Практика №7-9 Ауыспалы егістер. Әртүрлі маманданған және әртүрлі құрамдағы егіс танаптары бар шаруашылықтар үшін ауыспалы егістегі дақылдардың ауысу ретін көрсететін үлгіні құрастыру. Ауыспалы егіске өтудің және игерудің жоспарын және ротациялық кесте



бет1/3
Дата09.12.2023
өлшемі85 Kb.
#44626
  1   2   3
Практика земледелие 9 қаз




Практика №7-9


Ауыспалы егістер. Әртүрлі маманданған және әртүрлі құрамдағы егіс танаптары бар шаруашылықтар үшін ауыспалы егістегі дақылдардың ауысу ретін көрсететін үлгіні құрастыру. Ауыспалы егіске өтудің және игерудің жоспарын және ротациялық кесте құру.
Ауыспалы егіс дегеніміз – ауылшаруашылық дақылдары мен бос танаптарын уақыт және территория бойынша ғылыми негізде кезектестіріп отыру. Танаптардағы ауылшаруашылық дақылдарының ауыспалы егісте кезектесу ретімен ауысып келіп отыру тәртібін ауыспалы егіс сызбасы (схемасы) деп атайды.
Онда ауыспалы егістегі дақылдар мен танаптардың кезектесу реті орнатылады. Дақылдар мен бос жерлер ауыспалы егіс сызбасында көрсетілген әр танаптан өз кезегімен өту кезеңі – ротация деп аталады. Ротация ұзақытылығы ауыспалы егіс танаптарының санына тең болады. Ауыспалы егістегі танаптар саны дақыл құрамына және олардың, қатынасына, сонымен қатар жер бедеріне, топырақ ерекшеліктеріне және т.б. жағдайларға байланысты болады.
Ауыспалы егісте дақылдардың ауысуы жылдық немесе кезеңдік болуы мүмкін. Д. И. Прянишников дақылдарды кезектестіру қажеттілігінің негізгі химиялық, физикалық, биологиялық, экономикалық сияқты 4 түрлі себебін атап көрсеткен.
Ауыспалы егіс сызбасын құру кезінде топырақтың құнарлығына әсер ету дәрежелері бойынша барлық алғы дақылдар: өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық болып бөлінеді және мынадай топтарды құрайды:
1. Таза (бос) және бос емес парлар. 5. Техникалық
2. Көпжылдық шөптер. 6. Күздік дәнді-дақылдар.
3. Дәнді бұршақ тектес. 7. Жаздық дәнді-дақылдар.
4. Отамалы. 8. Біржылдық шөптер.
Таза пар деп бүкіл вегетация кезеңіндегі ауылшаруашылық дақылдары өсірілмейтін танапты айтады. Таза пар ылғалдылық, қоректік заттардың жинақталуын қамтамасыз етеді және оған кейін өсірілетін дақылдар үшін жақсы фитосанитарлық жағдай туғызады.
Көпжылдық шөптер жоңышқа, люцерна, эспарцет топырақты органикалық заттармен және азотпен байытады. Олар топырақ құрамын жақсартып, санитарлық қызмет атқарады. Ауру тудырушы микроорганизмдердің дамуын тежейді.
Бұршақ тұқымдас дақылдар – бұршақ, ноқат, қытай бұршақ, үрмебұршақ, атмосферадағы ауаны жұтып, оны топыраққа жинақтайды, топырақ құрамын жақсартады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау