Оқу -әдістемелік кешен


Әлеуметтанудағы географиялық бағыт



жүктеу 4,22 Mb.
бет21/22
Дата29.05.2018
өлшемі4,22 Mb.
#18245
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Әлеуметтанудағы географиялық бағыт - халықтар мен елдердің дамуында олардың географиялық жағдайы мен қоршаған табиғи орта басты роль атқарады деп есептейтін натуралистік ілімдер.

Фатализм - адамның әрбір ісі мен әрекеті алдын-ала жазмышпен , тағдырмен анықталған деп санайтын көзқарас.

Волюнтаризм - болмыстың жоғары бастамасы ретінде ерікті қарастыратын философиялық ілім. Тұрпайы түсінудің түрі - қоғамдық жүйенің тарихи процесінің жүзеге асуындағы объективті заңдары мойындамайтын, барлығы да адам еркінде деп пайымдау.

Қоғамдық келісім теориясы - адамдардың табиғи жағдайының орнына барлығы қабылдайтын, келісілген билік, яғни саяси ұжым - мемлекеттің пайда болуы жайында концепция. Қоғамдық келісімнің мәні - адамдардың өзара қауіпсіздігі үшін, меншік кепілі және басқа да пайда үшін өздерінің еркімен өз бостандығын шектеуі. Қоғамдық келісім теориясының белгілі өкілдері - Руссо, Гоббс, Кант.

Қоғамдық-экономикалық формация - тарихты материалистік пайымдаудың бастапқы және орталық ұғымы. Бұл - қоғамдағы басым өндірістік қатынастар заңдары бойынша қызметін атқаратын және дамитын қоғамдық тарихи тип, әлеуметтік организм. Бұл ұғым маркстік әлеуметтік философияның шешуші ұғымдарының бірі. Тарихи бес қоғамдық-экономикалық формация орын алады: ол - алғашқы қауым, құл иеленушілік феодализм, капитализм, коммунизм.

Өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар - материалдық өндірістің екі жағын сипаттайтын категориялар. Өндіргіш күштер - материалдық құндылықтарды жасауға қолданылатын, белсенді, өзгертуші факторлар. Бұған еңбек құралдары мен осы құралдарды іске қосатын адамдардың өзі жатады. Өндірістік қатынастар - материалдық өндіріс процесінде адамдар арасында пайда болатын қатынастар.

Базис және қондырғы - қоғамдық-экономикалық формацияның негізгі элементтері. Базис дегеніміз - қоғамдағы билікті және басым экономикалық қатынастардың жиынтығы. Қондырғы дегеніміз - идеялардың (саяси, құқықтық, моральдік, көркемдік, философиялық), мекемелердің және қатынастардың жиынтығы. Жалпы алғанда, қондырғы базиске қызмет етеді, оның дамуына көмектеседі, алайда бұл процесті механикалық және догматикалық емес, диалектикалық тұрғыдан пайымдау қажет.

Мәдениет - адамдардың материалдық және рухани әрекетінің жиынтығы мен нәтижелер жүйесі, және белгілі қоғамның өмір сүру тәсілі.

Өркениет - әдетте мәдениеттің синонимі ретінде қолданылатын ұғым, бірақ оның белгілі даму деңгейін көрсетеді, ең алдымен техникалық дамуды белгілейді. Осы тұрғыдан, мынадай теңеу орынды: техника өркениеттің денесі, тәні, ал мәдениет - оның жаны, рухы.

Саяси жүйе - билік жөніндегі қоғамдағы қатынастарды реттейтін идеялар, мекемелер, ұйымдар, сонымен қатар нормалар жүйесі. Саяси жүйенің басты элементі - мемлекет. Саяси жүйенің пайда болу, өмір сүру және даму ерекшеліктері мен қызмет заңдылықтарын саясаттану ғылымы зерттейді.

Мораль - басты қызметі адамдардың бір біріне, адамның қоғамға қатынастарын ерекше нормалар, құндылықтар, идеялар мен принциптер арқылы реттеуге бағытталған қоғамдық сананың және шындықты рухани меңгерудің формасы. Моральді зерттейтін философиялық ғылым - этика.

Дін - ең жалпы түрде, бұл дүниенің және болмыстың табиғаттан жоғары құдіретті бастамасына сенуге негізделген дүниеге көзқарас пен адамдардың әрекет тәсілінің түрі.

Өнер - ерекшелігі шындықты көркем бейне арқылы тануда және әсемдік заңдылықтары бойынша жүзеге асатын адам әрекетін көрсететін қоғамдық сананың түрі. Эстетикалық сананың көрінісі ретінде өнерді зерттейтін философиялық ғылым - эстетика.

Ғылым - шындықты теориялық бейнелеудің жоғары түрі. Ғылым - арнайы қоғамдық әрекет арқылы алынатын және қолдану бойынша практикалық қоғамдық күшке айналатын, шындықтағы мәнді байланыс туралы объективті динамикалық дамушы білімдер жүйесі.

Қазіргі заманғы глобальді мәселелер - барлық адамзатқа қатысы бар және тек барлық адамзаттың бірігіп шеше алатын мәселелер жүйесі. Бұған демографиялық, экологиялық, азық-түліктік, ішкі заттық, энергетикалық, ядролық соғыс және т.б. жатады.

Мәнжазба тақырыптары:

  1. Қоғам жүйе ретінде.

  2. Қоғамдық дамудың формациялық, өркениеттік және мәдениеттік концепциялары.

  3. Қоғамдық болмыс пен қоғамдық сана диалектикасы.

  4. Қоғам және табиғат: өзара байланыс мәселесі.

  5. Қоғам дамушы жүйе ретінде: эволюция және революция.

  6. Қазақ ағартушылары: А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлихановтың әлеуметтік-философиялық көзқарастары.

  7. Ұлттық даму және ұлттық өзіндік сана.

  8. Қазіргі глобальді мәселелер және оларды шешу жолдары.

  9. Техника философиясы.

  10. Философия және ғылым.

  11. Қазіргі қоғамдығы діннің орны мен ролі.

  12. Мәдениет философиясы.

  13. Қазіргі Қазақстан транзиттік қоғам ретінде: қиындықтар, мәселелер және қайшылықтар.

  14. "Батыс" және "Шығыс" - диалог па әлде өркениеттік қарсылық па?

СӨЖ тақырыптары:

  1. "Қоғам", "социум", "мемлекет" ұғымдарының ара қатынасы.

  2. Қоғамға фаталистік және волюнтаристік көзқарастар.

  3. О.Шпенглердің мәдениет және өркениет туралы ілімі.

  4. А.Тойнбидің дербес өркениеттер туралы концепциясы.

  5. Өркениет туралы әртүрлі философиялық көзқарастар.

  6. Қоғамның эволюциялық және революциялық даму жолдары.

  7. Әлеуметтік прогресс туралы қазіргі философиялық концепциялар.

Тест сұрақтары:

1. Көрсетілген элементтердің қайсысы өндірістік қатынастардың мазмұнын құрайды:

1) әділеттік қатынастар; 2) қаржылық қатынастар; 3) меншіктік қатынастар; 4) тұтыну қатынастары; 5) құқықтық қатынастар;

2. Тарихты материалистік пайымдау принципін кім қалыптастырған:

1) К.Маркс; 2) Г.В.Ф.Гегель; 3) Э.Гуссерль; 4) В.И.Ленин; 5) К.Ясперс;

3. Төменде көрсетілген элементтердің қайсысы қоғамның саяси жүйесіне жатады:

1)мемлекет; 2)отбасы; 3)халық мәдениеті; 4)өнер; 5)мораль;

4. Мораль қоғам өмірінің қай саласына жатады:

1)саяси; 2)экономикалық; 3)демографиялық; 4)әлеуметтік; 5)рухани;

5. Қоғам базисі дегеніміз не?

1)материалды игіліктер өндіру; 2)өндірістік тәсіл; 3)өндіргіш күштер; 4)өндірістік қатынастар жүйесі; 5)мәдени дәстүрлер мен нормалар;

6. Адам әрекеті алдын-ала берілген тағдыр, жазмышпен анықталады деп санайтын көзқарас қалай аталады:

1)волюнтаризм; 2)фатализм; 3)детерминизм; 4)субъективизм; 5)эсхатология.

7. Көрсетілген мәселелердің қайсысы глобальді болып саналады:

1)экологиялық; 2)элементарлық бөлшектер физикасы; 3)әлем құрылымы туралы;

4)Қазақстандағы табиғатты қорғау; 5)тұрақтылықтың математикалық теориясы.

8.Қоғамдық сананың қай түрін этика зерттейді:

1)дін; 2)өнер; 3)саяси сана; 4)ғылым; 5)мораль.

9. Мәдениеттің ақыры туралы идеяны ХХ-ғасырда жариялаған кім:

1)А.Швейцер; 2)О.Шпенглер; 3)А.Шопенгауэр; 4)Л.Шестов; 5) Шри АуробиндоГхоил.

10. Адамға "ойнаушы адам" - деп анықтама берген кім:

1)Аристотель; 2)К.Юнг; 3)Ф.Ницше; 4)Л.Хейзинга; 5)К.Маркс.



Әдебиеттер:

  1. Проблема человека в западной философии – Общая ред. Ю.Н.Попова. М., «Прогресс», 1988.

  2. Г.Скирбек, Н.Гилье. История философии. – М.,Владос, 2001.

  3. П.В.Алексеев. Социальная философия. Учебное пособие – М., «Проспект», 2003.

  4. Философия. Часть первая. История философии. Учебное пособие – М., Юрист, 2001.

  5. Б.М.Марков. Философская антропология. Очерки истории и теории – Санкт-Петербург, 1997.

  6. Л.С.Николаева, С.И.Самыгин, Л.Д.Столяренко. Философия. Экзаменационные ответы для студентов вузов – Ростов-на-Дону, «Феникс», 2002.

  7. Современная западная философия. Словарь – М, 1991.

  8. Философия. Учебник – М, ТОН/ТОНЕ, 1998.

  9. Философский энциклопедический словарь – М,Советская энциклопедия, 1983.

  10. Әлеуметтік философия. Хрестоматия. - Алматы, 1999.

22 тақырып: Философиядағы құндылықтар мәселесі.

Сабақтың мақсаты:

Жас маманның философиялық мәдениетін қалыптастыру.

Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін, алдымен төмендегідей міндеттерді шешу қажет:

Студенттерге құндылықтардың мән жайын және олардың адам, қоғам өмірінде алатын орнын ашып көрсету; Философия тарихында көтерілген құндылық мәселесіне шолу жасай отырып, құндылықтардың философиялық мазмұнын ашу; Студенттердің ғылыми дүниетанымының, тұлғалық мәдениетінің қалыптасуындағы рухани құндылықтардың қызметін түсіндіру;



Студенттерге бүгінгі таңда тәуелсіздікті нығайту жолында, ұлттық құндылықтардың қажеттілік негіздерін, жанжақтылығын айту; Студенттерді құндылықтар философиясы бойынша алған білімдерін, әлеуметтік ортада, зерделі - тәжірибелік жолда жүзеге асыра білуге үйрету.

Семинар сабағының жоспары:

  1. Философиядағы құндылық түсінігі.

  2. Құндылықтар типологиясы.

  3. Құндылық сананың табиғаты, генезисі және статусы.

  4. Философиядағы абсолютті және салыстырмалы жалпы адамзаттық индивидуалды құндылықтар мәселесі.

Бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Құндылық дегеніміз не?

  2. Қоғамдық қатынастар мен құрылымдар жүйесінде құндылықтардың алатын орыны қандай?

  3. Құндылық пен бағалаудың мәні.

  4. Құндылықтар бағдарын қалай түсінесіз?.

  5. Адам өміріндегі құндылықтардың атқаратын рөлі қандай?

  6. Құндылықтар иерархиясын қалай түсінесіз?

  7. Антикалық философияда, құндылық мәселесін философия тұрғысында қарастырған қандай ойшылдар болды ?

  8. Дәстүрлі қоғам дамуындағы ұлттық құндылықтардың ерекшелігі неде?

  9. Материалдық құндылықтар деген ұғымды қалай түсінесіз?

  10. Рухани құндылықтарға не жатады?

  11. Құндылық пен қажеттіліктің адам өміріндегі ажырамас бірлігі неде?

Негізгі ұғымдар:

Аксиология - құндылық жаратылысы туралы, яғни құндылықтардың адам өміріндегі орны мен құрылымын, әлеуметтік - мәдени қызметтерін зерттейтін философиялық ілім.

Құндылық - адамның дүниеге қатынасы мен дүниедегі алатын орнын, қоғамдық қызметінің мәдени ерекшеліктерін түсіндіретін философиялық ұғым.

Құндылықтар - адамның өмірдегі рухани және материалдық қажетіліктерді өтеу жолындағы қалыпты мәндер.

Рухани құндылықтар – адам өмірінің рухани мәнін көрсететін ақыл - парасат, білім және т. б. мақсат болып табылатын игіліктер.

Қайырымдылық - адам мүдделерінің ортақтығын, бірлігін, алға қойған ізгі мұратқа жетуін (соған ұмтылысын ) білдіретін аксиологиялық ұғым.

Бақыт - идеалдылық, шынайылық, игілік секілді рухани және материалдық қажеттіліктердің жүзеге асуы, адамның тұлғалық қасиеттерінің өлшемі.

Игілік- адамның белгілі бір қажеттіліктерінің жүзеге асуын, адамдардың ортақ мүдделеріне, мақсаттары мен ниеттеріне сәйкес келетін нәрселер мен құбылыстарды белгілейтін аксиологиялық ұғым.

Идеалдылық- адамның белгілі мақсатты көздеген іс- әрекетінде пайда болатын обьективттік нақтылықтың субьективтік бейнесі.

Иерархия - тігінен алғанда жеке деңгейлер араларындағы тәртіптілікпен , жүйелілік пен және өзара іс- қимыл мен, байланыстар мен сипатталатын көп қатпарлы күрделі жүйелердің құрылымдық қатынастар типі.

Дәстүр - тарих барысында қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отыратын әдет- ғұрыптар, салт- сана, қоғамдық тәртіп, заң, мұрат пен игілік, мінез құлық қалыптары және т. б. қоғамда, ұлтта немесе жекелеген әлеуметтік топтарда ұзақ уақыт бойы сақталатын әлеуметтік- мәдени мұра құндылықтарының элементтері.

Материалдық құндылықтар - адамның өмір сүруіне қажетті игіліктер ( тұрмыс, материиалдық өндіріс , киім және т. б. ).

Құндылықтар бағдары дегеніміз - адам іс- әрекеттері мен адамдардың қоғамдық ынтымақтастығын нығайту ( оған рухани, ұлттық-дәстүр құндылықтары мен материалдық, саяси құндылықтар бағдарын жатқызуға болады).

Бағалау субьектісі дегеніміз - тұлға, әлеуметтік топ, қоғам.

Мәнжазба тақырыптары:

  1. Құндылық түрлері және олардың иерархиялық баиланысы.

  2. Ақиқат және құндылық.

  3. Тұлғалық қатынастардың, топтық және жалпы адамзаттық құндылықтары.

  4. Адам іс-әрекетін реттеу: нормалар, идеалдар,құндылықтар.

  5. Рухани құндылық адам өмірінің басты мағынасы ретінде.

  6. Ұлттық болмыс және дәстүр құндылықтарының баиланысы.

  7. Экзистенциалдық философиядағы адам және өмір құндылықтары.

  8. ХІХ- ХХ ғ. ғ.Батыс философиясындағы құндылықтар теориясы.

  9. Дәстүр құндылықтарының ұлтық мәдениеттің дамуындағы ролі.

10. Прагматизм философиясындағы құндылық бағдары.

СӨЖ тақырыптары:

  1. Құндылық түсінігі.

  2. Құндылық және бағалау.

  3. Бағалаудың негіздері.

  4. Құндылық түрлері.

  5. Еңбек құндылық ретінде.

  6. Еркіндік - адам өмірінің мәні және құндылығы.

  7. Құндылықтар иерархиясы.

  8. Қазақ философиясындағы құндылық мәселелері.

  9. Білім қоғам дамуының құндылығы ретінде.

  10. Құндылық қажеттіліктер бастауы ретінде.

Тест сүрақтары:

1. Төмендегі ілімдердің қайсысы құндылық түсінігін ашады?.

1) Аксиология; 2) Гносеология; 3) Онтология; 4) Антропология ; 5) Мәдениеттану ;

2. Көне Грек философиясында, құндылықтардың жиынтығы " ізгілік" ұғым қалай аталады ?

1) агатон; 2) аллегория; 3) филия; 4) аксиома; 5) агносия;

3. Тұлғалық құндылықтар қалай қалыптасады ?

1) тәрбие - білім беру, өмірлік тәжірибе жинақтау негізінде;

2) табиғатты игеру арқылы;

3) әлеуметтік дағдарыс жасау арқылы;

4) алдау, арбау арқылы;

5) зорлық зомбылық арқылы;

4. Сократтың түсіндіруінше ең басты рухани құндылық.

1) түсінік, білім, әділеттілік; 2) билік; 3) байлық; 4) лауазым; 5) ләззат;

5. Рухани құндылықтарға не жатады?.

1) игілік, ақиқат, әсемдік… 2) саяси…3) материалдық; 4) денсаулық; 5) әлеуметтік;

6. Философия тарихында құндылықты қайта бағалау проблемасын қойған кім ?

1) Ницше; 2) Аристотель; 3) Спиноза; 4) Декарт; 5) Маркс;

7. « Адам -- барлық заттардың өлшемі» деген қанатты сөздің авторы:

1) Протагор; 2) Сократ; 3) Демокрит; 4) Платон; 5) Аристотель;

8. Құндылықтық қатынастар жағдайындағы басты құндылық:

1) іскерлік; 2) билік; 3) идеология; 4) көзқарас; 5) шыншылдық;

9. Философия тарихында құндылыққа қатысты социологиялық концепцияның негізін салушы: 1) Вебер; 2) Аристотель; 3) Фейербах; 4) Кант; 5) Гегель;

10. Идеал ұғымы нені білдіреді ?

1) адам мұраты; 2) әдептілік; 3) қызмет ету; 4) тіршілік; 5) өнер;



Әдебиеттер:

  1. Әлеуметтік философия:: Хрестоматия. А.1997.

  2. Барулин В.С Социалъная философия –М.,1993.

  3. Философиялық сөздік- А.,1996.

  4. Гегелъ Г.В. Философия истории. - Спб,1993.

  5. Вебер М. Избр.произв.-М.,1990.

  6. Сорокин П. Человек.Цивилизация.Обшество.-М.,1992.

  7. Шпенглер О.Закат Европы - Новосибирск,1993.

  8. Ясперс К. Смысл и назначение историй. - М.,1991.

  9. Асаров А. Узология как теория потребностей А., 1998.

  10. Рыскалиев Т.Х. Даналықпен түсініктің үлгілері. А.,-1999

  11. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Ой. Ақыл. Адамгершілік. - А., 1994.

  12. Есім Ғ. Сана болмысы.(Саясатпен мәдениет туралы ойлар). 2-кітап.-А.,1996.

  13. Нұрмұратов С. Ұлттық болмыс пен ұлттық сана. Оқу құралы-А.,1996.

  14. Гранин Ю.Д. О гносеологической содержании «Оценка» // Вопросы философии 1987.№8.

  15. Доре В. Ценность и смысл труда;вклад психоанализа в понимания субьективизаций производственной деятельности.//Вопросы философии.1993№12.

  16. Ивин А.А Ценности и понимания. //Вопросы философии. 1987№8.


Оқытушының басқаруымен студенттік жұмыс (СРСП)
Философия – адам және қоғамның рухани өмірінің ерекше саласы.

Мақсаты.


Философия пәні туралы түсінік қалыптастыру, оның құрылымы мен атқаратын қызметі жөнінде студенттердің сауатын ашу.

Жоспары:


  1. Философия, оның пәні, объектісі және қызметі.

  2. Философияның мәні мен мақсаты. Философия және әдеттетегі сана. Философия және ғылым.

  3. Көзқарас ұғымы. Мифология. Дін. Философия.

Сұрақтар:

  1. Философия дегеніміз не?

  2. Философияның мәдениеттегі орны мен ролін анықта.

Сұрақтар бойынша схема түрінде таблицалар құру, сонымен бірге мазмұнын ашу, анализ жасау, зерттелуі.
Көне Үнді және Қытай философиясы.

Мақсаты.


Ежелгі Шығыс философиясына түсінік қалыптастыру, ерекшелігін көрсету.

Жоспары:


  1. Көне үнді философиясының ерекшелігі, негізгі философиялық ұғымдары.

  2. Веданта, джайнизм, буддизм.

  3. Көне Қытай философиясының пайда болуы, негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері.

  4. Конфуцийдің әлеуметтік – адамгершілік ілімі.

Сұрақтар:

  1. Буддизм – адамгешілік – этикалық ілім ретінде.

  2. Тянь діні және көне Қытай философиясы.

  3. Легистердің саяси – этикалық ілімі.

Сұрақтар бойынша схема түрінде таблицалар құру, сонымен бірге

мазмұнын ашу, анализ жасау,зерттелуі.


Антикалық философия.

Мақсаты.


Антикалық мектептер мен грек классиктерінің топтамасы болған антикалық философиясына түсінік қалыптастыру, ерекшелігін көрсету.

Жоспары:


  1. Ертедегі грек өркениетінің өзіндік санасының ерекшеліктері және алғы шарттары. Антикалық ойдың негізгі ұғымдары: Космос, Табиғат, Логос, Эйдос, Жан.

  2. Пифагор. Сан негіз ретінде.

  3. Эфестік Гераклит.

Сұрақтар:

  1. Дүниенің қозғаушы күштері: Махаббат және Өштесу.

  2. Клазомендік Анаксагор.

  3. Элей мектебі.

Сұрақтар бойынша схема түрінде таблицалар құру, сонымен бірге мазмұнын ашу, анализ жасау, зерттелуі.

Орта ғасырлық философиясы.

Мақсаты.


Орта ғасыр философиясының дамуы, ерекшелігі мен қалыптасуына назар аудару.

Жоспары:


  1. Сенім және таным, философия және дін ертедегі латын және грек патристикасында.

  2. Номинализм және реализм.

  3. Араб – мұсылман елдеріндегі мәдениет және дін.

  4. Суфизм – мұсылмандық діни – философиялық ойлардың бағыты ретінде.

Сұрақтар:

  1. Ф.Аквинскийдің іліміндегі құдай идеясын негіздеу.

  2. Араб тілді философиясының ортағасырлық батыс философиясына

тигізген әсері.

Сұрақтар бойынша схема түрінде таблицалар құру, сонымен бірге мазмұнын ашу, анализ жасау,зерттелуі.



Қайта өрлеу дәуірінің философиясы.

Мақсаты.


Қайта өрлеу дәуірі философиясының дамуы, ерекшелігі мен қалыптасуына назар аудару. Орта ғасырдағы ойшылдардың догматтық схоластикасына сынау мәселесі.

Жоспары:


  1. Қайта Өрлеу Дәірінің философиясының ерекшеліктері және негізгі сипаттары.

  2. Қайта Өрлеу Дәуіріндегі ғылым.

  3. Қайта Өрлеу Дәуірінің әлеуметтік – саяси философиясы.

Сұрақтар:

  1. Қайта Өрлеу Дәуіріндегі утопиялық идеялар.

  2. Қайта Өрлеу Дәуіріндегі эстетика.

Сұрақтар бойынша схема түрінде таблицалар құру, сонымен бірге мазмұнын ашу, анализ жасау,зерттелуі.

Жаңа дәуір философиясы.

Мақсаты.


Жаңа дәуір философиясының дамуы, ерекшелігі мен қалыптасуына назар аудару. Негізгі гносеологиялық мәселе және оны шешудің жолдары. Әдіс мәселесі және рационалдық, эмпиристік бағыттар.

Жоспары:


  1. Декарт философиясындағы күмәндану принципі.

  2. Субстанция мәселесі және Б.Спинозаның пантеизмі.

  3. К.А.Гельвецийдің әлеуметтік – философиялық және этикалық көзқарастары.

  4. Д.Дидроның диалектикасының элементтері.

Сұрақтар:

  1. Готфрид В.Лейбниц. Монадалар туралы ілім.

  2. Ф.Бэкон: «Жаңа Органон».

  3. П.Гольбах пен Ж.Ламетридің натурфилософиясы.

Сұрақтар бойынша схема түрінде таблицалар құру, сонымен бірге мазмұнын ашу, анализ жасау,зерттелуі.
Классикалық неміс философиясы.

Мақсаты.


Классикалық неміс философиясының дамуы, ерекшелігі мен қалыптасуына назар аудару. Неміс философиясының идеализмі мен материализмі.

Жоспары:


  1. И.Кант философиясы эволюциясының негізгі кезеңдері.

  2. Этика – ақыл –ойдың іс жүзінде қолдану.

  3. Гегельдің диалектикалық әдісі. Категориялар мен заңдар.

  4. Л.Фейрбахтың жүйесі. Идеалистік философия мен дінге сын.

Сұрақтар:

  1. И.Канттың антиномиялары.

  2. И.Фихте философиясындағы субъект белсенділігі мәселесі.

  3. Гегельдің философиясы.

Сұрақтар бойынша схема түрінде таблицалар құру, сонымен бірге мазмұнын ашу, анализ жасау,зерттелуі.

ХІХ ғасыр философиясы.

Мақсаты.


ХІХ ғасыр философиясының дамуы, ерекшелігі мен қалыптасуына назар аудару. Марксизм философиясының қалыптасуы.

Жоспары:


  1. К.Маркс және жасгегельшілдер.

  2. Табиғатты материалистік тұрғыдан түсіну.

  3. Марксизм эволюциясы.

Сұрақтар:

  1. Қоғамдық – экономикалық формация ұғымы.

  2. Марксизм қоғамның әлеуметтік құрылымы туралы.

  3. Марксизм философиясындағы жаттану мәселесі.

Сұрақтар бойынша схема түрінде таблицалар құру, сонымен бірге мазмұнын ашу, анализ жасау,зерттелуі.
Қазақ философиясы.

Мақсаты.


Ұлттық философиясының дамуы, ерекшелігі мен қалыптасуына назар аудару. Дүние және адам туралы алғашқы көзқарастық бағыттар мен философиялық толғаныстар.
Жоспары:

  1. Қазақ философиясының қалыптасуының әлеуметтік – мәдени алғы шарттары.

  2. Жыраулар мен ақындар шығармашылығындағы дүниетаным.

  3. Жеті жарғы және қазақ қоғамының құқықтық негіздері.

  4. Қазақ ағартушылық философиясы және оның ерекшеліктері.

Сұрақтар:

  1. Қазақ философиясының ерекшелігі неде?

  2. Ш.Уәлиханов – ойшыл. Ш.Уәлихановтың әлеуметтік – саяси көзқарастары.

  3. Абай және оның қазақ философиясының қалыптасуындағы ролі.

Сұрақтар бойынша схема түрінде таблицалар құру, сонымен бірге мазмұнын ашу, анализ жасау,зерттелуі.
Орыс философиясы.

Мақсаты.


Орыс философиясының дамуы, ерекшелігі мен қалыптасуына назар аудару.

Жоспары:


  1. П.Чаадаевтың «Философиялық хаттарының» негізгі идеялары.

  2. Славянофилдік және батысшылдық.

  3. Н.Чернышевскийдің философиялық көзқарастары.

Сұрақтар:



  1. ХҮІІ ғ. Орыс философиясы. М.Ломоносов, А.Радищев.

  2. Ф.Достоевский шығармашылығының философиялық мазмұны.

  3. Л.Толстойдың адамгершілік философиясы.

Сұрақтар бойынша схема түрінде таблицалар құру, сонымен бірге мазмұнын ашу, анализ жасау,зерттелуі.

жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау