2-ҚОСЫМША
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті
Тараз қаласы және Жамбыл облысының жалпы орта білім беретін мектептерінің 11(12) сынып оқушыларына 5В040900 – Хореография мамандығы бойынша ІІ Облыстық халық билерінің «Би әлемі» атты конкурсының ЕРЕЖЕСІ
ТАРАЗ 2018
5В040900 – Хореография мамандығы бойынша ІІ Облыстық халық билерінің «Би әлемі» атты конкурсының
1.Жалпы ережесі
1.1. Мектеп оқушыларына 5В040900-«Хореография» мамандығы бойынша Облыстық хореографиялық конкурсы - Қазақстан халықтарының би мәдениетіне деген қызығушылықты арттыруға ықпал ететін жаппай және қызықты жарыс, 11 сынып оқушылары арасында өткізіледі.
1.2. 5В040900 – Хореография мамандығы бойынша байқаулардың негізгі мақсаттары:
• халық билерін зерттеуге білім алушылардың танымдық қызметін жандандыру;
• өзін-өзі дамытуға ынталарын қалыптастыру;
• оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жарыққа шығару;
• ТарМПУ «Хореография» мамандығы бойынша әрі қарай оқу үшін Жамбыл облысының шығармашыл жастарын анықтау және мемлекетті еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету
1.3. Хореография мамандығы бойынша байқауларды Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің базасында өткізіледі.
1.4. Хореография мамандығы бойынша байқаулар университет мамандықтарының ерекшеліктеріне (сахнада би орындау) сай өткізіледі.
1.5. Хореография мамандығы бойынша байқауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ақпараттар университеттің www.targpu.kz. сайтында «ТАЛАПКЕР» бөлімінде орналстырылады.
2. Хореография мамандығы бойынша байқаудың міндеттері
2.1. би мәдениетін зерттеу қызығушылығын дамыту;
2.2. оқушылардың таным белсенділігін, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
2.3. Қазақстан халықтарының салт-дәстүрі мен рухани мәдениетін тәрбиелеу.
Хореография мамандығы бойынша байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі
3.1 Хореография мамандығы бойынша байқау кезеңдерден тұрады:
I кезең – қазақ биі
II кезең – халық биі (еркін таңдау).
3.2 Мектептер байқауға қатысу үшін өтінішті 13.03.2018 ж. дейін көрсетілген мекен-жайда: Тараз қаласы, Жамбыл даңғылы, 16 а, ТарМПИ,
8 оқу ғимараты, ауд.312 «Мәдени-тынығу жұмысы және хореография» кафедрасында қабылданады.
Электрондық пошта: hadia.k@mail.ru (1-қосымша)
Байланыс телефондары:
87013238421, 87078814509, 87004400475 – Хадия Караматуллаева Ергашовна;
87013591079, 87478227131 – Курумбаева Жанат Мирзагуловна;
87774646689 – Фролова Елена Анатольевна.
Байқау 15.03.2018 ж. Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде төменде көрсетілген мекен-жайда: Тараз қ., Төле би көшесі № 60 үй, №2 корпус, ТарМПИ-дің акт залында өткізіледі.
Қатысушыларды тіркеу: сағат 12.00-де
Конкурстың басталуы: сағат 14.00-де
Қатысушылардың жол ақысы, орналасуы мен тамақтануы жіберуші жақ есебінен жүзеге асырылады.
4. Байқауды ұйымдастыру-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету
4.1 Хореография мамандығы бойынша байқау кезеңдеріне дайындық және олардың өткізу жұмыстарын ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады. Оның құрамына төраға, оның орынбасары, жауапты хатшы және мүшелері кіреді. Ұйымдастыру комитетінің құрамы Хореография мамандығы бойынша кафедра профессор-оқытушыларынан құрылады. Мамандық бойынша облыстық байқауларды ұйымдастыру комитетінің құрамы ТарМПУ ректорының бұйрығымен бекітіледі.
4.2. Хореография мамандығы бойынша облыстық байқауды ұйымдастыру комитеті:
- Хореография мамандығы бойынша байқаулардың дайындығы мен өткізілуі туралы хабарландырудың дер кезінде жариялануын қамтамасыз етеді;
- Хореография мамандығы байқаулардың өткізу тәртібі мен мерзімін анықтайды;
- Хореография мамандығы байқауларды өткізу бағдарламасын құрастырады, нәтижелерді бағалау өлшемдерін анықтау жөнінде комиссия құрамын, пәндік қазылар алқалары мен олардың төрағаларын бекітеді;
- қазылар алқаларының ұсыныстары бойынша байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтайды;
- Хореография мамандығы байқауларға облыстық қатысушылардың жұмыстарын шифрлау және тексеру тәртібін анықтайды;
4.3. Хореография мамандығы бойынша облыстық байқау нәтижелері хаттама түрінде рәсімделеді.
5. Хореография мамандығы бойынша облыстық байқау қатысушылары
5.1. Хореография мамандығы бойынша байқау қатысушылары болып аудандық және қалалық мектептердің 11(12) сынып оқушылары табылады;
5.2. Байқауға қатысатын 11(12) сынып оқушылары міндетті түрде Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуы керек.
5.3. Байқауға қатысушының өзімен бірге жеке басын растайтын куәлігі болуы керек. Жеке басын растайтын куәлігі болмаған жағдайда оқу орнынан фотосуреті бар анықтама көрсетуі керек.
5.4. Хореография мамандығы бойынша байқау жеңімпазы – ең жоғары балл санын жинаған және жоғары нәтиже көрсеткен қатысушы болып саналады.
6. Жауапкершілік
6.1 Хореография мамандығы бойынша шығарашылық тапсырмаларды, бағалау өлшемдері мен әдістемесін дайындау үшін тапсырмаларды дайындау жөніндегі комиссия жауапкершілікте болады.
7. Хореография мамандығы бойынша байқау қорытындыларын шығару және жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау
Конкурстың қорытындылары қазылар алқасының мәжілісі хаттамасымен рәсімделеді. Қазылар алқасы мүшелерінің бағалау парақтары құпия болып табылады, көрсету немесе таратуға жатпайды. Қазылар алқасының мүшелері қатысушыларды 10-балдық жүйе бойынша бағалайды. Үздік орындау жалпы балл сомасы бойынша анықталады. Бірнеше қатысушы бірдей балл санын жинаған жағдайда қазылар алқасының төрағасы шешуші дауыс беруге құқылы.
Қазылар алқасының шешімі талқыланбайды, шағымдануға және қайта қарауға жатпайды.
Конкурстың қазылар алқасы педагогтарға арнайы дипломдар беру құқығын өзіне қалдырады:
• «Үздік балетмейстерлік жұмыс»;
• «Хореографиялық шығармашылық және бірегей идеялар».
7.1. Байқау жеңімпазы «Гран-При» дипломымен марапатталады және Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің «Хореография» мамандығы бойынша төрт жылдық оқу мерзімінде 100% жеңілдік алады
7.2. Жүлделі орын алған қатысушылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, ал қалған қатысушылар Алғыс хат және Сертификаттармен марапатталады.
7.3. ТарМПУ гранты сертификаты Ұлттық бірыңғай тестілеуден шекті балл жинаған жағдайда күшіне енеді.
7.4. Хореография мамандығы бойынша ТарМПУ гранты жеңімпаздарының Ұлттық бірыңғай тестілеуде тапсырған бейіндік пәндері (Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы) жеңіп алған Хореография мамандығының бейіндік пәндеріне (екі шығармашылық емтихан) сәйкес келуі міндетті.
№1 Қосымша
Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында және Астананың 20-жылдығына арналған
ІІ Облыстық халық билерінің «Би әлемі» атты конкурсы
Өтініш
1.Қатысушының аты-жөні
2. Қатысушының туылған жылы
3.Хореографтың аты жөні
4.Мектептің мекен-жайы, телефоны
5.Бірінші бидің атауы
6.Екінші бидің атауы
7. Қатысушының байланыс телефондары
8.Хореографтың байланыс телефондары
Достарыңызбен бөлісу: |