Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің білім ордасы
С.Т. ТӘКЕЖАНОВ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҮСТІ МЕТАЛЛУРГИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ ҒАЛЫМ-МЕТАЛЛУРГ
Қарағанды 2016
Сауық Темірбайұлы Тәкежанов (1931-2003жж.) – Қазақстанның мемлекеттік қайраткері, түсті металлургия саласының ғалымы. ТПУ құрметті түлегі.
1956 жылдан бастап Өскемен қорғасын-мырыш комбинатында жұмыс істеді. Ол қатардағы жұмысшыдан, бас инженерге дейін көтерілді. Оның жетекшілігімен Ертіс мыс балқыту зауытында жаңа КИВЦЭТ технологиясы жасалып, іске қосылды, соның арқасында КСРО Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды.
1973 ж. - Қазақ КСР түсті металлургия министрі.
Қазақстан XII шақырылымының Қазақ КСР/Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің ХІІ шақырылымының депутаты. Экономикалық реформа жөніндегі мәселелер, қаржы және бюджет жөнінде Комитеттің төрағасы.
1956 жылы Томск политехникалық институтынының, физика-техникалық факультетін «физика-химия» мамандығы бойынша (ТПУ) бітірген. 1980 жылы КСРО Халық шаруашылығы академиясының Халық шаруашылығын басқару институтын бітірген (Мәскеу қ.). 1971жылы қарашада Қазақ КСР Түсті металлургия министрінің орынбасары болып тағайындалды. 1973 жылдың ақпанынан 1974 ж. қазанына дейін және 1980 жылдың желтоқсанынан 1987 жылдың желтоқсанына дейін Қазақ КСР түсті металллургия министрі, 1974 жылдың қазанынан бастап 1980 жылдың желтоқсанына дейін Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары болды. 1987 жылдың желтоқсанынан «Қазқорғасын» қорғасын-мырыш кәсіпорындары өндірістік бірлестігінің бас директоры болып жемісті қызмет атқарды. 1993–1997 жылдар аралығында «Қазметалл» АҚ-ның өнеркәсіптік-қаржы компаниясының президенті болды. С.Т. Тәкежанов ИАРК корреспондент-мүшесі болып сайланды, ИАРК академигі, Халықаралық инженерлік академиясының академигі. 1985 жылы Ғылым мен техника саласындағы КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Ленин орденімен, 4 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденімен марапатталған.
Қазақ КСР/Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты. Экономикалық реформа жөніндегі мәселелер, қаржы және бюджет жөнінде Комитеттің төрағасы. Қазақстан Ұлттық инженерлік академиясының академигі.
С.Т. Тәкежанов Қазақ КСР Ғылым академиясына ҚазақКСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалғаннан кейін, Мәскеу болат және қорытпалар институтының әріптестері Норильск өндірістік комбинатында өндірісті жолға қоюға көмектесу өтінішімен жүгінді, онда жаңадан салынған сұйық ваннада балқыту пешінде әрқашан апаттар болатын. Тәкежанов Балқашта осы пештің тәжірибелі- өндірістік сынақ бағдарламасын құрастырды, Өскемен тәжірибесінен ұсыныс енгізді және осы сынаққа өзі басшылық жасады. Нәтижесінде пеш жұмыс істеді. Қазір осындай пештер Балхашта, Норильскте, Оралда жұмыс істеді.
КИВЦЭТ технологиясын бірнеше ел сатып алды. Сауық Темірбайұлы әлемдік металлургияны ондаған патент пен лицензиялармен, сансыз өнертапқыштықпен байытты.
Тәкежанов металлургияны Қазақстан өнеркәсібінің іргетасы деп санады, сондықтан қайта құру басталғанда ол ҚазақКСР КП ОК бірінші хатшысы Г.Колбинға түсті металлургияға тиіспеңіз деп өтініш жасаған. Осы салада 48 тау-кен және металлургия кәсіпорындары жұмыс істеді, бір өндірістің өнімі екіншісіне шикізаттың қайнар көзі болып табылды.
Қайта құрудың алғашқы жылдары өте қиын болды, көбі жақсы үлес іздеп республиканы тастап та кетті. Тәкежанов жұрт сасып қалмасын, басқа жаққа кетпесін деп компания құрды. 1992 жылы 300 000 тарта инженер болды, Жоғарғы Кеңестің 12- шақырылымының үштен бірі инженерлер болды. Ол басты мәселелердің қатарында инженерлік кадрларды сақтау деп білді. Сол себепті Қазақстан инженерлер Одағы, Еңбек партиясы, Ұлттық инженерлік академиясы құрылды.
Сауық Тәкежановтің басшылығымен Ертіс мыс балқыту зауытында жаңа КИВЦЭТ технологиясы жасалып, іске қосылды, соның арқасында КСРО Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды. Бұл технология барлық еңбек көлемді агломерацияны осы саладан бірден шығарып тастады, мыс алу мөлшерін көбейтті, тазарту жіберетін газ мөлшерін 20 есеге азайтты. Оның осы уақытқа дейін аналогтары жоқ –сол кезде Мәскеу КИВЦЭТ технологиясының лицензиясын әлемнің ең ірі мемлекеттеріне сатты.
Жетпісінші жылдардың басында Сауық Темірбайұлы металлургия әлемінде тағы бір ірі серпін жасады. Көміртек және күкірт шикізатын қолдану нұсқасын, кенді автотермиялық балқыту отыны ретінде бүкіл әлем бойынша іздеді. Қазақстанға ірі теоретик А.В. Ванюков келді. Ол Норильскте барлық МИЦМИЗ «дарышпандарының» сәтсіздіктеріне ашық түрде шағымданды. Пештер шыдамайтын. Үнемі ауыр апаттар болатын. Кеңесуден және мәжілістен кейін БММК (Балқаш) балқыту цехында сұйық ваннада тәжірибелік-өнеркәсіптік қондырғы – ОПК ПЖВ салу шешілді. Онда кеңестік металлургтер жоғары күкіртті және мысы бойынша жұтаң шихтамен жұмыс істеуге үйренді. Тәкежановтың пирометаллургияның да, гидрометаллургияның да білгірі болу фактісі жоғарыда келтірілген жағдайдағыдай бәрінен бірнеше есе жылдамырақ дұрыс шешімдер табуға мүмкіндік берді. Бірақ ол инженерлік жобалар - өзгерісіз үлкен ұжымдық жұмыс екенін бәрінен артық білді. Сондықтан мұндай ортада өкпелеу және осы сияқты басқа себептер туындамайтын.
Ресурс сақтау технологиялары – түсінік тек қана Қазақстан үшін емес, барлық адамзат үшін де ең маңызды. Сауық Темірбайұлы жүйелі адам ретінде, не жайында екенін жақсы түсінетін. Осы мәселенің шешіміне өмірінің соңғы сәтіне дейінгі бүкіл ғұмыры кетті.
1997 жылы Қазақстан Республикасының президенті Н.А. Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының XIX арнайы отырысында келесі сөзді айтты: «...біз планеталық ауқымда қоршаған ортаға әсері туралы айтып отырмыз. Жаңа ғасырдың басында, бұл процесс арта түседі. Өтпелі экономикасы бар көптеген елдер, табиғи ресурстарды өндіруші ретінде қызмет атқара отырып, табиғаттың басты ластандырушысына айналуы мүмкін. Әлемдік қауымдастықтың мұнымен шаруасы жоқтығына сенемін. Керісінше,барлық өндірісті таза, қалдықсыз және экологиялық қауіпсіз түрде көргісі келеді».
Сол жайында Сауық Тәкежанов та өз ойын қалдырды. Саладағы жағдайдың терең талдауы, өндірілетін кен орындарының рудаларында мақсатты металл мөлшерінің төмендеуінің және олардың минералогиялық құрамының күрделенуінің айқын беталысын көрсетеді. Бұл ескі тұжырымдаманың – әрекеттегі технология үшін шикізат іздеу ескергенін көрсетті. Жаңа тұжырымдамаға көшу керек – нақты шикізат үшін технологиялар ойластыру керек. Минералдар селекциясының мәселесін байытудан металлургияны қайта балқытуға ауыстыру керек. Осы тезисті дамыту үшін селективті байыту концентраттарын алу циклінен бас тартып, коллективтік концентрат алуға тоқтау қажеттігі ұсынылады. Бұл технологиялар - қалдықтарды қайта өңдеу үшін пайдалы, ал олар 5 млрд тонна.
Сауық Тәкежановта көптеген өзекті, ұтымды идеялар болды. Олар таза ғылыми және өндірістіктен бастап қоғамдық-экономикаға дейін ең кең салаларды қамтыды. Оның іргелі идеяларының бірі маңызы барлық табиғи ресурстарды қалдықсыз қайта өңдеу арқылы кешенді пайдаланумен шектелді. Осылайша еліміз экономикалық, сол сияқты экологиялық мәселені айтарлықитай шешкен болар еді. Осы көп жоспарлы бағдарламаның ұйымдастырушысы және орындаушысы қоғамның базалық табы, яғни Жоғары техникалық оқу орындарының, колледждер мен КТУ түлектері болуы қажет. Оларды оқыту бағдарламалары индустриялық-инновациялық саясатқа сай болу керек. Студенттер мен түлектер үшін Қазақстанның және біртұтас экономикалық кеңістік елдерінің өндірістік өнеркәсіптеріне және бірыңғай экономикалық кеңістікке, одан әрі жұмысқа орналастырумен қатар жол ашу керек.
Оның осындай қасиеттері және әмбебаптығы министр орнында байқалды, сонымен қатар ол парламент депутатының мінсіз үлгісі ретінде есте қалды. Сауық Тәкежанов нағыз мемлекетшілдік параметрін салған, ол қазіргі заманғы сын-қатерлерді түсінуге және барабар жауап беруге қабілетті адам.
/Фото: отбасы мұрағаты. «С.Т: Тәкежановтың ғылыми-өндірістік қызметіне арналған стенд-мұрағат.Халықаралық кен-металлургиялық конгресс.
2011 ж. 3-6 шілде, Астана»./
– Клара Зейнолқызы, сіздің отбасыңыз тәуелсіз Қазақстан экономикасын дамытуға қатысты. Сіздің өмірбаяныңыз өте тамаша. Өзіңіз туралы айтып берші.
«Әскери технологиядан бастап тұрғын үйді жасақтау тәсіліне дейін, экологиялық ортаны игеруден бастап үй түлігін өсіруге дейін, металлургияның ғажайып технологиясынан бастап әдеби шығармашылықтың ұлы туындыларына дейін – қазақ жері еуразиялық ауқымдағы мейлінше кесек мәдени жаңалықтардың мекені екенін тым болмаса жалпы дерек деңгейінде білмеу сауатсыздықтың ең бір сирек айғағы болса керек». «Тарих толқынында» Нұрсұлтан Назарбаев [1.18]
Бізге Кеңес үкіметі орта білім алуға мүмкіндік берді, тегін жоғары білім және біздің ұрпақ қазір Қазақстанның бүкіл экономикасының негізі болып табылатын, экономиканы құрды.
Біздің отбасы – металлургтар отбасы. Отбасы басшысы – бүгінде жоқ Сауық Темірбайұлы Тәкежанов - республиканың экономикасын және түсті металлургиясын дамытуға көптеген жылдарын арнаған, Томск политехникалық институты физика және технологиялар факультетінің түлегі, Халықаралық инженерлік академиясының және Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі.
Мен, Клара Зейноллақызы Қуанышева инженер-металлургпін, Өскемен қорғасын-мырыш зауытында, Қазақ КСР Ғылым академиясының Металлургия және байыту институтында инженерлік-зерттеу жұмыстарымен және ҚПУ (қазіргі ҚазҰТУ) жеңіл және сирек металл металлургиясы кафедрасында оқытушылықпен айналыстым. Техника ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының корреспондент мүшесі, 69-ден астам ғылыми еңбектердің, 15 өнертабыстың, 7 патенттің авторымын. Соңғы жылдары, инженерлік және қоғамдық қызметпен айналысамын.
Қызым Мадина - металлург, ұлым Жанболат – физик-химик, металлург.
Сауық Темірбайұлы - біздің буынның көрнекті қайраткерлерінің бірі. Ол инженерлік еңбек жолының барлығынан өтті: ғылыми-зерттеу инженері, Қазақ КСР түсті металлургия министрі, ал кейінірек - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары, мемлекеттік жоспарлау комитетінің төрағасы болды. Ол алты рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Алтыншы рет ХII-шақырылымда - І Егеменді Қазақстан шақырылымында Жоғарғы Кеңесінің Халық депутаты, ол экономикалық реформалар, бюджет және қаржы (ЭРБиФ жөніндегі комитетінің) жөніндегі комитетінің төрағасы болды.
Сауық Темірбайұлы – біздің буынның жарқын тұлғаларының бірі. Ол инженердің еңбек әрекетінің барлық кезеңдерінен: зерттеуші-инженерден бастап ҚазКСР түсті металлургия министріне дейін өтті, соңында ҚазКСР Министрлер Кеңесі Төрағасының, Мемлекеттік жоспар төрағасының орынбасары болды. Ол алты рет ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Алтыншы рет – Жоғарғы Кеңестің ХІІ шақырылымының – Егеменді Қазақстанның І-шақырылымының халық депутаты болып сайланды, онда Экономикалық реформа, бюджет және қаржы жөнінде Комитеттің төрағасы болады.
Сауық Темірбайұлы - құрметті металлург, Қазақ КСР еңбек сіңірген өнертапқышы, 1985 жылы ол полиметалдық шикізатты кешенді пайдалану мен өзінің комбинатында сирек металл өндірісін құру жұмыстарын басқарғаны үшін Мемлекеттік сыйлық берілді; Ол Қазақ инженерлік академиясының негізін қалаушы болып табылады.
ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің 1990ж. 6 желтоқсанда қабылдаған нарықтық экономикаға ауысу және тұрақтандыру бағдарламасын әзірлеуге қатысушы болып, экономикалық реформаның бастауы болған ҚазақКСР заңдар әзірлеу және қабылдау бойынша бірінші комиссияны басқарды: жеке меншік туралы, шетелдік инвестициялар туралы, жер туралы, кәсіпорын туралы және т.б. қазақстандық түсті және қара металл бойынша іргелі еңбектер жариялады.
Президенттің тапсырмасын орындап ЭРБжәнеҚ жөніндегі Комитет экономикалық реформаларға дайындалуға кірісті. Бұл қалай болды?
Экономикалық дербестік пен тәуелсіздік туралы мәселе өткен ғасырдың 80-жылдары спонтандық түрде туындады. Көптеген экономисттер мен өндірісшілер, қатаң жоспарлау кезінде бұрынғы Одақ Орталығынан экономикалық дербестік пен валюталық қол жетімділік алу үйлесімсіз және мүмкін емес екенін түсінді.
Осы проблемаға жолыққан, тұрақты негізде жұмыс істейтін ЭРБжәнеҚ жөніндегі Комитетінің мүшелері – С.Т. Тәкежанов, М.Т. Оспанов, С.К. Түгелбаев, П.В. Своик, соңында оларға қосылған А.М. Қонысбаев, Г.К. Алдажамаров және т.б. төмендегілерді басшылыққа алды: кез келген мемлекеттің тәуелсіздігі (егемендігі) кем дегенде үш шартқа жауап беруі тиіс – мемлекет шекарасы, оны қорғауға арналған әскер және елдің экономикалық қауіпсіздігі үшін жеке ұлттық валюта. Бұрынғы Одақта әрекет еткен аумақтық баға жөніндегі саясатына құрылған ақша-кредиттік қатынастар жүйесінен бас тарту қажет болды.
1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. 1990-1991 жылдары республиканың ғылыми-инженерлік қауымдастығы және жоғары аталған бастамашыл топ Украинада. Балтық маңындағы республикаларда, Қызғыстанда жеке ұлттық валюталарын енгізумен қатар іс жағдайын зерттеді. Алынған деректерді басшылыққа алып, жеке ұлттық валютаны енгізуге алтын қорын, тұтастай алғанда алтын-валюта қорларын және басқа жоғары өтімді банк активтерін жасау ісіне тәртіп енгізу алдын ала жүруі керектігі бекітілді.
«Ұлттық валютаны дайындауда ойластырылған бағдарламамен маған бірінші келген Сауық Тәкежанұлы Тәкежанов болды. Бұл өзінің бастамаларына табанды және өз ұсыныстарын салмақпен негіздей алатын адам болды. ...Ұлттық валютаны дайындауды қатаң құпиялылық жағдайында жүргізуді шештік. Президент біздің долбарларымызды мақұлдады және жұмыс басталып кетті... » Е. Асанбаев, ҚР экс-вице-президенті.
1991 жылы 1 қарашада ЭРБжәнеҚ жөніндегі Комитетінің бастамашыл тобының жеке ұлттық валютаны-теңгені енгізу қажеттігі туралы ұсыныстары бар жазбасымен ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумына ресми шығуы болды. Бәрі осыдан басталды!
Бүкіл халық сайлаған тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың ұлттық валюта енгізу туралы саяси еркіне және оның Жоғары Кеңеске және ЭРБжәнеҚ жөніндегі Комитетіне тапсырмасына сәйкес «Қазақ КСР-лда алтын қорын және алмаз қорын құру туралы» Жарлықпен Ұлттық мемлекеттік банкке Мемлекеттік құндылықтар қоймасын – Гохран ұйымдастыру тапсырылды.
ҚазКСР ҒА Тарих және археология институтының мамандары мен республика дизайнерлерінің тобы шақырылды.
Сауық Темірбайұлын көзі тірісінде «теңге атасы» деп атады. Жоғары Кеңестің ұлттық валюта енгізу бойынша отырысында тарихи деректерді зерделеу негізінде осы атауды соның өзі берді...
Иә, ұлттық валюта өзінің атауы үшін Сауыққа – бірінші бастамашыл топ құрамына, сосын оны енгізу тұжырымдамасын әзірлеген бірінші жұмысшы топ құрамына енген ұлттық валютаны енгізудің анағұрлым бірізді жақтастарының біріне қарыздар.
Бірақ өздеріңіз түсінесіздер, атау беру – бір, ал кепілдікті қамтамасыз ету – басқа. Сондықтан негізгі салмақ алтын саланы– теңге тұрақтылығы мен сенімділігінің негізін құруға түсті. Дегенмен көпшілігі алтынның экономикадағы ролін әлі күнге дейін көтерген жоқ.
Сауық Темірбайұлы ұлттық валюта кепілі ретінде алтын құру құру қажеттігі туралы айтқандардың бірі болды. Өз ресурстарын Орталыққа беретін Қазақстан өз алтынын өнідіруге қалай тез көшті?
Кеңес кезеңінде Қазақстанның жер қойнауында Д.И. Менделевтің Периодтық жүйесінің 70-тен астам элементі анықталды. Олардың ішінде Қазақстанның түсті металлургиясы 54 элементті шығарды, оның ішінде асыл металл: алтын, күміс, ақ алтын және платиноидтар. Бірақ Қазақстанда осы асыл металл Ресейдің аффинаждық зауыттарына жөнелтілген өнеркәсіптік өнімге біріктірді.
Ұлттық валютаны бекіту үшін алтын қоры, алтынвалюта резервтері қажет болды... Осылайша, біздің буынға түсті металлургияның алтын саласын құру қажет болды. Алтынның экономикадағы, ақша-кредиттік қатынастардағы, яғни қаржыдағы ролі «Сенімнің алтын өлшемі» кітабында деректі негізде толығымен мазмұндалды.
С.Т. Тәкежановтың Үкіметке енгізген «ҚазақКСР Президентінің Жарлығын практикалық жүзеге асыру жөнінде шаралар туралы» жобасын Министрлер кабинеті қолдады және 1991-1992 жылдары ЭРБжәнеҚ жөніндегі Комитетінің патронажымен Целинный тау-кен-химиялық және Өскемен қорғасын-мырыш комбинатында химиялық түрде таза (аффинделген) алтынды алу бойынша жұмыстар қарқынды жүрді. Сонымен қатар 1989 жылдан бастап «Пирит-кешен», «Конверсия алтыны» жобалары және «Спеногорск химия-металлургиялық кешені» жиынтық жобасы бойынша жұмыс жүргізілді.
Өнеркәсіптік сынақ нәтижелерін Қостанай және Ақмола облыстарының басшылары Б.М. Тұрсынбаев пен А.Г. Браун баяндады және мақұлдады.
Ал 1992 жылы 7 қаңтарда Алматыда Қазақ Ұлттық банкінде «Қазлото» ӨБ Бас директоры М.А. Мұртазаев Президентке Қазақстан рудасынан балқытылған бірінші партияның алтыны мен күмісінің кесегін табыстады. Республика тарихында тұңғыш рет оның жер қойнауынан өндірілген болаттың асыл металы оның игілігіне айналды.
Енді инфляциядан және ықтимал гиперинфляциядан, бірінші кезекте, тұрғындардың әлсіз тобын қорғау жөнінде жедел шаралар қолдану қажеттігін ескере отырып, металл теңге мен тиын түрінде көп реттік пайдаланатын төлемдік қаражат енгізу болжанды.
Клара Зейноллақызы, кеңесші-металлург ретінде жаңа валюта енгізу жобасына қатыстыңыз. Сіздің командаңыз Қазақстан мен Германия арасында экономикалық қатынастарды жолға қоюдың алғашқы қарлығаштарына айналды. Сіздің жеке әсеріңіз қандай?
Әрбір ұрпақтың тағдырында тәжірибелі шебердің қолымен ойылғандай эпизодтар бар. Менде ең жарқын әсерлер ұлттық валютаның – теңгенің пайда болуымен байланысты.
1992 жылы қазанда ХІІ шақырылымның Жоғарғы Кеңесі құрамы бес адамнан тұратын жұмысшы тобын құрды: жетекші – Ұлттық Банк төрағасы Г.Б. Байназаров; М.А. Тұрсынов, К.З. Қуанышева, Е.А. Қажымұратов, В.П. Ивженко. Бізді Германияға құпия іссапарға жіберді, онда техника-технологиялық жоспар, металл ақшаны соғу үшін қажетті жабдықты таңдау және жеткізу мәселелерін шешу, теңгенің алғашқы үлгілерін соғу қажет болды.
Германияда біздің негізгі серіктестеріміз «Grobener» фирмасы болды. Бірқатар кәсіпорындардың құрылымын зерделеу бойынша қатты және қарқынды жұмысының соңында осы фирма біздің делегацияның құрметіне аңшылар үйінде серіктестік кешкі ас ұйымдастырды.
Инженерлік және адамгершілік деңгейіндегі сенімді қарым-қатынас Кеңес Одағында жалғыз, ядролық отын шығаратын зауыт жасайтын жабдықты Өскемен қаласына, Ақша сарайына жеткізу туралы Шартты рәсімдеу кезінде өзінің жалғасын тапты. Сонымен қатар келісім-шарттың жеке тараулары Қазақстан тарапы үшін біршама жеңілдік беретін жолмен қол қойылды және тапсырыс берілген жабдықты орындауға кезек жылжытылды.
Біздің делегеция жүрер алдында, таңертең, фирма басшысы маған үлкен қорапта, бірақ жеңіл кәдесый әкелді. Мен оны Алматыда ашып көрдім. Бұл төрт адамға арналған уикэндке қажеттінің бәрі бар тоқылған себет екен...
Әрине, алғашқы теңгенің сапасы мен дизайны ұдайы жетілдірілді. Ұлттық валютаны – теңгені енгізген күн Ұлттық валюта күні, еліміздің қаржы жүйесіндегі қызметкерлердің кәсіптік мерекесіне айналды. Қазіргі кезде теңге мойындалды, ол қолданыста және әлемдік қаржылық заңдарға сәйкес айналыста жүрү
Сіз еліміздің индустриялық даму бағытында еңбек ететін ғалымдар мен инженерлерге қандай кеңес айтасыз?
С.Т. Тәкеженовтың Қазақстанның түсті және қара металы бойынша, алтын тарихы туралы іргелі еңбектері. – Елбасы Н.Ә. Назарбаев оған саладағы «Жыл адамы» атауын беру жағдайы бойынша, Қазақстанда кен-металлургиялық секторда қалдықтардың 20 млрд. тоннадан астамы жиналғанын және жыл сайын осы цифр артып келе жатқанын атап өтті. Біздің технологиялық кітаптарымызда белгіленген 30-жылдардағы буынның тәжірибесі Қазақстанның ғана емес, әлемдегі металлургияда жаңа тұжырымдаманы ұсынады: «Селективті концентраттар алудан ұжымдық концентраттар алуға көшу», яғни байыту кезеңінде металды металл еместен ажырату. Металл еместер немесе «бос тау жынысы» жолдардың құрылысына, құрылыс материалдарын алуға пайдаланылуы мүмкін. Ұжымдық концентраттар отандық жоғары технологиялар бойынша қайта өңделуі мүмкін: гидрометаллургияда – экстракция, сорбция, электродиализ; пирометаллургияда – КИВЦЭТ-процесс, сұйық ваннада балқыту, электртермия. Осы технологияларды жиналған қалдықтарды қайта өңдеу үшін қолдануға болады.
Жас ұрпаққа: техногенді шикізатты технологиялық бағалау, шығару және қайта өңдеу мәселелері, саланың инновациялық әлеуетін зерттеу, шикізат базасының жағдайы туралы айқын түсінік және байығыштық болжамын ескеріп, саланы дамытуға заңнамалық әсер ету әдістерін әзірлеу сияқты маңызды мәселелерге баса назар аударуы керек.
Сонымен қатар таяу және алыс шетелдің тәжірибелі оқытушыларының көпшілігі, жаңа заман жағдайында бес жылдық оқытумен қатар инженерлер даярлауды жаңарту мақсатты деп санайды.
Сауық Такежанов, ең алдымен инженер болды. Ол сауатты инженер ғана емес, экономиканың барлық саласында өз уақытынан бұрын жүретін технологияларды алға жылжытатын басшы-инженер болды. Сіздің тәжірибеңіз бүгінгі күні қаншалықты қажет?
Тікелей айтқанда: Сауық Тәкежанов ұсынғанның барлығы бірдей үкімет мүшелерінің және кәсіпорынның шетелдік жеке меншігіне көшкен басшылардың түсіністігіне ие болған жоқ. Осы мағынада Сауық Темірбайұлы өз заманынан озық болды – оның атқарымдарының көпшілігі өзін мойындауды және қолдауды күтіп отыр. Ол әрине міндетті түрде осы мақсатқа жетеді, себебі болашақ – осындай тәсілдерде жатыр.
«... Бірақ біз сенімді академик Тәкежановтің күш-жігері арқасында әзірленген арнайы бағдарлама бойынша жұмыс істедік. Барлық алтын өндіретін кәсіпорындар бізге алтын тапсыра бастады. Бұл марқұм Сауық Темірбайұлының идеясы өте дұрыс және жаңаша болды.
Жылдар өтті. Бүгінгі күні халықаралық рейтингтік агенттіктер ТМД елдері арасында банктік жүйемізді ең сенімді деп, ұлттық валютаны – ең тұрақты деп мойындайды».
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Ұлттық банкі басқармасының бірінші төрағасы Г. Байназаров.
2011 ж. 3 шілдеде Астанада Халықаралық металлургтер конгресі өтті, онда Сауық Темірбайұлы Тәкежановқа арналған стенд ұсынылды. Стенд конгреске қатысушыларды көрнекті инженердің ғылыми-өндірістік қызметімен, жарияланымдарымен және биографиясымен таныстырды.
2000 ж. 13 қаңтарда «Труд» газетіндегі сұхбатында Сауық Темірбайұлы былай деді: «Өмір, нәтижесі бағаланбаған және талап етілмеген кездің өзінде еңбектенуге үйретті. Бұл оның пайдасыз, қажет еместігін білдірмейді. Істеу маңызды, ал істелгенді ешкім жоққа шығармайды және ол елімізге, оның адамдарына міндетті түрде қажет болады».
Пайдаланылған әдебиеттер
Тарих толқынында. Н.Ә. Назарбаев
Достарыңызбен бөлісу: |