ЕХрО-қалашық аумағында «ЕХрО Plaza»
тұрғын үй кешенінің құрылысы жүруде.
Тұрғын үй кешені A, B, C, D секілді төрт орам-
нан тұрады. Әр орамда 5-6 тұрғын үй салынған
(5-8 қабатты), кешенде 2 000 пәтер болады.
Бүгінгі күні А және В орамдарында моно-
лит жұмыстары 50%-ке орындалған. Д ора-
мында ростверктер құйылды, астыңғы қабат
салынып, нөлдік циклдың жабыны жабылуда.
С орамында іргетас салынуда. Құрылыстың
бірінші кезегі 2016-шы жылдың төртінші тоқ-
санында аяқталады.
ЕХРО-ның көрме павильондары –
ел дамуының жаңа деңгейі
ЕХрО-ның көрме кешені 25 гектар аумақты
алатын болады және бірнеше тақырыптық па-
вильондардан тұрады. «БАЗИС» «Энергия
әлемі» тақырыптық павильонын салуда. Бү-
гінгі күнге дейін құрылысшыларымыз бағана-
лар, іргетастар, жабын плиталары, баспалдақ
алаңқайлары, металл қаңқа, монолит жұмы-
стары 100% аяқтады. Газоблок пен металл кон-
струкциялардан жасалған аралықтарды орна-
ту 95 %-ке орындалған. Автоматты түрде өрт
сөндіру құбырын, ауа өткізгішті орнату, сылақ
жұмыстары 80%-ке жасалған. Едендердің
75%-і тегістелген, жылу құбырларының 70%-
і тартылған. Инженерлік желілер мен комму-
никация жұмыстары (су құбыры, сантехника,
электр желілері және т.б.) 60%-ке орындалған.
Қасбет жұмыстарының 24%-і атқарылған. Ша-
тырды орнату жұмыстары басталды. Барлық
жұмыс кестеге сәйкес жүргізілуде.
BN-нен
Осынау ауқымды, бірегей және күрделі
нысандардың барлығы құрылысшылары-
мыздың шеберлігі мен еңбекқорлығының
арқасында пайда болды. Нысандарда күні-
түні қолайсыз ауа-райына қарамастан жұ-
мыс істей жүріп табанды түрде рет-ретімен
осы ауқымды да маңызды нысандарды
көтеріп жатқан да дәл солар. Біз әріпте-
стерімізге күн сайынғы ауыр еңбегі, жауап-
кершілігі мен жоғары біліктілігі үшін алғы-
сымызды білдіреміз. Жаңа жылдарыңызбен,
әріптестер! Отбасыларыңызға татулық пен
молшылық, өмірлеріңізге – тұрақтылық
тілеймін! Сіздерге 2016-шы жылы жаңа ны-
сандар, жаңа жеңістер мен жаңа ауқымды
жұмыстар тілеймін!
«Сити Палас» – астанадағы жаңа
сауда-ойын сауық орталығы
Астанада «Сити Палас» сауда-ойын сауық
кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Нысанның
бірінші кезегі салынуда. Е блогында іргетас
құйылуда, Д блогында металл конструкциялар
жұмыстарына әзірлік жүруде. А1, А2 және В
блоктарында монолит жұмыстары аяқталды.
С блогында монолит жұмыстары қарқынды
жүруде. Құрылыс кесте бойынша жүргізілуде,
нысан 2016-шы жылдың қазан айында салы-
нып бітеді.
Қазақстан астанасындағы Big Ben
«England» тұрғын үй кешенінің құрылысы
қызу жүріп жатыр. Ол 8 үйден тұратын бола-
ды. Қазірдің өзінде үш үй салынып бітті, тағы
үш үй салынуда, қалған екеуі кезегін күтуде.
Үйлер биік емес – 7 және 9 қабатты. Еуропа-
лық тұрғын үй кешенінің архитектурасы де-
мократиялы. Формалардың ұғынықтылығы-
ның тасасында жайлылық пен қауіпсіздіктің
ең қазіргі заманғы технологиялары жасырулы
жатыр.
Қазақ ұлттық хореография
академиясы – білім беру
мекемелерінің маржаны
Келесі жылы Астанада Қазақ ұлттық
хореография академиясының құрылысын
бітіреміз. Академия төрт блоктан: балет кор-
пусы, тұрғын үй корпусы, оқу корпусы мен
театр ғимаратынан тұрады. Тұрғын үй, балет
және оқу корпустарының құрылысы аяқта-
лып келеді, 2016-шы жылы қаңтарда барлық
қасбет жұмыстары толығымен аяқталады. Те-
атр ғимаратында монолит жұмыстары бітті,
металл конструкциялар мен шатыр жұмыста-
ры жүргізіліп жатыр.
«Италия орамы» – салқын
Астанадағы ыстық темперамент
Италиялық архитектураның үздік дәстүр-
лері негізінде салынған «Италия орамы»
тұрғын үй кешені Астанада Шәмші Қалда-
яқов көшесінің бойында орналасқан. «Италия
орамының» құрылысы толығымен аяқталды,
желтоқсан айының соңында тұрғындар пәтер-
лерінің кілтіне ие болды.
Тұманды Альбион стилінде
LONDON тұрғын үй кешенінің барлық 10
үйінің құрылысы аяқталды. Кешен пайдала-
нуға беріліп, тұрғындар пәтерлерге орналасуда.
3 ГА – мемлекетпен әріптестік
негізінде мемлекеттік бағдарлама
бойынша салынған баспана
«Қолжетімді баспана – 2020» мемлекеттік
бағдарламасы аясында компаниямыз Астанада
Қобыланды батыр мен Бурабай көшелерінің
қиылысында үш гектар жерге кең, аулалары
абаттандырылған 11 үйден тұратын тұрғын
үй кешенін салды. Тұрғын үй қоныстануға
дайын: барлық үй салынып бітті, коммуника-
циялар тартылған, кешеннің тірлішікті қамта-
масыз ету жүйесі үздіксіз жұмыс істеп тұр.
Мемлекеттік комиссия қазірдің өзінде үйлерді
пайдалануға беру жөніндегі құжаттардың бар-
лығына қол қойды. Бірінші кезектің үйлерінде
адамдар тұрып жатыр, екінші кезектің үйлері-
не тұрғындар қоныстануда, ал, Жаңа жылдан
кейін үшінші кезектің үйлерінің адамдары да
қоныс тойын тойлай алады.
ЕХРО қатысушыларына арналған
шығыс қонақжайлылығы бар тұрғын
үй кешені
Компаниямыз «ЕХрО-2017» халықаралық
көрмесі нысандарын салуға белсене атсалысу-
да. ЕХрО аясындағы бағыттардың бірі – ЕХрО
қатысушыларына арналған көппәтерлі тұрғын
үй кешенін салу. Тұрғын үй кешені салынып
біткен, қазір В және С орамдарында жылу
беру жұмыстары аяқталуда. А және В орамда-
рында қасбет жұмыстары жүргізілуде, осы
орамдардың бес үйінде әріптестеріміз ішкі әр-
леу жұмыстарын жасауда. С орамы бойынша
тас қалау жұмыстары аяқталуға жақын. Ха-
лықаралық көрме қатысушыларына арналған
тұрғын үй кешенінің құрылысы кесте бойын-
ша жүруде, оны 2016-шы жылдың екінші тоқ-
санында пайдалануға беру көзделген.
«ЕХРО Плаза» – болашаққа салынған үлес
балаларыМыздың астанадан
жаңа жылдық ертегісі
BAZIS NEWS №12-1/ 01.01.2016
18
19