Қосымша білім беру мекемелерінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру


Оқу ұйымдары дегеніміз не?



жүктеу 1,77 Mb.
бет6/13
Дата17.11.2017
өлшемі1,77 Mb.
#649
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Оқу ұйымдары дегеніміз не?


  • Қызметтік ұйымдардың жұмыс жасау стилі қандай?

  • Шығармашылық ұйымдардың ерекшеліктері қандай?

  • Коммуникативтік ұйымдардың мақсаты қандай?

  • Миссионерлік ұйымдар қандай мақсатты көздейді?

    №12 дәріс тақырыбы: Әлеуметтік тәжірибені ұйымдастыру

    Дәріс мазмұны:

    1. Тәрбиелік жағдайлар фазалары

    2. Балалар мен жасөспірімдер ұйымдарындағы өзара әрекеттесуді реттеу

    Мақсаты: Қосымша білім беру мекемелеріндегі өзара әрекеттесудің жолдарымен таныстыру, оқиғалылық және күнделіктілік ұғымдарына анықтама беру.
    Қазіргі авторлар (Борытко, Колесникова, Поляков) тәрбие процесі жөнінде айтқан кезде оқиғалылық және күнделіктілік деген ұғымдарға мән береді. Жеке тәрбиелік оқиғалар және ұжымдық тәрбиелік оқиғалар болады. Тәрбиелік оқиғалардың 3 түрі бар:

    1.тұлғаны бұрынға, дағдылы мәдени жағдайларынан алып шығу,

    2. Тәрбиеленуші қазіргі мен бұрынғыны салыстырады,

    3. Субьекттік тұтастықты құру, жаңа әлеуметтік тәжірибені қалыптастыру.

    Ұжымдық тәрбиелік оқиғалар мейрамдармен тығыз байланысты. Мейрамды философиялық және мәдени түсінушілер оның төмендегідей белгілерін көрсетеді:


    • қысылысты, шаршауды шығаруға бағытталады, адамның және қоғамның эмоциональды-психологиялық күйін үйлесімді етеді, адамның табиғатпен, ортамен қатынасын реттейді.

    • Мерекелік әрекеттердің логикасын дамытады,

    • Мерекелік әрекеттегі ойындық сипатты сезіндіреді,

    • Ұжымдық әрекеттерді түсіндіреді.

    Қосымша білім беретін мектептердің барлығында жалпы, дәстүрлі, күнтізбелік мерекелер аталып өтіледі.

    Әлеуметтік тәжірибені жүзеге асыруда күнделікті жағдайларды басқарудың 3 міндеті бар:



    1. Балалар мен жасөспірімдердің өзара әрекетін реттеу,

    2. Заттық-эстетикалық ортаны қалыптастыру,

    3. Балалар мен жасөспірімдердің тұрмысындағы символиканы қалыптастыру.

    Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

    1. Тәрбиелік жағдайлар қандай фазалардан тұрады?

    2. Балалар мен жасөспірімдер ұйымдарындағы өзара әрекеттесуді реттеу қалай жүзеге асады?

    13 дәріс тақырыбы: Жас туристтер мен натуралисттер станцияларында әлеуметтік тәжірибені ұйымдастыру

    Дәріс мазмұны:

    1. Жас туристтер мен натуралисттер станцияларында жұмыс жасау тәсілдері

    2. «Ми шабуылы»

    3. Өнімді (инновациялық) ойын

    Мақсаты: Студенттерді жас туристтер станциясының жұмыс жасау ерешелігімен таныстыру, негізгі мақсатын айқындау.

    Жас туристтер станцияларының жұмысы екі кезеңде жүреді: қысқы және жазғы. Қысқы кезеңде дайындық жүзеге асады. Оқушылар іскерлік пен дағдыларды, біріккен іс-әрекетті игереді. Поход кезінде қарым-қатынас, тану, заттық-практикалық әрекет, спорттық шаралар жүзеге асады. Походтың мақсаты:



    • табиғатта достармен қарым-қатынасқа түсу,

    • ерекше орындарда болу,

    • әлемді бағындыру,

    • өзін-өзі тексеру.

    Қолайсыз жағдайлар орын алмас үшін географиялық атаулармен танысып, географиялық объектілерді, атластар мен карталарды тануы қажет. Ол үшін әртүрлі танымдық ойындар жүргізіледі.

    Поход кезіндегі ережелерді ұмытпау қажет:



    • жауапкершілік ережесі

    • еркіндік ережесі,

    • салауатты өмір салты ережесі.

    Жазғы кезеңге дайындық кезінде жобалық әрекеттер жүзеге асады. Олар: «миға шабуыл», синектика, инновациялық ойындар, жобаларды қорғау, т.б.

    Жазғы кезеңде походтар, рейдтер, экспедициялар жүргізіледі.



    Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

    1. Жас туристтер мен натуралисттер станцияларында жұмыс жасау тәсілдері қандай?

    2. «Ми шабуылы» әдісінің мақсаты қандай?

    3. Өнімді (инновациялық) ойын дегеніміз не?

    4. Синектика ұғымына түсінік бер.

    14 дәріс тақырыбы: Музыкалық, театральды, хореографиялық студияларда оқушылардың әлеуметтік тәжірибесін ұйымдастыру

    Дәріс мазмұны:

    1. Музыкалық, театральды, хореографиялық студиялар

    2. Шығармашылық семинар

    3. Репетиция, спектакль, концерт

    Мақсаты: Музыкалық, театральды, хореографиялық студияларда оқушылардың әлеуметтік тәжірибесін ұйымдастыру жөніндегі білімдермен қаруландыру.

    Студиядағы әлеуметтік тәжірибену ұйымдастыруды сипаттағанда үлгі ретінде театрлық, хореографиялық, хорлық, музыкалық, эстрадалық, цирктік студиялар алынады. Әлеуметтік тәжірибені ұйымдастырудың дизайн және изостудия ол «станция» моделіне жақынырақ.

    Студияның өмірлік қызметі белгілі біріккен шығармашылық жобалармен жұмыс жасау: спектаклдер, концерттік бағдарлама т.б. Осы тұрғыда студиядағы біріккен іс-әрекеттің белсенділігі былай соғады: «кульминация – көтеріліс (бірінші қойылым) – күнделікті көрсетілім – төмен түсу». Осы жағдайда балалардың бірлесіп ұзақ қызмет етуіне себеп студиялық ерекше атмосфера. Соның арқасында жаңа бағыттар, жаңа стильдер қалыптасады, шығармашылық міндеттерді шешу әдістері, өнер туралы жаңа көркемдік түсініктер пайда болады. Студия әрқашан жаңарып, өзінен-өзі қайта тұру керек.

    Біріншіден, студияның күнделікті өмірі натуралық, хореграфиялық немесе музыкалық шығармаларды тууға бағытталған, былай айтқанда «бөлек әлемді» жасауға. Мысалы, А. Гриннің «Алые паруса» спектаклінің қойылымында көрермен сахнада көрсетілген ертегі әлеміне сенетіндей қылып, кейіпкерлердің өмірінің романтикалық атмосферасын көрсету керек.

    Екіншіден, студияның күнделікті өмірі – ол студиялықтардың көркемдік жетекшісінің басшылығымен құрған өздерінің өмір салты, онда рухани-тәжірибелік іс-әрекет кеңістігі күнделікті шынайы өмірді жұтып, уақыттың күнделікті ағымына өзінің қатал шарттарын қояды.

    Үшіншіден, студияның күнделікті өмірі – ол мазмұнды, ұзақ ойлардан алынған қиын күнделікті дайындық жұмыстардан, түрлі шешімдерді іздеуден, бірлескен көркемдік іс-әрекеттегі ойлағаның ерекше эмоциялық әсерден өткізден туған жанның жағдайы, күйі. Студия тек қана түпкі ойларды туып, оларды кейіптейтін жер емес, ол шығармашылық энергияы жиналатын жер, автордың және орындаушының шабыты пайда болатын және жиналатын жер. Дайындық үрдісі жүріп жатқанда әрекеттестікті ұйымдастыру тұтастыққа тартады: дәстүрлі элемент сахнаның болмауы, оны бүкіл залға созады, әр қатысушыны автордың түпкі ойының ішіне кіруге, орындаушының күйзелісін түсінуге, олардың энергетикасын сезінуге.

    Студиялық атмосфера қоғамдастыққа қатысушылардың жоғары деңгейлі жеке ішке еркіндігімен сипатталады, қарым-қатынастың ресми жағының мағынасының төмендеуімен. Тәжірибені талдау бойынша шығармашылық өнімділік студиялықтардың қарым-қатынастарымен тікелей байланысты емес. Студияда тұлғалық қарым-қатынастар өзара үйлесімде болуы мүмкін, ал шығармашылық жұмыста – қызықсыз болуы мүмкін. Және керсінше, бір-бірімен келіспеушіліктен, таластардан, қарсыластықтан қызық нәтижелер шығуы мүмкін.

    Студияда көбінесе эксперименттік әдістер пайдаланады, шығармашылық міндетті түрлі дәстүрден тыс әдістермен шешу қолданылады. Студиялық атмосфераны құрудың бір ережесі байланыстық ойлауды стимулдандыру болады. Студияның табысты қызмет істеуінің жағдайларының ішінде «шиеленіс зоналарын» құру, қатысушылардың жасының және тәжірибесінің айырмашылықтарымен байланысты бәсекелестік маңызды орын алады.

    Студиялық үрдістің нәтижелігімен қамтамасыз етудің элементтерінің бірі шығармашылық семинар. Шығармашылық семинар топтық сабақ ретінде жеке зияттылық ізденудің қорытындыларын талдауға арналған. Ол бір драматургтық немесе дәуірдің шығармашылығын зерттеу болуы мүмкін. Шығармашылық семинардың материалы студия қатысушылары этюд ретінде көрсететін бақылаулар болуы мүмкін. Студиядағы шығармашылық үрдісті ұйымдастыруда қиялшылдыққа көндіру, армандарға, жеке ойларға бару кеңінен пайдаланады. Студиялық атмосфера тәрбиеленушілердің көркем шығармаға авторлық қатынасын өзектілендіруге мүмкіншілігі бар. Педагог пен тәрбиеленушінің студияның шығармашылық үрдісінде шынайы авторлық деңгейі түрлі болуы мүмкін.

    Шығармашылық үрдісті жақсы көңіл-күйден бастау қажет. Жақсы студияда серіктестікпен бәріне міндетті қатаң тәртіп бірге жүреді. (барлығы көңілді және тез жасалады).

    Дайындық үрдісін ұйымдастырғанда орындаушыларды көп есе қайталанулармен жалықтырмау қажет, себебі онда ізденуге бағыт пен шығармашылық бұзылады. Егер үшінші немесе төртінші реттеде орындаудың қажетті деңгейіне жете алмаса басқасына ауысу қажет (немесе басқа шығармаға т.б.).

    Тыныш уақыттарда студиялықтар макеттерді, эскиздерді, өткен бағдарламалардың суреттерін үлкен қызығушылықпен қарайды.

    Студиялық үрдістің кульминациялық кезеңдердің бірі ақтық дайындық болады.

    Ақтық дайындықтың негізгі міндеттері:

    -қойлымның және әр элементтің ұзақтығын (уақытын) белгілеу;

    -бағдарлама эпизодтарының бірізділігін ақырғы құру;

    -залдың акустикалық мүмкіншіліктерін өлшеу, аспаптардың акустикасын салыстырып, аккустикалық аппаратура арқылы дыбыстық режисураны реттеу (пульт және дыбыстық колонкалар) және оркестрдің дыбыс теңгерімін реттеу (оркестрлік дыбыс бояуын, жеке орындау және топтық орындау дыбысталуын);

    -сахнада қатысушылардың орындарын (қондырғылар, пульттар, микрофондар орнын)

    -концерттік сахнада әртістердің жүріс-тұрыстарын режиссерлық өңдеу (орындаушылардың шығуын, кетуін, т.б.)

    -концерттің және әр эпизодтың жарықтық безендіруін (жарық бойынша режиссерлармен жұмыс).

    Балалар театр студияларының, балалар театрының өмірінде спектаклдер үлкен рөл ойнайды. Ол оқушылардың актерлік шеберлікті игеруін, сахналық сөзді, билерді, сахналық қозғалысты т.б. көрсетуге мүмкіншілік береді. Балалар театр ұжымдарының спектаклдері балалар мен үлкендердің өмірінде тәрбиелік оқиға болып, қосымша білім мекемесінің мерекесі болады. Балалар бірлестігінде дәстүрлі жылдық қойылымдар циклі пайда болады.

    Спектакль – орындаушылардың көрсетілімін айқындайтын ойын-сауық, көрермендер үшін толық театр әрекетін көру. Спектакль қатысушылардың келесі қызметтерді орындауын: актерлық орындау (орындаушылар), техникалық қызмет көрсету (студиялықтар), және көрермен зейіні (көрермендер) талап етеді. Егер актерлар жұршылықтың алдында жақын орындаса, онда дыбыс операторларының, сахна безендірушілерінің, сахна жұмысшыларының, жарық берушілердің жұмысы бәріне бірдей көрінбейді ( әсіресе спектакль жақсы өтсе). Сондықтан қойылым аяқталған кезде және жалпы ақтық иілу кезінде ойын-сауық жұмысын қамтамасыз еткен барлық қатысушыларды шығарып алғыс айту қажет. Театрлық сценарийда (пьесада) сюжеттің дамуы салынған: басталу, өрлеу, шарықтау шегі, шешілу.Режиссер ( көбінесе қосымша білім педагогы болады) осы пьесамен салынған эмоциялық-мазмұнды алгоритмді ескеру керек.

    Концерт – көрермендерге орындаушылардың көркемдік нөмірлерін: би, ән айту, декламация, тетр миниатюрасы және т.б. көрсететін қойылым. «Концерт» (итал. concerto және лат. concerto – жарысамын) ұғымының екі мағынасы бар.

    Біреуі – бір аспапқа немесе екі-үш аспапқа және оркестрдің хас шеберлікпен орындалатын музыкалық шығарма, ол көбінесе соннатты циклдік түрде жазылады.

    Екіншісі – алдын-ала құрылған бағдарлама бойынша жұршылық алдында музыкалық шығармаларды орындау. Мұндай концерттер орындау түрлері бойынша : симфониялық, жеке , хормен айту, камералы, эстрадалық және т.б.

    Үйірмелік шығармашылықтағы концерттік орындаулардың кең таралған түрі – есептік концерт. Оқушылардың үйірмелік шығармашылығында есептік концерттер бірнеше шығармашылық ұжымдардың орындауында болуы мүмкін. Әрбір ұжымдар шақырлуы мүмкін, түрлі би ансамблдері, хорлар, цирк әртістері, вокалистер ансамблдері, мәнерлеп оқушылар, сиқыршылар, актерлар, классикалық музыка ансамблдері, симфониялық оркестр және т.б. Мұнда көбі дайындықтың деңгейінен және концерттік бағдарламаның құрылуына байланысты. «Есептік концерт» бір ұжымның концерті болуы мүмкін. Бұл жағдайда шығармашылық ұжым өз күшімен әзірлеген бір немесе екі бөлімді кең бағдарламасын көрсетеді.

    Қандай да бір тақырыпқа, мерекеге, бір адамның өміріне немесе шығармашылығына арналған концертті «тақырыптық концерт» дейді. Мысалы, соғыс пен бейбітшілік тақырыбы бағдарламада соғыс кезіндегі және соғыстан кейінгі өлеңдер мен музыкалық шығармалармен кеңінен көрсетіледі.Тақырыптық концерттер күнтізбелік күндерге, дәстүрлі мерекелерге ( Жаңа жыл, Халықаралық әйелдер күні және т.б.)арналуы мүмкін.

    Қосымша білім беруде көбінесе «байқау-жарыс» концерттік түрі жиі кездеседі.Ол балалар ұжымына көрермен алдында тек қана өз шығармашылығын көрсету емес, әрі өздерінің жетістіктерін басқа ұжымдарымен салыстыруға мүмкіншілік алады. Фестивальға қатысу байқау-жарысқа қатысқанға ұқсас. Ол нөмірлердің санының және уақыттың шектелуімен ерекшеленеді.

    Концерт әрекеттестікті ұйымдастырудың формасы болғанымен, онда біріккен әрекет ырғағына көңіл бөлу қажет. Егер спектаклде ол автормен қойылған алгоритм бойынша жүргізілсе, концерттің қиындығы әр түрлі нөмірлерді бірізділік бөлімдерге құру. Соңғы уақытта шоу-бағдарламаларды құрушылар финал ретінде «сейшенді» пайдаланады. Сейшен – ақтық өлең, оны барлық қатысушыларбірігіп айтады, бір жолдан немесе бір куплеттен.

    Жас модельерлер студиясының формаларының бірі – сән көрсету. Онда подиум құрылу керек, онымен жас топ-модельдер жүреді, жас модельерлердің дайындаған коллекцияларын көрсеті мақсатында. Подиуммен жүруді «дефиле» дейді. Сән көрсету жыл мерзіміне немесе бір тақырыпқа байланысты болуы мүмкін, мысалы: «Авангард», «Көше киімі», «Іскери киім», және т.б..



    Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

    1. Музыкалық, театральды, хореографиялық студиялардың мақсаты қандай?

    2. Шығармашылық семинар дегеніміз не?

    3. Репетиция, спектакль, концерт қалай даярланады?

    №15 дәріс тақырыбы: Квазикәсіби клубтарда әлеуметтік тәжірибені ұйымдастыру

    Дәріс мазмұны:

    1. Патриотттық тәрбие беру жолдары

    2. Мадақтау және жазалау арқылы тәрбиелеу

    3. Ант қабылдау



    Мақсаты: Квазикәсіби клубтарда әлеуметтік тәжірибені ұйымдастырудың жолдарын, тәсілдерін меңгерту.

    Философиялық әдебиеттерде «патриотизм» термині туған жерге деген махаббат, отанды қорғауға , гүлдендіру ісінде адал қызмет етуге дайындық деп түсіндіріледі.

    Квазикәсіби клубтарда тәрбиенушілердің әлеуметтік тәжіриебесін ұйымдастыруда патриоттық сезімдер маңызды рольдер атқарады. (С.Н. Смирнов.)

    -тұлғаның өзін белгілі ел, халық, мәдениет, табиғатпен субьективті ұқсату.

    -эмоциялды түсініктерді кірістіреді. (отанға қатысты өзіндік әрекеттердің саяси, этномәдени, пейзаждық құбылыстардың бейнесі)

    -Отан үшін, оны қорғау үшін жасалатын субьиективті істерді бағыттайды, елеулі ұйымдардан көрінеді.

    - тұлғаның өмірлік іс-әрекетінің нақты әрекетінің регуляторлары түрінде көрінеді.

    әскери бірлестік әскери қызметкерлердің сенім мен түсіністікке негізделген өзара жақын қатынастары.

    Квази кәсіби клубтарға тән ерекшелік клуб пен әскекри бөлімшелердің өзара байланыстылығы. Ондай клубтар әскери-кәсіби іс-әрекеттің ақиқат үлгісінің болмауынсыз мүмкін емес. Сондықтан осы үлгідегі тәрбиешілік ұйымдар сәйкес әскер, флот бөлімшелерімен тығыз байланыста болады.

    Квази кәсіби клубтың атмосферасының ерекшелігі тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің мінез-құлық әрекеттерінің ережесі сәйкес регломенттелуі мұнда ретуалдардың орындалуынан сырттай сәнділігі мен нормалардың ұстануын күнделікті бақылау өте маңызды .квази кәсіптік клубта күнделікті сабақ тәрбиеленушілердің сапқа тұруы, қажетті ритуалдарды орындау, бір күндік істердің айқындалуы , клуб бойынша кезекшілер мен күнделікті тағайындалуынан басталады . 3-4 сағаттың сабақтан кейін шығармашылық және коммуникативтік бірлестіктердің жұмысы ұйымдастырылуы мүмкін. Одан кейін кезекші және күнделікті курсанттардың барлығының мекеменің ішінен шыққанын қадағалап оқу сыныптарын тапсырып, кілтті тапсырады. Кезекшілермен күнделіктілердің тағайындалуы тізімге сәйкес жүргізіледі. Кезекшілер мен күнделіктілерден киім формасын киіп жүруін талап етіледі. Квази кәсіптік клуб үшін тәрбиеленушілердің әскери нормаларды сақтап ұстанулары маңызды. Сондықтан әлеуметтік мәдени анологтарға сәйкес тәжірибе келесі алгоритммен меңгеріледі. Мінез-құлық әрекет үлгісімен танысу (өкімнің ережелерін оқу, жаттау, нұсқаулармен танысу).

    -мінез-құлық әрекет тәжіриебесін алғашқы түрде меңгеру түсінігін айтып беру, педогогтың басқаруымен жаттықтырушы режимде бұйрықты көп қаталап орындау

    -міндеттерді ақиқат орындау кезінде тікелей инструктан міндеттерді ақиқат орындау болып табылады.

    Ай сайын қортынды шығаруды әр бөлімнің комсанирлері қойылған міндеттердің орындалуының қортындысы жөнінде рапорт тапсырады.

    Квази кәсіби кулбтта мадақтау және жазалау кең қолданылады. Мадақтау жеке тәрбиеленушінің міне-құлық әрекетімен іс-әрекетіне жағымды баға беру әдісі

    Мадақтау кезінде тәрбиеленуші өз ісіне қанағаттану сезімінде бола отырып жағымды эмоцияларды бастан кешіреді, өз күшіне деген сенімі арта түседі.

    Квази кәсіби клубтардағы марапаттау құнды сыйлықтар алғыс жариялау тағы басқа жатады.

    Жазалау –орнатылған мінез –құлық нормаларына қарама қайшы келетін әрекет жасаған, тәрбиеленушінің тұлғасының әсер . Жазалау тәрбиеленушінің міне-құлық әрекетін түзетеді, оның қай жерден қателік жібергенін анық түсінуге мүмкіндік береді.

    Ұялу дискомфорт сезімін тудырады.Квази клубтағы жазалау түрлері :ескерту, сөгіс жариялау,клубтан шығару .

    Квази клубтар өмірінде сапқа тұру жиі орын алады .

    Сапқа тұрушылардың өзара әрекеттесулерінің қызметі

    Ретінде келесілер аталады.

    -жетекші (назар ортасында,тікелей бұйрықтар беру арқылыәрекет барысын басқарады.)

    -сөз сөйлеушілер

    -көрермендер

    -ритуалдық әрекеттердің орындалушылар.

    Сап жалпы әскери өкімдерге сәйкес тұрғызылады (Саптық горнизондық, қарауылдық ішкі қызмет) өзара әрекеттесудің мазмұны эмоционалды-құнды қатынасты қалыптастыру, қандайда ақпарат алу.

    Бұл форманың шығуы әскерді сапқа тұрғызудың әлеуметтік мәдени анологиясымен байланысты. Бүгінгі күнге дейін әскеде келесі формалары сақталған: таңғы тексеті, таңғы бөлініс , қызмет атқару үшін нарядтарға бөлу. Мейрамдық сапқа тұруда ретуалдардың орындалуына ерекше мән беріледі.Танымал ритуалдар мемлекеттік жалау көтеру, гимн орындау, марапаттау, ант ету, ритуалдық сәлемдесу, гүл қою.

    Квази кәсіби клубтың өміріндегі оқиға курсанттардың ант қабылдаулары жазғы уақытта курсанттардың өмірінде елеулі есте қалатын оқиғалар практика жиын ,әскеи далалық похоттар.

    Әскери далалық похоттарда бірінші жылы оқитын курсанттар жас жауынгер курснан өтеді. Ол курста жататын орнын жинау, сыртқа келбеткей қойылатын талаптарды меңгеру қарастырылған.

    Әскери далалық похоттарда әтеттей ату, сапқа тұру, аймақтағы әскери ойындар , төтенше жағдайлардағы әрекет ету ережелерін меңгертуді қарастырады.

    Барлық квази кәсіби клубтарда аймақтағы әскери ойындар өткізіледі: «зарница, орленок »

    Қатынасушыларды оптималды саны 3-7 сағат.

    Квази кәсіби клубтардағы жұмысты тағы бір бағыты-ізденістік жұмыс . Ол қарулы күш тарихы жөнінде архифтік материал жинау, т.б.кірістіреді.

    Жас құтқарушылар клубында атақ беру жүйесі қалыптасқан. Клубтардың бірінде үздіктер, қара берет және «лейнджер» дегңейлері кірістірілген

    Қара берет атағын алу үшін курсант 15рет турнекке тартылу, 50рет отджимания жасау ,0,5 км жүзу, 10км жүгіріп өті, 5рет көтеріліп айналу жаттығуын орындау, пышақ лақтыруда 7 реттен 1 рет дәл тигізу. Қара берет атағына ие болғаннан кейін курсант одан жоғары атақ «рейнджерді алуға » талпынуға болады. Мұнда барлық көрсеткіштер екі есе көбейтіледі. Рейнджер взвод командирінің орынбасары болып тағайындала алады және педогогтарға көмектесуге мүмкіндігі бар. Квази кәсіби клубтарда этикетка ерекше назар аударылған. Әскеи қызметкерлердің барлығына мінез-құлық әрекеттерін әскери өнімге сай болуы керек. Сонымен қатар квази кәсіби модел жағдайындағы әлеуметтік тәрбие тәсілі курсанттардың қоғамдық пікірі болып табылады.

    Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

    1. Патриотттық тәрбие беру жолдары қандай?

    2. Мадақтау және жазалау арқылы тәрбиелеу қалай жүзеге асады?

    3. Ант қабылдаудың мақсаты қандай?


    №16 дәріс тақырыбы: Табиғи клубтарда әлеуметтік тәжірибені ұйымдастыру

    Дәріс мазмұны:

    1. Табиғи клубтарда тәрбие беру жағдайлары

    2. Клубта жүргізілетін жұмыстардың бағыттары

    3. Волонтерлық топтар, оперативті отрядтар, агитациялық бригадалар



    Мақсаты: Табиғи клубтарда тәрбие беру жағдайлары және клубта жүргізілетін жұмыстардың бағыттары жөнінде студенттердің білімдерін кеңейту.

    Кәмелеттік жасқа толмағандардың көбі бос уақыттарын аулада құрдастарының арасында және көшеде өткізеді, сондықтан географиялық және психологиялық ойда ең жақыны болып тұрғылықты жері бойынша балалар – жасөспірімдер клубы танылады, көбіне әлеуметтік тәрбиеге сәйкесті үлгілер «жаратылыстану клубы».

    Әлеуметтік тәрбие берудегі осы үлгі мекемелерде қосымша білім беруге арналған:

    Әр адам үшін әлеуметтендіру процессіндегі әлеуметтік ортадағы үздіксіздік маңызды рөл атқарады. Үйде, аулада, көшеде кәмелеттік жасқа толмағандар адамдармен,қоғаммен,табиғатпен әлеуметтік қарым–қатынаста бай және маңызды тәжіибе жинай алады. Тұрғылықты жер–бұл өмірдің әлеуметтік ортасы, мұндай әлеуметтік рөлдерді баланың жақсы игеруіне көмектеседі. Сондықтан жаратылыстану клубында әлеуметтік тәжірибе ұйымдары бойынша тапсырмаларда келесі жағдайлар қарастырылған:



    • әлеуметтік оптимизмнің бекітілуі;

    • толеранттық түсінікті қалыптастыру;

    • жалпы қоғамдық жағдайдағы еңбекке, демалысқа дайындықты қалытастыру;

    • өмірлік жетістіктерге жетуге арналған заңдық әдістерді болжауға жасөспірімдерді үйрету;

    • Сенімді және жақын достарға, жолдастарға сүйікті ісіңді тоқтатып көмек көрсету;

    Ұйымдардағы әлеуметтік тәжірибеде жасөспірімдік клубтарда келесі бағыттар болады:

    • жұмысқа орналасуға көмек, уақытша еңбектегі жұмыспен қамтылу үшін мүмкіндіктер ұсыну;

    • дене шынықтыру мәдинетіне қызығушылық;

    • біліммен қамту және рухани – тәжірибелік қызмет;

    Бұдан өзге жаратылыстану клубында бос уақытты өткізуге жасөпірімдердің кездесуіне, араласуына және бірлесе іс–шаралар өткізуіне арналған бөлме керек.

    Отандық тәжірибедегі әлеуметтік тәрбиеде тұрғылықты жері бойынша миссионерлік бірлестік болады. Жаңашыл жағдайларда волотерлік топтар, жедел жасақтар, үгіт топтар. Миссионерлік бірлестік қызметте келесі формалар кеңінен қолданылады. Олар: еңбектік акция, үгіт топтарының шаралары.



    Еңбектік акция (сенбілік) – бұл балаларға арналған орны және уақыты бойынша шектеулі арнайы ұйымдастырылған заттық – тәжірибелік еңбектік қызмет.

    Үгіт топтардың шаралары - қойылымдардың әр түрлілігін көрсетеді және көркемдік үлгідегі қандай да бір өзекті ақпарат демонстрация сияқты анықталуы мүмкін.

    Әуесқой бірлестік–әртүрлі материалдарда пайда болуы мүмкін. Олар өздерінің туы астына бір нәрсеге әуес адамдарды жинайды: филателистер–пошталық белгілер мен маркілердің коллекциясын жинаушылар, филуменистер–сіріңкенің этикетін жинаушылар, нумизматтар – ескі медальдармен тиындарды жинаушы; аквалангистар; альинистар; туристер; ит асыраушылар; қоян асыраушылар; ролдік ойындарға әуесқойлар; поэзия; спорт (атлетизм, футбол, шашки т.с.с.), тарих т.с.с.

    Әуесқой бірлестіктің анық мысалдары болып өзіің қызметін жағдаяттық–рөлдік ойын негізінде құрайтын рөлдік ойындар клубы табылады.

    Жағдаяттық–рөлдік ойындардың әртүрлілігі қарастырылған: кіші ойын, үлкен рөлдік ойын, ойын–эпопея.

    Кіші жағдаяттық–рөлдік ойында дәстүрлі 12 – ден 30 – ға дейін адамдар қатыса алады. Кіші жағдаяттық–рөлдік ойынның ерекшелігі–әрбір адам жеке ойнайды.

    Үлкен жағдаяттық–рөлдік ойын 3–5 тәулік ішінде кең жерде өткізіледі, қатысушылар саны–100 адамнан жоғары болады.

    Коммуникативті бірлестік жаратылыстану клубында әуесқой бірлестік сияқты әр салалы. Коммуникатывті клубтың жағдайллығы мынадай өзара әрекетті ұймдастыру үлгілері көмегімен ашылады, араласу кеші және дуспут сияқты.

    Импровизацияланған кафеде араласу кеші–бұл арнайы көңіл көтеру алаңында ұйымдастырылған әзір стол.

    Балалық–жасөспірімдік және жас–жасөспірімдік клубтарда диспут өткізген тиімді. Диспут–бұл қандай да бір мәселе төңірегінде пікірдің соқтығысуының болуы және арнайы ұйымдастырылған қойылымдар. Диспут монолог және диалог элементтерінен тұрады. Диалогтық элементі талдауға эмоциялық сыр береді, ал монологтық оның логткалық мазмұнда айтылуына көмектеседі.

    Г.М. Плоткин мектеп жасындағылармен бірге жасақталған диспутқа қатысушыларға арналған ереже ұсынады.

    1. Әрбір адам өз ойын айтуға құқылы. Егер сенде тыңдаушыларыңы айтарың болса, олар білуге тиіс.

    2. Ойыңдағыны айт, ойыңды ойланып айт! Ойыңды анық және нақты айту.Өзің анықтамаған нәрсеге сенімді болма!

    3. Өзіңнің көзқарасыңды сенімдірек етіп жеткізуге тырыс. Тек шын фактілерге жүгін.

    4. Саған дейін айтылған пікірлерді қайталамау керек.

    5. Өзгенің ойын сыйла. Оны түсінуге тырыс. Келіспесең де көзқарастарын тыңдай біл! Ұстамды бол. Өзгенің сөзін бөлме. Жеке басына баға берме. Ойыңның шындығын айқаймен емес, дәлелдермен жеткіз.

    6. Егер сенің позицияңның қателігі дәлелденсе, өзіңнің қателігіңді батыл түрде мойында.

    Күнделікті жаратылыстану клубын түсіну үшін М.Б. Кордонскінің келесі цитатасын ұсынады: «... Бірақ бізде клубта ақындар мен жазушылар, редакторлар мен тілшілер бар жерде, әдбиет танушылар жоқ. Өздерің шешкендей жоғарыда саналған лауазымдардың көпшілігін балалар алады, орта жаста 13,5 жас (клубқа жіберілетін балалар жасы – 16 жас). Клубта штаттық педагогтар екеу.Олар клубта аптасына 18 – 20 сағат өткізеді, клуб мектептен кейін күн сайын жұмыс жасайды (кейде мектеппен бірге), ал демалыста – таңнан кешке дейін. Яғни уақыттың көп бөлігін – үлкендерсіз өткізеді. ...»


    жүктеу 1,77 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




    ©g.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет
    рсетілетін қызмет
    халықаралық қаржы
    Астана халықаралық
    қызмет регламенті
    бекіту туралы
    туралы ережені
    орталығы туралы
    субсидиялау мемлекеттік
    кеңес туралы
    ніндегі кеңес
    орталығын басқару
    қаржы орталығын
    қаржы орталығы
    құрамын бекіту
    неркәсіптік кешен
    міндетті құпия
    болуына ерікті
    тексерілу мемлекеттік
    медициналық тексерілу
    құпия медициналық
    ерікті анонимді
    Бастауыш тәлім
    қатысуға жолдамалар
    қызметшілері арасындағы
    академиялық демалыс
    алушыларға академиялық
    білім алушыларға
    ұйымдарында білім
    туралы хабарландыру
    конкурс туралы
    мемлекеттік қызметшілері
    мемлекеттік әкімшілік
    органдардың мемлекеттік
    мемлекеттік органдардың
    барлық мемлекеттік
    арналған барлық
    орналасуға арналған
    лауазымына орналасуға
    әкімшілік лауазымына
    инфекцияның болуына
    жәрдемдесудің белсенді
    шараларына қатысуға
    саласындағы дайындаушы
    ленген қосылған
    шегінде бюджетке
    салығы шегінде
    есептелген қосылған
    ұйымдарға есептелген
    дайындаушы ұйымдарға
    кешен саласындағы
    сомасын субсидиялау