Осы саннан оқитындарыңыз: Құрылыс калейдоскопы: екінші жарты жылдық қоры- тындысы


МықтыбекоВтер астананы біліктілігі



жүктеу 3,4 Mb.
Pdf просмотр
бет12/16
Дата19.11.2018
өлшемі3,4 Mb.
#20720
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

МықтыбекоВтер астананы біліктілігі 

һәМ алғырлығыМен бағындырды 

Біздің компаниямызда Астанада ағаш ұсталары – ағайынды Мықтыбековтер еңбек етеді. 15 жыл бұрын компани-

ямызға Әлімхан Мықтыбеков жұмысқа орналасқан болатын, оның артынан құрылысқа бауырлары Нұрмахан, Ер-

махан және Қадырхан келді. Жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейін оларға Қадырханның үлкен ұлы Әлихан да келіп 

қосылды. Қазір олар барлығы бір бригадада Әлімханның жетекшілігімен жұмыс істеп жатыр – күрделі төбелер 

жасайды, «БАЗИС» компаниясы тұрғызған ғимараттарда атриумдар салады. Мықтыбековтер кез-келген күрделі 

конструкциялар бойынша мәселелерді шеше алады. Олар кез-келген істе бірін-бірі арқа тұта алады және жұмы-

старын сапалы атқарады. Барлығы да – нағыз біліктілер, отбасы қамын ойлаған қамқор әке. 

Өз орнын құрылыстан тапты 

Ағайынды  Мықтыбековтер  Оңтүстік  Қа-

зақстан  облысы  Мақтаарал  ауданының  ту-

масы.  Барлығы  да  сол  жақта  жүріп  жоғары 

білім алды.  Әлімхан Астанаға 1999-шы жылы 

келді,  біраз  уақыттан  соң  «БАЗИСке»  ағаш 

ұстасы болып орналасты. Кейін Әлімханның 

ел ордасында тұрақты жұмыс істеп, қомақты 

жалақы алып жүргенін көрген бауырлары да 

келе бастады.  

«Мен  «БАЗИС»  компаниясында  2000-шы 

жылдан  жұмыс  істей  бастадым.  Бастапқыда 

мұнда  алматылық  бригадалар  жұмыс  істеді, 

оларға біз жергілікті адамдар ретінде қосыл-

дық.  Алғашқы  уақытта  Ступченконың  бри-

гадасында  жұмыс  істедік.  Кейін  компания 

үлкейіп,  жаңа  бригадалар  құрыла  бастады 

да  2003-ші  жылдан  бері  ағаш  ұсталарының 

бригадирі  болып  істеймін»,  –  дейді  Әлімхан 

Мықтыбеков. 

«Мен,  менің  бауырларым  мен  бізбен  бір-

ге  жұмыс  істейтін  немере  інім  барлығымыз 

бесінші дәрежелі ағаш ұсталарымыз және бір 

бригадада  еңбек  етеміз.  2003-ші  жылы  «БА-

ЗИСке»  кіші  інім  Нұрмахан  жұмыс  істеуге 

келді, 2004-ші жылы бізге Ермахан қосылды, 

2005-ші жылы бригадамызға ең үлкен ағамыз 

Қадырхан келді, ал, 2010-шы жылы бізге не-

мере інім Әлихан қосылды», – дейді Әлімхан 

Мықтыбеков өз отбасының тарихы жайында. 

Ағайынды  Мықтыбековтердің  барлығы-

ның  және  немере  інілерінің  білімі  жоғары: 

екеуі денешынықтыру және спорт факультетін 

бітірген,  бірінің  ауыл  шаруашылығы  саласы 

бойынша білімі бар, немере інісі – заңгер. Тек 

Әлімхан Мықтыбеков қана құрылыс бойынша 

білім алған.  

«Барлығымызды  тартқан  бір-ақ  нәрсе: 

«БАЗИС»  компаниясындағы  тұрақты  жұ-

мыс пен уақытында берілетін жалақы. Сон-

дықтан  да  барлығымыз  бірге  компанияда 

бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келе жа-

тырмыз. Егер де мұнда тұрақтылық болмаса, 

осындай үйлесімді, ұжымдық жұмыс болма-

са барлығы жан-жаққа тарап кететін еді», – 

дейді Әлімхан. 



Жұмыста отбасы қалай көмектеседі  

Қадырхан,  Әлімхан,  Нұрмахан,  Ермахан 

ағайынды  болса  да  әрқайсысының  мінезі  әр 

түрлі.  «Үлкен  ағамыз  Қадырханның  мінезі 

ауыр. Ол көп сөйлегенді жақтырмайды, бірақ, 

жұмысын  жақсы  істейді.  Есіктерді,  күрделі 

МДФ-тарды орнатады, ағаш өнімдерін жасай-

ды. Одан кейін жасы үлкені – мен (Әлімхан), 

менен кейін Нұрмахан. Ол күрделі төбелердің 

монтажына  жауапты.  Оған  мен  ең  ауыр  жұ-

мысты  сеніп  тапсыра  аламын,  ол  оны  атқа-

рып шыға алады. Ол тез ойлайды, кез-келген 

жағдайдан шығудың жолын тез табады және 

жұмыс  бойынша  кез-келген  міндеттің  дұрыс 

шешімін шұғыл ұсына қояды.  

Ермахан жұмысты тез істейді. Өте жауапты 

адам. Әлихан – біздің немере ініміз, қазір бри-

гадамыздың  10  мүшесімен  бірге  «Зүбаржат 

кварталдың»  44-ші  қабатында  түнгі  ауысым-

ның жетекшісі болып істеп жатыр. Бұған қоса, 

ол прорабымыз және участок бастығы Сәуле 

Исмағамбетованың  көмекшісі.  Сәуле  –  қатал 

әрі талапшыл прораб, сондықтан, онымен қа-

тар  жұмыс  істеу  оңай  емес  әрі  қызықты  да. 

Көп нәрсені үйренуге болады», – дейді Әлім-

хан бауырлары мен немере інісі жайында. 



Бастысы – тұрақтылық пен сенім 

Ағайынды  Мықтыбековтер  –  өмірден  өз 

орнын  тапқан  және  тұрақтылықтың  бағасын 

білетін  адамдар.  Олар  отбасылы  және  ба-

ла-шаға өсіріп отыр. Қадырханның үш баласы 

бар. Үлкен ұлы әкесінің жолын қуып, қазір бір 

бригадада бірге ағаш ұстасы болып істеп жа-

тыр. «Негізі оның мамандығы – заңгер, бірақ, 

құрылысты  таңдады  –  бригадамызға  ағаш 

ұстасы  болып  жұмысқа  орналасты»,  –  дейді 

Әлімхан  немере  інісі  туралы.  Айтпақшы,  ол 

жақында үйленді.  

Әлімхан Мықтыбековтің шаңырағында үш 

бала  өсіп  келеді.  Барлығы  мектепке  барады. 

Үлкен ұлы – 18-де.

Ермаханның төрт баласы бар – екі ұл, екі 

қыз. Үлкен ұлы 8-де, кіші қызы жақында ғана 

дүниеге  келді.  Ермахан  домбыраны  жақсы 

шертеді.  Әрбір  отбасылық  мереке,  барлық 

туған күн оның ән-жырынсыз өтпейді.  

Нұрмаханның  отбасында  үш  бала  бар. 

Қызы  төртінші  сыныпқа  барады,  үлкен  ұлы 

екінші  сыныпта  оқиды,  ал,  кішісі  дайындық 

сыныбында. 

Айтпақшы, Нұрмахан мен Ермахан «Жас 

отбасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 

Астанадан баспана алды. Бос уақытта ағайын-

дылар жиналып, өздеріне үй салуда. 



Олардың арсеналында 25-тен астам 

нысан бар 

«БАЗИС»  компаниясында  жұмыс  істе-

ген  жылдары  Мықтыбековтер  компаниямыз 

Астанада салған нысандарға көп еңбек сіңірді. 

Олардың  арсеналында  25-тен  астам  нысан 

бар: «ҚазМұнайГаздың», Сбербанктің, цесна-

банктің,  «Нұр  Отанның»  кеңселік  ғимараты, 

«Зүбаржат  квартал»,  «Азия»,  КЕГОК,  «Су-

лы-жасыл желек жолы» бизнес-орталықтары, 

«Астана  Жұлдызы»,  «Престиж»,  «Жансая», 

«Нұрлы Дала», «Астана триумфы», «Француз 

орамы»,  «Солтүстік  шұғыласы»,  «Салтанат-

ты», 3 ГА тұрғын үй кешендері, «Мега Астана» 

СОО, «Шабыт» шығармашылық сарайы, «Ду-

ман» қонақүй кешені, Хилтон қонақүйі, фотоэ-

лектрлік модульдер зауыты,  хореография Ака-

демиясы, ЕХрО нысандары және басқалары. 

«Біз  компаниямыз  Астанада  тұрғызып 

жатқан  барлық  нысандарда  атриумдар  жа-

садық.  Атриумдардағы  барлық  күрделі,  қа-

шалған  өрнектер,  күрделі  төбелерді  біздің 

бригада  жасаған.  Біздің  жұмыстарымыздың 

бір мысалы – «Астана триумфындағы» атри-

ум», – дейді ағайындылар. Мұндай төбелерді 

жасау – көп еңбекті талап ететін ауыр, жауап-

ты да шығармашылық жұмыс. 

Қазір  Әлімхан  Мықтыбековтің  бригада-

сында  40  адам  еңбек  етуде.  Ол  адамдарды 

бригада  барлық  өзінің  жұмысын  сапалы  әрі 

уақытында  атқарып  үлгеретіндей  етіп  бөледі 

– Әлиханның немере інісі «Зүбаржат кварта-

лында»,  ағайынды  Ермахан  мен  Нұрмахан 

хореография  Академиясында,  үлкен  ағалары 

Қадырхан «Қалалық романста», Әлімханның 

өзі – «Салтанаттыда» жұмыс істеп жатыр. 

Ағайындылардың  бір  бригадада  істеуінің 

олардың  жұмысына  көмегі  бар.  «Мен  брига-

дирмін, бауырларым мен немере інім маған қат-

ты көмектеседі. Мен кез-келген істе оларға арқа 

сүйей аламын. Оларды түрлы нысандарға бөліп 

тастаймын,  себебі,  ол  жерде  менің  бауырла-

рымның бірі немесе немере інім болатын болса 

– барлығы жоғары дәрежеде жасалатынына се-

немін», – дейді Әлімхан. Қазір оның бригадасы 

компаниямыз  Астанада  салып  жатқан  барлық 

нысандарда дерлік жұмыс істеп жатыр.



Қатал бригадирдің дана шешімдері 

Кез-келген істегі секілді құрылыстың да өз 

қиындықтары бар. Бригадирдің міндеті – бар-

лығына да тиімді оңтайлы шешім табу. 

«Қазір  біз  «Зүбаржат  кварталдың»  42-ші 

қабатында жұмыс істеп жатырмыз. Жұмыстың 

күрделілігі  сол,  45-ші  және  43-ші  қабаттарға 

адамдар  орналасқан  –  онда  адамдар  жұмыс 

істеп  жатқан  кеңселер  бар.  Ешкімге  кедергі 

келтірмес  үшін  бригадамыздан  10  адам  түн-

гі ауысымда жұмыс істейді. Жұмыстан кейін 

бүкіл бригададағы 30 адам осында келіп әріп-

тестерімізге  көмектесеміз.  Уақыт  тақалып, 

жұмыс  күші  жетпей  жатқанда  тығырықтан 

осылай шығамыз», – дейді Әлімхан.

Ағайындылар  жеңіл  салынатын  нысан 

болмайды дейді, барлық жерде өзіңнің білік-

тілігіңді,  командада  жұмыс  істей  алу,  бас-

шылық жасау, тәртіп пен жауапкершілік секіл-

ді қабілеттеріңді іске қосуың керек. 

«Салынып  біткен  нысандардың  ішінде 

маған ең ұнайтыны әдемі әрі Астанадағы та-

нымал нысан – «Астана триумфы». Біз онда 

ішкі жұмыстарды атқардық. Онда 600 кең пә-

тер бар. Кешеннің үлкендігі сондай оған тұтас 

бір  кеңшарды сыйғызуға болады. Әр пәтердің 

төбесі  мен  атриумдарды  жасадық»,  –  дейді 

Әлімхан Мықтыбеков. 

«2001-шы жылы біз Астанадағы Дөңгелек 

алаңда  орналасқан  «ҚазМұнайГаз»  ғимара-

тында дөңгелек төбелерді жасадық. Бәйтерек 

енді салынып жатқан – онда дәнекерлеушілер 

күні-түні  жұмыс  істеді.  2003-ші  жылы  біз 

«Жансая»  мен  «Нұрлы  Даланың»  үйлерінің 

төбесін  жасадық.  Мен  Астанаға  1999-шы 

жылы келгенімде мұнда ештеме де жоқ бола-

тын. Қазір Бәйтерек тұрған жерде ескі әуежай 

бар еді. ұшақтар ұшатын. Ал, қазір қала таны-

мастай өзгерген. Егер түнде қалаға «Зүбаржат 

кварталдың»  44-ші  қабатынан  көз  тастай-

тын  болсаңыз,  түнгі  қаламыздың  тіл  жетпес 

сұлулығын көруге болады», – дейді Әлімхан 

Мықтыбеков. 

Отбасы алдындағы жауапкершілік 

Ағайынды Мықтыбековтер Астанаға алғаш 

көшіп келгенде барлығы бірге бір пәтерде тұр-

ды. Кейін жігіттер үйлене бастады да жеке үй 

қамын  ойластыруға  кірісті.  Әлімхан  барлық 

бауырларын қолдауға, қандай да бір мәселелер 

бойынша ақыл-кеңесін айтып, шешімін табуға 

көмектесуге  тырысады.  Әлімхан  Мықтыбеко-

втің өзі отбасының берік болғанын дұрыс санай-

ды, бауырларының отбасында өзара түсіністік 

пен татулық болғанын қалайды. «Мен отбасын-

да үлкеннің қызметін атқарамын. Бала кезімде 

бауырларымның  ішіндегі  ең  тентегі  болдым, 

ата-анамды  тыңдамайтынмын.  Ал,  Астанаға 

келгеннен кейін және менің соңымнан бауыр-

ларым келе бастағаннан соң отбасының үлкені-

не  айналдым.  Ата-анамды  түсіне  бастадым», 

–  дейді  Әлімхан  Мықтыбеков.  Әлімханның 

бригадасын отбасылық деп атауға болады. Се-

бебі, онда Әлімхан мен оның бауырлары өскен 

ауылдан келген адамдар көп. Барлығы да туы-

стар, оның ел ордасына орналасып, беделді, ірі 

компанияда жұмыс істеп жатқанын біліп, оған 

өздерінің ержеткен балаларын жібере бастаған. 

Әлімхан бұл адамдардың барлығының алдын-

дағы  жауапкершілігін  сезеді  және  олардың 

құрылыста да, өмірде де өз орындарын табуына 

қолұшын беруде. Ол сонымен қатар, «БАЗИС» 

компаниясының алдындағы жауапкершілігін де 

түсінеді  және  бауырлары  мен  немере  інісінен 

өздерін  үнемі  жетілдіріп,  шеберлігін  шыңдап 

отыруларын талап етеді. Ол жыл өткен сайын 

өмірлік  тәжірибең  жинақталып  қана  қоймай-

ды,  сонымен  қатар,  бауырларыңның  алдын-

дағы жауапкершілігің де күшейеді дейді. Қазір 

ағайындылардың  өз  отбасылары,  өз  баспана-

лары бар. Өздерінің жеке көліктерімен жүреді. 

Сенімді  жұмысы  мен  тұрақты  табысы  бар. 

Еңбегі үшін ағайындылар «БАЗИС» компани-

ясы  басшылығынан  алғыс  хаттар  мен  алтын 

мақтау қағаздарын алып жүр. Мықтыбековтер 

бригадасы жиі айдың үздік бригадасы атанады 

және біз олардың фотосын рейтингімізде қуана 

шығарамыз.  Мықтыбековтер  әулеті  өздерінің 

келешек  өмірі  мен  қызметін  әрине,  «БАЗИС» 

компаниясымен байланыстырады. 

25

BAZIS NEWS №12-1/ 01.01.2016



24

МЕН ЖӘНЕ МЕНІң ОТБАСЫМ




жүктеу 3,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау