Осы саннан оқитындарыңыз: Құрылыс калейдоскопы: екінші жарты жылдық қоры- тындысы



жүктеу 3,4 Mb.
Pdf просмотр
бет5/16
Дата19.11.2018
өлшемі3,4 Mb.
#20720
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

жұМысты жақсы көру – 

оны сапалы орындау деген сөз 

«БАЗИС» компаниясына бір келген адам осында ұзақ жылдар тұрақтап қалады. Бір нысаннан кейін бір нысанды 

салып,  жаңа  технологияларды  игереді,  жаңа  құрылыс  материалдарын  қолданады  да  компаниядағы  10,  15,  20 

жылдың қалай өткенін байқамай да қалады. 2-ҚМБ әрлеу участогының бастығы Мұнаждин Мұзапарұлы Кибиров 

«БАЗИСке» осыдан 20 жыл бұрын келген. Бүгінде оның қарамағында 300-ден астам адам бар. 

Кісіге кәсібі ұнаса 

– Мұнаждин Мұзапарұлы, «базис» ком-

паниясында  еңбек  етіп  келе  жатқаныңызға 

жиырма  жыл  болды.  біздің  компаниямы-

здағы еңбек жолыңыз қай нысаннан бастал-

ды? 

–  Менің  жұмыс  істеп  бастаған  алғашқы 

нысаным – Медеуге барар жолда орналасқан 

«Алмалы»  (коттедж  кешені  1997ж.  –  авт.). 

Кейін Фурманов пен Әл-Фараби көшелерінің 

қиылысындағы «Триумф» тұрғын үй кешенін 

салдық.  Шамамен  екі  жылдай  Ыстықкөлде 

жұмыс істедік – компаниямыз президент ши-

пажайын салды. 

Астанаға  жасаған  іссапар  әлі  күнге  дейін 

есімде  –  қаржы  Министрлігінің  ғимаратын 

тұрғыздық,  одан  кейін  Шұбарда  коттедждер 

салдық.  Есілдің  жағалауында  тұрғын  үй  ке-

шенін салдық, Алматыға оралып «Солнечная 

долина»  тұрғын  үй  кешенінің  құрылысына 

кірістік.  Осы  тұрғын  үй  кешенінің  жанынан 

коттеджді  қалашық  тұрғыздық.  Құрманғазы 

көшесінің  бойында  (Бейбітшілік  көшесінің 

қиылысы)  салынған  тұрғын  үй  кешенінің 

құрылысына  атсалыстым,  Абай  мен  Чайков-

ский  көшелерінің  қиылысында  үй  салдық. 

Жақында Сүлейменов көшесінің бойында ор-

наласқан «Мирный» тұрғын үй кешенін пай-

далануға  бердік.  Тамыз  айынан  бері  2-ҚМБ-

нің жігіттерімен бірге 12 000 орындық Мұзды 

аренада жұмыс істеп жатырмыз. 



– өзіңіз айтып өткен нысандардың ішінде 

сізге ең қатты ұнайтыны қайсы? 

– 12 000 орындық Мұзды арена. Архитек-

туралық конструкциялары күрделі, өте үлкен 

нысан – жұмыс күнінен кейін үйде жақсы ұй-

ықтаймыз  (күледі  –  авт.).  Басқа  нысандарда 

жұмыс істеп жүргенімде үйге келгеннен кейін 

телехабар көруге уақытым да, күшім да бола-

тын, ал, қазір үйге келіп, кешкі асты ішемін де 

ұйқыға бас қоямын – қатты шаршаймын. рас 

айтамын (жымияды).



– сіздің міндетіңіз қандай? 

–  Күн  сайын  адамдарға  тапсырма  бе-

реміз,  олардың  тапсырылған  міндеттерді  қа-

лай  орындап  жатқанын  қадағалаймыз.  Біздің 

көмекшілеріміз  –  прорабтар,  участок  шебер-

лері  күні  бойы  нысанда  жүреді.  Күн  сайын 

кімнің жұмысқа нешеде келгенін белгілейміз, 

біреулер сұранып жатады – адами факторлар 

болады,  бірі  сырқаттанып  қалады.  Осының 

барлығын  белгілеп  отырамыз.  Адамдарды 

бригадаларға  жұмыстың  мерзімі  мен  қарқы-

нына  сай  бөлеміз.  Күн  сайын  сағат  18:00-де 

бізде лездеме өтеді, әр бригада не атқарғанын, 

нені  аяқтайтындығы,  қандай  құрылыс  мате-

риалы қажеттігі және т.б. жөнінде толығымен 

есеп  береді.  Барлығын  тексереміз  де  келер 

күннің жоспарын құрамыз – онда нені аяқтап, 

тапсыру керектігі, бұған неше адам қажеттігі 

көрсетіледі. 

–  Мұнаждин  Мұзапарұлы,  қазір  қара-

мағыңызда неше құрылысшы бар? 

– 300-ден астам адам. 2-ҚМБ-нің директо-

ры – Анна Денисовна Жүсіпова. 

–  жігіттердің  барлығымен  қалай  ортақ 

тіл табысасыз?!

– Оңай. 21 жыл болды бірге жұмыс істеп 

келе жатқанымызға. Мінездеріне қанықпын. 

Барлық түйінді бірге тарқатамыз

– қандай да бір қиындықтар болып жата-

ды ма? қиын жағдайлардан қалай жол таба-

сыздар? 

– Қиындықтар бізде күн сайын болып тұра-

ды, бірақ, біз оларды еңсеріп отырамыз. Егер 

олар  жобаға  баланысты  болса  –  авторларын, 

дирекцияны  шақырамыз  да  туындаған  мәсе-

лені шешеміз. Егер күрделірек болса – нысан-

ның директорына барамыз, түйінді дизайнер-

лермен,  архитекторлармен,  сантехниктармен, 

электриктермен  бірлесе  отырып  тарқатамыз. 

Барлық  қиындықты  бірге  еңсереміз.  Қандай 

да бір мәселе пайда болып жатса – кейінге қал-

дырмаймыз. 



–  Мұнаждин  Мұзапарұлы,  әңгіме  бары-

сында  сізге  бірнеше  мәрте  жігіттер  келіп, 

қайсыбір  сызбаларды  түсіндіріп  беруіңізді 

сұрады,  сіз  күрделі  нәрселерді  асқан  сабыр-

лылықпен ұғынықты түрде түсіндірдіңіз …

–  Мұны  біз  құрылыс  техникумы  мен  ин-

ститутында үйрендік. Сызбаларды қалай оқу 

керектігін білеміз, оны түсіндіре аламыз. Бас-

шылық бізге тапсырма береді де оны жұмыс-

шылар мен бригадирлердің барлық жұмысты 

тек жобалық сызбаларға сәйкес атқаруын қа-

дағалауымыз  керек.  Егер  кімде-кім  әлденені 

дұрыс  түсінбесе  немесе  жасамаса  –  оның 

неліктен дұрыс болмағанын түсіндіреміз және 

қалай дұрыстау қажеттігін көрсетеміз. Барлық 

жұмысты бақылауда ұстаймыз. 



– қиын соға ма?

–  Қиын  соққаннан  бұрын  уақыт  жетпей-

ді.  Түйіні  тарқатылмайтын  мәселе  болмай-

ды.  Барлық  құрылыс  мамандары  бір-бірімен 

тығыз байланысты және жұмыстың нәтижесі 

солардың  әрқайсысына  байланысты.  Әр  ин-

женер  жұмыстың  басқа  түріне  маманданған 

әріптесімен  байланысады  да  барлық  міндет-

тер мен мәселелерді бірлесе отырып шешеді. 

Барлық  жұмысшылар  –  электриктер,  сантех-

никтер, вентиляцияшылар, әрлеушілер – бар-

лығымыз бір отбасының мүшелеріндей еңбек 

етеміз. 

–  барлығыңыз  бір  үлкен  ортақ  іс  жасай-

тын  болдыңыздар  ғой.  сіз  –  әрлеу  бойынша 

сарапшысыз,  алайда,  сіз  жігіттеріңіздің  жұ-

мысын  өзге  әріптестеріңіздің,  айталық,  сан-

техникаға жауапты әріптестеріңіздің жұмысы 

зардап  шекпейтіндей  етіп  ұйымдастырады 

екенсіз. солай ғой? 

–  Солай.  Типтік  нысандарда  барлығы  қа-

рапайым болатын – барлық жерде бір көрініс, 

мамандардың  бірі  алда,  екіншісі  одан  кейін, 

олардан  кейін  үшіншілері  жүріп  отырады 

–  ешкім  ешкімге  кедергі  жасамайды,  ше-

шетініміз ұсақ-түйек мәселелер. Ал, мұнда біз 

қай тұрғыдан алғанда да бірегей нысан салып 

жатырмыз.  Мұнда  әр  бөлменің,  мейлі  тіпті, 

шағын болсын, өзінің санитарлық торабы, ин-

сталляциясы,  душ  бөлмелері  бар.  Нысанның 

барлық периметрі бойынша көптеген сантех-

никалық  құбырлар,  сымдар,  түрлі  тетіктер 

және т.б. өтеді. Мамандар осының барлығын 

біз  оларды  декоративтік  заттармен  жасырып, 

бояп, сырлап, кафель жапсырмай тұрып орна-

туы тиіс. Сондықтан, барлық міндетті біз ке-

шенді түрде шешеміз. 

Мәселен,  кафель  жапсырушыға  кафель 

жапсыру тапсырылды делік, ал, ол қандай да 

бір  кабельдің  жетіспейтінін,  қайсыбір  құбы-

рдың  тартылмағанын  немесе  қандай  да  бір 

ағытқыштың  жасалмағанын  көрді  делік  –  ол 

бұл мәселелерді электриктермен және сантех-

никтармен  шешеді.  Кафель  төсеуші  кафель 

төсеместен бұрын, ағаш ұстасы гипсокартон-

ды орнатпас бұрын сантехниктер немесе басқа 

да мамандар бізге участокты барлық коммуни-

кацияларымен тапсыруы тиіс.

– «базиске» тәжірибеден өтуге студенттер 

көп келеді. олармен сіз жұмыс жасайсыз ба? 

– Ия, студенттермен мен жұмыс істеймін. 

Сүлейменов  көшесіндегі  «Мирный»  тұрғын 

үй кешенінде жұмыс істеген кезімізде тәжіри-

беден өтуге студенттер алдық. Мұнда Мұзды 

аренада да студент көп. Олардың әрқайсысына 

тәлімгер тағайындаймыз. Бұдан бөлек, шебер, 

прораб  немесе  участок  бастығы  студенттің 

жұмыс орны жанынан өтіп бара жатып олар-

дың  жұмысын  қарап,  ақыл-кеңесін  айтып, 

жұмыстың қайсыбір түрін қалай дұрыс атқа-

ру  қажеттігін  көрсетіп,  үйрете  алады.  Егер 

қандай  да  бір  ескертпелер  болса  –  шеберлер 

түсіндіріп, көрсетіп, үйретеді.

Студенттер  тәжірибие  кезінде  шебер-

лерімізден  көп  нәрсе  үйренеді.  Әрлеушілер  

студенттерді қабырғаларды дұрыс бояп, тегі-

степ,  тұсқағазды  жапсыруды  үйретеді.  Ағаш 

ұсталары гипсокартонмен қалай жұмыс істеу 

керектігін  үйретеді,  оның  қалай  дұрыс  қағы-

латынын,  профильдің  қалай  орнатылатынын 

көрсетеді. Студенттердің тәлімгерлері ай сай-

ын жалақыларына үстеме алады. 

– отбасыңыз туралы айтып берсеңіз.

–  Екі  қыз,  екі  ұлым  бар.  Қыздарымның 

екеуі де тұрмыста. Екі немерем өсіп келеді. 

ұлымның  үлкені  үшінші  сыныпта  оқиды, 

оқу  үздігі.  Кіші  ұлым  бесте  –  балабақшаға 

барады. Менің хоббиім – баламмен бірге са-

бақ оқу. Күн сайын кешке үйге бара жатып 

алдымен  дүкенге  кіремін.  Балалар  есіктің 

алдында  күтіп  тұрады.  Табалдырықтан  ат-

тамай жатып кіші ұлым алдымнан «Әке, не 

әкелдің?» деп жүгіріп шығады. Олар іш пы-

стырмайды. Үйге келгеннен кейін аздап ты-

нығып аламын деп ойлайсың, балалар олай 

етуіме  мұрша  бермейді  –  олармен  ойнауым 

керек. Бірінің далаға шыққысы келеді, екін-

шісі  үй  тапсырмасын  орындауға  көмекте-

суімді сұрайды. 

Құрылыста қалай бұйрық берсем үйде де 

солай – әр қайсысына кесте жасап, отбасының 

әр мүшесі не істеуі керектігі жөнінде тапсы-

рма  беремін.  Жолдасым  –  нағыз  отанасы. 

Оны үнемі мақтап жүремін. Менің қорғаным 

мықты, оны қастерлеймін және мақтан етемін. 

–  Мұнаждин  Мұзапарұлы,  қандай  да  бір 

хоббимен айналысуыңызға уақыт қалады ма 

өзі? 

–  Уақытым  ұлымның  сабағына  қарауға 

ғана  жетеді.  Жас  шағымда  уақыт  көп  кезде 

сурет  салатынмын.  Негізінен  пейзаждарды, 

табиғатты,  ғимараттарды,  үйлерді  салғанды 

ұнататынмын.



– құрылысшы болғысы келетін жастарға 

қандай ақыл-кеңес берер едіңіз? 

–  Өзін  құрылысқа  арнағысы  келетін  жас 

жігіттер  оқуы,  еңбектенуі  керек.  Құрылыста 

барлығы тәртіпке байланысты. Сондықтан, әр 

адам өте тәртіпті және жауапкершілікті болуы 

тиіс.  


BN-нің анықтамасы 

Мұнаждин Мұзапарұлы Кибиров Алматы 

құрылыс техникумын бітірген, кейін құрылыс 

институтының  сырттай  оқу  бөлімінде  оқы-

ды.  «БАЗИС»  компаниясына  жұмысқа  1995 

жылы  орналасты.  ұзақ  уақыт  ағаш  ұстала-

рының  бригадирі  болып  жұмыс  істеді.  Қазір 

оның қарамағында 300-ден астам адам бар. Ол 

тәжірибелі маман және сыпайы адам – ешқа-

шан өзінің артықшылықтары мен қызмет ор-

нын айтып мақтанған емес, егер кімде-кім әл-

денені түсінбей қалса барлық уақытта айтып, 

көрсетіп,  түсіндіріп  береді.  Ол  құрылыстағы 

жігіттер үшін олардың әкесі іспетті.   

«БАЗИС»  құрылыс  компаниясында  ең-

бек еткен жылдар ішінде үш алтын және төрт 

күміс мақтау қағазымен марапатталған. 

11

BAZIS NEWS №12-1/ 01.01.2016



10

 Табыс Тарихы




жүктеу 3,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау