегі  білім  мен  іскерлігін  бағалау  керек.  Егер  оқушы  тоқсан 
аяғында  барлық  тақырып  бойынша  сұралған  болса  және  барлық 
материал  бойынша  жақсы  білім  көрсетсе,  бұдан  бұрын  алынған 
бағалар  қорытындыға  әсерін  тигізбеуі  керек,  себебі  бұл  уақытқа 
дейін  оның  білімі  өзгерді.  Егер  оқушының  жауабы  әлсіз  болса, 
бұдан бұрынғы жақсы бағаларға қарамастан, осыған сәйкес оған 
жақсы  қорытынды  баға  қойылмайды.  Мұндай  бағалау 
оқушылардың  оқуға  деген  ынтасын  көтереді,  әсіресе  қайталау 


 
154 
мен жинақтау кезінде. Ағымдағы бағалар мен қорытынды бағалар 
бірдей  еместігін  ескерген  жөн.  Мысалы,  барлық  тақырып 
бойынша  жазбаша  жұмыс  немесе  қорытынды  сұраудағы 
бағалардың,  ағымдағы  сұрауға  қарағанда  үлкен  мәні  бар,  себебі 
«5»  деген  баға  ағымдағы  сұрауда  қайта  жеткізудің  деңгейіне 
немесе 
үлгі 
бойынша 
білімдерін 
(мысалы, 
жаттығу 
тапсырмаларын орындау кезінде) қолдану үшін қойылуы мүмкін. 
Ал қорытынды сұрауда (ауызша немесе жазбаша) «5» деген баға 
тек  қайта  жеткізудің  толық  білім  деңгейі  емес,  оларды 
өзгертілген немесе жаңа жағдайларда қолдана білуді талап етеді. 
Тоқсан,  жартыжылдық  бағаларды,  жылдық  бағаларды  шығару 
кезінде,  барлық  кезеңдегі  оқушылар  жұмысын  мұғалімнің 
қадағалау қорытындысын ескеру қажет. 
Оқушылардың  жауаптарын  бағалау  кезінде  барлық  қателер 
(дөрекі  және  дөрекі  емес)  мен  ескермеушіліктер  анықтай  білу 
қажет. 
Дөрекі қателерге жататындар: 
-  негізгі  түсініктердің  анықтамаларын  білмеу,  заңдар, 
ережелер, негізгі теорияларды, формулаларды білмеу, физикалық 
шамалардың таңбалануын және өлшем бірліктерін білмеу. 
-өлшем бірліктердің атауларын білмеу;
 
- жауабындағы басты мәселені  көрсете алмау; 
-  физикалық  құбылыстарды  түсіндіруде  және  есептер 
шығаруда білімін қолдануды білмеу; 
- жалпылап қорытынды  жасай білмеуі ; 
- графиктерді, сұлбаларды оқуды және оларды сызып салуды 
білмеуі;  
-  зертханалық  жұмысқа  қажетті  құралдарды  жинақтауды, 
тәжірибені  орындауды  және  алынған  мәліметтер  бойынша 
қорытынды жасай білмеуі;  
-  техника  мен  физика  бойынша  анықтамалықтар  мен 
оқулықтарды қолдана білмеу; 
-  физикалық  экспериментті  орындау  кезінде  техникалық 
қауіпсіздікті бұзу; 
-  өлшеуіш  құралдар  мен  зертханалық  құралдарға  ұқыпсыз 
қарау.  
Дөрекі емес қателерге жатады: 
-  ұғымдардың,  теориялардың,  заңдардың,  түсініктердің, 
тұжырымдамалардың анықтамаларында қателік жіберу; 


 
155 
-  шкаланың  құнын  анықтаумен  байланысты  емес,  өлшеуіш 
құралдардаң көрсету мәндерін  дұрыс алмау; 
-  өлшеуіш  құралдармен  жұмыс  істеу  ережелерін  және 
тәжірибенің өткізу жағдайын  ескермеу нәтижесіндегі қателігі; 
-  графиктің  дұрыс  сызылмауы,  сұлбалардағы  шартты 
белгілердің дұрыс белгіленбеуі; 
- есептер шығаруда тиімді әдісті таңдай алмауы; 
-  анықтама  мен  басқа  да  әдебиеттермен  жұмыс  жасауда 
тиімді әдісті қолдана алмауы; 
-  жалпы  түрдегі  есептерді  шешуді  білмеу  (8-10  сынып 
оқушылары үшін). 
Ескермеушілік нәтижесінде жіберілетін қателер: 
- түрлендірулер мен есептеудің тиімді әдісінің болмауы; 
- есеп шығарудағы  арифметикалық  қателер; 
-  графиктерді,  схемаларды,  сызбаларды,  жазуларды  ұқыпсыз 
орындау; 
- орфографиялық және пунктуациялық қателер. 
Ауызша жауаптарды бағалау. 
«5» деген бағасы қойылады, егер оқушы: 
а) қарастырылып жатқан құбылыстың және заңдылықтардың 
физикалық  негізін  түсінсе,  теория  мен  заңдарды  білсе,  оларды 
нақты  мысалдармен  дәлелдей  алса,  жаңа  жағдаятта  және 
практикалық тапсырмаларды орындау кезінде қолдана алса; 
б)  теорияның,  заңның,  негізгі  ұғымдардың,  физикалық 
шамалардың  анықтамаларын  дұрыс  айтып,  олардың  өлшем 
бірліктерін және оларды өлшеу тәсілдерін білсе; 
в)  физикалық  тәжірибелерді  техникалық  тұрғыдан  сауатты 
орындап  шешіміне  сай  графиктер  мен  сұлбаларды  дұрыс  салып, 
қажетті формулаларды дұрыс жазса; 
г)  жауап  берген  кезде  оқулық  мәтінін  толық  қайталамай  тек 
басты  мәселесін  көріп,  біліп  қарастырылып  жатқан  материалды 
бұрын  өткен  материалмен  байланыстырып,  ойын  дұрыс 
тұжырымдай алса; 
д) жауабын қарапайым тәжірибелермен дәлелдей алса;  
е)қарастырылып  жатқан  мәселені  талдап,  өзіндік  қорытын-
дысын жасай білсе; 
ж)  қосымша  әдебиеттермен,  анықтамалықтар,  оқулықтармен 
дұрыс жұмыс жасай білсе. 


жүктеу 1,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау