«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы» мм қостанай облысы әкімдігі білім Басқарамасының «Қостанай дарыны» ӨҒПО



жүктеу 0,58 Mb.
Pdf просмотр
бет13/19
Дата21.12.2017
өлшемі0,58 Mb.
#5273
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19

34 

 



 

мектеп кеңесі 

 



қиын  балалармен  жағдайы  төмен  отбасына  шефтік  көмек 

көрсету 

 



қоғамдық бақылау комитеті (қоғамдық ұйыммен өзара әрекет 

ету) 

Отбасы мен мектептің өзара әрекетін қалай ұйымдастырамыз? 

 Отбасын зерттеу 



Мақсат: отбасының тәрбиелік мүмкіндігін, күш қуатын анықтау 

 Топтастыру 



Мақсат: отбасының тәрбиедегі бағыт-бағдарын тану 

 Жасалған әрекеттерден алынған нәтижелерді талдау 



 

Отбасын зерттеу педагогқа не береді? 

 

Оқушы  отбасын  зерттеу  педагогке  отбасының  тәрбиелік  мүмкіндігімен 



оның  күш-қуатының  деңгейін  анықтауға,  соның  негізінде  бірлескен  әрекеттің 

оңтайлы  әдісін,  формасын  таңдауға,  нәтижесінде  тәрбие  мәселесін  табысты 

шешуге  мол  мүмкіндік  туғызады.  Ол  үшін  мұғалім  дәстүрлі  педагогикалық-

психологиялық диагностика әдістерінің кешенін пайдаланады. Отбасын зерттеу- 

сынып жетекшіден кәсіби шеберлікті талап ететін өте күрделі мәселе. 

Жанұя түрлері: 

Балалары үлгілі жанұя 

- Бала тәрбиесіне ұстаз көмегімен қажет ететін жанұя 

- Ынтамақсыз жанұя 

- Жағымсыз қасиеттері басым жанұя 

- Қоғамдық орындардың араласуын үнемі қажет ететін жанұя 

Жанұядағы  адамгершілікке  құндылық  жоғары  деңгейде  қалыптасқан. 

Бақытты, дені сау жанұя. Балаларға мүмкіндік жасалған. Кей уақытта жекелеме 

кеңестер қажет бола тұра, ұстаздардың араласуы қажет емес. 

Жанұядағы  ата-аналардың  қарым-қатынасы  жақсы  бола  тұра,  бала 

тәрбиесінде  бағыт  жоқ.  Бала  тек  ата-ананың  «ерекше»  қамқорлығын  сезінеді. 

«Өзімшіл»  болып  өсіп  келеді.  Сондықтан  ұстаздың  көңіл  аударуы  сөзсіз  талап 

етіледі. 

Мұндай  жағдайда  ата-аналар  өзара  қарым-қатынас  дауынан  аса  алмайды. 

Бала  тәрбиесі  мүлде  ескерусіз  қалған.  Өсіп  келе  жатқан  ұрпаққа  әсері  болмас 

үшін, жанұядағы көңіл-күйді өзгертуге белсенді педагогикалы ықпал қажет 

Сырттай  қарағанды  қолайлы  жанұя  қатарында  болмағанымен  рухсыздық, 

нақты  адамгершілік  құндылықтар,  ұрпақтар  ізгілігінің  бұзылуы  сияқты 

жағымсыз қасиеттер басым. Мұндай жанұямен тәрбие жұмысын жүргізу ерекше 

қиындық туғызады. 

Қолайсыз  жанұя,  мұнда  дөрекілік,  ұрыс-керіс,  жағымсыз  тәртіп  сияқты 

сипаттар  көп.  Баланың  қызығушылығын  қорғау  үшін  мұндай  жанұяларға 

тұрақты  педегогикалық  бақылау,  қоғамдық  орындардың  араласуы  үнемі  қажет 

және талап етеді. 

Жасалған әрекеттерден алынған нәтижелерге сараптау, талдау 

жұмыстарын жүргізе отырып, төмендегідей қорытындыға келу: 



35 

 

-Төрт одақ жұмысын жандандыру; 



(отбасы, бала, мұғалім, қоғам) 

Ынтымақтастықты  нығайтуда,  мұғалімнің  оқу-тәрбие  жұмысындағы 

міндеттердің 

жүзеге 


асуына, 

ата-аналарды 

педагогикалық 

біліммен 

қаруландыруда,  олардың  белсенділіктерін  көтеруде  -  ата-аналар  жиналысының 

маңызы ерекше. 

Ата-аналар жиналысының тақырыптары мектептің жылдық жоспарындағы 

тәрбие  жұмысының  іс-шараларына,  сыныптың  жас  ерекшелігіне,  ағымдағы 

міндеттерге  байланысты  іріктеліп  алынып,  бір  апта  бұрын  жиналыстардың 

өткізілу кестесі бекітіледі. 



Ата-аналар жиналысын дайындау ережесі 

Бірінші ереже 

-Ата-аналар жиналысының тақырыбы өзекті болуы керек. 



Екінші ереже 

-Ата-аналар жиналысы оларға ыңғайлы уақытта болуы тиіс. 



Үшінші ереже 

-Ата-аналарға жиналыстың өту жоспары белгілі болуы қажет. 



Төртінші ереже 

Жиналыс ата-аналармен сыйластық қарым-қатынаста өтуі керек. 



Бесінші ереже 

-Жиналыс жоғары дайындықпен өтуі тиіс. 



Ата-аналар жиналысының түрлері 

 Ұйымдастыру 



 Тақырыптық 

 Қорытынды 



 

Тақырыбы:«Әр  баланың  өсіп  жетілуіне  қатысты  шартты 

түрде  педагог  пен  ата-аналар  арасындағы  өзара  байланыс  жүргізу 

әдістері» 

 

Мақсаты: 

Бала,  ата-ана,  ұстаз  болып  бірігіп,  сапалы  білімді,  саналы  тәрбиелі,  

салауатты  ұрпақ  тәрбиелеу  және  бала тұлғасының  қалыптасуындағы 

психологиялық-педагогикалық 

құзыреттіліктерді  

дамыту 

бойынша  



мәліметтендіру.  Баланың  шығармашылық  қабілетінің  даму  деңгейі  мен 

балалық  іс-әрекеттерді  меңгеру  мүмкіндіктерін  анықтау,  баланың  кешенді 

дамуы  аясында  отбасымен  балабақшаның  өзара  қарым-қатынасындағы 

байланысты нығайту.  

  

Міндеті: 

1. Ата-ана,  бала  және  педагог  өзара  ынтымақтастық  қарым-  қатынаста 

болуына ықпал ету; 



2. Ата-аналарды  бала психикасының  дамуына  кері әсер ететін  тәрбие 

түрлеріне  байланысты  бейнекөрсетілімдер  және  т.б  шаралар  арқылы 

психологиялық түзету- дамыту; 



36 

 

3. Ата-аналардың   өз  отбасындағы    берілетін  тәрбиенің  ерекшелігі 

туралы  ойландыру. 

4. Ата-аналардың өздерін  сыртынан  байқай алуларын дамыту 



 

Қажетті 

құрал- 

жабдықтар:  

үлестірмелі 

қағаздар,үлестірмелі 

суреттер,А4 

қағазығтүрлі-түсті қарандаштар,қалам т.б.  

 

Әдістері:  пікір  алмасу,  сұрақ-жауап,  тест,  психологиялық  

жаттығулар мен ойындар. 

 

Тренинг жоспары: 



1.  Кіріспе  

2.  «Ой жинақтау» 

3.  Әділ тест «Жұдырық» 

4.  Ақыл-кеңес 

5.  Суретке  қарағанда ең бірінші қандай бейнені байқадыңыз? 

6.  «Өтінемін»  ойын жаттығуы 

7.  «Бет адамның айнасы» тест 

8.  Шығармашылық жұмыс 

9.  Тренинг аяқталуы 

10. 

Ән: «Өміріңе немқұрайлы қарама» 

11. 

Қорытынды  

 

 

І. Кіріспе 

Мектепке  дейінгі  мекемелерде  қазіргі  заманға  сай,  баланың  жан-жақты 

дамып,  құзыреттілігін  дамытуға  көп  көңіл  бөлеуде.  Осыған  орай,  жетекші 

ғалымдар  мен  практиктер  жүргізген  педагогикалық-психологиялық  зерттеулер 

нәтижесінде, Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру жүйесінің 

жанғырту  векторы  ретінде  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  жалпыға 

міндетті  білім  беру  стандарты  да  қолданысқа  енді.  Жалпы  баланың  дамуы  мен 

өсіп  жетілуіне  дұрыс  қарау  керек.  Педагогикалық  үрдісті  ұйымдастыруда,  ата-

анамен  тығыз  қарым-қатынас  жасаған  дұрыс.  Ата-ананы  балабақша  өміріне 

араластыру  жаңа  заман  жағдайында  үйлесімді  шешуді  талап  етеді.  Бала  ата-

ананың  балабақша  ісіне  араласқанын  көріп, 

олардың  қамқорлығын  сезініп,  өздерінің 

маңыздылығын сезіне түседі. Ата-анаға бала 

өміріндегі  ең  алғаш  ұстаз  –  ол  ата-ана 

екенін  түсіндіру.  Педагогикалық  үрдісті 

«Ата-ана  –  бала  –  педагог»  байланысы 

арқылы құру. 

 

ІІ.Ой  жинақтау  (  плакат,  фломастер, 

қалам) 


 1) Баланың дамып жетілуіне қандай тәрбие әдістерін қолданасыз. 


жүктеу 0,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау