ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ
Сәулет
және құрылыс институты
Инженерлік жүйелер және желілер кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Су пайдаланудың жіктелуі
№
Жұмысты орындау сапасы
Баға
диапазоны
Орындалған
%
1
Орындалған жоқ
0%
2
Орындалды
0-50%
3
Материялдық өзіндік жүйелендіру
0-10%
4
Талап етілген көлемде және көрсетілген
мерзімде орындау
0-5%
5
Қосымша ғылыми әдебиеттерді пайдалану 0-5%
6
Орындаған тапсырманың ерекшелігі
0-10%
7
СОӨЖ-ді қорғау
0-20%
Қорытынды:
0-100%
Оқытушы: Хойшиев А.Н
Студент: Өкен А.Қ
Мамандығы: 5B075200
Алматы 2021
2
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
3
1 Суды тазалаудың жаңа технологиялары 4
2 Физикалық тұнбалар 5
3 Су пайдаланудың жіктелуі 6-7
ҚОРЫТЫНДЫ
8
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
9
3
КІРІСПЕ
Жалпы планетарлық деңгейде су сарқылмайтын ресурстарға жатады.
Өйткені оның жалпы планетадағы мөлшері мұхит, атмосфера және құрылықта
үнемі жүріп отыратын су айналымы нәтижесінде толықтырылып отырады. Су
планетамыздың 70,8% бөлігін алып жатыр. Бүкіл су қорының 97% Әлемдік
мұхиттың үлесіне тиеді. Тұщы сулардың көпшілігі (70%)
қар және мұздықтар
түрінде. Жер асты сулардың еншісіне тұщы су қорларының 23% тиеді.
Қазіргі таңда тұщы сулардың әртүрлі ластаушылармен: пестицидтермен
және химикаттармен, мұнаймен және мұнай өнімдерімен ластануы негізгі
мәселелердің бірі болып отыр. Өнеркәсіпті
елдерде су айдындары мен су
қоймаларының ластануы күннен-күнге артуда. Мұхиттардың мұнай және мұнай
өнімдерімен ластануы бүкіл дүние жүзінде мұнай өнімдерін көптеп қолдануға
байланысты болып отыр. Осының әсерінен теңіз шельфтерінде мұнай өндіру,
танкерлік флот дамуда. Мұнай өндіру және оны тасымалдау кезінде, құбырларда
жиі авариялар болып нәтижесінде мұхит бетінде мұнайлы дақтар жүздеген,
мындаған километр жерді ластайды. Су ресурстарына және ондағы тіршілік
иелеріне теріс әсер ететін заттардың бірі, өнеркәсіп орындарынан бөлінетін улы
органикалық заттар. Мұндай улы
заттар өнеркәсіп орындарында, транспортта,
коммуналдық-тұрмыстық шаруашылықта кеңінен қолданылуда. Ағын сулардағы
бұл заттардың мөлшері әдетте 5-15 мг/л-ді құрайды. Ал осы заттардың шекті
мөлшері бар болғаны 0,1 мг/л-ді құрайды.
Басқа ластаушылардан: металдарды (сынап, қорғасын, мыс,
марганец,
қалайы, мырыш, хром), радиоактивті элементтерді, ауыл шаруашылығы егіс
алқаптарынан және мал шаруашылығы фермаларынан түсетін улы химикаттарды
атауға болады. Металдардың ішінен су қоры үшін ең қауіптісі сынап, қорғасын
және олардың қосылыстары.
Су қорларының ластануының бір түрі - жылулы ластану. Өнеркәсіп
орындары, электр станциялары су айдынына жылы суларды жиі төгеді.
Бұл өз
кезегінде су температурасының көтерілуіне алып келеді. Судың температурасы
көтерілгенде онда оттегі мөлшері азайып, судағы лас қосылыстардың улылығы
арта түседі де биологиялық тепе-теңділік бұзылады.
Лас суда температураның
көтерілуімен ауру қоздырғыш микроорганизмдер мен вирустар жылдам көбейе
бастайды. Сосын ішкен су арқылы организмнің ішіне түсіп әртүрлі аурулар
тұдыруы мүмкін.
Жер асты сулары көп аудандарда тұщы сулардың көзі болып табылады.
Алайда соңғы кезде адамның шаруашылық тіршілігі барысында көптеген жер
асты сулары да ластануда. Адамзат өз қажеті үшін
тұщы судың орасан көп
мөлшерін пайдаланады. Негізгі тұтынушылар - өнеркәсіп орындары және ауыл
шаруашылығы. Сондай-ақ тұщы суларды көп пайдаланатын салаларға - тау-кен
орындары, химия, мұнай химиясы, қағаз- целлюлоза, тамақ өнеркәсіптері жатады.
Бұлардың еншісіне бүкіл өнеркәсіпке жұмсалатын судың 70% келеді.