43
пен үшкіл орамалдан қойылады. Жаттықтырушының белгісі бойынша
команданың бірінші қатысушысы орындыққа жүгіріп келіп, жеңсіз көйлекті
киеді де, үшкіл орамалды басына тағып, дауыстап: «Мен ең сұлумын»,- деп
айтады. Содан соң жеңсіз көйлек пен үшкіл орамалды шешеді де, оларды
орындыққа қойып, мәре сызығына қайтып оралады. Оның соңынан келесі
қатысушы дәл соны жасайды.
V.«Балалық шақтан қызықты оқиға»
Мақсаты:эмпатияны дамыту.
Жүрісі: Қорапшаға билеттер салынады. Ол билеттердің арасында «Балалық
шақтан қызықты оқиға» деп жазылған. Кімге
«Балалық шақтан қызықты
оқиға» билеті түссе, сол педагог өзінің балалық шақта бастан өткізген қызықты
оқиғасын айтып береді.
Өздеріңізді қалай сезінудесіз?
VІ. Қорытынды
Тренингіміздің соңында қатысушыларға өзіне және өзге адамға тілек
жазу тапсырмасы беріледі. Тілектерді жаттанды сөздер арқылы, теңеу арқылы
және әдеби көркем сөздер арқылы жазуға болады. Сабақты «Тілек»
тренингіменаяқтаужәнеқатысушылардыңпікірінтыңдау.
44
Тәрбиешілерге арналған баяндама
Ойын – балаларды тәрбиелеу және дамыту құралы.
«Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?»
Абай Құнанбаев
Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл әрекеті – ойын,
сондықтан да оның мәні ерекше. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы,
психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.
Ойын – бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын арқылы балалар қоғамдық
тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады.
Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Ойын барысында балалар
өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байатады. Сезіну,
қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен
сезім әлеміне сүңгиді.
Сонымен қатар ойын – психотерапияның жетекші бағыты. Ойын
терапиясы – психикалық дамудың динамикалық прнципіне негізделген және
балаларда әртүрлі ойын материалдарының көмегімен көңіл – күйдегі стрессті
жеңілдетуге бағытталған психологиялық әдіс.
Ойын бала өмірінде маңызды орын алатыны бәрімізге мәлім.
«Баланы танып, түсіну үшін оның ойын әрекетін бақылау керек. Ересек адамдар
үшін қарым – қатынас құралы тіл болса, бала үшін қарым – қатынас құралы –
ойын әрекеті болып табылады», - деп ХVІІІ ғасырда Жан Жак Руссо айтып
кеткен.
Ойын терапиясы – ойын формасы түрінде жеңілдетілген күрделі
жұмыс. Балалардың мінез – құлқы және ойлау әрекеті ересектерге қарағанда
өзгеше болғандықтан олармен жұмыс істеу барысында бұл ерекшелікті ескеру
тиіс. Көптеген балалар өздерінің жеке басында қандай да бір мәселелері бар
екенін мойындағысы келмейді. Баланың психологқа қаралуы көбінесе
үлкендердің /ата – ана, мұғалім т.б./ инициативасы болып табылады.
Ойын үстінде бала бейне бір «өмірдің өзіндегідей» қуаныш, реніш сезіміне
бөленеді. Бірақ бала одан ойын екенін білмейді деген түсінік тумайды.
Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қана қоймай, оның өмір
құбылыстары жайлы таным – түсінігіне де әсер етеді. Тез тіл табысуды, бірінен
– бірі ептілікті үйренеді.
Ойынның түпкі ниеті – бұл балалардың нені және қалай
ойнайтынының жалпы анықтамасы. Мысалы: «Дүкен», «Аурахана», «Ұшақтар»,
«Отбасы», «Бала бақша» және т.с. болып ойнайды. Ойынның сюжеті, мазмұны –
бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, ойын әрекеттерінің, балалардың өзара
қарым – қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын
анықтайтын нәрсе. Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға ықылас пен
ынтаны қоздырады. Ойын процесінде балалардың өздері қарым – қатынасын
анықтайды және реттейтін ереже белгілейді. Ойын бала үшін нағыз өмір. Егер
тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға
мүмкіндік алады. Тәрбиеші балаларға жақын болуға, олардың ойындарының
сүйікті қатысушысы болуға тиіс. Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән
45
ерекшеліктеріне қарай сюжетті – рольді, драматизациялық, дидактикалық
құрылыс
ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді.
Сюжетті – рольді ойындар мектепке дейінгі балалар өмірінде
елеулі орын алады. Сюжетті – рольді ойындардың ерекшелігі сол, оны
балалардың өздері жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және
шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар ұзақта, қысқа да болуы мүмкін.
Сюжетті – рольді ойында бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеттері болып
табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету
болып табылады. Мысалы, «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен
сатып алушының әрекеттеріне, ал «Аурухана» болып ойнағанда дәрігер мен
науқастың әрекеттеріне еліктейді.
Драматизациялық ойындарда мазмұн, рольдер, ойын әрекеттері
қандай да бір әдеби шығарманың, ертегінің т.б. сюжеті мен мазмұнына шарттас
болады. Ол сюжетті – рольді ойынға ұқсас. Драматизация ойынында балаға
қандай болсын айқын тәсіл көрсетпеу керек. Ол үшін ойынның шын мәнінде
ойын болғаны дұрыс.
Дидактикалық құрылыс ойыны – балалар әрекетінің бір түрі.
Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан түрлі құрылыстарды және соларға
байланысты іс - әрекеттерді бейнелеу болып табылады. Дидактикалық ойын
кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады. Оның арғы
тегі ойынды өлең мен қимылмен ұштастыру негізінде көп нәрсеге үйрететін
ойындарды жасаған халық педагогикасында жатыр. Мысалы, «Сиқырлы
қалпақтың сырын ашайық» - деген ойында ересек топтарда тәрбиеші балаларды
зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін
алға қояды. Оның міндеті – қалпақтың астында не бар екенін білу.
Қимыл ойындары – балаға дене тәрбиесін беру құралы. Балалардың
жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру, қағып алу қабілеттерін жетілдіруге, дамытуға
мүмкіндік береді. Қимыл ойындары баланың жүйке – психикалық дамуына, жеке
басының, денсаулығының қалыптасуына да үлкен әсер етеді.
Балалар ойынында кейде өлең – тақпақтар жиі кездеседі. Ол өлең –
тақпатардың негізгі мақсаты тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ептілікке баулу,
қиялына қанат беріп, ойын ұштау, өз бетімен іскерлікке, қысылған жерде дұрыс
шешім қабылдауға тәрбиелеу.
Халық ойындары өмірлік қажеттіліктен туады да, психологиялық
жағынан денсаулық сақтауға негізделеді. Тапқыр да алғыр, шымыр да епті,
қайратты да қажырлы бала өсіруді армандайтын отбасы жоқ. Демек, ойынның
өзі бала үшін біліктің, тәлімнің қайнар көзі болып табылады. Балаларға ұлттық
ойындарды үйретіп, оған өзгеше әр беріп, жаңартып өткізіп отыруды ата –
аналар, ұстаздар бір сәт те естен шығармағандары абзал. Өйткені жас өскін
ойнай да, ойлай да білсін.
Ойын – балаларды тәрбиелеу және дамыту құралы. Ойын арқылы балалар
қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін
қалыптастырады. Ойын балалар үшін айналадағыны танып, білу тәсілі. Балалар
ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай
деп жазады: «Бала ойында қалай болса, өскен сон жұмыста да көп жағынан ұқсас
болады. Сондықтан келешек қайраткерлер азаматты тәрбиелеу алдымен ойынан