Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
Өнеркәсіп салаларының орналасуына әсер етуші негізгі факторларды атаңыз.
Табиғи-ресурстық факторлар, олардың өнеркәсіп өндірісін орналасуындағы маңызын сипаттаңыз.
Қоғамдық факторлар, бүкіләлемдік жаһандану кезеңіндегі олардың рөлін атаңыз.
Трансұлттану, оның географиялық еңбек бөлінісіне тигізетін әсерін айтыңыз.
Өнеркәсіп салаларын орналастырудың басты факторлар бойынша жіктелуін сипаттаңыз.
2-БӨЛІМ
ДҮНИЕЖҮЗІНІҢ ӨНЕРКӘСІП ГЕОГРАФИЯСЫ
4. Отын-энергетика кешені
4.1. Отын өнеркәсібі
Отын-энергетика кешені (ОЭК) - өнеркәсіптің басқа салаларының дамуын және жалпы алғанда әлем мемлекеттері экономикасының даму деңгейін анықтайтын, өнеркәсіптің «базалық» деп аталатын салаларына жатады. Бұл басқа салаларды қуат ресурстарымен жабдықтайтын салалардың жиынтығы. Энергетикаға барлық отын салалары мен, отын және электр қуатын алудың көздерін барлауды, игеруді, өндіруді, өңдеуді және тасымалдауды, сондай-ақ электр қуатын тұтынушыға беруді қоса отырып, электр энергетикасы жатады.
Бастапқы энергетикалық ресурстар – бұл мұнай, табиғи газ, тас және қоңыр көмір, жанғыш сланецтер, шымтезек, ағаш, ауыл шаруашылық өндірісінің қалдықтары, күннің, желдің қуаты, мұхиттық және геотермальды қуат, сонымен қатар гидроқуат және атомдық ыдырау мен ядролық синтездеу қуаты.
Бастапқы энергетикалық ресурстардың жылу түзгіш қасиеті (немесе органикалық отынның алуан түрлерінің жылу құндылығы) әртүрлі. Мысалға, 1 кг қатты «шартты отынның» (іс жүзінде 1 кг тас көмірдің) жану жылулығы 29,3 МДж (немесе 7000 ккал/кг) тең, ал бұл кезде жылулық коэффициенті 1,0-ге тең. Мұнай мен газдың тиісті көлемінің жану жылулығы жоғарырақ (жылулық коэффициенті – 1,5), отынның басқа түрлері (қоңыр көмірдің, шымның, ағаштың, жанғыш сланецтердің) жану жылулығы – төменірек. Алайда 1 кг уран отынын жаққан кезде 3 мың тонна көмір жанған кезде алынатын қуатқа эквивалентті қуат бөлініп шығады.
Әлемдік шаруашылықта отын ресурстарын шығару көлемдерінің өзгеруі, басқаларына қарағанда, қуаттың бір көздерінің қымбаттай түсуі, оларды тасымалдау құралдарын жетілдіру, қуатты түрлендіру мен беру жүйелерінің дамуы әлем елдерінің дамуына, экономикасының құрылымына және бүкіл шаруашылық дамуына елеулі әсерін тигізеді.
Қуат тұтынудың жалпы өсуі сөзсіз жүріп отырады. Дамушы елдер әлемдік шаруашылықта бұрынғысынша негізінен алғанда қуатты жеткізушілер, ал дамыған елдер – тұтынушылар ретінде болып отыр. Дамып келе жатқан елдердің қуат тұтынудағы үлесі артып келе жатса да, ХХ ғасырдың бірінші жартысында бүкіл әлемде қуатты қосынды тұтыну әрбір 18-20 жыл сайын екі еселеніп отырды, ал жүзжылдықтың екінші жартысында қуатты тұтынудың өсу қарқындары жеделдей түсті (шамамен алғанда жылына 5%-ға дейін). Қуат тасымалдаушыларды халықаралық саудалау артып келеді.
Отын-энергетика балансының құрылымы. Ғылыми-техникалық революция қуаттың негізгі түрлерін өндіру мен тұтынудың құрылымындағы түпкілікті өзгерістерге алып келді. Мұнай мен мұнай өнімдерін тұтынудың елеулі өсуі бірінші кезекте автомобиль көлігі мен авиацияның қауырт дамуымен және теміржол мен теңіз көлігінің сұйық отанға көшуімен байланысты болды. Мұнай өнімдері өнеркәсіпте, сондай-ақ тұрмыста отын мен шикізат ретінде күн өткен сайын кең көлемде қолданыла бастады (қосымшадағы 3-кесте).
Соңғы жылдары жер қойнауларының жуырдағы онжылдықтардағы экологиялылақ таза және болашағы зор қуат көзі ретінде газ отыны күн өткен сайын берік позицияларды алып келеді. Отын-энергетика балансының құрылымында біртіндеп атом және гидроэнергияның үлесі, сондай-ақ қуаттың баламалы көздерінің (биоотын және биоқалдықтар, геотермальды, күн, жел қуаты, судың көтерілуі мен қайтуының қуаты және т.с.) үлес салмағы артып келеді.
Мұнай – бұл жердің шөгінді қабығында таралған, қара немесе қара-қоңыр түсті, жанатын майлы сұйықтық. Жеңіл, орташа және ауыр мұнай болып ажыратылады. Мұнайдың сапасы өз кезегінде одан алынатын мұнай өнімдерінің сапасына әсер ететін тұтқырлық пен күкірттің мөлшері бойынша анықталады. Айдау (бастапқы өңдеу) арқылы мұнайдан бензин, реактивті отын, керосин, дизель отыны, мазут алынады.
Мұнайды сыйымдылығы 30-50 мың м3 жер бетіндегі немесе жер астындағы резервуарларда (болат, темір-бетон) сақтайды. Тасымалдау теміржол бойынша, мұнай құятын кемелермен (танкерлермен) теңіз және өзен көлігімен және мұнай құбырлары (өзіне құбырды, насос станцияларын және қоймаларды қосатын) бойынша жүзеге асырылады.
Мұнайдың қатты отынның алдында белгілі бір артықшылықтары бар, оның ішінде мұнайды көлем мен салмақтың бірлігіне шаққанда шығарған кездегі үлкенірек тиімділік; аққыштық қасиеті; жүк көтергіштігі үлкен мұнай құятын кемелерде тасымалдаудың салыстырмалы түрдегі арзандығы ерекше етеді, бұл мұнайды шығаруды, тасымалдауды, тиеуді, өңдеуді механикаландыруды және автоматтандыруды жеңілдетеді.
Мұнай өнеркәсібінің қауырт дамуының негізгі себебі осы саланың жоғарғы табыстылығында. Шаруашылықтың көптеген салаларының және қарулы күштердің тарапынан мұнай өнімдеріне деген сұраныстың жылдам өсуі, мұнайды шығару мен тасымалдауға салыстырмалы түрдегі төмен шығындар, мұнайдың аса ірі қорларының өте-мөте арзан жұмысшы күші бар, экономикалық тұрғыдан әлсіз дамыған елдерде шоғырлануы – осының барлығы мұнай өнеркәсібін әлемдік экономикадағы капитал салудың ең табысты салаларының біріне айналдырды.
Мұнай өндірудегі техникалық прогресс кен орындарын барлау мен жасап шығару әдістерін жетілдіру, тиімді жабдық жасау және отынды шығарудың, тасымалдауға және пайдалануға дайындаудың жаңа әдістерін қолдану және т.с. мәселелерін қамтиды. Мысалға, мұнай (сонымен қатар газ) өнеркәсібінде ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін енгізудің аса маңызды бағыттарының бірі - кен орындарында мұнай-газ шығаруды қарқынды ету әдістерінкен орындарында жасап шығару, мұнай-газ шығаратын аудандардың ескі кен орындарының қызмет ету мерзімін ұзарту, бұрынырақта адам қолының жетуі қиын аймақтарда (мысалға, Дүниежүзілік мұхиттың қайраңдық аймағында) жаңа кен орындарын ашу болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |