ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЛАСЫНДАҒЫ ГЕНДЕРЛІК АЙЫРМАШЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ
Байжолова Раиса Әлиқызы
Л: Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
КОКШЕТАУ
Қазақстанда жыныстар теңдігіне қатысты өзгерістер Кеңес өкіметі кезеңінде басталды. Бұл кезеңде теңдікті қамтамасыз етуді конституциялық және нормативті-заңдылық жолмен жзеге асыруға ұмтылғанымен, мәні жағынан кеңестік кезеңдегі заңдылық қорғау, жеңілдік беру сипатында болды.
Біздің елдегі гендерлік саясаттың қалыптасуына Қазақстанның тәуелсіздігін алуы жаңа серпініс берді.
1998 жылы Қазақстан әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы БҰҰ Конвенциясына қосылды. Содан бері Қазақстан 60-тан астам адам құқықтары туралы халықаралық келісімдерге қосылды.
2003 жылдың 27 қарашасындғы №1190 Үкімет Қаулысы Қазақстан Республикасының гендерлік саясаты Концепциясы қолдау тапты. Ол Қазақстан Республикасының гендерлік саясатының негізгі бағыттарын анықтады. Мұндай негізгі бағыттарға ерлер мен әйелдердің билік құрылымдарына теңдей қатысуы, әйелдердің экономикалық тәуелсіздігі, өз бизнесін дамыту және қызмет бойынша өсу үшін бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, отбасындағы бірдей құқықтар мен мендеттемелерді іске асыру үшін жағдай жасау, жыныстық белгісі бойынша өктем-зорлықтан босату жатады.
«Гендер» и «гендерлік теңдік», сонымен қатар сонымен байланысты қолданылатын түсініктер «Қазақстан Республикасының 2006-2016 ж.ж. гендерлік теңдіктің стратегиясы» атты 2005 жылдың 29 қарашасында Президенттің Қаулысымен бекітілген, мемлекеттің гендерлік саясатын жүзеге асыруға бағытталған негізгі болып табылатын құжатта келтірілген /2/.
Әйелдер – теңдікке жетуге ұмтылатын, бірақ барлық уақытта қалып қоятын, қуып жетуге ұмтылушы жыныс деген пікір бар. Себебі әйелдердің жағдайы белгілі қиындықтармен тереңдетіледі.
Біріншіден, әйелдер өздерінің кәсіби, өнімді рөлін, репродуктивті аналық рөлімен сиыстыруға мәжбүр. Көптеген елдерде тұрғындардың құрамында жас бойынша еркшеліктер, белгілі жас топтары ішінде әйелдердің немесе ерлердің басым болуы орын алған. Қазіргі уақытта, әсіресе, тұрғындардың еңбекке жарамсыз топтарында, әйелдердің басымдылығы байқалады. Үй еңбегін жыныс белгісі бойынша бөлу, қарауындағы жанды, балаларды күту әйелдердің иығына түсетін ауыр салмақ болуы дәстүрлі болып табылады. Осыдан барып мемлекет ақы төлемейтін және мойындамайтын зор жұмыс көлемі пайда болады. Жеке және қоғамдық өмірдегі ерлер мен әйелдердің рөліне қатысты тарихи қалыптасқан стереотиптерді тұрмыста, жұмыста және қоғамдық өмірде де байқауға болады.
Екінші мәселе – игіліктер мен ресурстардың ерлер мен әйелдер арасында теңдей бөлінуі маңызды саяси мақсат болып табылатындығы туралы жағдайды қоғамның қаншалықты қабылдайтындығы. Соңғы уақытта, негізгі идеясы, адам капиталын іске асыру мен пайдаланудағы теңсіздіктің тек әйелдер үшін ғана емес, сондай-ақ барлығы үшін де зиянды деген тұжырымның тиімділігі туралы көп айтылуда. Әйелге инвестиция салудан, соңында, барлығы да ұтады. Әйелдерге инвестиция салу оларға даму процестеріне неғұрлым толық қатысуға мүмкіндік береді.
Әйелге инвестиция салу неғұрлым жоғары экономикалық өсу мен дамуға алып келетіндігі анық. Мұндай тұжырымға салмақты дәлелдер келтіруге болады. Мысалы, Әлем банкінің есебінде дамуға гендерді енгізудің, егер Оңтүстік Азия, Жақын Шығыс және Африка елдері, гендерлік үзілісті Шығыс Азия елдерінің 1967-1992 жылдардағы қарқынымен жоятын болса, онда олардың тұрғындардың жан басына шаққандағы табысының жыл сайын 0,5-1 процентке қосымша өсе алатындығын көрсетеді. Гендерлік теңсіздікке қатысты айта кететін мәселе – жұмыспен қамту саласындағы гендерлік айырмашылық. Әйелдердің жағдайын жақсарту мәселесі бойынша бірқатар оңтайлы жылжулардың болуына қарамастан, барлық елдердегі заңдылық нормалары еңбек пен жұмыспен қамту саласы, жалақы деңгейі бойынша әйелдер және ерлердің құқықтарын жүзеге асыруда бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз етпейді. Әйелдерді жасырын айқын кемсітушілік орын алған. Бұған дәлел ретінде әйелдердің отбасы мен қоғамдағы бағынушылығы және теңсіздігін, шешім қабылдаудағы олардың шектеулігі, әлеуметтік күтулер мен жеке рөлінің төмен деңгейін көрсететін шығыс ментелитетін алуға болады. Еңбек нарығындағы әйелдердің әлжуаздық дәрежесін белгілі дәрежеде ерлер мен әйелдердің жұмыспен қамтылу деңгеін салыстырғанда байқауға болады. Мұндай теңсіздік әлемнің неғұрлым дамыған аймағы болып табылатын Еуропаның өзінде де орын алған. Мысалы, 2005 жылы ерлер арасындағы жұмыспен қамту деңгейінің неғұрлым жоғары деңгейі Нидерландыда – 79,9%, Данияда – 79,8%, Кипрада – 79,2%, ең төмен проценті Польшада (58,9%), Болгарияда (60%) болды.
1997 жылдан бастап 2005 жылдар арасында Польшада әйелдердің жұмыспен қамтылуы 51,3%-тен 46,8%-ке, Румынияда 59,1%-тен 51,5%-ке төмендеді. Әйелдердің жұмыспен қамтылуы бойынша төмен деңгейі Мальтада да байқалады, 2005 жылы ол 33,7% болды. Сонымен қатар әйелдердің жұмыспен қамтылуының төмен деңгейі Турцияда да орын алған, ол 2004 жылы 24,3%-ті құрады.
Бірқатар елдерде соңғы жылдары экономикалық белсенді тұрғындардың ішіндегі әйелдердің жұмыспен қамтылуы өсіп келе жатқандығы байқалады. Мысалы, 1997 жыл мен 2005 жылдар арасында қамтылғандардың үлесі Ирландияда 45,9%-тен 58,3%-ке ,ал Италияда – 36,4%-тен 45,3%-ке өскен Дегенмен, әлі де болса, ер адамдардың жұмыспен қамтылу деңгейі әйел адамдарға қарағанда басымырақ екендігін байқауға болады. Олай болса, әйел адамдардың, әсіресе, 35 және одан жоғары жастағылардың жұмыспен қамтылуы бойынша мәселе өткірлігін жойған жоқ деген тұжырым жасауға болады.
Сонымен қатар жоғарыда айтылған кейбір мамандықтар дәстүрлі «әйелдік» болып қалып отыр. Адамзаттың әлсіз бөлігі бала бақшалары және басқа мектепке дейінгі мекемелерде, кітапханаларда, еден жуу, мектеп оқытушылары сияқты жұмыспен қамтылған.
Әйел адамдардың білім деңгейінің өсуі олардың жоғары біліктілер қатарындағы үлесін ұлғайтты. Сонымен бірге соңғы жылдары әйел адамдардың екі және одан да көп жұмыс орны барларының қатары көбейді.
Қазақстан деректеріне сүйене отырып, бұл мәселе бойынша біздің еліміздегі жағдайға шолу жасап көрелік.
2005 жылдың басында елдің тұрғындарының жалпы саны 15074,8 мың адамды құрады, оның ішінде әйелдер - 7817,9 мың адам (51,9 %), ерлер - 7256,9 мың адам (48,1 %). 1000 ер адамға орташа есеппен 1077 әйел келеді.
Туғаннан бастап 24 жасқа дейінгі тұрғындардың құрылымы ер адамдар санының басым екендігін көрсетеді, себебі ұлдар қыз балаларға қарағанда көбірек туылады.25 жастан бастап ерлердің үлесі 50% -тен төмен, ал одан әрі қарай жас ұлғайған сайын олардың саны азая береді.
Іс жүзінде Қазақстандағы әйелдердің ерлерге қарағанда құқықтары мен мүмкіндіктерінің аз екендігін көруге болады
Билік орындарындағы әйелдердің үлесінің ерлерге қарағанда тым аз және биліктегі әйелдер санының қызмет дәрежесінің өсуімен қатар азая беретіндігін байқауға болады.
Әйелдер еңбек нарығында азырақ сұранысқа ие екндігі мәлім. 2004 жылы қамту қызметіне еңбекке орналасу сұрағы бойынша барғандардың әрбәр алтыншысы ғана жұмысқа орналастырылды. 45 және одан жоғары жастағы әйелдердің жұмыс табуы бойынша мүмкіндігі тым төмен болып табылатындығы ешкімге де құпия нәрсе емес..
Қазіргі күні жалданып жұмыс істейтін адамдардың ішінде әйелдер олардың жартысына жуығын қамтиды.Бірақ олардың жалақысы ерлердің жалақысының жартысын ғана құрайды. Мұның себебі әйелдер, әдетте, төмен ақы төленетін лауазымды орындар мен «әйелдік» болып табылатын салаларада (білім беру, денсаулық сақтау) жұмыс істейді. Бұл салаларда 2004 жылы әйелдердің жалақысы ерлердің жалақысының 85 және 81процентін құрады.
Қазіргі кезде әйелдер тіркелмеген секторда тезірек жұмыс таба алады. «Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар» деп аталатын сектор негізінен әйелдерден тұрады, себебі әйелдер үшін сауда – табыстардың және тұтас отбасының өмір сүруінің жалғыз ғана көзі. Осы сияқты өзін-өзі қамту бойынша әйелдердің ауылдық сектордағы үлесі тым жоғары, ол мұнда 60 процентке дейін жетеді.
Ерлер мен әйелдердің арасындағы салалық және кәсіби іріктеушілік еңбек ақы деңгейіндегі мардымды айырмашылыққа алып келеді. Саладағы жалақының жоғары деңгейі ондағы ерлердің санының ұлғаюына, және соған сәйкес, ондағы әйелдерді еңбек ақысы төмен болып табылатын қызмет аясына ығыстыруға алып келеді.
2004 жылдан беріде мемлекеттің жүргізген бірқатар шаралары мен қабылдаған заңдарының нәтижесінде республикадағы әйелдердің жағдайы біршама жақсаруға қарай бағыт алды деуге болады.
Олай болса, әйелдер – бұл мемлекеттің әлеуметтік шығындарына неғұрлым мүдделі тұрғындардың тобы болып табылады. Бұл зейнетақылық төлемдер, жәрдемақылар, қызмет көрсетулер, нарық талаптарына сай кәсіптерге қол жеткізу үшін мамандықты жоғарылату, бала бақшаларына, қол жететін білім алу, денсаулық ақтау, отбасының жасы ұлғайған және еңбекке қабілетсіз мүшелеріне қызмет көрсетулер.
Қазақстан Республикасының қаржы саясатының басты мақсаттарының бірі - игіліктер мен ресурстарды бөлудегі орын алып отырған теңсіздікті болдырмау. Егер біз, гендердің теңдіктің неғұрлым тұрақты өзегінің бірі екендігін, сондай-ақ ерлер мен әйелдер арасындағы игіліктер мен ресурстардың бөлінуінің әділеттілігі – мемлекеттің саяатының маңызды мақсаты болып табылатындығын мойындасақ, онда бұның елдің қаржы саясатына көшірілуінің қажеттілігі анық көрінеді.
Халықаралық тәжірибе негізінде және Отбасы және гендерлік саясат бойынша Ұлттық комиссияның өтінішімен, сондай-ақ Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен келісім бойынша, ЮНИФЕМ Қазақстанда Қазақстандағы гендерлік бюджеттер бойынша жобаларды іске асыруды бастады. Қазақстан Республикасы гендерлік теңдікті, 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік Стратегиясында айтылғандай, маңызды саяси мақсат деп санайды, сондықтан бұл жоба бюджеттердің неғұрлым әлеуметтік бағыттағы, адрестік және тиімді болуы үшін күшті біріктіре алады.
Жобаға қатысушылардың барлығымен келістіріліп және кеңескеннен кейін, онда қойылған негізгі мақсат – бұл Қазақстандағы бюджеттік процестің барлық сатыларында гендерлік талдауды, ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктері принципін жүзеге асыру бойынша мемлекеттің өзіне алған халықаралық міндеттемелерін орындауы бойынша жауапкершілігін, бағыныштылығын көтеру үшін қолдану.
Қазақстандағы жоба назар аударуды қажет ететін негізгі тақырыптар, бұл: ауыл әйелдерінің ахуалы; еңбек нарығындағы әйелдердің жағдайы; әйелдердің репродуктивтік денсаулығы ж.б., яғни приоритеттер ұлттық приоритеттермен бірге анықталуы тиіс.
Әйел еңбегіне сапалық және сандық жағынан өзгеру бағыты бойынша талдау жасаудың елдегі өндіріс үрдісіне сипаттама беру үшін маңызы зор. Әйел адамдардың экономикалық қызмет аясына қатысуының өсіп келе жатқандығы олардың шығармашылық, интеллектуалдық және мамандығына қатысты мімкіндіктерін пайдалануға қолайлы жағдайдың туғандығын көрсетеді.
Дегенмен, әлі де болса, ер адамдардың жұмыспен қамтылу деңгейі әйел адамдарға қарағанда басымырақ екендігін байқауға болады. Олай болса, әйел адамдардың, әсіресе, 35 және одан жоғары жастағылардың жұмыспен қамтылуы бойынша мәселе өткірлігін жойған жоқ деген тұжырым жасауға болады.
Сонымен қатар жоғарыда айтылған кейбір мамандықтар дәстүрлі «әйелдік» болып қалып отыр. Адамзаттың әлсіз бөлігі бала бақшалары және басқа мектепке дейінгі мекемелерде, кітапханаларда, еден жуу, мектеп оқытушылары сияқты жұмыспен қамтылған.
Әйел адамдардың білім деңгейінің өсуі олардың жоғары біліктілер қатарындағы үлесін ұлғайтты. Сонымен бірге соңғы жылдары әйел адамдардың екі және одан да көп жұмыс орны барларының қатары көбейді.
Дегенмен, мемлекет пен үкіметтк емес ұйымдардың алдында әйел адамдарға жұмысқа орналасу және әлеуметтік көмек пен отбасын құрғанда, балалы болғанда, балаларды тәрбилегенде қомақты көмек көрсету мәселесі әлі де өзекті болып табылатындығын айта кеткен жөн.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, мынадай қорытынды шығаруға болады:
әйелдер өздерінің кәсіби, өнімді рөлін, репродуктивті аналық рөлімен сиыстыруға мәжбүр болғандықтан, еңбек ресурстары ретінде көбірек дәрежеде талап етілмейтін ресурс;
олар негізінен төмен ақы төленетін өнімділігі төмен және толық қамтылмаған жұмыстарға ғана тартылады;
әйелге инвестиция салу неғұрлым жоғары экономикалық өсу мен дамуға алып келетін ресурс;
әйелдер мемлекеттің әлеуметтік шығындарына неғұрлым мүдделі тұрғындар тобы болып табылады.
Дегенмен, ғаламдық деңгейде әйелдер еңбек ресурстары ретінде көбірек дәрежеде талап етілмейтін ресурс болып табылады. Олар негізінен төмен ақы төленетін өнімділігі төмен және толық қамтылмаған жұмыстарға ғана тартылады. Бұл жағдайдың олардың отбасыларының экономикалық ахуалына келеңсіз әсерін тигізетіндігі белгілі.
Олай болса, бүгін Қазақстан үшін жұмыспен қамту саласындағы айырмашылықтарды жою өзекті мәселелердің қатарына жататындығы анық.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Сартбаева Дамира. Гендерлік бюджеттендіру: шешуді қажет ететін мәселелер және перспективалар // Халыхаралық конференция материалдары, - Астана қ., 9-10 сәуір, 2007 ж.
Стратегия гендерного равенства в Республике Казахстан на 2006-2016 годы. Электронный ресурс. С. 2 из 28.
Заявка на участие
Байжолова Раиса Алиевна
Евразийский Нациогальный университет им. Л.Н. Гумилева
Кандадат экономических наук, доцент
г. Астана, пр. Абая, 66, кв. 17
Жұмыспен қамту саласындағы гендерлік айырмашылық мәселесі
Экономика
Экономическая теория и предпринимательство
10 апреля 2008 г.
Достарыңызбен бөлісу: |