«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы» мм қостанай облысы әкімдігі білім Басқарамасының «Қостанай дарыны» ӨҒПО



жүктеу 0,58 Mb.
Pdf просмотр
бет11/19
Дата21.12.2017
өлшемі0,58 Mb.
#5273
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19

30 

 

Не  нәрседе  де  жақсы  мен  жаман  бар.  Мысалы,  адамның  өмір  сүру 



белестерінде,  қоғамның  пайда  болуында,  өмір  сүріп  жүрген,  тіршілік  жасап 

жатқан табиғаттың өзінде де «жақсылық» пен «жамандық» кезек-кезек кездесіп 

отыратын  бәрімізге  белгілі.  Осы  жерде Абай атамыздың «Сегіз  батыр» деп 

басталатын жұмбағы еске түседі. 



Алла мықты жаратқан сегіз батыр

Баяғыдан соғысып әлі жатыр. 

Кезек-кезек жығылып, жатып тұрып, 

Кім жеңері белгісіз түбінде ақыр. 

Міне,  осы  жұмбақтың  жауабы,  сегіз  батырдың  біріншісі  «жақсылық» 

болса, екіншісі «жамандық» екен. Кез-келген адамның мінезінде де дәл осы екі 

батыр бар. Ол екеуін табу үшін өзіңіздің айнадағы бейнеңізге қарап ойланыңыз. 

- Маған қарап тұрған кім? 

 



Ол қандай адам?  

Сіздерге  таратылып  берілген  параққа  оң  жағына  «жақсы»  «жаман» 

қасиеттеріңізді  тізіп  жазыңыз. Ол  үшін  алдымен  өзіңіздің  бойыңызды  қандай 

қасеттер бар соны ойланып алып, екі бағанға бөліп жазыңыздар. (3минут уақыт 

беріледі) 

Қандай қасиетеріңізді көп жаздыңыздар? 

Қайсысынан өзіңізді көбірек таптыңыз? 

Осыған дейін осы жайлы ойланып көрдіңіз бе? 

Бұдан былай жиі есіңізге түсіріп отырасыз ба? 

Бұл жаттығуды жүргізудегі негізгі мақсатымыз біріншіден өзімізді, екіншіден 

басқа  адамдарды  танып  білу  үшін  болса,  үшіншіден  бойымыздағы  жаман 

қасиеттерді жойып, жақсы қасиеттерімізді асыру болатын. 

Олай болса, келесі бөлім: 

6. «Тазарту». 

Терең  дем  алып,  барынша  қайта  шығарыңыз.  Денеңізді  босатыңыз.Өзіңізге 

былай деңіз: «Мен өмір сүруіме кедергі келетін барлық өкпе реніштен тазарғым 

келеді.  Мен  барлық  қысымнан  осылайша  босаймын.  Барлық  ескі  реніш, 

өкпелерімнен  құтылғым  келеді.  Мен  жанға  рахат  жайбырақаттылықты 

сезінемін. Мен өз қалпымдамын. Өз өмірімнің ағынымен барамын. Бірақ өкпені 

ұмыттым, кештім». 

Осы  жаттығуды  үш  рет  қайталаңыз.  Бір  қиын  жағдайға  тап  келсеңіз,  осы 

жаттығуды  қайталаңыз.  Осы  жаттығу  –  сіздің  тазарту  құралыңыз.  Шынайы 

түрде  орындап  үйреніңіз,  сіздің  өкпелегештік  қасиетіңіз  жоғала  бастайды. 

Жайланып, жақсылық жайлы ойлаңыз. 

7. Қорытынды. 

       Қорыта  келгенде,  адам  бойында  екі  сәуле  пайда  болады  екен.  Ол  ақ  сәуле 

адам бойында басым болса,жақсылық пен мейірімділік көп жасалады. Ал қара 

сәуле басым болса, жамандықты көп жасайды екен. Сондықтан бойымызда ақ 

сәулені  басым  ұстап,  ешкімді  ренжітпеуді,  ренжітсек  кешіре  білуді  басты 

мақсат етіп қояйық. Өмірдегі болып жатқан нәрселерге екі жақты көзқараспен 

қарап,  бір  бірімізге  кешірімді,  мейірімді,  иманды  болайық.Тренингке  келіп 

қатысқандарыңыз үшін көп рахмет! 

 



31 

 

 



Ұстаздармен 

 

“Мектеп  оқушыларды  тәрбиелеуде  сынып  жетекшісі  мен  ата-

аналардың бірлескен жұмысы”  

«Ұл  тәрбиелей  отырып,  жер  иесін  тәрбиелейміз,  қыз  тәрбиелей  отырып, 

ұлтты  тәрбиелейміз».  Отбасындағы  тәрбие  әрбір  мүшенің  өзін-өзін  сақтау, 

ұрпақты  жалғастыру,  өзін-өзі  сыйлау  қажеттігінен  туындайды.  Отбасында 

адамның  жеке  басының  қасиеті  қалыптасады.  Баланы  дұрыс  тәрбиелеу 

отбасында,  алдымен,  жанұя  жағдайы,  онда  қалыптасқан  он  моральдық-

психологиялық  ахуал,  татулық  пен  өзара  түсіністік,  сүйіспеншілік  пен 

сыйластық, ауызбіршілік, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген құрмет сезімдері, 

яғни, отбасындағы кіршіксіз таза, мөлдір көңіл-күйі тікелей ықпал етеді. 

Балаға  деген  таза  көңілді  жанашырлық,  ата-аналардың:  балаларына  деген 

мейірімі мен қамқорлығы, балалары үшін отқа да, суға да түсуге әзірлігі, өмірлік 

ауыртпалықтар мен қиындықтардан қорғап, сақтап отыруға тырысушылықтары, 

саналы  тәлім-тәрбие,  бала  жасынан  еңбекке  баулулары,  жан  тазалығына,  биік 

адамгершілік  қадір  касиеттерге  талаптандырулары,  баланың  еркін,  саналы, 

жігерлі,  мығым,  намысшыл,  басқаларға  мейірімді,  адал  да  таза  тұлға  ретінде 

қалыптасуларына  ықпал  ететін  отбасылық  ахуал  мен  тәлім-тәрбие  қандай 

болуын  білдірсе  керек. Әке-шешенің  жеке  басты  үлгі-өнегелері  баланың  дұрыс 

тәрбиелеуінің  ең  ықпалды  құралы  болып  саналады.  Ата-аналардың  үлгі-

өнегесінің тәрбиелік мәні балаларға тән үлкендерге, олар тарапынан жасалатын 

жақсы игілікті іс-әрекеттерге еліктеушілікпен туындайды. Өйткені, бала бойына 

жеткілікті  өмірлік  тәжірибе,  бейімділік  пен  икемділік  әлі  де  болса  толық 

қалыптасып  бітпегендіктен,  ол  үлкендердің  мінез-құлқына,  жүріс-тұрысына, 

сұхбаттасу  мәнеріне,  іс-әрекетіне,  басқалармен  ара-қатынасына  еліктейді.  Олай 

болса, әке-шеше қарым-қатынасы, өзара сыйластығы, бір-бірін қадірлей, мақтан 

тұта білулері, үй шаруашылығын келісе отырып шешулері бір-біріне көмектесіп 

отырулары, өзара сұхбаттасу қалыптары, бала үлгі-өнеге тұтып, қабылдап алып, 

өзінің  іс-әрекетінде  жасауға  тырысатын  қылықтарының  сипатын  құрайды.  Үлгі 

өнегелік  бағдаршамы  ретінде  қабылданады.  Отбасылық  тәрбие  бала  тәлімінің 

мәні  бала  нәрестелік  шағынан  ержетіп,  оң-солын  тани  бастаған  шақ 

аралығындағы  үрдісінің  мазмұнын  құрайтындығы  нақты  тұрмыстық,  тәрбиесі 

және  өнегелік  үлгілер  негізінде  пысықталады.  Ата-ана  тәрбиесі  қоғамдық 

тәрбиемен ұштасады, бірін-бірі толықтырады. Ата-ана тәрбиесі терең ата-аналық 

сүйіспеншілік  пен  қамқорлыққа  толы  болса,  қоғамдық  тәрбие  балалардың  өзін 

көпшілік ортада ұстай білу қалыптарына тәлімдейді. 

Абай  атамыздың  «Ойын  ойнап  ән  салмай,  өсер  бала  бола  ма?»  деген 

мақсатымен ата-аналарды балаларымен спорттық ойындар кешендеріне қатысуы 

жиі  жоспарланып  отырады.  Себебі,  ойындардың  басты  тәжірибелік  мәні  - 

болашақ ұрпақты жан-жақты дамытып, ой-өрісін өрбітеді. 

Отбасы педагогикалық процеске тарту, тәрбиеші жеке басына құрметпен, 

сеніммен  қарауға  итермелейді. Осы  тұрғыда  балалардың  ата-аналарының 

үйлеріне бару, Бұл мақсата әртүрлі болуы мүмкін. Тәрбиешінің отбасына баруы, 

ата-аналарда тәрбиешінің жеке басы туралы көзқарастарын, оның балаларының 




жүктеу 0,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау