Бағдарламасы «Машина жасау технологиясы, металлкескіш станоктар және құрал-саймандар»



жүктеу 252,78 Kb.
Дата25.11.2017
өлшемі252,78 Kb.
#1892
түріБағдарламасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«Бекітемін»

Ректор, ҚР ҰҒА академигі

Ғазалиев А.М.

_______________________

«____» _________201___ж.
Мемлекеттік кешендік емтихандар

БАҒДАРЛАМАСЫ
5B071200 – «Машинажасау» мамандығы

Оқу бағдарламасы «Машина жасау технологиясы,

металлкескіш станоктар және құрал-саймандар»
«Машина жасау технологиясы» кафедрасы

Өңдеген:


«Машина жасау технологиясы»

кафедрасының меңгерушісі,

техника ғылымдарының докторы,

профессор, ҚР ҚазҰАЖҒ академигі

Жетесова Г.С.

_______________________

«____» _________201___ж.

2012


Кіріспе
5B071200 – «Машинажасау» дайындық бағыты бойынша бакалаврларды дайындауда оқу бағдарламасының негізгі мақсаттары: толық құндылықты және сапалы білім алу, кәсіпті жетік білу, стандарттау, метрология және сертификаттау аймағында студенттерді индивидуалды дайындауда теориялық және тәжірибелік терең ұғыну; әлемді суреттермен бүтін қамтамасыз ететін аса қажетті және тұрақты білімді студенттермен меңгеру; оқытылған қажеттіліктерді және машықтарды жаңа білімді игерудегі өзіндік шығармашылықтарды өңдеу; қазіргі заманғы ғылыми және тәжірибелі мәселелерді шешіп, жинақтайтын, азаматтық ұстанымға ие мамандарды дайындау, зерттеу, өндірістік және басқару саласында үздік жетілдіру, ғылыми дайындықты магистратурада жалғастыру болып табылады.

5В071200 – «Машинажасау» мамандығы бойынша мемлекеттік кешенді емтихан жазбаша келесі пәндер бойынша өткізіледі:

– өзара ауыстырымдылық негіздері;

– өндіріс технологиясы;

– механикалық жинау цехтарын жобалау негіздері.

Емтихан тапсырмалары жоғарыда көрсетілген әрбір пәннен бір сұрақтан тұратын үш сұрақтан тұрады.

Емтихан кестеге сәйкес бағаланады.




Әріптік баға бойынша бағалау

Меңгерілген білімдердің проценттік мәні

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

А-


95-100

90-94


Өте жақсы

В+

В

В-



85-89

80-84


75-79

Жақсы

С+

С

С-



D+

D-


70-74

65-69


60-64

55-59


50-54

Қанағаттанарлық

F

0-49

Қанағаттанарлықсыз

«А» (өте жақсы) деген баға, студент семестр барысында пәннің барлық бағдарламалық сұрақтары бойынша өте жақсы білім көрсеткен, сонымен қатар, өздік жұмыс тақырыптары бойынша жиі аралық білімін тапсырған, оқылатын пән бойынша негізгі бағдарлама бойынша теориялық және қолданбалы сұрақтарды оқуда дербестік көрсете білген жағдайда қойылады.

«А-» (өте жақсы) деген баға негізгі заңдар мен процестерді, ұғымдарды, пәннің теориялық сұрақтарын жалпылауға қабілетін өте жақсы меңгеруін, аудиториялық және дербес жұмыс бойынша аралық тапсырмалардың жиі тапсырылуын болжайды.

«В+» (жақсы) деген баға, студент пәннің сұрақтары бойынша жақсы және өте жақсы білімдер көрсеткен, семестрлік тапсырмаларды көбінесе «өте жақсы» және кейбіреулерін «жақсы» бағаларға тапсырған жағдайда қойылады.

«В» (жақсы) деген баға, студент пәннің нақты тақырыбының негізгі мазмұнын ашатын сұрақтары бойынша жақсы және өте жақсы білімдер көрсеткен, семестрлік тапсырмаларды уақытында «өте жақсы» және «жақсы» бағаларға тапсырған жағдайда қойылады.

«В-» (жақсы) деген баға студентке, егер ол аудиториялық қалай болса, дәл солай СӨЖ тақырыптары бойынша пәннің теориялық және қолданбалы сұрақтарына жақсы бағытталады, бірақ семестрде аралық тапсырмаларды жиі тапсыратын және пән бойынша семестрлік тапсырмаларды қайта тапсыру мүмкіндігіне ие болған жағдайда қойылады.

«С+» (қанағаттанарлық) деген баға студентке, егер ол аудиториялық сабақтардың және СӨЖ барлық түрлері бойынша зейінділік сипаттағы сұрақтарға ие, пәннің жеке модульдарының мазмұнын аша білген, семестрлік тапсырмаларды «жақсы» және «қанағаттанарлық» бағаға тапсырған жағдайда қойылады.

«С» (қанағаттанарлық) деген баға студентке, егер ол аудиториялық сабақтардың және СӨЖ барлық түрлері бойынша зейінділік сипаттағы сұрақтарға ие, пәннің жеке модульдарының мазмұнын аша білген, семестрлік тапсырмаларды «қанағаттанарлық» бағаға тапсырған жағдайда қойылады.

«С-» (қанағаттанарлық) деген баға студентке, егер ол аудиториялық сабақтардың және СӨЖ барлық түрлері бойынша жалпы мағлұматтандырылған және нақты тақырыптың шеңберінде ғана жеке заңдылықтар мен олардың ұғымын түсіндіре алатын жағдайда қойылады.

«D+» (қанағаттанарлық) деген баға студентке, егер ол аудиториялық сабақтардың және СӨЖ барлық түрлері бойынша семестрлік тапсырмаларды уақытында тапсырмаған және нақты тақырыптың шеңберінде ғана жеке заңдылықтар мен олардың ұғымын түсіндіре алатын жағдайда қойылады.

«D-» (қанағаттанарлық) деген баға студентке, егер ол семестрлік тапсырмаларды уақытында тапсырмаған және аудиториялық сабақтар мен СӨЖ бойынша білімі төмен, сондай-ақ, сабақтар босатқан жағдайда қойылады.

«F» (қанағаттанарлықсыз) деген баға студент, СӨЖ және сабақтардың түрлері бойынша теориялық және практикалық білімнің төмен деңгейіне де ие емес, сабақтарға жиі қатыспайтын және уақытында семестрлік тапсырмаларды тапсырмайтын жағдайда қойылады.



1 Өзара ауыстырымдылық негіздері
1.1 Тегіс цилиндр қосылыстардың өзара ауыстырымдылығы және бақылау

Негізгі пайдалану талаптары. Шек шақтамаларының негізгі ауытқулары. Ұсынылатын шек шақтамалары және ұсынылатын қондырулар. Сызбада қондырулар мен шекті ауытқуларды шартты белгілеу. Саңылаумен қондыруды таңдау және есептеу, қолдану аумағы. Керіліспен қондыруды есептеу және таңдау, қолдану аумағы. Өтпелі қондыруды есептеу және таңдау, қолдану аумағы. Домалау подшипниктары шақтамасы және қондыру жүйесі. Домалау подшипниктарының дәлдік классы. Домалау подшипниктарының қондыруын есептеу. Тегіс цилиндр тетіктеріне арналған калибрлар, олардың жіктелуі және құрылымы. Шекті калибрлардың шақтамаларын есептеу және тағайындауы.


1.2 Конустық қосылыстардың өзара ауыстырымдылығы, әдістері және бақылау құралдары

Негізгі пайдалану талаптары. Конустық қосылыстар түрлері. Конустық қосылыстардың шақтамалары және қондырулары. Бұрышты өлшемдердің шақтамалары. Бұрыштармен конустардың бақылау құралдарымен әдістері.


1.3 Беттердің толқындылығы, кедір-бұдырлығы, пішіні мен орналасуының ауытқуы және оларды бақылау

Орналасу ауытқулары және пішіндері. Беттердің толқындылығы және кедір-бұдырлығы. Беттердің пішін, орналасу, толқындылық және кедір-бұдырлығы ауытқуларын нормалау және олардың сызбада белгілеуі. Тәуелді және тәуелсіз орналасу шақтамасы. Бекітілетін тетіктер үшін тесік осінің орналасу шақтамасы.

Беттердің пішін, орналасу және кедір-бұдырлығы ауытқуларын өлшеу және бақылау әдістері және құралдары.
1.4 Бұрандалы қосылыстарды өзара ауыстырымдылығы және бақылау

Бұрандалар жіктелуі және негізгі пайдалану талаптары. Цилиндрлі бұрандалардың негізгі параметрлері, олардың қателіктері. Метрлі бұрандалар шақтама және қондыру жүйелері. Дәлдік классы және дәрежесі. Метрлі бұрандалар дәлділігімен қондыруларды белгілеу. Кинематикалық және трубалы бұрандалар жайлы қысқа сипаттама, олардың өзара ауыстырымдылығының жалпы сұрақтары. Бұрандалы қосылыстарды бақылау әдістері және құралдары.


1.5 Шпонкалы және шлицті қосылыстардың өзара ауыстырымдылығы, әдістері және бақылау құралдары

Шпонкалы және шлицті қосылыстарға негізгі пайдалану талаптары. Призмалық шпонкалы қосылыстардың шақтамалары және қондырулары. Тікбөшкелі шлицті қосылыстар шақтамасы және қондырулары. Центрлеу әдістері. Эвольвентті шлицті қосылыстар шақтамасы және қондырулары. Шпонкалы және шлицті қосылыстар шақтамасы және қондыруларды сызбада белгілеу. Шпонкалы және шлицті қосылыстарды бақылау әдістері және құралдары.


1.6 Тісті және бұрамдықты берілістердің ауыстырымдылығы, әдістері және бақылау құралдары

Жіктелу, тісті берілістерге негізгі пайдалану және дәлділік талаптары. Цилиндрлі тісті берілістердің дәлділік нормасы. Дәлділік дәрежесін және жанасу түрлерін таңдау. Дәлділік дәрежесін және жанасу түрлерін сызбада белгілеу. Конустық және бұрамдықты берілістердің шақтамасы. Тісті дөңгелекті бақылау әдістері және құралдары.


1.7 Тербелу подшипниктерінің өзара ауыстырымдылығы және бақылау құралдары

Жіктелу, тербелу подшипниктеріне негізгі пайдалану және дәлділік талаптары. Тербелу подшипниктерін дайындау және жинау дәлділігінің нормасы. Дәлділік дәрежесін және подшипниктер дөңгелектерінің қондыруларын таңдау. Дәлділік дәрежесін және тербелу подшипниктерінің қондыруларын сызбада белгілеу. Тербелу подшипниктеріне қондырулар. Тербелу подшипниктерін бақылау әдістері және құралдары.


1.8 Өлшемдік тізбектерді есептеу теориясы мен практикасының негізгі ережелері

Өлшемдік тізбектердің жіктелуі. Негізгі терминдер және анықтамалар. Жобалық және бақылау міндеттері. Толық өзара ауыстырылымдықты қамтамасыз ететін өлшемдік тізбектерді есептеу әдісі. Өлшемдік тізбектерді есептеудің теориялық-ықтималдық әдісі. Топтасқан өзара ауыстырымдылық әдісі (селективті құрастыру). Реттеу және келтіру әдісі. Жазық және кеңістік өлшемдік тізбектерді есептеу.


2 Өндіріс технологиясы
2.1 Кіріспе. Пәннің мақсаты және міндеттері.

Пәннің құрылымдық логикалық схемасы. Басқа пәндермен байланысы. Машина-жасауда өндірістік процестерді автоматтандырудың келешегі мен қазіргі уақыттағы деңгейі.


2.2 Машина құрастыру технологиялық процесін өңдеу

Машиналардың қызметтік белгіленуі және оларға қойылатын техникалық талаптар. Машина құрастырудың бір ізділігін жасау. Тетіктер мен берілістердің типтік бірікпелерін құрастырудың технологиялық құралдарымен әдістері. Ажырайтын қосылуларды құрастыруды орындау технологиясы. Ажырамайтын қосылуларды құрастыруды орындау технологиясы. Құрастыру операцияларын автоматтандыру


2.3 Дөңгелек типтес денелі тетіктерді даярлау

Дайындамаларды алу әдістері және олардың қызметтік белгіленуі, техникалық талаптар, материалдары. Сатылы біліктерді механикалық өндеу технологиялық процесі. Білдектердің бұрандалы, кілтекті, ойма кілтекті беттерін өңдеу технологиялары. Дөңгелек сыртқы беттерді таза және ажарлап өңдеу технологиялары. Қозғалғыш винттерді және айналдырықтарды жасау. Фланецтерді өңдеу.


2.4 Корпусты тетіктерді дайындау

Конструкциялық ерекшеліктері, техникалық талаптары, корпусты тетіктің материалы. Корпусты тетіктердің беттерін өңдеу және негіздерді таңдау ерекшеліктері. Корпусты тетіктердің сыртқы жазықтықтарын өңдеу. Корпусты тетіктердің негізгі тесіктерін өңдеу. Корпусты тетіктердің негізгі тесігін таза әрлеп өңдеу әдістері.


2.5 Тұғырлар мен рамалардың негіздерін өңдеу

Тұғырлар мен рамалардың конструкцияларының ерекшеліктері, оларға қойылатын техникалық талаптар, материалдары және дайындамалары. Тұғырларды даярлау технологиялық процесі.


2.6 Тісті берілістердің тетіктерін жасау

Цилиндрлі тісті дөңгелектерді дайындау. Тісті дөңгелектердің технологиялық дайындалуы. Конустық тісті дөңгелектерді дайындау. Бұрамдықты берілістерді дайындау.


2.7 Процестерді автоматтандыру

Кіші сериялық, сериялық және жаппай өндірістерде қолданылатын білдектердің жұмыс циклін автоматтандыру әдістері. Нақты дайындамалардың ерекшеліктеріне және жабдықтармен кесуші құралдардың қалпын есепке алып, тікелей жұмыс орнында оптимал өңдеу тәртіптерін таңдау.


3 Механикалық жинау цехтарын жобалау негіздері
3.1 Кіріспе. Пәннің мақсаттары мен міндеттері. Пәннің құрылымдық-логикалық сұлбасы. Пәнаралық байланыстар. Қайта жөндеу мағынасы және өедіріс пен өнімнің сапасын басқару тиімділігін арттыру кезіндегі қайта қарулану.
3.2 Механикалық жинау өндірістерін жобалаудың негізгі жағдайлары

Өндірістік процесстердің түсініктері және олардың кезеңдері. Негізгі терминдер мен анықтамалар. Жобалаудың бірізділігі.



3.3 Негізгі технологиялық жабдықтардың құрамы мен саны

Механикалық өңдеудің технологиялық процесстерін жобалаудың негізгі принциптері. Өндірістік программа және цехты жобалаудың әдістері. Өңдеудің еңбексыйымдылығы мен білдексыйымдылығын анықтау әдістері. Негізгі технологиялық жабдықтар мен лектік өндіріс кезіндегі жұмыс орындарының саның анықтау есебі. Лектік емес өңдіріс кезіндегі технологиялық жабдықтардың саның анықтау есебі. Негізгі технологиялық жабдықтарды анықтаудың іріленген әдістері.



3.4 Негізгі өндірістік процесстерді құру құрылымы және жұмысшылардың құрамы мен санын анықтау

Цех құрылымын тандаудың негізгі принциптері мен әдістемесі. Механикалық өңдеу аймағында жабдықтарды орналастыру. Цех көлемін алдын-ала анықтау. Жұмысшылардың құрамы мен санын анықтау.


3.5 Қоймалық жүйені жобалау

Қоймалық жүйенің құрылымы. Қоймалардың классификациясы. Қоймаларды орналастыру. Қоймалық жүйені есептеудің іріленген әдістері.


3.6 Тасымал жүйесін жобалау

Тасымал жүйесінің тағайындалуы. Тасымалдаудың классификациясы. Тасымалдау процесстерін автоматтау.



3.7 Құралмен қамтамасыз ету жүйесінің құрылымы

Автоматтандырылған өндірістегі құралмен қамтамасыз ету жүйесінің құрылымы мен тағайындалуы. Технологиялық жабдықтардағы құралды ауыстырудың негізгі ұйымдастырушылық әдістері. Бұйымды жасау технологиялық процесстерге қарап құралдардың номенклатурасы мен қайтымды фондың анықтау. Кесуші мен өлшегіш құралдардың қызмет етуінің есептік уақытын анықтау. Құралдық цехтарды жобалау.


3.8 Жөндеу және технологиялық қызмет көрсетулерді жобалау

Жөндеу-технологиялық қызмет көрсету жүйелерінің тағайындалуы мен құрылымы. Жөндеу-технологиялық қызмет көрсетудің техникалық-ұйымдастырушылық бағыты. Цехтік жөндеу базасын жобалау. Жоңқаны жою және қайта өңдеу бөлімшесі


3.9 Бақылау жүйесін ұйымдастыру және құрылымы

Бақылау операцияларын автоматтаудың негізгі техникалық-ұйымдастырушылық бағыты. Бақылау жүйесінің құрылымдық-функциональдық және алгоритмдік үлгілірін құру. Бұйым сапасын бақылау жүйелерінің негізгі параметрлері мен жобалау шешімдері.



3.10 Жұмысшының еңбек қорғау жүйесі

Еңбек қорғау жүйесін тағайындау және құрылымы. Еңбек қорғау үшін құралдары мен бөлмелерді орналастырудың негізгі принциптері.



3.11 Өндірісті даярлау мен басқарудың жүйелері

Өндірісті даярлау мен басқарудың автоматталған жүйелердің жалпы құрылымыныцң негіздесі және тандауы. Басқару функцияларын дәреже бойынша бөлу. Автоматталған өндірістегі ақпараттық лектердің құру сұлбалары. Есептік техникалар құралдарының құрамы мен санын анықтау. Техникалық есептерді даярлау.



4 Мемлекеттік аттестаттау уақытында білімді тексеруге арналған материалдар
4.1 Қорытынды аттестаттау үшін сұрақтар
4.1.1 Өзара ауыстырымдылық негіздері

1 Бұрандалы қосылыстардың өзараалмасымдылығы. Бұрандалы қосылыстарды саңылаумен қоңдыру.

2 Домалау мойынтіректері сақиналарының жүктелу түрлері.

3 Тісті берілістердің түйісу түрлері.

4 Оймакілтекті қосылыстарды центрлеу түрлері.

5 Білік және корпус тесігіне домалау мойынтіректерін қондыруды тандау.

6 Тісті берілістердің шақтамалары. Берілістің кинематикалық дәлдігі.

7 Тісті берілістердің шақтамалары, Берілістегі тістердің түйісуі.

8 Тісті берілістердің шақтамалары. Беріліс жұмысының байсалдылығы.

9 Тәуелді және тәуелсіз шақтамалар.

10 Қолданушылық тағайындалуына байланысты тісті берілістердің жіктелуі.

11 Тетік геометриялық параметрлерінің ауытқуының жіктелуі. Жазық беттер пішінінің ауытқуы.

12 Жалпы қолданылатын бұрандалы қосылыстардың жіктелуі.

13 Тетіктердің шектік ауытқулары мен қоңдыруларын сызбада көрсету.

14 Сызбада кедір-бұдырлық параметрлерін белгілеу.

15 Метрикалық бұранданың дәлдігі мен қоңдырмасын белгілеу.

16 Дөңгелектер мен тісті берілістердің дәлдігін белгілеу.

17 Сызбада кедір-бұдырлықты белгілеу.

18 Геометриялық өзараалмасымдылықтың негізгі түсініктері.

19 Жазық беттердің пішіннен ауытқуы.

20 Цилиндрлік тетіктердің пішінінен ауытқуы. Тәуелді және тәуелсіз шақтамалар.

21 Бұранда профилінің қадамы мен бұрышының ауытқуы және оларды диаметрлік түзету.

22 Пішіндердің ауытқулары мен шақтамалары. Цилиндрлік тетіктердің пішінінен ауытқуы.

23 Кедір-бұдырлық параметрлері. Сызбада белгілеу.

24 Тісті берілістердің дәлдік көрсеткіштері. Берілістің кинематикалық дәлдігі.

25 Тісті берілістердің дәлдік көрсеткіштері. Беріліс жұмысының байсалдылығы.

26 Тегіс қосылыстардың шақтамалары.

27 Қоңдырулар. Қоңдыру шақтамалары. Шақтама өрістері.

28 Шектік тегіс калибрлер. Орындаушы өлшемдер. Маркалау.

29 Шектік тегіс калибрлер. Классификация. Орындаушы өлшемдер.

30 ЕСДП құрудың принциптері. Шақтама бірлігі.

31 ЕСДП құрудың принциптері. Квалитет.

32 ЕСДП құрудың принциптері. Қалыпты температура.

33 ЕСДП құрудың принциптері. Негізгі ауытқулар.

34 ЕСДП құрудың принциптері. Тесік жүйесі, білік жүйесі.

35 Циркулярлы жүктелген сақиналарының жүктемелерінің қарқындылығын есептеу.

36 Калибрлердің орындаушы өлшемдерін есептеу. Калибрлерді маркалау.

37 Метрикалық бұрандалардың шақтамалар мен қоңдырулар жүйелері. Санылаумен қоңдыру.

38 Беттердің орналасу пішінінің қосынды ауытқуы мен шақтамалары.

39 Тәуелді және тәуелсіз шақтамалар.

40 Кедір-бұдырлық. Кедір-бұдырлық параметрлері.
4.1.2 Өндіріс технологиясы

1 Корпустық тетіктердің басты тесіктерін алмазды кеңейтежону.

2 Біліктерді базалау. Базаларды тандау.

3 Орталықсыз ажарлау.

4 Технологиялық процесстердің түрлері және құрылымы.

5 Цилиндрлік тісті дөңгелектерді өңдеген кезде базаны және технологиялық процессті таңдау.

6 Құрастыру технологиялық процесі ұйымының түрі мен пішінін таңдау.

7 Жабушы буындардың талап етілген дәлдікке жету үшін әдіс пен құрал таңдау.

8 Корпустық тетіктердің технологиялық базасы мен өңдеу бірізділігін таңдау.

9 Тойтару қосылыстарын орындау.

10 Машинаны құрастыру бірліктеріне бөлу.

11 Біліктерді бабына жеткізу және әрлеу.

12 Тісті дөңгелектердің дайындамалары.

13 Технологиялық процесстерді жобалауға арналған бастапқы мәліметтер.технологиялық процесстерді жобалаудың екі принципі.

14 Корпустық тетіктердің басты тесіктерін кеңейтежонудың нүктелік әдісі.

15 Бұрамдық дөңгелектердің материалдары және құрылымдық түрлері.

16 Тісті дөңгелектерді бақылау.

17 Корпустық тетіктерді жасаудың дәлдігін бақылау.

18 Біліктер материалдары. Біліктердің дайындамаларын алу әдістері.

19 Корпустық тетіктерге арналған материалдар.

20 Тісті дөңгелектердің материалдары және термиялық өңдеу.

21 Конустық тісті дөңгелектерді кесу әдістері.

22 Цилиндрлік тісті дөңгелектерді кесу әдістері.

23 Корпустық тетіктердің басты тесіктерін кеңейтежону түрлері.

24 Құрастыру жұмыстарын механикаландыру және автоматтандыру.

25 Оймакілтектерді домалату.

26 Біліктерде бұрандаларды кесу.

27 ППД әдісімен біліктерді өңдеу.

28 Корпустық тетіктердің басты тесіктерін белгілеу бойынша өңдеу. Сынау өтпелер әдісі.

29 Корпустық тетіктердің басты тесіктерін кондуктордың көмегімен өңдеу.

30 Корпустық тетіктердің бекіткіш және басқа да тесіктерін өңдеу.

31 Корпустық тетіктердің тесіктерін агрегаттық білдекте өңдеу.

32 Кілтекті қосылыстарды өңдеу.

33 Құрастыру кезінде өндіріс түрін анықтау. Құрастыру опрецияларын нормалау.

34 Корпустық тетіктердің басты тесіктерін жекеше өңдеу.

35 Машинажасаудың технологиялық процесін жобалаудың бірізділігі.

36 Корпустық тетіктердің жазық беттерін тарта жону.

37 Біліктердің оймакілтектерін тарта жону.

38 Профильдік қосылыстар. Серпімді элементтермен құрастыру.

39 Корпустық тетіктердің тесіктерін үңгілеу.

40 Корпустық тетіктердің басты тесіктерін кеңейтежону.

41 Клиндік және штифтік қосылыстарды құрастыру.

42 Ажыратылмайтын қосылыстарды құрастыру. Кепілдендірілген керіліспен құрастыру.

43 Ажыратылмайтын қосылыстарды құрастыру. Жылумен әсер ету арқылы құрастыру.

44 Бұрандалы қосылыстарды құрастыру.

45 Домалау мойынтіректері бар қосылыстарды құрастыру.

46 Кілтекті және оймакілтекті қосылыстарды құрастыру.

47 Корпустық тетіктердің тесіктерін бұрғылау және ұңғылау.

48 Біліктердің қызметтік тағайындалуы және құрылымдық ерекшеліктері. Техникалық талаптар.

49 Конустық тісті дөңгелектердің қызметтік тағайындалуы және техникалық талаптары.

50 Бұрамдық тісті дөңгелектердің қызметтік тағайындалуы және техникалық талаптары.

51 Тісті дөңгелектердің қызметтік тағайындалуы және типтік құрылымдары.

52 Корпустық тетіктердің қызметтік тағайындалуы. Корпустық тетіктердің түрлері.

53 Машинаның қызметтік тағайындалуы және техникалық талаптары.

54 Вальцовка мен көмкеру арқылы алынатын қосылыстар.

55 Пісіру мен дәнекерлеу арқылы алынатын қосылыстар.

56 Машиналардың қызметтік тағайындалуының техникалық талаптары мен дәлдік нормаларының сәйкестіктері.

57 Құрастыру сұлбасын құру.

58 Корпустық тетіктердің басты тесіктерін координтты кеңейтежону әдістері.

59 Корпустық тетіктер жазықтықтарын сүргілеу.

60 Біліктер оймакілтектерін сүргілеу.

61 Біліктерді супераяқтау.

62 Тісті дөңгелектер мен тістерді кеспей тұрып дайындамаға қойылатын техникалық талаптар.

63 Корпустық тетіктерге қойылатын техникалық талаптар.

64 Бұрамдық және бұрамдық дөңгелектерді даярлау технологиясы.

65 Біліктерді токарлық өңдеу.

66 Корпустық тетіктер дайындамаларына талаптар және оларды алу әдістері.

67 Корпустық тетіктердің жазық беттерін фрезерлеу.

68 Біліктердің оймакілтектерін фрезерлеу.

69 Біліктерді хондау.

70 Корпустық тетіктердің басты тесіктерін хондау.

71 Біліктерді центрлерде ажарлау.

72 Корпустық тетіктердің жазық беттерін ажарлау.

73 Біліктердің оймакілтектерін ажарлау.


4.1.3 Механикалық жинау цехтарын жобалау негіздері

1 Тасымалдау жүктеу құрылғыларын автоматтандыру



2 Өндірісті қайтақұралдану және жабдықтаудың мәні.

3 Қоймалардың жіктелуі

4 Көліктің жіктелуі

5 Қоймаларды компоновкалау

6 Өңдеудің еңбексыйымдылығы мен білдексыйымдылығын анықтау әдістері

7 Көліктік жүйенің қызметтік белгіленуі

8 Механикалық өңдеу технологиялық процестерін жобалаудың негізгі жағдайлары

9 Қойманың жалпы ауданын есептеу

10 Жұмысшылардың саны мен құрамын анықтау

11 Қоймалық жүйені ұйымдастырушылық жүйесі

12 Бақылау жүйесінің құрылымы және оны ұйымдастыру

13 Негізгі қосалқы көліктік құралдары

14 Өндіріс үнемділігін асырудың негізгі бағыттары

15 Қоймалардың негізгі жүйелері

16 Цехтың құрылымын таңдаудың негізгі принциптері мен әдістері

17 Жабдықтардың орналасуын жоспарлау

18 Өндірістік процесс ұғымы және оның сатылары

19 Жобалау бірізділігі

20 Цехтың ауданын алдынала анықтау .

21 Өндірісті дайындау және басқару жүйелерін жобалау

22 Өндірістік бағдарлама және цехты жобалау әдістері

23 Механикалық өңдеу учаскесінде технологиялық жабдықтарды орналастыру

24 Ағынды өндірістің негізгі технологиялық жабдықтарының санын және жұмыс орындарын есептеу.

25 Ағынды емес өндірістің негізгі технологиялық жабдықтарының санын есептеу

26 Негізгі технологиялық жабдықтарды анықтау әдістері

27 Механикалық құрастыру цехтарын жобалаудың мақсаты мен міндеттері

28 Механикалық өңдеу технологиялық процестерін жобалаудың негізгі принциптері

29 Құралдармен қамтамасыз ету жүйесінің құрылымы

30 Жөндеу және техникалық қызмет көрсету жүйесін жобалау принциптері



5 Ұсынылатын әдебиет
5.1 Негізгі әдебиет
1. Дунин – Барковский В.Н.”Взаимозаменяемость, стандартизация и технические измерения”, М.: Издательство стандартов, 1987- 287с.

2. Никифоров А.Д. “Взаимозаменяемость, стандартизация и технические измерения”- Учебное пособие для вузов. М.: Высшая школа, 2000-510-с.

3. Радкевич Я. М. Метрология, стандартизация, взаимозаменяемость. М. МГТУ, 2000-240с. Книга 3. Часть 1.

4. Тартаковский Д.Ф. Метрология, стандартизация и технические измерения.-2-е изд. перераб. и доп.- М. : Высшая школа. 2008-210с.

5. Якушев А.И., Воронцов А.И., Федотов Н.Я. 6-е изд. Перераб. И допол. “Взаимозаменяемость, стандартизация и технические измерения”, М.: Машиностроение, 1987-352 с.

6. Жунусова А.Ш., Жетесова Г.С. Основы взаимозаменяемости учебное пособие. Издательство КарГТУ, 2004-64с.

7. Проектирование автоматизированных участков и цехов : учебник / под ред. Ю.М. Соломенцева. - 2-е изд., испр. - М. : Высшая школа, 2000. - 272 с.

8. Основы автоматизации машиностроительного производства : учебник / Е. Р. Ковальчук [и др.] ; под ред. Ю. М. Соломенцева. - 3-е изд., стер. - М. : Высшая школа, 2001. - 312 с.

9. Жетесова Г.С. Проектирование автоматизированных участков и цехов: Учебное пособие. – Караганда: Изд-во КарГТУ, 2000. – 58 с.

10. Проектирование машиностроительного производства : учебник для студентов высших учебных заведений, обучающихся по направлению подготовки бакалавров и магистров / В. П. Вороненко, Ю. М. Соломенцев, А. Г. Схиртладзе ; М-во образования РФ. - 2-е изд., стер. - М. : Дрофа, 2006. - 380 с. : ил. - (Высшее образование).

11. Егоров М.Г. Основы проектирования машиностроительных заводов. – М.: Высшая школа, 1969. – 480 с.

12. Мельников Г.Н., Вороненко В.П. Проектирование механосборочных цехов. – М.: Машиностроение, 1990. – 352 с.

13. Чарнко Д.В., Хабаров Н.Н. Основы проектирования механосборочных цехов. – М.: Машиностроение, 1975. – 348 с.

14. Вороненко В.П. Автоматизированное проектирование механосборочных цехов. – М.: Машиностроение, 1985. – 454 с.

15. Технология машиностроения : учебник для вузов/А.Г.Суслов- 2-е изд.перераб.и доп. – М.:Машиностроение, 2007-429 с.

16. Проектирование технологии автоматизированного машиностроения / Под ред.Ю.М.Соломенцева. 3-е изд., 2005. – 416 с.

17. Технология машиностроения: Учебник для вузов в 2-х т. Производство машин. Под общ.ред.Мельникова В.Н. М.: Изд-во МГТУ им.Н.Э.Баумана, 2000. – 640 с.

18. Технология машиностроения: Учеб.пособие / Под ред.С.Л.Мурашкина – СПб.: СПбГТУ, 2001 г. Ч.2. Проектирование технологических процессов. – 498 с.

19. Обработка металлов резанием: Справочник технолога/В.С.Панов и др.;под ред.В.С.Панова- 2-е изд.перераб.и доп.-М.:Машиностроение, 2004-784с

20. Справочник технолога-машиностроителя. В 2-х т. Т.1. /Под ред. Дальского А.М.,А.Г.Косиловой и Р.К.Мещерякова, А.Г.Суслова. – 5-е изд., перераб. и доп. – М.: Машиностроение, 2003 – 912 с.


5.2 Қосымша әдебиет
21. Допуски и посадки. Справочник в 2-х частях (под ред. В.Д. Мягкова) 6-е изд. Л.:Машиностроение,1981.

22. Дунаев П.Ф., Леликов О.П. Расчет допусков размеров- М.:Машиностроение, 1982-189с.

23.Зябрева Н.Н., Перельман Е.И., Шегал М.Я. Пособие к решению задач по курсу “Взаимозаменяемость, стандартизация и технические измерения”, М.:Высшая школа, 1977-204с.


  1. Тайц Б.А. Точность и контроль зубчатых колес. М.:Машиностроение, 1972-367с.

25. Лабораторный практикум «Основы взаимозаменяемости» /Карагандинский государственный технический университет; Ерахтина И.И., Жетесова А.Ш., Жунусова А.Ш., Жукова А.В.-Караганда: Изд-во КарГТУ, 2010.-86 с.

26. Дащенко А.И., Белоусов А.П. Проектирование автоматических линий. – М.: Высшая школа, 1983. – 328 с.

27. Волчкевич Л.И., Ковелев М.П., Кузнецов Н.Н. Комплексная автоматизация производства. – М.: Машиностроение, 1983. – 303 с.

Муравьев О.П. Автоматизация выбора баз для корпусных деталей в гибком автоматизированном производстве. Учеб.пособие/ О.П.Муравьев МОН РК КарГТУ-Караганда: КарГТУ, 2005.-37с.

28. Размерный анализ технологических процессов / В.В.Матвеев, М.М.Тверской, Ф.И.Бойков и др. – М.: Машиностроение, 1982. – 264 с.

29. Балабанов А.Н. Краткий справочник технолога машиностроителя. – М.: Издательство стандартов, - 1992 – 464 с.



30. Корсаков B.C. Автоматизация производственных процессов. – М.: Высшая школа, 1978. – 320 с.




жүктеу 252,78 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау