«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы» мм қостанай облысы әкімдігі білім Басқарамасының «Қостанай дарыны» ӨҒПО



жүктеу 0,58 Mb.
Pdf просмотр
бет15/19
Дата21.12.2017
өлшемі0,58 Mb.
#5273
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

40 

 

ма,  діңі  ме,  жапырағы  ма?  Әркім  өз  қалауы  бойынша  тамыр,  жапырақ,  діңгек 



болып бөлінеді. Ал енді тамырлар бір бөлек, жапырақтар бір бөлек, діңдер  бір 

бөлек отыруымыз керек. Сіздер не үшін тамыр  таңдадыңыздар, сіздер не үшін 

жапырақ таңдадыңыздар, сіздер не үшін діңін таңдадыңыздар соны тобыңызбен 

келісімге келіп, топтан бір адам шығып қорғайсыздар.  



(әр топтың сөздері  тыңдалып, қошеметпен шапалақ ұрып, отырады) 

Сіздердің бұл таңдауларыңыз кездейсоқ емес, психологиялық сәйкестік. 



1. 

Тамырды таңдағандар-істің нәтижесіне мән беретін адамдар 

2. 

Діңгекті таңдағандар-берік, мықты біреуге тірек бола алатын 

адамдар 


3. 

Жапырақтаңдағандар-сұлулықты,  әсемдікті,  ұқыптылықты 

қалайтындар 

Енді  әріптестер    мына  үлкен  қағазға  «Тамыр»  тобы  тамырды,  «Діңгек» 

тобы-діңгекті,«Жапырақ»  тобы  жапырақты  саламыз.  (музыкалық  сүймелдеу, 



қалам-қағаздар) 

 

 Тамыр (корень)Діңгек(ствол)Жапырақ(листь) 

Осы  ағаштың  тамыры  –ата-ана,    діңгегі-тәрбиеші,  жапырақ-өсіп  келе 

жатқан  тәрбиеленушілеріміз.  Егер  тамырдан  нәр  алып,  діңгегі  мықты  болып, 

бұтағы  жапырағын  жайса,  ағашымыз  жемісін  береді.  Енді  мына  себеттен 

алмаларды  алып,  өз  балаларыңызға  тілек  жазып,ағаштын  жемісіне  іліп,  

бүлдіршіндеріміздің жетістіктерін көрейік.  



 

 

 

ІХ. Тренинг аяқталуы 

   Жүргізуші және қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Қатысушыларға өз 

эмоцияларымен  тілектерімен  бөлісуді  ұсынады,  ересектерге  кей  кезде  бала 

деңгейіне  дейін  түсіп,  әлемге  олардың  бойымен,  жасымен  кішкентай  болса  да, 

бірақ  өз  тәжірибесі  бар  бала  көздерімен  қарауды  ұсынады.  Соңында  жүргізуші 

аңыз айтып береді.  

 Жолаушы өтіп бара жатып адамдар бір нәрсе салып жатқандарын көреді.  

-Сен не істеп жатырсың?-деп қалаушыдан сұрайды. 




41 

 

-Мен кірпіштерді қалап жатырмын-деп жауап береді ол. 



-Ал сен не істеп жатырсың-деп екіншісінен сұрайды, 

-Мен қабырға тұрғызып жатырмын-дейді ол. 

-Ал сен не істеп жатырсың?-деп үшіншісінен сұрайды 

-Мен үй салып жатырмын деген жауап алады. 

-Біз  біздің  баламыз  тұратын  «Үй»  салған  кезде  «кірпіштердің»  сапалы 

болып,  оларды  дұрыс  «қалағанын»  ойлағанымыз  маңызыд.  Ол  үй  қаншалықты 

қуаныш нұрына толы болуы бізге байланысты.  

  Содан  соң  жүргізуші  қатысушыларға  үлкен  күн  шеңберін  жасап  тұрып, 



«Бәрімізге қуаныш тілейміз!»-деп айтуды ұсынады. 

 

Х.Қорытынды 

      Баланың  сапалы  білім  алуы  педагогқа,  балаға,  ата-анаға  байланысты  екенін 

талдадық,  соның  ішінде  білім  негізі  —  стандарт  талаптарын  орындау,  яғни 

күнделікті  сабаққа  дайындалу  кезінде  балаға  педагог  пен  ата-ананың  көмегі, 

қадағалауы, уақыт бөлуі міндетті түрде қажет. 

«Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында 

педагогтар  балаларға  үлкен  адамдық  бағыт  беруі  мүмкін»В.А.Сухомлинский. 

Жоғарыдағы даналық сөзге сүйенсек, педагогтар балаларға үлкен адамдық бағыт 

беруі  үшін  тек  ата-анамен  бірігіп  жұмыс  істеу  керек  екенін  ескерткен. 

Сондықтан,  балаңыздың  тамағының  тоқтығы  мен  көңілінің  көктігіне  қарайтын, 

құр  асыраушысы  рөлінен  шығып,  ендігі  жерде,  сіздің  алдыңызда  балаңыздың 

білім алу жолындағы серіктесі болу міндеті тұр. Тәрбиедегі ең басты ережелер – 

балаға  керекті  кезде  назар  аудара  білу,  оған  деген  махаббатты  қай  жаста  да 

көрсете  білу,  оның  көзқарастарын  ерекшеліктерін  түсіне  білу  болып  табылады 

дегім келеді. Сонымен жаңа ғасырда, қоғам мүддесіне сай лайықты жан –жақты 

жетілген  ертеңгі  қоғам  иегері  боларлық  азамат  тәрбиелеп  өсіру  отбасының, 

балабақшаның, мектептің, барша жұртшылықтың міндеті деп ойлаймын.  

Қорыта келгенде Мағжан Жұмабаев айтқандай: 



“Тәрбиедегі мақсат  - баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емес, 

келешек өз заманына лайық қылып шығару”,- деген екен. 

Келешекте жас ұрпақты бар мейірімі мен күш жігерін сарп етіп, болашақ 

еліміздің  тұтқасы  болуына  ата  -  ана  еңбек  етсе,  болашақтың  тізгінін  ұстар, 

халықтың үмітін ақтар, дені сау, білімді де саналы ұрпақ өсіруіміз керек. 

Назарларыңызға рахмет! 

 

Тақырыбы: «Ұжым арасындағы қарым-қатынасты нығайту» 

 

Мақсаты:Жеке  тұлғаға  өзіндік  «Менің»  тереңірек  таныту,  қызығушылығын 

ояту,  өзінің адамгершілік  мінез-құлықтарына  баға  беру,  өзіне  деген  сенімдік 

қабілетін дамыту, ұжымдағы қарым-қатынасты нығайту. 



Әдіс-тәсілдер:Әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойын 

Көрнекілігі:сөздер жазылған карточкалар,  музыка, слайд. 

 

І. Сәлемдесу (дәстүрлі емес) 




42 

 

Мақсаты:Әрбір  қатысушының  сол  топтың  бір  мүшесі  екендігін  сезінуі, 

бір-біріне жылулық сыйлау. 

Топтағы  қатысушылар  сыртқы  және  ішкі  шеңберге  бөлініп,  бір-біріне 

қарама-қарсы  тұрады.  Содан  кейін  бір-бірімен  мынадай  қимыл-қозғалыстар 

арқылы  сәлемдесіп  шығады:  алақанның  сырт  жағымен,  саусақпен,  шынтақпен, 

иықпен, тіземен, т.б. 

ІІ. «Бұл мен...» 

Мақсаты: қатысушылардың өздері туралы айтуына, жақынырақ танысуға 

көмектесу. 

Әрбір қатысушы 5мин ішінде өзін мінездейтін 5 сөз жазып, теңеу ойлап тауып, 

оны  қағазға  жазып,  оны  кеудесіне  тағып  қояды.  Біршама  уақыт  бойы 

қатысушылар  әрі-бері  сапырылысып,  бір-бірінің  мінездемесін  оқуға  кіріседі. 

Барлық  жазулар  оқылған  соң,  барлығы  дөңгелене  отырады.  Сосын  пікірталас 

басталады:  әрбіреуіндегі  нендей  нәрсе  ерекше  есте  қалды,  таңқалдырған  нәрсе 

бар ма?, күлкілі нәрсе ше? т.б 



ІІІ. «Өзіңді тереңірек тани біл» 

Нұсқау. Қазір сіздерге слайд арқылы бірнеше жеміс-жидектер көрсетіледі. 

Сол жеміс-жидектердің ішінен өзіңізге көбірек ұнайтынын таңдаңыз. Сол таңдау 

арқылы сіздің мінез-құлқыңыз қандай, соған тоқталайық. 

Қарбызды  ұнататындар-орнықты  адамдар.  Олар  шиеленіске,  жанжал, 

дау-дамайға бара бермейді. Еш уақытта еш нәрсеге шағымданбайды. Тұрмыс пен 

көңіл  күйін  тек  қана  өз  күшімен  жақсартуға  ден  қояды.  Отбасында  да  үлгілі, 

артық ауыз сөзі жоқ. Кейде табандылық жағы ғана жетіспейді. 



Жүзімді  ұнататындар  -өзінің  де,  өзгенің  де  сырын  сақтай  білетіндер. 

Бірақ  мұндай  тұйықтық,  кейде  шектен  асып  кетеді  де,  ел  ондай  адамдарға 

сенімсіздікпен қарауы мүмкін. 

Құлпынай  ұнатсаңыз,  сіз  көңілді,  қонақжай  адамсыз.  Елмен  тіл  табыса 

аласыз.  Сізге  сыпайылық  тән,  талғамыңыз  нәзік.  Ешкімге  тәуелді 

емессіз.Дегенмен қызғаншақтығыңыз жоқ емес. 

Шабдаланы  ұнататын  адамдар  көпшіл,  кез-келген  адаммен  тіл  табыса 

алатын ашық жарқын болып келеді. Сізден сыпайылық пен мәдениетті адамның 

белгілері  айқын  аңғарылып  тұрады.  Тек  бір  кемшілігіңіз-қиындықтарды  ауыр 

көтересіз, кейде оларды жеңуге дәрменсіздік танытасыз. 



Егер сізге алма өте ұнайтын болса, жігерлі, бірақ аздап ескі көзқарастағы 

адамсыз. Өз бастығыңызға берілгенсіз, оның қандай тапсырмасын болса да, жан 

сала тиянақты атқаруға тырысасыз. Аздап ақын жанды, өз-өзіңізге риза адамсыз. 

Егер  сіз  шиені  ұнатсаңыз,  мінезіңіз  жұмсақ,  кішіпейілсіз.  Өзгеге 

қуанышпен жақсылық жасау үшін кейде өзіңізге зиян келтіріп алуыңыз мүмкін. 

Өтірік-өсек сөзге жоқсыз, есесіне анекдоттарды ұнатасыз. Ал махаббат жөнінде 

сәби тәріздессіз, сізді оп-оңай өкпелете салуға болады. 



Қара өрікті ұнататындар өз атына айтылған сынды көтере алмайтындар. 

Олармен достық, жолдастық қарым-қатынас орнату да қиын болады. 



ІV. Сергіту сәті «Мен ең сұлумын» 

   Бұл  сергіту  жаттығуы  үшін  екі  жеңсіз  көйлек  (немесе  алжапқыш)  және 

екі  үшкіл  орамал  қажет.  Қатысушылар  екі  командаға  бөлінеді.  Командалардың 

алдында 8-10 метр қашықтықта орындықтар қойылады, оларға бір жеңсіз көйлек 




жүктеу 0,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау