Қосымша білім беру мекемелерінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру


ГЛОССАРИЙ «Қосымша білім беру мекемелерінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру» пәні бойынша глосаррий



жүктеу 1,77 Mb.
бет4/13
Дата17.11.2017
өлшемі1,77 Mb.
#649
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

ГЛОССАРИЙ

«Қосымша білім беру мекемелерінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру» пәні бойынша глосаррий


Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

1

2

3

Калокагатия

Калокагатия

Kalokagathia

Альтруизм

Альтруизм

Altruism

Студия

Студия

studio

Концерт

Концерт

concerto

Пауэрлифтинг

Пауэрлифтинг

powerlifting

Дифференциация

Дифференциация

difference

Бағдарлама

Программа

programma

Тест

тест

test

Индивид

Индивид

individual

Жеке тұлға

Личность

personality

Бақылау

Наблюдение

observation

Инстинкт

инстинкт

instinct

Әлеуметтік бейімделу

Социальная адаптация

Social adapting

Қоғам

Общество

Society

Әлеуметтік кеңес беру

Социальное консультирование

Social consultation

Әлеуметтік диагностика

Социальная диагностика

Social diagnosting

Психологиялық жас

Психологический возраст

Psychological age

5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІС КОНСПЕКТІЛЕРІ


1 дәріс тақырыбы: Қосымша білім беру мекемелері туралы түсінік

Дәріс мазмұны:

1. Балаларға қосымша білім беру мекемелері тәрбиелік ұйым ретінде

2. Қосымша білім беру мекемелерінің түрлері

Мақсаты: Студенттерде қосымша білім беру мекемелері жөніндегі түсініктерді қалыптастырып, мекемелердің түрлерін талдау.

Қосымша білім мекемелері адамзат, қоғам, мемлекеттік білімге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асады. Ол мамандықты жоғарлату, кәсіби бағыт орталықтарында, әуен немесе көркем өнер мектептерінде, өнер мектептерінде, балалардың шығармашылық үйлерінде, жас техник, жас натуралисттер станцияларында жүзеге асады.

Жетім балалар немесе ата-ана қамқорлығынан айтарылған балалар үшін балалар үйлері ұйымдастырылған. Олар балалардың өмірі, денсаулығы, тәрбиесі, оқуы, жеке өз бетінше өміріне дайындалуына қатысты міндетерді шешеді. Балалар үйі келесідей жүйеден тұрады: 3-7 жасқа дейінгі балалар үйі, мектепке дейінгілер мен мектеп жасындағы балалардың аралас үйі; 7-8 жасқа дейінгі мектеп жасындағылар үйі. Балалар бір отбасынан екінші балалар үйіне орналастырылады. Онда туыстық қатынасты ұстап тұруға жағдай жасалады.

Қосымша білім мекемелерінің негізгі сабақтары.

Қосымша білім жүйесінің күші мен тартымдылығы оның мектептерге ұқсамайтындығында. Қосымша білім жүйесінде адазат іс-әрекетінің көптеген түрлері үйлесім тапқан: оқыту, қатынас, «сүйікіт іспен» айналысу, демалыс, көңіл көтеру, шығармашылық мейрам т.б.

Қосымша білім кеңістігі – білім беру сферасының күрделі міндеттерін жүзеге асыру үшін ең жағымды. Мұнда іс-әрекеттің мазмұнын жеткілікті түрде еркін өзгертіп отыруға болатын, ол мектептегідей регламенттелмеген. Мұнда топтық, жалпылама жекелей жұмыс түрлерін үйлесімді пайдалануға болады. Мұнда сабақ кестесі болмайды. Мұнда идеалогиялық компонент жоқ. Осының барлығы қосымша білімді қайталанбас етеді. Оның әдістемесін, қызметін қайталанбастығы педагогтың бұл жұмысты оқу тәрбиелік процесті үзбей өткізуі де анықтайды.



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Қосымша білім беру мекемелері дегеніміз не?

  2. Қосымша білім беру мекемелерінің қандай түрлері бар?

  3. Қосымша білім кеңістігі дегеніміз не?

2 дәріс тақырыбы Қосымша білім беру мекемелерінің пайда болуы мен дамуы.

Дәріс мазмұны:

1. Ресейде қосымша білім беру мекемелерінің пайда болуы

2. Қазақстанда мектептен тыс жұмыстардың дамуы.

3. Қосымша білім беру мекемелері іс-әрекетінің бағыттары.

Мақсаты: Студенттерге қосымша білім беру мекемелерінің пайда болуы жөнінде, Қазақстандағы мектептен тыс жұмыстардың дамуы және бағыттары жөнінде түсініктерін қалыптастыру.

Ресейде ертеден бастап қосымша білім дәстүрі қалыптасқан. ХІХ-ХХ ғ. басында интеллегенция мен жеке кәсіпкер арасында жұмысшылардың мәдениет деңгейін көтеруге бағытталған әлеуметтік – педагогикалық инициатива пайда болды.

Кедейлерге арналған қосымша білім мекемелерінде педагог – энтузиасттардың күшімен, дворяндар мен кәсіпкерлердің материалдық қолдауымен шаруашылық – практикалық бағыттағы оқу пәндерімен қатар жалпы мәдениетті дамытуға бағытталған эстетикалық пәндерде енгізілген (қорда өлең айту, би т.б.). Еркін класстар кең таралды. Оған адам өз еркімен тізімге тіркелу бойынша қатынасты. Мектеп ішіндегі қосымша білімнің дамуына елеулі үлес қосқан С.А.Рачинский – Тутаев қаласындағы земствалық мектептің директоры, Н.Ф.Бунаков – мұғалім – методист. «Келуші балалардың күндізгі клубының негізін қалаушылар» - С.Т. Шацкий, А.У.Зеленко, А.А. Фортунатов, Л.К. Шлегер, П.Ф. Лесчафт, Л.Д. Азаревич. Клубтың негізгі бірлігі үйірме болып табылды. Балалық шағында осы клубқа қатынасқан М.Н.Скаткиннің есіне түсіруі бойынша мұнда 450-ге дейін бала қатынасты.

Ооқу ағарту және тәрбиелеу міндеттерін қала шетіндегі жазғы колония және жазғы ойын аумақтарының негізін қалаушыларда қарастырды. Бұл әлеуметтік тәрбие институттары жеке және қамқорлық ұйымдарының патронатымен әрекет етті. Коллонияларда балалар өз бөлмелерін жинады,. Киімдерін жуды, тікті, ауыл тұрмысы мен табиғатымен танысу үшін далалық походтарға шығады, көп кітаптар оқылады, бақ – бақшаларда жұмыс жасап, өнімдерін үйге алып отырған. Қаланың кедей балалары үшін Мәскеуде ойын площадкаларын 1909 ж. жеке гимназиялардың бірінің ән мұғалімі – Г.К.Ремизов ұйымдастырды. Ойындар Александровск және Екатеринск бақтарында, Грузиннен скверинде, Тверск бульварында 400 балаға дейін жинап өткізілді. 1912 ж. Москвада мұндай 24 площадка жұмыс жасады. Г.К.Ремизов балалармен экскурсия, саяхаттар ұйымдастырды. Бұл іске мәскеулік саудагер Е.Д.Окунев үлкен көмек көрсетті. Сонымен қатар профильдік клубтар мен қоғамдар пайда болды ХІХ ғ. соңында жаратылыстық – ғылыми, кейін спорттық және техникалық түрлері пайда болды.

1892-1902 ж. Петербургтегі Мраморлық сарайда 8-11 жастағы балалар үшін демалыстық курстар өткізілді. Оның инициаторы және жетекшісі мамандығы бойынша агроном, кадет корпусының тарих пәнінің мұғалімі Н.А.Борташевич. Курстық бағдарламасы екі жылдық болды. Әрбір білім алу күні дәріс, хорда өлең айту, экскурсия т.б. тұрды. Оқу топтарының өз жетекшілері болды.

Осылайша ХХғ. Басында қосымша білімнің негізгі институционалды формалары қалыптасты.



  • мектеп ішілік білім мекемелері (таңдау бойынша пәндер және піндік үйірмелер, оқушылардың қызығушылықтары бойынша бірігуі)

  • мектеп тыс білім мекемелері (бір және көп профильді)

  • балалармен тұрғылықты жері бойынша жұмыс әлеуметтік – педагогикалық феномен ретіндегі даму жағдайында өскелең ұрпақты бейімдеу процесіне бағыт беру қажеттігі туралы идеямен байланысты.

Мектептен тыс мекемелердің жүйесінің негізін профильдік мекемелер құрды: жас натуралистер мен техниктер станциясы, экскурсиялық – туристтік станциялар, спортнемесе өнер мектебі. Елде пионерлік қозғалыстардың дамуы пионерлер сарайы мен үйінің қалыптасуына негіз болды. Олар 1922 ж. бастап әрекет ете бастад, ұйымдастырушылық - әдістемелік орталықтардың қызметін атқарды.

О.Е. Лебедев мектептен тыс мекемелердің іс - әрекетін талдай отырып келесідей әлеуметтік – педагогикалық функцияларды бөледі.

Педагогикалық – балалардың азаматтық және кәсіби өзіндік анықталуы, жалпы білімнің жетіспейтін компоненттерін толықтыру, коммуникативтік қатынасты дамыту үшін жағдай жасау, өмір салтын қалыптастыру.

Әлеуметтік ата – ананың жұмыстың болмауынан балалардың қараусыз қалуларының алдын – алу.

Ұйымдастырушылық - әдістемелік класс жетекшілерге көмек көрсету, мектептен және сабақтан тыс жұмыстарды, ұйымдастырушылар, пионерлік жетекшілерді дайындау.

Осылайша дамыған социализм кезеңінде мектептен тыс мекемелер жасөспірімдер мен ересек мектеп жасындағылардың негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру және дамытуға қабілетті болды. Бірақ ведомоство аралық сипатын сақтау кезінде мектептен тыс жұмыс аймақтағы партиялық органдармен бағытталады, коммунизмнің белсенді құрылысшыларын тәрбиелеу оның негізгі міндеті ретінде қарастырылады.

«Қосымша білім», «Қосымша білім мекемелері» терминдер 10 жыл бұрын пайда болған. Педагогикалық лексикаға 1992ж. РФ «Білім туралы» заңымен енгізілді. Олардың мағыналық мәні бүгінге дейін нақты анық тұрақтанған жоқ, әлі де нақтылану үстінде. Білім беру бағдарламалары жалпы білімдік (негізгі және қосымша) болып бөлінеді. Қосымша білім «жалпы білім беретін мекемелерде және кәсіптік білім беретін мекемелерде жүзеге асырылады. Олардың статусы негізгі білім беретін бағдарламаларымен анықталады.

Осылайша қосымша білім үздіксіз білімнің жүйесінің бөлігі және ел жалпы білім беретін мекемелерде, балалар қоғамдық ұйымдарының мекемелерде, балалар қоғамдық ұйымдарының іс-әрекеті шегінде жүзеге асырылады.

Білім беретін қосымша білім мекемелері туралы типтік тұжырымдама 1995 ж. наурызында бекітілген. 1997 ж. өзгеріс енгізілді. Онда қосымша білім мекемелерінің іс - әрекетінің негізгі міндеттері анықталған: 6-18 жас аралығында балалардың тұлғалық дамуы үшін, денсаулығын нығайту үшін және шығармашылық дамыту үшін қажет жағдаймен қамтамасыз ету. Бұ құжатта қосымша білім мекемелерінің іс - әрекеттерінің бағыттары аталған:


  • бағдарламаны жасау және жүзеге асыру

  • мекеме, өндіріс орындары, ұйымдармен келісім шарт бойынша балаларды кәсіптік дайындау

  • жазғы демалыс уақыттарында балалармен жұмысты ұйымдастыру, тұрғылықты жері бойынша да.

  • Балалар мен ата – аналардың демалысы мен бірлескен еңбектері үшін жалпылама шаралар ұйымдастыру

  • Білім беру процесстік жетілдіру бойынша әдістемелік жұмыс, қосымша білім бағдарламаларын жүзеге асыруда педагогикалық ұжымға көмек көрсету.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Ресейде қосымша білім беру мекемелері қашан пайда болды?



2. Қазақстанда мектептен тыс жұмыстардың дамуы қашаннан басталды?

3. Қосымша білім беру мекемелері іс-әрекетінің қандай бағыттары бар?

3 дәріс тақырыбы: Балаларға қосымша білім беру мекемелерінің номенклатурасы. Бір профильді және көп профильді мекемелер.



Дәріс мазмұны:

1. Қосымша білім беру мекемелерінің номенклатурасы

2. Бір профильді мекемелер

3. Көп профильді мекемелер

Мақсаты: Қосымша білім беру номенклатурасы, бір профильді және көп профильді мекемелер туралы білімдермен қаруландыру.

РФ «Білім туралы» заңы (1992ж.) қоғамның білімге деген қажеттілігін негізге ала отырып қосымша білім мекемелерінің гениалды бағытын белгілейді.

Қосымша білім мекемелерінің орны мен ролінің анық еместігі, елдегі қаржылық тұрақсыздық қосымша білім мекемелері мен басқа типтегі білім мекмелерінің арасында бәсекелесетін сипаттағы өзара әрекеттестік туғызып отыр. Бүгінгі күні қарама-қайшы процестер мен түрлі бағыттағы процестердің нәтижесінде елде қосымша білім беретін мекемелердің түрлі жүйесі қалыптасқан. Білімді басқару органдары өңдеген қосымша білім беретін мекемелердің номенклатурасы олардың көптүрлігін көрсетпейді, бір жағынан бұл оның қызметі емес.

Қосымша білім беретін мекемелердің түрлерінің тізімі сол типтегі мекемеге номенклатураны бекітеді.

Мекемені қандай да бір түрге жатқызу критериі мемлекеттік аккредитаиялық статусты орнатуға арналған білім мекемелерінің классификаторында болады. Алғашқы құжат қосымша білім мекемелерінің классификаторында мекемелерінің 10 түрінен тұрады: орталық, сарай, үй, клуб, балалар студиясы, станция балалар паркі, мектеп, музей, білім беру-сауықтыру лагерьлері. Ол кейбір мекемелердің атын өзгерту туралы нұсқау береді: балалар сурет галереясы – балалар студиясы, оқушы бөлмесі – балалар туризмының орталығы, балалар стадионы – спорттық дайындық клубы.

Қосымша білім мекемелерінің іс-әрекеті елдің білім турасы заңына сәйкес келетін құжат және локальды актілерімен регламенттеледі. Бұл мекемелер кәсіптік дайындайтын қосымша білім бағдарламаларын жүзеге асырады. Олар білім алушылардың дайындық деңгейі мен мазмұнын және қосымша сұраныстарды есепке ала отырып білім мекмелері жасайтын қосымша білім бағдарламаларының бағыттылығын қамтамасыз етеді.

Білім беру процесінің ұйымдастырылуы бақылаушы нормативтік лецензияларға сәйкес жүзеге асырылады.

Балаларды оқыту, тәрбиелеу режимі күндізгі, ауыспалы, тұрғылықты жеріне қатысты жеке болуы мүмкін.

Қосымша білім мекмелерінің түрі екі талап бойынша ажыратылады:


  1. білім бағдарламаларының бағыттылығы

  2. білім беру іс-әрекетінің бағыттылығына сәйкес

Қосымша білім мекемелері келесі бағыттағы қосымша білім бағдарламаларын жүзеге асырады: сарай-барлық бағыттағы, орталық – 5-ден көп емес, үй-төрттен 4-тен кем емес, клуб-бір кез-келген бағыттрағы, станция-біреу, (ғылыми-техникалық, туристік-аймақ тану, экология, биологиялық), бағыт-мектеп-біреу (спорттық техникалық, спорттық, көркем өнер-эстетикалық, әскери – патриоттық лагер –екеуден көп емес.)

Қосымша білім мекмелерін категория бойынша жіктеу педагогтарды бағдарламаны жасау және жүзеге асыруда бағыттайды.

Қазіргі заманғы номенклатураға сәйкес бір профильді мекмелерге бір бағыттағы бағдарламаларды жүзеге асыратындарды жатқызамыз (спорттық –техникалық, көркем өнер-эстетикалық, әскери-патриоттық, ғылым-техникалық)

Қосымша білім мекемелері мектептен тыс маманданған мекемелер негізінде жасалды.

Бір профильді Мекеменің толық

қосымша білім аты.

мекемелері

1. Орталық Экорлогиялық –биологиялық орталық,

жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу

орталығы, балалар мен жастардың

техникалық шығармашылық орталығы,

балалар туризмы орталығы.

2. Сарай Спорт сарайы, көркем өнер

шығармашылық сарайы, балалар мен

жастардың мәдениет орталығы.

3. Үй Жас натуралисттер үйі, техникалық

шығармашылық үйі, балалар туризмы

және экскурсия үйі.

4. Клуб Жас теңізшілер үйі, жас ұшқыштар үйі

т.б.


5. Станция Жас натуралисттер станциясы, жас

туристер станиясы, экологиялық –

биологиялық орталықтар.

6. Мектеп Балалар әуен мектебі, балалардың өнер

мектебі, балалардың көркем-өнер мектебі,

олимпиадалық резерв мектеп.

7. Студия Көркем өнер студиясы, дизайн студиясы.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Қосымша білім беру мекемелерінің номенклатурасы қандай?



2. Бір профильді мекемелерге жататын мектептер?

3. Көп профильді мекемелерге жататын мектептер?

4 дәріс тақырыбы: Қосымша білім беру бағдарламасы



Дәріс мазмұны:

1. Қосымша білім беру бағдарламасы туралы түсінік

2. Қосымша білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері

Мақсаты: Студенттерде қосымша білім беру бағдарламалары жөнінде білімді қалыптастыру.
Қосымша білім беретін мекемелердің іс-әрекетінің эффективтілігі мазмұны мен бағыты бойынша түрлі сәйкес бағдарламалық құжаттардың жасалуын талап етеді. Атестациядан өту үшін мекемелер ұсынатын құжаттар тізімінде мекеменің іс-әрекетінің бағдарламалары мен қосымша білім бағдарламалары көрсетілген. Бұл бағдарламаларды мекеменің өзі даярлайды. Тәжірибенің көрсетіп отыруы бойынша мекемелерде құрылымдық бөлімшелердің іс-әрекетінің бағдарламалары, ағарту ісі мен тәрбиелеу жұмысының, бөлімшелер мен мекеменің өзін дамыту бағдарламалары жасалады.

Бағдарлама (грек тілінде – programma – хабар, өкім дегенді білдіреді) – қойылған мақсатқа жетудегі әрекеттерінің жүйелілігін анықтайтын, адамдардың бірлескен іс-әрекетінің нормативті моделі.

Білім бағдарламасы оқу-әдістемелік комплекстің бөлігі болып табылады. Оның қызметі келесіден тұрады:


  • меңгерілуі керек теория, заңдылық, ұғым, құбылыс, фактілерді көрсету жолы арқылы білім мазмұнын ашуға акцент қояды;

  • оқу материалының жүйелік, реттілігін, оның меңгерілуіне бөлінетін уақытты көрсету;

  • мазмұны бағдарламаны анықтайтын білімнің кейбір кезеңінің нәтижелерін сипаттау.

Оқдың нәтижесін, ұйымдастырылуын, мазмұны мен мақсатын көрсететін бағдарламаның әдістемелік әдебиетінде «Балаларға қосымша білім беру бағдарламасы», «Қосымша жалпы білім беретін бағдарламасы» т.б. тұрақты сөз тіркесі белгіленген.

Бағдарламаның болжамдылығы әлеуметтік-педагогикалық жағдайдың өзгеру темпі мен оның бағыттылығын есепке алумен байланысты.

Бағдарламаның нақтылығы ол шешуге бағытталған мәселе мен оны шешу үшін педагогтің таңдайтын әдіс-тәсілдерінің арасындағы сәйкестікті көрсетеді. Көп жағдайда педагогтар білім процесін модельдей отырып бірден бірнеше мәселені шешуге бағытталады. Бірақ бір уақытта бәрінің шешімін табу орындалмауы мүмкін. Өйткені педагогтың қолданатын бір әдісі екіншісін шешпеуі мүмкін.

Бағдарламаның рационалдылығы барлық мүмкін болатын тәсілдер мен әрекеттердің ішінен аз шығынмен қалаулы нәтижеге қол жеткізетінін таңдауды қамтамасыз етеді. Бағдарламаның бақыланушылығы мәселе шешімінің индикаторы, оларды өлшеу тәсілдері мен әдістерінің болуымен анықталады. Бұл жағдайда индикаторлар - олардың көмегімен жоспарланған нәтиженің болуы немесе болмауы туралы айтуға болатын тәрбиеленушінің тұлғалық сапаларының сыртқы көрінісі.

Бағдарлама тек түпкі нәтижені ғана емес аралық нәтижелерді де қарастыруы маңызды. Бұл дер кезінде білім процесінің ұйымдастырылуы мен мазмұнына түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.

Тұтастық – аналитикалық, мақсаттық, технологиялық, бақылаушы-диагностикалық компоненттердің ішкі үйлесімділігінің болуы кезінде пайда болатын бағдарламаның сапасы. Сонымен қатар қосымша білім бағдарламасы үшін маңызды сапаның бірі олардың интеграцияланатындығы. Мекеменің бағдарламалары бір әдістемелік жүйені құруы керек. Білім процесін жеткілікті деңгейде толық сипаттайтын және жалпы мәдени, әлеуметтік-экономикалық, педагогикалық психофизиологиялық факторларды есепке ала отырып оны жүзеге асыратын әдіс, тәсілдерді талдауды негіздейтін бағдарламалық-әдістемелік өнімді жасау педагогтан тек компетентілікті ғана емес қосымша білім.

Бағдарламалары жалпы білімнің мемлекеттік стандарты негізінде жасалады. Балалардың шектен тыс артық жұмыстануының алдын-алу үзілістің, оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану, оқу міндеттерінің балалар қажеттілігіне сәйкес келу есебіне жүзеге асырылады. Сондықтан қосымша білім бағдарламасы білім беру процесінің тек мазмұнын сипаттау ғана емес, оқу процесін, әдістерін, тәсілдері мен механизмдерін ұйымдастыруы керек. Онда жеткілікті түрде дидактикалық жүйенің барлық компонеттері көрсетілуі керек: мақсаты, мазмұны, әдістері мен тәсілдері, формалары мен нәтижелері.

Қосымша білім бағдарламасының елеулі ерекшелігі біздің пікірімізше білім беру қызметінің нарығының конъюнктурасына бағытталуы. Басқарудың эффективті тәсілі болуы үшін В.С.Лазарев пен М.М.Поташниктің пікірінше, бағдарлама өзектілік, болжамдылық, ақиқаттылық, рационалдық, тұтастық, бақыланушылық, үзілістерге сезімталдық сияқты сапаларға ие болуы керек.

Бағдарламаның өзектілігі қосымша білімнің проблемасының мәнділігімен анықталады. Проблема немесе мәселе кейбір қарама-қайшылықтардың көрінісі:


  • баланың тұлғалық дамуындағы қарама-қайшылықтар арасындағы және нақты жағдайда олардың қанағаттандырылуы үшін жағдайдың болуымен;

  • қоғам қажеттіліктері арасында;

  • жасөспірімдер мен жастардың сүйікті істері мен сол істің тұлғалық және қоғамдық мағынасын өз бетінше анықтап, жүзеге асыруға қабілетсіздік арасындағы.

Бұл түсініктердің мәні келесі түрде анықталады:

  • жоспарланған нәтижелердің шарты, әдісі, жетістік технологиясына сәйкес педагогтың концепциясын бейнелейтін құжат;

  • педагог пен баланың өзара әрекеттесу процесін бейнелейтін оқу курсының моделі;

  • негізгі білімнің қандай да бір аймағын кеңейтетін бағдарлама;

  • одан өте отырып, білімділіктің белгілі деңгейіне шығатын баланың жеке білім маршруты;

  • пәндік бағдарлама белгілі бір аймақта балаға өзін жетілдіруге мүмкіндік беретін негізгі білімнің бір саласын қарастыратын, білім бағдарламасының құрамды бөлігі.

Қосымша білім бағдарламалырының ерекшелігі, біріншіден, педагогтың өзін-өзі көрсете білу мүмкіндігі, екіншіден, негізгі білімнің мазмұнын толықтыру, үшіншіден, баланың өзіндік анықталу мен өзіндік жетілу, білімнің индивидуализациясы үшін мүмкіндіктің жасалуы.

Балалар үшін қосымша білім бағдарламасын педагог немесе мекеме өз бетінше жасайды. Білім процесінің мақсаттық, мазмұндық және технологиялық компонентін анықтауда еркіндікке ие. Бұл негізінде білім беру процесі жүзеге асатын құжат ретіндегі қосымша бағдарламаға талаптың күшеюіне себебші. Бағдарлама педагог іс-әрекетінің мақсатқа бағыттылығын, нәтижелігін, заңдылығын қамтамасыз етеді. Педагогтың осы курстың тәсілдерімен баланың дамуы мен рухани-құндылыққа бағытталуына нақты үлес қосу міндетін бейнелейді, оның негізінде білім беру процесіне бақылау жүзеге асатын құжат. Бағдарламаның незінде қосымша білім беретін мекеменің материалдық-техникалық қамтамасыздандырылуы қарастырылады.



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Қосымша білім беру бағдарламасының мақсаты қандай?

2. Қосымша білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері қандай?

№5 дәріс тақырыбы:

Дәріс мазмұны: Балаларға қосымша білім беру мекемелері туралы типтік жағдайлар

Жалпы ережелер

Мекемедегі ұйымдастыру жағдайлары

Іс-әрекет негіздері



Мақсаты: Жалпы ережелер, ұйымдастыру жағдайлары жөніндегі білімдермен қаруландыру.

  1. Бұл типтік жағдайлар (положение) мемлекеттік қосымша білім беру мекемелерінің жұмысын реттейді.

  2. Қосымша білім беру мекемелерінің негізгі міндеттері:

  • тұлғалық даму үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету,

  • оларды қоғамдық өмірге бейімдеу.

  • Жалпы мәдениеттілікті қалыптастыру

  • Бос уақытты мазмұнды өткізуге жағғдай жасау.

  1. Балалардың қалауы бойынша ұйымдар мен бірлестіктер құрылады.

  2. Мекемеде саяси партиялар мен қоғамдық саяси және діни бірлестіктердің құрылуы және іс - әрекеті жүзеге аспайды.

  3. Білім беру процесі жүзеге асатын тілді мекеме жарғысы бойынша өздері шешеді.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Жалпы ережелер қалай жүзеге асады?

  2. Мекемедегі ұйымдастыру жағдайлары қандай?

  3. Қандай іс-әрекет негіздерінен тұрады?

6 дәріс тақырыбы: Балаларға қосымша білім беру мекемелерінің ұйымдастырушылық- әдістемелік құрылымы

Дәріс мазмұны:

1.Ұйымдастырушылық - әдістемелік құрылымның деңгейлері

2. Ұйымдастырушылық -әдістемелік жұмыстарды жүргізудің әдістемесі

Мақсаты: Балаларға қосымша білім беру мекемелерінің ұйымдастырушылық- әдістемелік құрылымымен таныстыру.

Қосымша білім беретін мекемелердің ұйымдастырушылық құралы қызметтер мен бөлімшелер сонымен қатар қызметтеріне байланысты мамандар арасында лауазымдардың бөлінуінен тұрады. Ондай мекемелердің әдіснамалық аспектісі бөлімшелер мен оларды үш өзара байланысты деңгейде жүзеге асыру тәсілдер қомплексі арқылы ашылады.



  1. Педагогтардың балалармен жұмыс әдістемесі.

  2. Білім процесін бағдарламалық қамтамасыз ету және таңдау.

  3. Педагогикалық көмек көрсету әдістері, мекемлерде мамандардың біліктілік деңгейін көтеруді ұйымдастыру.

Қосымша білілім беретін мекемелердің ұйысдастырушылық- әдіснамалық құрылымы бір жағынан оның сыртқы ортаға бейімделу нәтижесі болып табылады. Облыстық, аймақтық, республикалық мекемелер аймақтық басқа мекемелеріне қатысты ақпараттық-әдістемелік орталықтар ролін атқарады. Олардың негізінде семинарлар, дөңгелек стол, мастер-класс т.б. шаралар басқару және педогогикалық қызметтегілер үшін жүргізіледі. Олар балаларға қосымша білім беру тәжірибесін талдап, аймақтың басқа әдістемелік ортақлықтарымен қатынасты жүзеге асырады.Түрлі әдістемелік материалдар шығарып таратады.Осыған байланысты мұндай мекемелердің құрамында әдістемелік қызметтер, ақпараттық басқа орталықтары, кітапханалар т.б жұмыс жасайды.

Балаларға қосымша білім беретін ауылдық және қалалық мекемелердің ұйымдастырушылық және әдістемелік айырмашылықтары олардың мектеппен өзара әрекеттестік сипатында. Бір мектептер профильдік оқытуды дамытса мектеп болып қалады. Бәсекелестік жағдайында қосымша білім беретін екі мекеме де «еркін» дамудың екі бағыты болып қала береді.

Білімнің күйі мен даму тендекциясының қазіргі замандық әлеуметтік және педагогикалық зерттеуінің көрстеу бойынша мектеп ортаның жетіспейтік компененттерін орталығына айналады. Ауыл мектептері балалар ұжымының мектеп аралық өзара әрекеттесуін ұйымдастыруды қажет етеді. Бұл қызметті қосымша білім беретін мекемелер орындайды. Олар мектеппен бірлесе жұмыс жасай отырып тек аймақ орталығы ғана емес аймақтың барлық оқушыларының сыныптан тыс жұмысын бағыттаушы және ұйымдастырушы ретінде көрінеді. Бұл іс-әрекетер тәрбиелеудің манупуляциялық комплекстік бағдарламалары көмегімен бағдарламалары көмегімен жүзеге асарды. Қазіргі замандық көптеген бір профильді мекемелердің әдістемелік құрылымы көп деңгейлі білім беру жүйесі ретінде көрінеді. Деңгейлер түрлі жас кезең баспалдағындағы ұйымдастырушылық-педагогокалық міндеттер комплексіне сәйкес бөлінеді. Жалпылама жұмыс мекеменің мүмкіндіктері туралы ата-аналар мен балаларды хабардар етуге бағытталған. Мұнда класс сағаттары, ата-аналар жиналысы, мектептер мен экскурсиялар қарастырылған. Сонымен қатар конкурстар,мейрамдар, ойын бағдарламалары бар. Жалпылама жұмыс ақпараттық және тәрбиелік міндеттер шешуге бағытталған.Олар жазға мектеп немесе қала сыртқы лагерлері формасында өткізіледі. Кіші жастағы оқушылармен жұмыстың негізін бір-немесе екі жылдық бағдарламаның құрайды.

Бағдарламаның мазмұнын меңгерудің бастауыш деңгейін қаматамасыз етудің басты міндет берілген профиль бойынша балаларда білім жалғастыруға деген мотивация қалыптастыруға.Білімнің келесі деңгейі базалық немесе негізгі.Ол мамандықтар қатарлы бойынша қосымша бағдарламаларымен қамтамасыз етіледі.Соңғы дейгейі кәсіп алды деңгей. Оны қамтамасыз ететін бағдарламалар өз білімі алуын мекеменің профиліне сәйкес келетін кәсіпті меңгерумен байланыстыратын балалар үшін жасалады. Білім берудің негізгі және кәсіби деңгейлері мекеменің профилін анықтайды, ал бастауыш деңгей балаларды сәйкес нышандары бойынша іріктеу анықтауды қаматамасыз етеді.

Жоғарғы мектеп мамандарын қосымша білім беретін мекемелерге тарту зерттеу жобаларында жоғарғы мамандырылған ғылыми жетешілікті қамамасыз етеді.

Спорттық бағыттағы қосымша білім беретін мекеменің уставын құру бойынша ұсыныстар.





Дайындау

кезеңі


Дайындау мерзімі

Спорт мектептерінің түрлері

Іс-әрекет бағыттылығы

Дене тәрбиесі бойынша балалар жастар клубы


Балалар- жастар спорт мектебі

Олимпиадалық резервті спортық балалалар-жастар клубы

Жоғарғы спорттық шеберлік мектебі

1

Спроттық

сауықтыру



Бүкіл кезең бойы

А

А

D

-

Массалық спрот

2

Бастауыш

2-3 жыл

А

А

А

-

3

Оқу жаттықтырушы

4-5 жыл

С

А

А

А

4

Спорттық

жетілдіру



3 жыл

В

С

А

А

Жоғарғы жетістік

Спорты


5

Жоғарғы

Спорттық шеберлік



5 жыл

-

В

С

А

А-негізгі функция.

В- дарындылар үшін.

С-жаттықтырушы

D- мамандандырылмаған бөлімшелерде.

Қосымша білім беретін унитарлы көппрофильді мекемелердің құрамында әдетте түрлі бөлімшелер болады: оқу, спорттық, қол өнер-жалпылама,мектепке дейінге, балалар қоғамдық ұйымдасдары немесе мекемелері:

Бөлімшелердің ішінде бірнеше топтардан тұратын сонымен біріншілік бірлестіктер жұмыс жасайды. Бөлімшелер ішінде бірлестіктер арасында орнайды. Олар өздеріне тән оқу бағдарламаларын жасау жолымен дамыды. Нәтижесінде мекемеде білім маршуттары қалыптасады, оларды меңгере отырып бала горизонталь бойынша (қосымша білімнің пәндік аймақтарын өзекті қызығушылықтар мен сұраныстарға сәйкес өзгетеді) және вертикаль бойынша (таңдаған аймақта жетілу) қозғалады. Мұндай түрдегі өзара әрекеттесулердің қалыптасуын ұжымдық жобалық іс-әрекетті қаматамасыз ете алатын мекемеде әдістемелік қызметтің болуы кезінде мүмкін.

Қосымша білім беретін көптеген унитарлы көппрофильді мекемелерде жылы үйдің психологикалық комфортты атмосферасын жасау немесе үлкен отбасы және бірлігі бар команданың жағымды атмосферасын жасауға бағытталған жұмыстар жүргізіледі. Бұл міндет дәстүрлі іс және мейрамдардың жүйесі арқылы шешіледі.

Мұнда барлық бөлімшелер немесе мекемелердің педагогтары мен балалары бірігеді. Бұл міндеттерді шешу педагог-ұйымдастырушылық міндеті. Унитарлы көппрофильді мекемелерде мамандандырылған ұйымдастырушылық, әдістемелік және психологиялық қызмет атқаратын мекемелер жұмыс жасайды.

Дамудың жоғарғы деңгейі балалардың тұрғылықты жері бойынша жұмыс жасайтын ішкі байланыстарға тән.

Унитарлы көппрофильді қосымша білім беретін мекеме үшін білімінің үш деңгейі тән: бастауыш, негізгі және кәсіп алды.

Көппрофильді мекемелерде балалардың іс-әрекет түрін, мазмұнын, формасын таңдау қаматамасыз етілген.



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Ұйымдастырушылық - әдістемелік құрылымның деңгейлері қандай?

2. Ұйымдастырушылық -әдістемелік жұмыстарды жүргізудің әдістемесі қалай жүзеге асады?

3. Кіші мектеп жасындағылармен жүргізілетін жұмыстар

7 дәріс тақырыбы: Қосымша білім беру мекемелерінің тәрбиелік ұйым ретіндегі ерекшеліктері

Дәріс мазмұны:

1. Тәрбиелік ұйымдардың ерекше белгілері

2. Креативтілік, дифференциация, жекелік

3. Білім беру деңгейлері

Мақсаты: Креативтілік, дифференциация, жекелік ұғымдарымен таныстыру, ерекшеліктерін көрсету.

Қосымша білім беру орындары да тәрбие ұйымдары ретінде қарастырылады. Қосымша білім беру орындары мемлекеттік және мемлекеттік емес негізде құрылады және халықтың белгілі бір тобына әлеуметтік тәрбие беруді негізгі міндеті етіп алады.

Жеке тұлғаны немесе топты әлеуметтендіруде басқарудың мынадай бір-бірімен тығыз байланысты 3 формасы ұсынылады:


  1. баланың әлеуметтік тәжірибесінің ұйымдары;

  2. баланың білім алуы;

  3. балаға жекелей көмек көрсету.

Қосымша білім беру орындарындағы әлеуметтік тәрбиенің мазмұнына бір жағынан баланың қызығушылығын ояту болса, екінші жағынан баланың сол білімді игерудегі құндылықты сезінуге талпындыру.

Қосымша білім беру мекемелеріндегі қатаң білім стандарттарының жоқтығы және мұғалімнің баланың сабаққа қатысуға деген көңіл бөлуі.

Қосымша білім беру мекемелерінің мынадай ерекшеліктері бар:


  • балалар бөліміндегі тіршілікке деген шығармашылық;

  • тәрбие үрдісінің жіктелуі, саралануы;

  • тәрбие үрдісінің даралық сипаты, уақытты тиімді пайдалану, білімді игерудегі кеңістіктің берілуі;

  • баланың өзін-өзі тануға деген көзқарасы;

  • тәрбиеленуші мен педагогтың диалогтық мінез-құлықты қалыптастыруға деген талпынысы.

Креативтілік (шығармашылық) функцияны қосымша білім беру мекемелерінде зерттеу жұмыстарының элементтерінің дамуына, тәжірибе алмасуға, өнер мен көркем әдебиетте өз көмегін тигізеді.

Дифференциация (саралау) – балаларға қосымша білім беру мекемелерінде тәрбие процесінің жұмысын жүйелі етілуі үшін қажет. Мысалы, бала тәрбиелейтін орындарда оған кіретін жасөспірімдердің көзқарасының жіктеліп саралануы тәрбиеленушілердің талап-тілегімен ғана қатысты емес, сонымен қатар олардың мүмкіндіктері де ескеріледі.

Балаларға және жасөспірімдерге қосымша білім беру орны игерілетін, берілетін білім бағдарламасының қиындық деңгейімен ерекшеленеді.

Тәрбиелік жұмысының даралық сипаты кезінде әлеуметтік тәжірибе мен білімділік мазмұны, уақытты ұтымды пайдалану, кеңістікті қабылдау ескеріледі. Қосымша білім берудегі бұл функция мемлекеттік қатаң түрде реттелген әлеуметтік тәрбиемен тығыз байланысты. Өзін-өзі тануға деген көзқарас баланың белгілі бір іс-әрекетке деген ынтасын арттырады.

Қосымша білім беру орындарында жекелік бағдарланған ақпараттар көмегімен және өзіндік белгілеудің арқасында балада қоғамдық іс-әрекетке деген көзқарас қалыптасады.

Қосымша білім беру орындарында тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер арасында диалогтық мінез орнату балаларда кең көлемді мәселелерді шешуде жекелік педагогикалық көмекті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қосымша білім беру орындарындағы жекелік педагогикалық көмек берудің маңыздылығы бала мұнда тәрбиешіден көмек алуға әзір тұрады. Балада мәселелерді, өздерінің мәселелерін шешуге ықпалы тиеді, мұғаліммен түсінушілік табуға деген талпыныс пайда болады.

Қосымша білім беру орындарындағы түпкі диалогтық мінез, қарым-қатынас педагогтар мен тәрбиеленушілер арасында тұлға аралық қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді. Бұдан мынадай талап шығады: балаға қоршаған іс-әрекеттер түсінікті болуы керек. Диалогтық қарым-қатынас арқылы тәрбиеленушіде педагогымен «субъектінің айналуы» орнайды.

Қосымша білім беру орындарында тұлға аралық қарым-қатынас түпнұсқалы диалог арқылы қалыптасады. Қосымша білім беру орындарының екінші ерекшелігі мектеп жалпы білім беру қызметін атқарады.

Қосымша білім – адамның қызығушылығы мен қажеттілігіне байланысты, өзінің жалпы білімдік және кәсіптік деңгейін жетілдіру мақсатында жұмыстан және сабақтан тыс уақытта меңгеретін білімі. Балалар қосымша білімді арнайы мекемелерде (шығармашылық үйлерде, жас техниктер станциясында, табиғат үйлерінде) ала алады.

Қосымша білім негізгіге қарағанда міндетті емес. Оның хоқ болуы жалпы білім, мамандық алуға кедергі келтірмейді. Оның міндетті еместігі адамның еркіндігінен, білім беру процесінің қатаң регламентелмеуінен көрінеді. Бір жағынан бала немесе оның ата-анасы өздері қосымша білім алу мазмұны мен формасын таңдайды.

Екінші жағынан мекеменің өзі де баланың және педагогтардың мінез-құлық әрекеттерін регламенттейтін ережелерді ұсынады. Мемлекеттік әлеуметтік тәрбие жүйесінде қосымша білім мекемелері бағынушы рольде болады.

Үшінші ерекшелік. Қосымша білім мекемелерінің үшінші міндеті – оқушыларға кәсіби өзін-өзі анықтауға көмектесу. Ол ұсынылған тізімнің ішінен іс-әрекет сферасын таңдау мүмкіндігін ұсынумен қамтамасыз етіледі.

Білімнің пратилизациясы оның мазмұны ретінде белгілі бір білім аймағы көрінгенде орын алады. Бұл жерде белгілі бір ғылым саласының пәндері оқытылып қоймақ пән аралық байланыстарда ашылады.

Қосымша білім мекемелерінде білім қолданбалы бағыттылығымен ерекшеленеді. Кейбір мекемелер мен бірлестіктердің тәрбиеленушілерінің жеке жетістіктері дарындылық деңгейіне тәуелді болады. Азда болса нышаны бар балаларда әдетте өз мүмкіндіктері және шектеулері жөнінде анық түсінік қалыптасқан. Дарынды балалардың олар үшін мәнді іс-әрекетті жүзеге асыруға бағыттылықтары өте жоғары.

Төртінші ерекшелік - әлеуметтік тәрбиенің негізділігі. Егер тәрбие стихиялық әлеуметтену процесін толықтырса, онда (тәрбиені толықтыратын» тәрбиелеуші ұйымдар басқарушы бастаманы азайтуға назар қояды. Қатынас және тұлғаралық қатынастар қосымша білім мекемесінің өмірінде елеулі орын ала отырып қарқындылығымен сипатталады. Әр тәрбиеленуші осы сферада өзін жүзеге асыруға тырысады, бірақ сәйкес дағдылары болмайды. Сондықтан қоршағандармен өзара түсіністік орнатуға көмек көрсету, басқа жағдайларда пайда болған тәрбиеленушінің стереотипін жеңуге көмектесу жеке көмек сипатында болады.

Тәрбиеленушілердің мінез-құлық әрекеттерінің регуляциясын азайту үшін педагог топтық және индивидуалды жұмыс формаларын біріктіре отырып жұмыстанады. Топ 15-16 адамнан тұрады.

Бесінші ерекшелік – қосымша білім мекемелері 1918 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін мемлекет құзырында болып табылады.

Алтыншы ерекшелік – қосымша білім мекемелері түрлі ведомстволарға бағынады. Мысалы, білім министрлігі, мәдениет министрлігі, мемлекеттік комитет, туризм және мәдениет министрлігі.

Жетінші ерекшелік – қосымша білім мекемелерінің әлеуметтік тәрбие субъектілерінің ерекшелігімен байланысты. Қосымша білім мекемесінің педагогтарының жұмысы өзі жасайтын бағдарламамен регламенттеліп сәйкес экспертиза және тұжырымдамалар арқылы леганизацияланады.

Көптеген қосымша білім мекемелерінің педагогтары кәсіби – педагогикалық дайындықсыз нақты пәндік – практикалық аймақта маман болып табылады. Сондықтан әлеуметтік тәрбие міндеттерін шешу интуитивті жүреді.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Тәрбиелік ұйымдардың ерекше белгілері қандай?

2. Креативтілік, дифференциация, жекелік дегеніміз не?

3. Қандай білім беру деңгейлері бар?

№8 дәріс тақырыбы: Балаларға қосымша білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік тәрбиені жүзеге асырудың модельдері



Дәріс мазмұны:

1. Әлеуметтік тәрбие берудегі модель ұғымы

2. Гимнастикалық тәрбие

3. Жетістікке жете білуге тәрбиелеу

Мақсаты: Балаларға қосымша білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік тәрбиені жүзеге асырудың модельдерімен студенттерді таныстыру.

Әлеуметтік тәрбиені жүзеге асыру моделі – белгілі әлеуметтік - мәдени аналогтарға сәйкес тәрбие ұйымы қызметінің ерекшелігінің жалпыланған тұтас бейнесі. Бұл жағдайда «модель» түсінігі белгілі бір тәрбие сипаттамаларының ерекше бірлігін белгілейді:



  • әлеуметтік тәжірибе (әлеуметтік мәдени контекст; бірлесу формалары, өмірлік іс әрекеттерің басым сферасы, режимдері, өзара әрекеттесудің ұйымдастыруының формалары, ережелері, зара әрекеттесу нормалары, ересектер мен балалардың әлеуметтік рольдері)

  • білім (оқыту мазмұның регламеттелуі, оқыту түрлері мен әдістері, ағарту ісінің сипаты, өз бетімен білім алудың мазмұны.)

  • жеке көмек (ерекше проблемалық жағдайларды шешуге бағытану)

Қосымша білім беретін номенклатура және ақиқат көп түршігін талдау әлеуметтік тәрбиеші жүзеге асырудың 5 модельдін бөлуге мүмкіндігін береді: «мектеп» «квази кәсіптік клуб» «студия» «станция» «табиғи клуб» Орталық (үй, сарай т.б.) қосымша білім беретін көппрофильді мекеме ретінде мектеп және клуб, клуб және студия, станция және мектеп элементтерінің бірігуінен туруы мүмкін. Қосымша білім беретін көппрофильді мекемелерде әлеуметтік тәрбиені жүзеге асыруды жоғарыда аталған модельдері бөлімше, жеке бірлестіктермен ұсынылуы мүмкін.

Әлеуметтік тәрбиенің қаңдай да болмасын мөделінің ерекшелігі айқын көрінген әлеуметтік – мәдени контекстпен негізделеді.

Тәбиелеуші ұйымның әлеуметтік мәдени контекстісі - тәрбие мен тәрбиеленушілердің өзара әрекеттесуіне кірістірілген заттар мен құбылыстардың спецификалық мәнін анықтайтын жалпы идеяны көрсетеді. Афинада әлеуметтік тәрбие жас адамның рухани және денелік күштеріне үйлесімді және жақты дамытуға бағытталған. Калокагатия адамды тәрбиелеу идеал концепциясы (грек.Halokagathia мұнда kaios – ғажап, agothos – мейірімді) адамның сыртқы және ішкі негіздерін үйлесімді дамытуды қарастырады. Әдемілік идеалы бірлік, рух және дене үйлесімділігін кірістірді. Сондықтан әлеуметтік тәрбиенің негізгі жолы идеалдарының командарын ұстану деп қарастырылады. Идеалға жақындау үшін камандарды ұстану гимнастикалық және мүсіндік тәрбие шеңберінде жүрді. Гимнастикалық тәрбие ең алдымен тез қозалу, жылдам жүгіруге үйретумен байланысты болды. Гимназияда тәрбиеленушілер күрес, секіру, диск, найза, лақтыру, жүзу, есу, доп лақтырумен айналысты.

Мүсіндік тәрбие (грек.tygike - әдебиет, ғылым, өнер саласында жетістікке

жету) – ғұламалардың сөздерімен, ерліктерімен таныстыру, өлен айту, музыкалық аспаптарда ойнауды үйретуді қарастырады. Ғұламалар мен батырлардың жетістіктері , ерліктері жөнінде естей отырып жастар оларға ұқсап бағуға талпынды. Мүсіндік және гимнастикалық тәрбиенің жетекші әдісі арыс, қоғамдық пікір деп айтуға болады. «мектеп»моделіне баланың сабаққа қатынасуы міндетті. Бұл модельдегі, оқу процессіндегі өзара қатынасты түсіну үшін қосымша білім беретін педагогтың міндеті де яғни оқушының білім дағдыға деген қажеттілігін қаланың міндеті де манызды. «Педагог – тәрбиеленуші»өзара қатынасы императивті сипатта болады, объективті түрде тәрбиеші оқушының қажетті оқу материалын менгеруі мақсатында оған жерді жүзеге асырады.

Сондықтан тәрбиеленушіде оқуға деген қабілеті, табиғи нысандары мен талпынысы бағаланады. Бағалаудың басты критериі оқудағы жетістік. Қосымша білім беретін педагог пен тәрбиешінің қатынасын әлеуметтік контекст бойынша жаттықтырушы, мұғалім, шебер сияқты әлеуметтік рольдермен түсіндіруге болады.

«Мектеп» моделінің жағдайында білім жоғары денгейде мамандарылған әдетте сертификат алумен байланысты. Сондытан қосымша білім беретін мекемелерге оқытудың жоғары денгейде регламенттелуі; қатаңсабақ кестесінің болуы; оқу мазмұнынын әр тәрбиеленушінің меңгеруінің міндеттілігі тән. Мұнда оқыту жеке – топтық, дифференцияланган, репродуктивті сияқты түр және әдіс формасында көрінеді, мектепте өзбетінше жұмыс, үй тапсырмалары, аттестациялаудың сынақ – емтихандық формалары бар. Тағы бір әлеуметтік контекстіні әлеуметтік тәрбиенің спартаңдық жүйесінен анықтауға болады. Спартада жүргізілетін әскери саясатқа сәйкес тәрбие нағыз жауынгердің негізгі сапаларын қалыптастыруға бағытталған, ол сапалар: физикалық кезен, батыл, өзін - өзі ұстай білу, мендалдылық, экстремалды жағдайда тәрбиеленушінін күресе білу, өлімнен қорықпау. Спарттандық тәрбие тән негізі сипаттар қоғам алдыңда ашықтық, мемлекеттік қоғамдық бақылау, отбасынан тыс болу және ұжымдық. Ер балаларды ата – аналарынан кіші отрядтарға біріктіріп оқытты. Мұндай әскери тәрбиесінің тәсілдері:


  • жеке үлгі болу (әр отрядтың басшылығында батыл, ерлік танытқан жауынгер тұрды.)

  • имитация

  • марапаттау және жазалау.

  • Сынақтар арқылы әскери дайындықтың бір кезенінең екіншісіне алмастыру жүргізілді.

  • Жарыс

  • әскери қызметтегі тәжірибе.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Әлеуметтік тәрбие берудегі модель ұғымына түсінік бер.

2. Гимнастикалық тәрбие не?

3. Жетістікке жете білуге тәрбиелеу қалай жүреді?

№9 дәріс тақырыбы: Қосымша білім беруде әлеуметтік тәрбиені жүзеге асыру



Дәріс мазмұны:

1. Алғашқы «квазикәсіби клубтардың» пайда болуы

2. Әлеуметтік тәрбие берудің «студия» моделі

3. «Станция» моделі



Мақсаты: Студенттерді қосымша білім беру модельдерімен таныстыру, пайда болу тарихын түсіндіру.

Спартадағы әлеуметтік тәрбиені «квази кәсіби клуб» мөдельдік жүзеге асырудың алғашқы тәжірибесі деп есептеуге болады. Қазіргі заманғы квази кәсіби клубтар жас ұшқыштар, десатниктер, моряктар орталықтары.

әлеуметтік тәрбиенің «студия» моделі келесі мекемелерді бейнелейді. Эстетикалық тәрбие мекемелері, балалар музыкалық студиясы, балалардың музыкалық – театрлік студиясы, вокальдық – музыкалық студия, эстрадалық студия, қазіргі заман биі студиясы, фольклорлық – этнографиялық студия, балалар – жастар театры. «Студия» сөзі (итал. Stuelio – тырысу, менгеру)алғашқыдаарнайы жабдықталған бөлмені, суретінің шеберханасын білдірді. Студияда жастар шебердің басшылығымен бірлескен шығармашылық процесске қатынасады. Ұйымдастырылған әлеуметтік тәрбиенің негізі бірлесе отырып жасау, бірлесе отырып ғылыми зерттеу жүргізу. Әлеуметтік тәрбиені тәрбиеленуші бірлескен заттың практикалық іс әрекетте спортта, танымдық әрекетте меңгереді. Аталған барлық іс әрекет түрлері экспедиция, поход, дайындалған заттарды демонстрациялау, жобаларды қорғау т. б. Формада ұйымдастырылады. Білім берудің «станция» моделі басқа модел түрлерінен ерекшеленеді. Мұнда тәрбиеленуші белгілі бір пәндік аймақ шеңберінде проблеманы (жобаны) оқу түрі мен әдістерін таңдайды.

Тәрбиеленушінің шектен тыс, артық жұмыстануы нәтижесінде онда құрбыларымен қатынас орнатуда қиындық туындамайды. Сондықтан жеке педагогикалық көмек тек оқу материалды меңгеруге ғана емес тәрбиелеушінің формальды және формальды емес топтарға өзара әрекеттесуінің оптимитизациясында бағытталған. «Табиғи клуб» моделі антикалық кезден бастап анықталды. Әлеуметтік контекстіде табиғи клуб – аналысатын істері немесе қызығушылықтары ұқсас немесе жақын адамдар жиыны әлеуметтік тәрбиенің «табиғи клуб» моделіне мысал бола алады: рольдін ойындар клубы, әскери – тарихы клуб, ізденістін отрядтар, жоғарғы сынып оқушыларының клубы. «Табиғи клуб» моделінің мазмұны қатынасушылардың бос уақыттарын еркін өткізуі болып табылады. Тәрбиелік бағыт бұл жағдайда миссионерлік идеология мен ойынды енгізумен қамтамасыз етіледі. Бұл модельдегі өзара әрекеттесу нормалары мен ережелері әлеуметтік тәрбиенің басқа модельдерінен қатынас және қарым – қатынастық төмен регламенттелуімен, шектеулердің төмендігімен ерекшеленеді. Бұл жүйелі әлеуметтік тәжірибиені жүзеге асырудың бұл мөделіне жүйелі оқыту жоқ. Ағарту ісі стихиялық түрде тәрбиеленушілердің суранысымен өткізіледі.



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Алғашқы «квазикәсіби клубтар» қашан пайда болды?

2. Әлеуметтік тәрбие берудің «студия» моделінің шығу тегі.

3. «Станция» моделінің жұмыс жасауы қалай жүзеге асады?

10 дәріс тақырыбы: Балаларға қосымша білім беру мекемелерінде әлеуметтік тәжірибені ұйымдастыру

Дәріс мазмұны:

Қосымша білім беру мекемелерінде әлеуметтік тәжірибені ұйымдастырудың ерекшеліктері

Адамның рухани-практикалық әрекеттері

Мақсаты: Қосымша білім беру мекемелерінде әлеуметтік тәжірибені ұйымдастырудың ерекшеліктері жөніндегі білімдермен қаруландыру.

М.И.Бобнева,А.А.Бодалев,А.Г.Здравомыслов еңбектерін талдай отырып, әлеуметтік тәжірибе ұғымына түсінік беруге болады. Әлеуметтік тәжірибе дегеніміз - әлеуметтік маңызды іс-әрекет пен адамның өзара әсерлесуін жүзеге асыру формаларының жиынтығы. М.И.Бобнева және Э.А.Орлов адамдардың арасындағы қарым-қатынастар қалай өрбіп отырса, олардың әлеуметтік тәжірибелері де сол бағытта дамып отырады деген. Зерттеушілердің жұмыстары бойынша,адамның ұжымдық жұмыстарын олардың өмір сүрулеріне де үлкен рольдер атқарады.

А.В.Мудрик жеке әлеуметтік тәжірибені былай түсіндіреді: адамның түйсінулері мен қайғыруларының; білім, іскерлік, дағдыларының; қарым-қатынас, ойлау және іс-әрекет тәсілдерінің; мінез-құлық стереотиптерінің; құндылықтық бағдарларының өзінше синтезі.

Балалар бірлестіктерінің жұмыс тәсілі бірлестік қатысушыларының өзара байланысты рольдерінің жиынынан, нормалардан, этикет ережелерінен, топаралық және топішілік өзара әрекеттесуді ұйымдастыра алудан көрінеді.

Әлеуметтік тәжірибені ұйымдастыруда тәрбиені ұйымдастырудың ғимараты (орны) үлкен роль атқарады. Қосымша білім алу жүйесіндегі тәрбиелік ғимараттарды екі топқа бөлуге болады:

1)Тәрбиелік процеске бейімделген ғимараттар мен орындар

2)Арнайы салынған немесе толық түрде қайта жабдықталған ғимараттар

Мысалы: көркем өнер және саз мектептерінің көпшілігі ескі үйлерде, зәулім сарайларда орналасқан. Себебі ескі үйлердің қабырғаларының өздері-ақ өте үлкен мәдениеттен және классикалық өнерден хабар береді. Тәрбие жұмысының ұйымдастырушы мекемелерінің өз жұмысын жүргізу барысында қалай безендірілгені де үлкен ықпалын тигізеді. Яғни, тәрбие жұмыстарын өткізудегі сол бөлменің безендірушілері; композиторлар портретттері; суретшілер; мектеп бітірушілер жұмыстары; өткізілген концерттер фотобейнелері; көрмелер; мақтау қағаздары мен дипломдар( балалар ұжымының жеңіске жеткендіктері жөніндегі сайыстар мен фестивальдар және т.б.) ілінеді.

Мұндай жұмыстар әсіресе спорттық мектептерде жүргізіледі. Бөлмеге атақты спорт жүлдегерлерінің, жас өспірім спорт мектеп спортшылары құрамдары суреттері, жарыстарға қатысты жаттығуларда түскен суреттер, т.б.ілінеді. Әлеуметтік жұмыстар жүргізуде ең алдымен осы тәрбие жұмыстарын жүргізген мектеп түлегі жетістіктері болса тіптен жақсы, яғни ол кісі еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, спортшы, ғалым,саясатпен айналысушы болуы да мүмкін, сонымен қатар осы тәрбиелік жұмысты жүргізуші мекеменің мақтанышы, мерейі көрсетіледі. Әлеуметтік тәжірибені жүргізуде «мектеп» моделі көбіне авторитетті немесе позитивті өнегені үлгі тұтады.

Қосымша білім беру мекемелерінің ішінде «станция» моделінің өзінше ерекшеліктері бар. Жас натуралистер станцияларында оқу ағарту, зерттеу бағытында ауыл шаруашылық өнімдерін өсіру, түрлерін көбейту, т.б. жұмыстар жүргізілетін жер участкелері бар. Сонымен қатар осы жануарларды зерттеуде, жануарлар іш құрылысын қарауда, олардың ас қорларының сақталуын зерттеуде арнайы зертханалар болады. Мектеп оқушыларының зерттеу жұмыстарын жүргізетін зертханаларының болуы олардың жұмыс істеу қабілеттерін арттыруға көмегін тигізеді.

Жас техниктер жұмыстары да былайша суреттеледі. Арнайы жасақтандырылған бөлме, онда ағашпен, темірмен және т.б. жұмыс жасауға жағдайлар жасалған болуы қажет, қауіптілік жағдайды болдырмау үшін құрылғының орналасуын, бір-бірінен қашықтығын қадағалау қажет.

Бөлмені безендірудегі тағы бір әсем жұмыстану бөлмесі- бұл жас туристтер клубтары.Біздер одан саяхаттан алып келген әдемі мүсіндерді көре аламыз. Жас саяхатшылар бөлмесінен ерте кездегі және қазіргі заман заттарын көруге болады, яғни әртүрлі түстегі отырғыштар мен қазіргі заман талабына сай жарық лампалары, ескі заманғы ыдыс- аяқтар, отырғыштар, Қытай қолжазбалары, ауыр айналар т.б.Осындай бөлмелерді безендіруде оқушыныі өздерін бірге қатыстыру қажет.



Адамның рухани – практикалық әрекеті төмендегідей түрлерден көрінеді:

Музыка (саз)-шығармашылық дыбыстық бейнелерді безендіретін өнер; т

Театр- сахнада драмалық, лирикалық және қызықты қойылымдардың қойылуы өнері;

Журналистика- журнал, газеттердегі әдеби- публицистикалық бағыт.

Би-дене қозғалысының пластикалық және ритмикалық өнері,

Дизайн- сұлулықтың, қолайлылық пен ұқыптылықтың сәйкес келу принципіне негізделген заттарды, машиналарды, интерьерлерді құрастыру өнері.

Живопись - -әр түрлі бояулар арқылы пайда болатын әдеби бейнелер туындысы.

Жас балалар мен жеткіншектерді тәрбиелеудегі басты мақсат тек қана арнайы атақты спортшылар командыларды ғана әзірлеп қана қою емес, сонымен қатар жастардың олардың ойлау қабілеттерін арттыру, өмірге деген көз қарастарын өз көздерімен түсініп, денсаулықтарын жақсарту.

Әдейі дайындайтын мектептерде ойыннан басқа, пәндік іс-жүзіндегі және әскери спорт түрлері оқытылады.

Қосымша тәрбие беру бағытында мектептерде түгелдей дерлік ансамбльдер, хор, оркестрлер жұмыс жасайды. Спорттық команда, музыкалық-театр тобы, студия, мастерская болулары шарт.



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Қосымша білім беру мекемелерінде әлеуметтік тәжірибені ұйымдастырудың қандай ерекшеліктері бар?

  2. Адамның қандай рухани-практикалық әрекеттері бар?

№11 дәріс тақырыбы: Балалар ұйымдарының типтері

Дәріс мазмұны:

  1. жүктеу 1,77 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау