|
Өнеркәсіп географиясыОтын-энергетика кешенінің сервистік инфрақұрылымының географиясын қалыптастырудың келешегі
|
бет | 17/117 | Дата | 22.12.2023 | өлшемі | 2,97 Mb. | | #44894 | түрі | Оқулық |
| Увалиев. Оқулық, өнеркәсіп географиясыОтын-энергетика кешенінің сервистік инфрақұрылымының географиясын қалыптастырудың келешегі.
2030 Стратегиясының 10 жылдығына арналған Конференцияның аясында PFC Energy International халықаралық консалтингтік компаниясы аймақтық масштабтағы ірі сервистік-технологиялық орталық – Ақтау қаласына жақын жерде, Маңғыстау облысында Каспий энергетикалық хабын құру туралы жобаға бастамашы болды.
Жобаның мақсаты:
- Каспий аймағындағы мұнай-газ секторының компанияларына қызмет көрсетуге маманданатын интеграциялық көп функционалды бизнес-орталық құру;
кен шығаратын мұнай-газ компанияларына сервистік қызметтер ұсынатын жеке компанияларды дамыту үшін қолайлы жағдайларды және аса жоғары қазіргі сападағы инфрақұрылымды қамтамасыз ету;
кадрларды оқыту, олардың біліктілігін арттыру және энергетика секторының ғылыми потенциалын дамыту үшін жағдайлар жасау болып табылады.
Жобаға қатысушылар жобаны жүзеге асыруға инвестициялау жоспарланып отырған қаржы қаражаттарының көлемін уағдаласты. Мәселен, жақтардың қол жеткізген уағдаластығына сәйкес, жер учаскесін сатып алу, техникалық-экономикалық негіздеуді жасап шығару, жобаны инвесторларға презентациялау үшін 18 млн. АҚШ долл. («КМТ» АҚ және First Energy Bank 9 млн. АҚШ долларынан) мөлшеріндегі бастапқы инвестициялар жүзеге асырылған. Аталған мөлшердегі қаражаттар Gulf Finance House – нің жобадағы үлесі First Energy Bank-тің пайдасына берілгеннен, сондай-ақ Жоба шартына өзгерістер енгізілгеннен кейін берілетін болады. Бастапқы қаржыландыруды берген сәттен бастап 185 күн ішінде First Energy Bank 250 млн. АҚШ доллары мөлшеріндегі инвестицияларды тартуға міндеттенеді. Аталған қаражаттар ішкі инфрақұрылымды құруды қаржыландыруға және 18 млн. АҚШ доллары мөлшеріндегі бастапқы инвестицияларды қайтаруға бағытталатын болады.
2012 жылға қарай 500 мың тн/жыл көлемінже битум өндіру жөніндегі қуаттылықтарды енгізу жоспарланып отыр.
Жобаны жүзеге асыру үшін «Caspi Bitum БК» ЖШС (қатысушылары: қытайдың «CITIC GROUP» компаниясы және «Kazakhstan Petrochemical Industries» АҚ) бірлескен кәсіпорны құрылған. «CITIC Group» - инвестор және стратегиялық серік, құрылыс құнынан 80% займдық қаржыландыруды ұйымдастыруды жүзеге асырады, қаржыландырудың 20%-ы - «Caspi Bitum БК» ЖШС – нің қатысушыларының қаражаттары. «CITIC Group» «гудронды тотықтандыру» әдісі бойынша технологияны пайдалануды ұсынды, технологиялық бөлімнің материалдарын берді. Қазіргі таңда «Кинг» АҚ-ы, жобалық-сметалық құжаттама материалдарына одан кейін мемлекеттік экспертизаларды жүргізе отырып, жобалық-сметалық құжаттаманы жасап шығаруды аяқтап келеді.
«ҚазҚұрылысСервис ММСК» мен «CITIC Construction» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Жобаның бас мердігері болып табылатын консорциум құрды. 4-ші Халықаралық инвестициялық саммиттің аясында 2010 жылғы 3 маусымда Жобаның операторы - «СП «Caspi Bitum» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен бас мердігер арасында «кілтпен бірге тапсыру» шарттарымен, Жобаның нысанын тұрғызу жөніндегі жұмыстарды сатып алу туралы шартқа қол қойылды.
2010 жылдың 10 маусымында Елбасы Ақтау пластмасса заводының аумағында жол битумын өндіру жөніндегі құрылыс жұмыстарының бастауына старт берді.
2010 жылдың наурызында Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің ОВОС жобасы бойынша мемлекеттік экологиялық экспертизасының оңды қорытындысы алынды. Жобаны қаржыландыру «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы мен Эксимбанк (Қытай Халық Республикасы)» арасындағы басты несие уағдаластығы шеңберінде жүзеге асырылатын болады..
2015 жылдан бастап негізгі мұнай-химия өнімін - 800 мың тн/жыл полиэтилен және 500 мың тн/жыл полипропилен өндіруді қамтамасыз ету жоспарлануда.
Жоба фазалар бойынша жүзеге асырылатын болады, бірінші фаза – құны 1 946,4 млн. АҚШ доллары болатын, 500 мың тонна/жыл полипропилен өндіру, екінші фаза - құны 4 300 млн. АҚШ доллары болатын, 800 мың тонна/жыл полиэтилен өндіру. Бірінші фазаның құрылысына 2010 жылғы 19 наурызда бас мердігер ретінде таңдап алынған «Sinopec Engineering» (Қытай) компаниясымен «кілтпен қоса тапсыруға» келісім-шарт жасалды. Қазіргі уақытта газ-химия кешенінің и нфрақұрылымдық нысандарының жобалық-сметалық құжаттамаларын жасау басталып кетті. ««Самрұқ-Қазына» ҰБҚ» Акционерлік Қоғамы ««Самрұқ-Қазына» ҰБҚ» Акционерлік Қоғамының облигацияларын шығару арқылы және оларды Қытайдың ЭксимБанкінің қаражаттарын тарту арқылы «Қазақстанның Даму Банкінің» сатып алуы жолымен қаржыландыру схемасын мақұлдады.
Екінші фазада – Оңтүстік Кореяның LG Chem компаниясы мен қазақстандық жақ паритеттік бастауларда (50/50) бірлескен кәсіпорын құру туралы алдын ала уағдаласты. Корей жағы Жобаның екінші фазасын екі миллиард АҚШ долларына дейін қаржыландыру мүмкіндігі туралы ниет хат ұсынды. Еуропа инвестициялық банкі жетіспейтін қаржыландыру көлемін тарту бойынша жұмыстарды бастап кетті. Құрылыстың басталуы – 2010 жылдың 3 тоқсаны.
Жоба фазалар бойынша жүзеге асырылатын болады, бірінші фаза –500 мың тонна/жыл полипропилен өндіру, екінші фаза - 800 мың тонна/жыл полиэтилен өндіру.
Жобаның бірінші фазасының құны 1 946,4 млн. АҚШ долларын, екінші фазасының құны - 4 300 млн. АҚШ долларын құрайды. Жобаны жүзеге асыру мерзімі: 2009 - 2015 жылдар.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|